Алтынемел ауылдық округі бойынша әлеуметтік экономикалық
дамуының қорытынды ақпараты
БАЯНДАМА
Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 15 тамызындағы № 615 «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес әр деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен кездесулері және есеп беру жиналыстары дәстүрге айналды.
Осыған орай, 2015 жылдың 14-29 қаңтар аралығында біздің де ауылдық округіміздің барлық елді мекендерде тұрғындармен есепті кездесулеріміз өтіп жатыр. Сонымен биыл қатар алғашқы рет 22 қаңтар күні орталықта, Алтынемел ауылында, Алтынемел орта мектебінің мәжіліс залында сағат 10-00 де Алтыннемел ауылдық округінің әкімі Е.Анапиянов пен бірге аудан әкімі Б.Алиевте қорытынды есебін береді. Ол бұрын болмаған кесте. Себебі елді қайта-қайта жинамау үшін, бірге өткізу дұрыс деп шешілді. Алдымен ауылдық округінің әкімі есебін береді, содаң сон екінші болып аудан әкімі есебін береді.
Бұл кездесулерде күрделі әлеуметтік-экономикалық проблемалар көтеріліп, тұрғындарға қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі ұсыныстар түседі. Атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, алда тұрған мақсаттар анықталады.
Бүгінгі жиналысымыз ауыл округі әкімі Елемес Әбіләкімұлының сіздердің алдарыңызда қорытынды есеп беруге келіп отыр.
Өткен 2014 жылдың қаңтар айында аудан және ауыл округінің әкімі ауыл тұрғындардың яғни сіздердің алдарыңызда берген есебіндегі сіздердің берген ұсыныстары жайлы мәлімет айтып өтейін.
1. 10 қаңтар 2014 жылы Алтынемел ауылдық округінің әкімі Е.Анапияновтың Қарлығаш ауылының тұрғындарымен есепті кездесуде, Қарлығаш ауылында орналасқан бастауыш мектепке кұрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген Қарлығаш ауылының түрғыны Хаджиев Хамзаттың ұсынысы болған.
Ол ұсыныс орындалды. Алтынемел ауылдық округіне қарасты Қарлығаш ауылында орналасқан бастауыш мектепке бюджеттен 19 млн 312 мың теңге қаржы бөлініп кұрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп 2014 жылдың 1 қыркүйек күні толық аяқталып, салтанатты түрде 2014-2015 оқу жылының алғашқы қоңырау іс шарасы өткізілді.
2. 14 қаңтар 2014 жылы Алтынемел ауылдық округінің әкімі Е.Анапияновтың Алтынемел ауылының тұрғындарымен есепті кездесуінде Алтынемел ауылының тұрғыны, зейнеткер, Кербұлақ ауданының «Құрметті азаматы» атағының иегері Бибигуль Унгатованың Алтынемел ауылына өлексе тастайтын орын салынса деген ұсынысы болған.
Бюджеттен 3 млн 818 мың теңге қаржы бөлініп Алтынемел ауылына өлексе тастайтын орын толығымен салынып берілді.
3. Алтынемел ауылдық округіне қарасты Қызылмектеп ауылының тұрғыны Бақыт Сайлыбаева жаңа ауыз су құбыры жүргізілсе деген ұсыныс білдірген.
Алтынемел ауылдық округіне қарасты Қызылмектеп ауылына жаңа ауыз су құбырының жобасына Үкімет тарапынан 2 млн теңге бөлініп, бүгінгі күні осы ауыз-су құбырының жобасы дайын. Құдай қаласа биылғы 2015 жылы жаңа ауыз су құбырының құрылысы басталады.
4. «Байғазы» ЖШҚ басшысы Юрий Дембицкий Алтынемел ауылдық округіне қарасты Байғазы ауылына жаңа ауыз су құбырының құрылысы орнатылып және жаңа ауыз су құбырының сервистік жүмыстары әр үйлерге, әр аулаға жүргізілсе деген ұсыныс білдірген.
Бүгінгі күні Алтынемел ауылдық округіне қарасты Байғазы ауылының жаңа ауыз су құбырының құрылысына Үкімет тарапынан 61 млн 986 мың теңге қаржы бөлініп оның 60,8 млн тенгегесі жеткілікті болып жаңа ауыз су құбырының құрылысы салынып сервитік жүмыстары аяқталды. Бөлінген қаржы толығымен игерілді.
Бүл өткен жылдың атқарған жұмыстарының бір бөлігі. Бірақ жыл бойы одан да басқа үлкен жұмыстар атқарылды.
Әлеуметтік салаға келетін болсам:
Алтынемел ауылдық округ аумағында 5 елді мекен бар, Онда 2014 жылдың басында 2335 адам болған. Бірақ жыл бойы округ бойынша дүниеге 35 бала келді, 15 адам қайтыс болды, 11 адам көшіп келді, 28 адам көшіп кетті. Жалпы саны 2015 жылдың 1 қаңтарына 2338 адам және 10 ұлт құрамы тұрады. Адам саны жылдан жылға аздап болсада өсуде
Округтің 4 елді мекендерінде қазақтармен бірге шешен ұлты да тұрады, олардың саны 332 адам ол 14,2 пайызды құрайды және әр елді мекенде ауылының құрметті де беделді азаматтары бар. Олар сол елді мекендегі шешен ұлттарының көшбасшысы болып табылады және қазақ, шешен және тағы басқа ұлттар, барлығы да ауыз бірлікте тұруына қолғабыстарын тигізуде.
Округ бойынша барлық зейнеткерлер саны 368 адам, оның ішінде:
1. Жасымен шыққан зейнеткерлер саны – 247 адам
2. 1,2,3, топтағы мүгедектер саны – 78, олардың барлығыда үймен қамтылған.
3. Асыраушысынан айырылғандар – 46 адам
4. Чернобыльдықтар - 2 адам
5. Ауғандықтар - жоқ
6 Соғыс ардагерлері жоқ. Еңбек ардагерлері – 16 адам.
- Жалғыз басты зейнеткерлер - 13 адам. Олардың тұрмыстық жағдайы жақсы, денсаулықтары үнемі дәрігердің қарамағында, барлығыда жеке кәсіпкерлердің қамқорында.
- Атаулы әлеуметтік көмек алатын биылғы жылы жоқ.
- 18 жасқа дейінгі жәрдемақы алатындар саны - 16 отбасы,
Округ бойынша көп балалы аналардың саны 154, оның ішінде «Алтын алқа» белгісінің иегерлері батыр аналар саны-53, «Күміс алқа» иегерлері 8-9 баласы бар аналар саны - 44. Олардың барлығы да зейнет жасындағылар, зейнетақыларынан басқа Үкімет тарапынан ай сайын жәрдемақысын алып тұрады және әр қайсысы ауылдағы жеке шаруа қожалықтарының қамқорлығында. Мемлекеттік мерекелерде немесе басқа шараларда осы қатегорядағы азаматтарға ЖШҚ демеуінен қайырылымдық көмектер көрсетілді. Жалпы осы жылда арнайы өткізілген 5 іс-шараға шақырылған 905 отбасының 2430 адамға 1,720 млн теңгеге қайырылымдық дастархан жайылды. 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне ЖШҚ демеуімен 30 анаға 60 мың теңгеге арнайы сыйлықтар тапсырылды. Ал 9 мамырда «Ұлы Жеңіс» күніне арнап 7 қарт адамға 26100 теңгеге арнайы сыйлықтар тапсырылды. Ал күз кезінде қазан айында «Дүниежүзілік қарттар күні» айы өткізіледі. Осы айда 12 қарт адамға Алтынемел орта мектебінің ұйымдастыруымен салтанатты іс шара өткізілді, концерттік бағдарлама тамашаланды, соңында арнайы жайылған дастарханнан дәм тартты. Жаңа жыл мерекесінде де арнайы сыйлықтар әр түрлі категориядағы адамдарға таратылды.
Сонымен қатар Сарыөзек ауылынан тұрғыны,ауданның бас имам Тастыбастау ауылынан жер учаскесін алып осы Тастыбастау ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Хасан Абуев деген азамат өз қаржысынан 18 млн теңге көлемінде қаржы бөліп жаңа мешіттің ғимаратын ауыл жамағатына салып берді.
Ал биылғы Жаңа жыл, ол «Маулет» айымен басталды. Себебебі осы ай ол қайырылымдық айы болып табылады. Міне 15 күнің ішінде қанша отбасы, қанша жеке шаруа қожалықтар арнайы байлаған, бордақылаған малын алып, сойып, құран оқытып қайырылымдық асты әрбір категориядағы азаматтарға таратып беруде. Ол да бір үлкен іс деуге болады.
Округте 5-тен жоғары балалары бар аналардың саны - 37. Олардың 17-сі мемлекет тарапынан жәрдемақысын ай сайын алып тұрады,
4 баладан жоғары аналардың саны- 33. Олардың 18-і мемлекет тарапынан тиісті жәрдемақысын алып тұрады,
4-5 бала тәрбиелеп отырған аналардың мемлекет тарапынан жәрдемақы алмайтындарының балалары өсіп, өздері еңбек етіп жатыр.
Көп балалалы аналардың 15-сі жеке шаруа қожалықтардың басшысы қызметін атқарады, ал 3-і жеке кәсіпкер. Сонымен қатар білім және денсаулық саласында да еңбек етеді.
Барлық зейнетақы алатындар мен жәрдемақы алатындарға ақшалары уақытында пошта жүйесі арқылы жеткізіліп тұрады.
Округ бойынша көп балалы және элеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балаларға жалпыға бірдей оқу қорынан 11 балаға, оның ішінде көп балалы отбасыдан 8 балаға және шеке шаруа қожалықтардың демеуімен 4 бала жазғы демалысқа /лагерьге/ тегін жіберіледі. Мектеп жанындағы жазғы лагерьге 48 бала қамтылды, оның 16-сы көп балалы отбасыдан.
Қытай Халық Республикасынан келген оралмандар саны – 9 жанұя, 45 адам тұрады. Барлығыда үймен, жұмыспен қамтылған.
Алтынемел ауылдық округі бойынша мекемелерде жаңадан және кеңейту барысында бір шама жұмыс орындары ашылып және оған орналасқандары. Биыл ең көп жұмысқа орналасқаны ол
-
Байғазы орта мектебі-шағын орталығы – 10 адам орналастырды.
-
Майтөбе орта мектебі-шағын орталығы – 4 адам
-
Алтынемел орта мектебіне 2 адам жұмысқа,
-
Алтынемел ауылдық дәрігерлік амбулатория - 1 адам.
-
Байғазы ауылында «Колсай» ЖШС жаңа ауыз су құбырының құрылысына 4 адам.
-
Жшқ «Мадина» - 2 адам. Нусупжанов Т, Майшыбаев Р.
-
Жшқ «Аман» - 2 адам. Бегимбетова Қ, Бегимбетов Е..
-
Жшқ «Мадияр» - 2 жұмыс орны. Омарова Ж, Есполова Ж
-
Жшқ «Анар» - 1 адам – Аблошимов Жуат
-
Жшқ «Нұржан» - 1 адам – Асанов Нұржан
-
«Анар и К К» ЖШС - 3 адам. - Байсеркенов А, Тустукпаев К, Токтарбаев А
-
«Байғазы» ЖШҚ – 5 адам, Қалқабаев Б, Турусов Ш, Айтмуханов С, Токтарбаев Е, Крохмалев В.
-
«Рубин» ЖШҚ – 1 адам, Дембицкий Ю
-
НПО Төлеу – Батыркулов М.
-
«Меруерт» ЖШҚ - 2 адам – Нурлыбеков Е., Тустукбаев Б.
-
Аудан әкімінің кәсіпкерлік бөліміне – 1 адам- Тустукбаева А
-
«Айдана» ЖШҚ – 1 адам, Туякбаев А
-
«Азат» ЖШҚ – 1 адам, - Жапар А.
-
«Идрис» ЖШҚ – 1 адам, - Курбанова З.
-
«Ахмед» ЖШҚ – 1 адам, - Хаджиева У,
-
«Байторы» ЖШҚ – 1 адам - Досымбеков М.
-
Сарыөзек ТАТЭК – 1 адам – Абдугалимов А
-
«Мақсат» ЖШҚ – 1 адам - Молдахметов Н.
-
«Беркат» ЖШҚ – 1 адам - Хаджиев М.
-
«Сағындық» - 1 адам - Таттимбет А,
-
«Бауржан» - 1 адам - Койчубеков Б.
-
«Максат» ЖШҚ – 1 адам - Куанышбаев К
-
Аудандық кітапхана – 1 адам Катрашева П
-
ЖШҚ «Гульден» - 1 адам – Мамаджанов Д
-
ЖШҚ «Сейтқали» - 1 адам – Исмаилова Ш
-
«Ислам» ЖШҚ – Арсунукаев Ю.
-
«Рамазан» ЖШҚ – Махаев Ю
-
«Аслан» ЖШҚ – Исаев А.
-
Алтынемел ауылына салынған жаңа скотомогилникке – 2 адам Бекбергенов Е, Джапар Д.
-
Қарлығаш бастауыш мектебінің кұрделі жөндеу жұымысының құрылысына - 2 адам – Бейспаев Б, Алтынбекова Г.
-
2014 жылы бізде де жаңа жұмыс орындары ашылып, жаңа штаттар ашылып бізде бір шама адамдарды жұмысқа қабылдадық. Алтынемел ауылдық әкімі аппаратына – 10 адам – бас бухгалтерға Султанова Рисалят, 1-бір бас маман орны беріліп оған Бекбергенов Асқар қабылданды, сонымен қатар спорт нұсқаушы маманы берілді оған Талдыбаев Серик, жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы-маманы Бейбитов Нуржан қабылданды және т.б. Нуримов К, Дюсенбай С, Абдрашитова К, Жумакожаев А, Даниялов Е, Фахрудинов А.
Барлығы – 73 адам жыл бойы
Мәдениет саласында 1 мәдениет үйі бар. Мәдениет үйінің жағдайы өте нашар. Ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары қажет етеді. Бүнда 2 адам жұмыс жасайды. Сонымен қатар балалар мен үлкендерге арналған кітапхана жұмыс жасайды. Онда 8846 кітап қоры бар. Оның ішінде мемлекеттік тілде 1489 кітап, биылғы жылы келіп түскен әдебиеттер саны 70 кітап, оның 53-сі қазақ тілінде. Оқырмандар саны - 1004 адам. Бұнда 2 адам жұмыс жасайды. Оның 2-де жоғары білімді мамандар. Ауылда және ауданда өткізілетін мәдени шараларға белсенді түрде қатысты. Мемлекеттік мейрамдардың барлығыда салтанатты түрде өткізіледі. Сонымен қатар Панфилов ауданының орталығында өткізілген Кербұлақ ауданының күні мерекесіне және аудан орталығында өткізілген аудандық мәдени іс шараларға ауыл округінің тұрғындары белсенді түрде қатысады. Жастар мен спорт мамандары болғаннан бері Аудан орталығында және ауыл окруктерінде футбол мен волейболдан және шашки, шахмат және тоғыз құмалақ турнирлары да өткізіліп тұрады. Оған біздің жігіттер мен қыздар жалпы аудан көлемінде өткізіліп тұратын мәдени іс-шараларға үнемі қатысуда. Ауылдық кітапханада кітапханашылардың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел немесе көрмелер арнайы кештер өткізіліп тұрады.
Округ аумағында 6 ескерткіш орнатылған. Оларды көктем және күз кездерінде айналасы үнемі тазаланып ретке келтірілуде.
1. 1975 жылы Ұлы Отан Соғысының аяқталғанына 30 жыл толуына байланысты және «Ұлы Отан Соғысының құрбандарына арналған» ескертіш бар. Оны өткен жылы Үкімет тарапынан үлкен қаражат бөлініп күрделі жөндеуден өтіп қайтадан жасалынды. Енді оған көзіміздің қарашағындай қарап, біздер боп, сіздер боп ауыл тұрғындары боп қирап қалуына жол бермеуіміз керек. Үйдегі балаларға да осыны ескертіп балалар ойнайтын орын емес екендігі туралы ескертіп қойғандарыңыз жөн. Онын ішіне мал кірмесін және тағы басқа нәрселер жасалынбасын деп қоршалған.
2. Алтынемел ауылының Абылайхан көшесінің басына 1993 жылы орнатылған. «1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған» тарихи ескерткіш. Оныда биыл көктемдеде және осы күздеде тазалап, құлаған жерлерін тұрғызып ретке келтірудеміз.
3. Алтынемел ауылының кіре беріс Сарыөзек – Жаркент жолының 40 шақырым жерде Алтынемел ауылына бұрылатын бұрылыста «Жалайыр руының Қарақалпақ еліне 300 жыл болғандығын» еске алып тұру үшін орнатылған ескерткіш. Ары-бері өткен адамдар тоқтап құранын бағыштап, тағзым етеді. Ал біз жақтан оны сақтап, дұрыс жағдайда үстап тұруымыз міндет.
4. Сарыөзек – Жаркент жолының 49 шақырымында Алтынемел ауылының маңындағы Жоңғар Алатауының бөктерінде, Ұлы жүздің аға сұлтаны «Тезек төре Нұралыұлы мен белгілі сөз өнерінің майталманы, Бөлтірік шешенге тарихи ескерткіш» қойылды. Ол мемлекеттке маңызы бар ескерткіш. Оны белгілі, танымал азаматтардың ұсынысы мен орнатылған. Сол себептен оған үлкен көңіл бөліп түрамыз. Сонымен қатар округ аумағында өздеріңізге белгілі Байторы мен Жаңбай бабаларға арналған ескерткіштерде орналасқан. Оларды да біз қарап, жан жағын тазалап, реттеп түру абзал. Тұрғызылған ескерткіш, мола басына қойылған белгілер осы ауылдың бақилық болған аруақтарға арналған белгі деп білеміз.
Білім саласы бойынша 3-орта және 2-бастауыш мектеп бар. Өткен жылдры 2012-2013 ж.ж. Үкімет тарапынан Байғазы мен Қызылмектеп ауылдарына жаңа орта мектептің ғиараты салынған болса, ал 2014 жылы Алтынемел ауылдық округіне қарасты Қарлығаш ауылында орналасқан бастауыш мектепке де бюджеттен 19 млн 312 мың теңге қаржы бөлініп мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп 1 қыркүйек күні толық аяқталып, салтанатты түрде 2014-2015 оқу жылының алғашқы қоңырау іс шарасы өткізілді. Бұл дегеніміз тозығы жеткен мектепті танымастайғып қайтадан күрделі жөндеуден өткізгені, сол ауылға берілген үлкен қуаныш.
Білім саласында жұмыс жасайтындар саны 124 адам, оның 72 мұғалімдер. Мектептерде 375 бала оқиды. Мектепке дейінгі балалар саны 230 бала.
Алтынемел ауылындағы бала бақшаның құрылысының жобалау жұмыстарыда дайын десе болады, бұйрытса оныңда күрделі жұмыстары жүргізіліп іске қосылады. Ол да Елбасымыздың «Балапан» бағдарламасының аясының арқасында іске асырылады деп отырмыз. Ол үшін кем дегенде бала бақшаға 60-70 бала бару керек.Сол жерде бала тәлім-тәрбие алуы қажет.Білімін сол бала бақшадан бастап шындау керек. 60-70 баланы бала бақшаға беретін болсаңыздар ғана бала бақшаға қаражат сұрауға болады.
Сонымен қатар Байғазы мен Майтөбе орта мектептерінің қабырғасында мектепке дейінгі шағын орталығы бар. Казір округте 3 орта мектепте 3 шағын орталығы жұмыс жасап жатыр, оларға 75 бала күнделікті баруда.
Тастыбастау, Қарлығаш ауылдарынан Алтынемел орта мектебіне 25 бала күнделікті тасылып оқытылуда. Биылғы мектеп бітірген түлектер саны 27 бала, оның 5-і емтихан тапсырды, ал 22 бала тестқа қатысты. Алтынемел орта мектебінде орташа балл 75,1, ал Майтөбе орта мектебі 49,6 бал. Байғазы орта мектебі 67,2 бал Мектеп бітірген балалардың грантқа түскендері биыл жоқ, ал төлемақы арқылы түсіп оқыйтындары 15. Ал өткен жылы 5 бала грантка түскен.
Округтің экономикасының күрделі бөлігін құрайтын кіші және орта кәсіпкелікте
Округ бойынша 15 бизнес орны жұмыс жасайды, оның 8 сауда орны, ол дүкен мен дүңгіршектер, 3-дәмхана, 2-сүт қабылдайтын пункт, 1-АЗС және жиһаз жөндеу орны. Байғазы ауылында 150 м2 жер учаскесінде Дүсенбай С. атты азамат жылыжай шаруашылығымен айналысуда. Әр түрлі көкөністер егуде. Оны ауыл тұрғындары арзан бағамен сатып алуда. Өткен 2013 жылы 1 сауда орны ашылған, ол Қожағұлова М. Ал 2014 жылы тағы 1 сауда орны ашылған. Ол Қанаевтардың отбасы. Енді биыл жаңа жылдан бастап Байболов Ардагер деген азаматта жаңа дүкен ашып отыр.
Бұл дегеніміз халыққа қажетті күнделікті қажеттілігімен қамтамас ете отырып сапалы да бір-біріне бәсекелестік бойынша товардың бағасын көтермелеуге жол бермеудің бір жолы деп білемін.
Тағы да бір айта кетедін жайт ол ауылға бір тойхана салу мәселесі. Оның проектысы дайын, тек жер мәселесі шешілсе көктем айынан бастап құрылыс жұмыстарын жұргіземін деп отыр.
Оған қоса бізге аяқ киім жөндеу шеберханасын ашу, шаштараз бар тек оны заңдастырып арнайы орынға көшірілуі керек. Бұл мәселе де шешіледі.
Аграрлық сектор бойынша: Алтынемел ауылдық округінің диқандары биылғы құрғақшылық жылдың өзінде қарамастан жақсы өнім жинады. 1-ТОО, 176 жшқ тіркелуде. 2014 жылы округте 3339 га-күздік бидай, 4319 га- арпа, және сафлор - 260 га, картоп -42 га, көкөніс - 42 га, көп жылдық шөп – 420 га жерге себілген. Осы егілген астықтар толығымен орылып және қамбаға құйылды. Әр гектарынан орташа алғанда 17,5 цн, өнім алынды.
Өткен жылмен салыстырғанда күздік бидай -889 га, жаздық арпа-1017 га артық себілді.
Биылғы жылы ауа –райының қолайсыздығына қарамастан 2601 га күздік егілді.
.Қыстық мал азығыда толық дайындалды. Шөп - 890 тн, Сабан – 2610 тн, Жем - 1940 тн. дайындалды. Ол малға қыстан шыққанға толығымен жеткілікті.
Үкімет тарапынан көп көмек көрсетілуде, арзандатылған бағамен жанармай берілді және егілген астықтың әр гектарына субсидия берілді. Шаруа қожалықтарының кәсіби өсуіне жәрдемдесу негізінде және мал басын асылдандыру үшін Үкімет тарапынан тегін ұрық беріліп, қолдан ұрықтандыру жұмыстарына да ұрықтандырушыға Үкімет тарапынан әр басқа төленді. Биылғы жылы 375 бас болды. Округтегі мал шаруашылығы бойынша ірі қараның саны – 2965 бас, қой-ешкілер – 18935 бас, жылқы – 605 бас, әр түрлі құстар саны – 6700 болды. Бұл өткен жылдан мал басының артқандығын көрсетеді. Ірі қара 9 басқа, ал қой-ешкі 3960 басқа артық.
Инвестиция бойынша өткен 2013 жылы округке 11,131 млн-ға инвестиция тартылған болса, 2014 жылы /21,734/26 млн теңгеге инвестиция тартылды. Ол «Байғазы» ЖШҚ,ТОО «Анар и К»- 2 комбайн Енисей, «Жанар», «Арқар» және «Жанабай», «Жетенов»ЖШҚ-тар жаңа 7 дана МТЗ-80-82 маркалы тракторлар зауыттан сатып алынып келді. Ол /10,603/15 млн-ға артық. Енді осы жана техникалар үлкен жұмыстар жасауда. Биылғы 2015 жылға тағыда инвестиция тартылуы көзделіп отыр. Ол «Жетенов», «Мақсат», «Жанабай», «Жанар», жшқ-ры жаңа техника сатып алуға төл-құжаттарын дайындауда және «Нүркелді-Бақдаулет» , «Мақсат» асыл тұқымды етті бағытта 2 бұқа 900000 мың тенгеге сатып алынды.
Денсаулық сақтау саласына келсем округте 1-дәрігерлік амбулатория, 4-ФАП бар. Онда:1-жоғары дәрежелі дәрігер, 7-медбике және 1- тех жұмысшы істейді. Дәрігерлік амбулатория екі қабатты ғимарат, соның бірінші қабатының жартысын ғана пайдалануда. Қалған жартысы бос тұр. Амбулаторияның дәрігері Нурсапаева Маншүк Мукашевна деген азаматша, амбулаторияның ішінде ауыз су құбыры кіргізілген, жылу жүйесін жақсы, ағымды жөндеу жұмыстары 2014 жылы жүргізілді, ғиараттын төбесін жасады. Аудандық бюджеттен арнайы категориядағы ауруларға және т.б. тегін бөлінген дәрі-дәрмекті аурған адамдарға тегін таратып беруде.
Жұқпалы аурулармен ауырғандар саны 5 адам болған.Олардың 2 туберкулезбен, ал3 бруцеллезбен ауырған Өткен жылмен салыстырғанда 1 туберкулезге және 1 бруцеллезге көбейді.Ал басқа жұқпалы ауырулар тіркелген жоқ. Бүгінге барлығы толық ем алған.
Жол мәселесі бойынша: Алтынемел ауылы үлкен трассаның бойында орналасқандықтан жол жүру мәселесі көп қиыншылық тудырмайды. Себебі күнделікті ертеңгісін, кешке ауыл аймағынан Рудник-Алматы, бағытына автобус жүріп тұрады. Алтынемел ауылынан Сарыөзек орталығына жеке меншік таксилер үнемі жүріп тұрады.
Байланыс жүйесі бойынша Қазақтелеком мекемесі Алтынемел ауылына арнайы 1000 нөмірлі АТС орнатқан. Бүгінгі күні жалпы барлық-нөмерлі қосылып, жұмыс жасауда оның 10 нөмірі мекемелерде, ал қалғаны жеке меншік үйлерге орнатылған.
2015 жылға арналған газет пен журналдарға жазылу жоспары 100 пайыз толғымен орындалды. Зейнеткерлердің зейнетақысы ай сайын пошта қызметкері өзі және оған ауыл округі аппаратының маманы мен учаскелік полиция инспекторы бірігіп елді мекендерге апарып таратып береді.
Санитарлық тазалықты сақтау,көркейту, аббаттандыру саласына келсек.
Алтынемел ауыл округі бойынша санитарлық тазарту айлығы кезінде 1190 адамдай қатысып, өз ауылының тазалығына қолғабыстарын тигізді. Оның ішінде 300 адам мектеп оқушылары, 10 ақылы қоғамдық жұмысшылары, 14 адам медицина қызметкерлері, 2 адам пошта қызметкерлері, 3 адам электриктер, қалғандары кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтар және ауыл тұрғындары.
Округ бойынша 10 автокілік, 7 трактор тіркемесімен және 28 ат арба үнемі атсалысты. Осы айлықта ауылдар тазаланып ретке келтірілді. 10 адам сотқа тартылып айыппұл салынды.52 адамға ескерту берілді.
Барлық 16 көшемен 18 арық жұйелері толығымен тазаланды. Бүгінгі күні елді мекендерде заңсыз күл -қоқыс төгілген орындар тазаланды. Жалпы – 765 тн кұл қоқыс арнайы орынға жиыстырылды.
Осыларға жұмсалған қаржылар ауыл тұрғындарының есебінен қаржыланды.
Отырғызылған жас көшеттер саны 1070 түп. Оның барлығыда ауыл тұрғындары өз аулаларына отырғызды, Оның 90 пайызы бүгінгі күні толық қабылданды.
Округ бойынша 330 үйлер ақталады, 47 үйлер сырланады
Алтынемел ауылының ішінен өтетін Сарыөзек – Қоғалы аралығындағы жолдың жан-жақтары тазаланды
Алтынемел ауылының Абылайхан көшесінің кіреберісіне ұзындығы 6 метр биіктігі 3 метр Бильбордтың эскизі осы көктемде жаңаланды. Қабанбай батыр көшесінің бойындағы мектеп қақпасындағы 2х4 бильборд жаңаланып, әкімідіктің алдына 3х5 көлемінде бір бильборд орнатуды жоспарлап отырмыз.
Сонымен қатар Байғазы мен Қызылмектеп ауылдарына баратын 2 шақырым жолдарға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алтынемел ауылының ішіндегі көше жолдарға да ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы жолдын жөндеу жұмыстарына көп үлестерін қосқан Байғазы ауылының ақсақалдары Телюбаев Әшіммен Истамбеков Адылханға алғыс айтқымыз келеді. Себебі жылда осы екі ақсақал осы жолды жөндеуге ықпал тигізеді және көмегін аямайды.
Алтынемел ауылындағы мәдениет үйімен байланыс бөлімшесінің аралығындағы қоршау ретінде егілген 600 метр жерге егілген ағаштар ақталып ретке келтірілді.
33- ші шақырым жерден 43 шақырым жерге дейін жердегі ағаштар ақталып ретке келтірілді және де 43 пен 40-шы шақырым, сонымен қатар 40 шақырым мен Алтынемел арасындағы ағаштар да қырқылып, ақталып ретке келтірілді және жолдың жан жағындағы күл қоқыстар тазаланды.
Салық жүйесі Жергілікті салықта өзгерістер жоқ, міндетті төлемдердің барлығы да уақтысында төленіп тұрады. 2013 2014
-
1
|
Автокөлік салығы
|
650000
|
650000
|
100
|
2
|
Жер салығы
|
156391
|
157082
|
100
|
3
|
Мүлік салығы
|
20238
|
25390
|
100
|
|
Барлығы
|
826538
|
839238
|
100
|
Ал жеке шаруақожалықтары мен жеке кәсіпкерлер өздеріне тиісті салықтарын уақтысында төлеуде.
Ауыз су мәселесі бойынша Қарлығаш ауылының тұрғындары ауыз-суды тереңнен соратын насос арқылы пайдаланып отыр. Ауылда 2 көпшілік колонка және аулаларда 28 колонка орналасқан, сол арқылы пайдалануда. Жөндеу жұмыстарын өздері ауыл болып жұргізеді. Жуапты адамы бар ол Хаджиев Хамзат, «Хаджи» жшқ басшысы. Ауыз-суға ауыл тұрғындары электр счетчиктің бұраған ақысын жинап, ол ақшаны Алтынемел поштасының кассасына әкеліп төлейді.Келешекте бұл ауылдың ауыз суын жаңалауымыз керек. Себебі жер астындағы су құбыры жылдан жылға ескіріп ауыз су жер астына кетуде.Бұл да өз ретімен жөнделер деген ойдамын.
Тастыбастау ауылдың тұрғындары ауылдың ішінде орналасқан 1-үлкен бастаудан пайдаланып отыр. Ауыл тұрғындары жыл сайын бастаудын көзін ашып жан-жағын тазалап, жөндеп, реттеп тұрады. Барлығы осы бастаудын суынан пайдаланып отыр. Ауыз суға ақша жиналмайды. Қыс мезгілінде бастауды боранды қар басып ауыз су тапшылығына әкеліп соғады және де құрғақшылық жылдары жаз айларында бастаудағы ауыз су да тартылып қалуда. 2015 жылға осы ауылға жаңа ауыз су құбырының құрылысына проектно-сметасы жасалынады.Егерде проектісі ертерек бітіп жатқан жағдай да аудан әкімдігі ауыз су құбырын салуға қаражатқа көмектесемін деді.
Байғазы ауылдың тұрғындары әр аулада орналасқан 70 трубалық колонкалардан пайдаланған. Бірақ биылғы 2014 жылы, Байғазы ауылына «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша мектептегі жаңа ауыз су құбыры арқылы бюджеттен арқылы 61 млн 986 мың теңге қаржы бөлініп Байғазы ауылындағы әр аулаға жаңа ауыз су құбырының сервистік жұмыстары әр үйлерге, әр аулаға тартылды.Бүгінгі күні соны пайдалануда.
Қызылмектеп ауылының тұрғындары ауыз-суды ауылдың ішінде орналасқан 2 бастаудан пайдаланады. Бастаулардың айналасын өздері ауыл болып тазалап тұрады. Бұл ауылда да ауыз суға ақша жиналмайды. Өткен жылы Қызылмектеп ауылына да жаңа орта мектеп салынған. Бұған да 2 жаңа скважина орнатылды. Осы мектеп арқылы биылғы 2015 жылы осы Қызылмектеп ауылына да әр аулаға ауыз су құбыры тартылады. Себебі 2014 жылы Қызылмектеп ауылына жаңа ауыз су құбырының жобасына бюджеттен 2 млн теңге бөлініп, ауыз-су құбырының жобасы дайындалды.
Алтынемел ауылының тұрғындарының саны 1081 адам, 211 аула бар. 2010 жылы – 2011 жылдары аралығында Алтынемел ауылына «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша бюджеттен 72 млн теңге қаржы бөлініп жаңа ауыз су құбырының құрылысы орнатылды. Бүгінгі күні 212 ауланың 170 ауласына жаңа ауыз судың сервистік жұмыстары жүгізілген. Суға ақшаны есеп құралы /счетчик/ арқылы төленіп тұрады. Жауапты адамы бар.
Қоғамдық тәртіп Алтынемел ауыл округінің учаскелік полиция инспекторының /УПИ/ қызметін аудандық ішкі істер бөлімінің полиция майоры Валихан Машанло атқарып жатыр. Сарыөзек кентінен келіп жұмыс жасайды. Қызмет авто көлігі бар, «Нива» маркалы көлік және өзінің жекеше авто көлігімен жұмыс жасап жүреді. Алтынемел ауыл әкімдігінің ғимаратында өзінің кабинеті және онда қажетті жиһаздары, телефоны бар. Биылғы жылы Алтынемел ауыл округіндегі 5 жеке шаруа қожалықтар өзінің шаруа қожалығындағы бос аттарын учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры В.Машанлоға бір жылға тегін жалға берді. Себебі мал ұрланған кезде тау тасқа, жайлауға мал іздеу үшін ат керек. Сонымен қатар «Анар и К» жауапкершілігі шектеулі серіктесігі мен «Байғазы» шаруа қожалықтары бензинмен көмек етуде.
Округтің учаскелік полиция инспекторында 2014 жылы 13 қылмыс тіркелген және оның 13-і де ашылды, ал өткен 2013 жылы округ бойынша –9 . қылмыс тіркеліп оның 5-і ғана ашылған. Өзіміздің ауыл округі бойынша қылмыстың алдын-алу мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесулер болады және көпшілік жиындарда үнемі айтылып жатады Қылмыстың ішінде ең басты ол мал ұрлығы, оның алдын ала болдырмауына байланысты ауыл тұрғындарынан сарбаздар тобы құрылады. Сарбаздар тобы ауылдың ішінен және сыртынан өтіп бара жатқан малдарды немесе бөтен адамдардың ауылға кіріп, шығып жүргенін көріп полиция инспекторына хабарлап отырады. Сарбаздар тобының жұмысы осы күні көп ауылдарда өз нәтижесін беріп отыр.
Қыс мезгіліне дайындық Округ бойынша ауыл тұрғындарына 1736 тн көмір қажет, оның 100 пайызы дайындалды деседе артық емес, себебі көмір аламын деушілерге 4 автокөлік тасып беруде. Олар өзіміздің ауылымыздың азаматтары. Исмаилов Султан, Сагадинов Нурлан, Сапаргалиев Нүсіп және Тургамбеков Бекбосын. Сонымен қатар 250 куб ағаш отын, 450 тн қи дайындалды. Округтегі сұйық отынмен жылытылатын мекемелер, ол Алтынемел, Майтөбе және Байғазы орта мектептері.
Алтынемел орта мектепке -38,088 тн сұйық отын қажет,
Ал Майтөбе орта мектебіне 12100 литр сұйық отын қажет.
Ал Байғазы орта мектебіне 12100 литр сұйық қажет. Ол отындар құйылған.
Қатты отынмен жанатын Тастыбастау бастауыш мектебіне 6 тонна, Қарлығаш бастауыш мектебіне 8 тоннадан көмірлері жеткізілді.
Тағыда қатты отынмен жанатын Алтынемел ауылдық дәрігерлік амбулаторияға 9 тонна, ал Байғазы, Тастыбастау, Қарлығаш және Қызылмектеп ауылдарының ФАП-тарына 3 тоннадан көмірлер жеткізілді
Сонымен қатар ауылдық кітапханаға 5 тн көмір, ауыл әкімдігіне 7 тонна, мәдениет үйіне 5 тонна көмір түсірілді.
1. Келешекке жоспарда Тастыбастау ауылының ауыз су мәселесі түр, сонымен қатар бастауыш мектепке қаражат берілсе мектеп жоқ деген мәселе де шешіліп қалар. Оған лайықты үй қарастырудамыз.
2. Алтынемел ауылындағы мәдениет үйі мен бала бақшаның ғимараттарына кұрделі жөндеу жұмыстары қажет етеді. Келешекте де бұл мәселелер де өз ретімен шешімін табар.
Осы екі ауылдың мәселелері ең басты болып түр.
Жылдағы мәселелер өз орнымен шешіліп келеді, ары қарай да жалғасын тауабыз.
Алтынемел ауылдық округінің әкімі Е.Анапиянов
Достарыңызбен бөлісу: |