Амангелді ауылдық округінің әкімі – Сақуов Нұртаза: Амангелді ауылдық округінің 2011жылы атқарылған жұмыстары және



Дата25.02.2016
өлшемі73.32 Kb.
#23391
Амангелді ауылдық округінің әкімі – Сақуов Нұртаза:
Амангелді ауылдық округінің 2011жылы атқарылған жұмыстары және

әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары мен

алға қойылған міндеттері туралы
Өткен жыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толғандықтан, барлық іс-шаралар осы мерейтойға арналды. Осынау қысқа да нұсқа уақыт ішінде Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатымен жүргізілген жұмыстар елімізді нұрландырып, егемендігімізді төрткүл дүниеге паш етті. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық өсуіміз жоғары қарқынмен дамып, халықтың тұрмыс деңгейі артты, барлық саладағы жетістіктеріміз еселене түсті. Әлем жұртшылығы Қазақстан деген елдің, қазақ деген ұлттың бар екендігін танып, мойындады.

Біздің көшбасшымыздың конструктивті ұсыныстары үнемі мемлекет басшыларының қолдауына ие болады. Осының дәлелі ретінде ЕҚЫҰ-ның Астанада өткен саммиті болып отыр. Н.Назарбаевтың бейбіт саясат, этносаралық келісім мен рухани үндестікке бағытталған саясаты Қазақстанның басқа мемлекеттер арасындағы беделін қамтамасыз етеді.

«Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 3 қызметкер жұмыс істейді. Жыл ішінде бір қызметкер оқуда болып білімін өсірді. Ай сайын біріңғай ақпарат күндері өткізіледі. Қазақстан мемлекеттік Заңдарын әсіресе, жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңына арналған апталық оқу «Нұр Отан» ХДП-сы мүшелерімен бірге түсіндіру, тағы да басқа іс-шаралар жүргізіліп тұрады.

2011жылғы жұмыс барысында әкімшілік қызметкерлері сөгіс не ескерту алған жоқ. Жыл басынан бері азаматтардан ауызша және жазбаша түрде түскен өтініштер саны -209. Барлығы уақытында қаралып, жауаптар берілді. Округте жыл басынан бері халықтың тұрмыс-жағдайларын көтеру жайында іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, өткен жыл жұмыстарының қорытындысы бойынша аудан әкімінің тұрғындар алдында есеп беруі, Елбасы Жолдауын, жүргізіп отырған саясатын түсіндіру жұмыстарын жеткізу, тағы басқа қажетті мәселелер бойынша 22 рет үлкенді-кішілі жиналыстар өтті.

Амангелді ауылдық округінде халық негізінен екі елді мекенде шоғырланған. Тұрғындар саны – 610 адам, оның ішінде Амангелді ауылында- 281 адам, Тілеусай ауылында - 329 адам, округ бойынша 146 жанұя, 42 зейнеткер, 16 мүгедектер, 47 студент, 122 мектеп оқушылары, 66 оқуға дейінгі балалар тұрып жатыр. Жыл басынан бері 7 бала дүниеге келді, 2 отбасы құрылды, 6 адам қайтыс болды.

Округ көлемінде жұмыссыздар саны 2,2 пайызды құрайды. Уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздар саны 7 адам. Жыл басынан уәкілетті орган арқылы жұмысқа орналасқандар 22 адам. Тұрмысы төмен 3 отбасы тұрады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 463,05 мың теңгені құрады, ол тұрмысы төмен отбасыларға берілді. Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы жыл басынан 130 бала 673,5теңге алды.

Қоғамдық жұмысқа жыл басынан 15 адам тартылды, бөлінген 894,5 мың теңгесі игерілді. Кәсіптік оқуға 4 адам жіберілді.

Ауылды жерде тұрғаннан кейін округтің экономикалық-әлеуметтік өмірінде аграрлық сала ерекше орын алады. Амангелді ауылдық округінде көлемі 97500 га жер бар, 3223 га егістік жер, жайылым 39209 га. Егістік жердің биыл 400 га жеріне ғана егін себілді, қалған жерлер жалға алынса да игерілмей жатыр. Былтыр «Қызылту-НАН» агрофирмасы ғана 4300 гектар жерді биылға егін егуге дайындап, себілмеді. «Сұнғат» ЖШС-гі 13000 гектар жерді жалға алғанымен, жер игерілмей жатыр. Шаруа қожалықтарының жағдайлары да әртүрлі, 4 шаруа қожалығының 2-уі ғана егін сеуіп, жұмыс істеп жатыр. Оның өзі жаңа технологияны пайдаланбағаннан кейін егін шығымы төмен. Сондықтан да бұл шаруа қожалықтарының не елге, не жерге пайдасы жоқ. Агроқұрылымдар тиянақты жұмыс істемегесін, ел тұрғындарының да әлеуметтік тұрмыс жағдайлары бір қалыпты бола бермейді.

Ауыл тұрғындарының қазіргі кезде тұрмыс жағдайларының жақсартуды басқадан күтпей, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ету, мал санын арттырып, өнімнің жоғары болуына көп байланысты. Осыдан 2-3 жыл бұрын шағын несие алған 9 отбасы бүгінгі күні сол көмектің арқасында жағдайларын біршама жөндеп алды. Мал сатып алып, мал санын өсірді. Округ көлемінде жылдан жылға мал басы көбейіп келеді. Атап айтқанда, ірі қара мал 1176 бас, жылқы 691 бас, қой мен ешкі 2697 бас, құс 2065 бас құрайды. Бір отбасына шаққанда ірі қара мал 8 бас, жылқы 5 бас, қой мен ешкі 18 бастан келеді. Сонымен қатар мал өнімдерін сатып алудың тапсырмасы артығымен орындалды.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес таяудағы жылдары ауыл шаруашылығын көтеру аясында тұрғындармен жұмыс істеудің арқасында бүгінгі күні шағын мал фермалары қалыптасуда. Нурбаев М.-52 бас қара мал, 74 жылқы, Махатов Қ. -47 қара мал, 72 жылқы, Нурбаев О.-39 қара мал, 79 бас жылқы, Бегалин Р.-200 қой өсіріп, жақсы бастама жасауда.

Кәсіпкерлеріміз аудан орталығында ет-сүт өнімдерін өңдейтін орындар ашса, әр елде мал саны өсіп, жұмыс орындары көбейіп, ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайлары жақсарар еді. Аудан көлемінде өткізіліп отырылатын жәрмеңкелерде ауыл шаруашылық өнімдерін апарып, қалыспай сатып отырамыз. Жаз айларында үйлерінің маңында көкөніс пен жеміс-жидек, картоп өсіретін отбасылар күзгі уақытта өнімдерін алып отырады. Солардың қатарында К.Аманжолова, Б.Малгаждарова, М.Горюнова, Г.Муханов, т.б.

Округте жеке кәсіпкерлер жұмыс істейді. Елді мекендердегі дүкендерде әр түрлі тағамдар, сұранысы бар қажетті бұйымдар сатылады. Халық жуынатын 5 монша бар, одан басқа 17 жеке моншалар бар. Көліктің қатынасу мәселесі бойынша әзірге қиыншылық көргеніміз жоқ. Кішкенекөл бағытында аптасына екі рет, былайғы күндері жиын-тойларға апарып тұратын жалға алған шағын автобус бар. Округ көлемі Уәлиханов РУТ телефон байланыс жүйесі арқылы жұмыс істейді. Екі елді мекенде телефон байланысымен 95,4 пайыз қамтылған, олар толық жұмыс істеп тұр. Екі пошта бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді. Газет, журналдарға жазылу тапсырмасы артығымен орындалып, әсіресе мемлекеттік тілде жазылатын басылымдар үлесі көп.

Округ көлемінде қарттар мен мүгедектер күні аталып өтіп, концерттер ұйымдастырылды. Қолдау жасау айлығында ұжым басшылары, әкімшілік қызметкерлері, мұғалімдер қауымы қарттарға көмек көрсетті. Жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге қоғамдық жұмыскерлер, мектеп оқушыларынан құрылған «Ақ ниет» клубы қолқабыс тигізеді.

Округ көлемінде 2 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілінде сабақ жүргізіледі. Мектептерде телефон байланысы бар. Интернет жүйесіне қосылған. Округтегі мектептерде 32 мұғалім, оның ішінде жоғары білімді -23, арнаулы орта білімді -9 мұғалім жұмыс істейді. Оқушылар саны-122, әр мектепте компьютерлер орнатылған, мектептер нормативтік заңдылыққа сәйкес жабдықталған. Тілеусай орта мектебінде спорт залының шатыры жөнделді. Жыл бойы мектептің жоспарына сәйкес оқу-тәрбие шаралары жүргізілді. Мектеп-ауылдағы жалғыз мәдениет ошағы. Қандай іс-шара болмасын мектеп ұжымының қатысуымен өтеді. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай, ауданда өткен облыстық байқауда екі мектеп мұғалімдері мен оқушылары аудан намысын қорғап, әртістік кәсіби шеберліктерін танытты. 9-шы сынып оқушысы Р.Валиев Махамбет оқуларының аудандық байқауында бас жүлдені жеңіп, облыстық байқауда мақтау қағазы мен сертификат алды. «Тіл-барлық білімнің кілті» аудандық байқауында 10-шы сынып оқушысы А.Бельгибаева 1-ші орынға ие болды.

Мемлекетімізде тұратын ұлттардың достығын, ынтымағын насихаттау апталығы өткізіліп, бұл туралы мақала аудандық «Шұғыла» газетінде жарияланды. Отбасы жағдайы төмен 52 оқушыға ыстық тамақ ұйымдастырылды. Балалардың жазғы демалысы ойластырылды. 1 оқушы «Искра» мен 7 оқушы «Арман» лагерінде дем алды. Мектептер жанында сауықтыру орталығы 2 ауысыммен 52 оқушыдан ұйымдастырылып жүргізілді. Мұғалімдер қауымы ешқашан қоғамдық жұмыстан тыс қалған емес.

Сонымен бірге шешуін күтіп тұрған кезекті жұмыстар бар. Озерный мектебі 1970 жылдан салынғаннан бері күрделі жөндеуден өткен емес, әр жылдары ел азаматтарының көмегі арқасында жеңіл-желпі жөндеуден өтуде. Амангелді негізгі мектебінің жылу қазандығын ауыстыру керек. Амангелді негізгі мектебі жанында 15 орындық шағын орталық «Айгөлек» балабақшасы жұмыс істейді. Тілеусай ауылында шағын орталыққа арналған ғимарат толық жөнделіп, жұмыс істеп жатыр. Шағын орталық 15 балаға арналған.

Округ көлемінде екі мектеп кітапханасы, бір ауыл кітапханасы жұмыс істейді. Кітапханашыларда тілдерді дамыту мен қолдау жөнінде мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шаралары туралы жоспарлар жасалып, жылдық жасалған кесте бойынша жұмыс істейді. Ауылдық кітапхананың қоры жыл сайын жаңа көркем әдебиеттермен толықтырылып, оқырмандар мәдени мұраға деген қызығушылық танытып, кітап оқитын қауымның қатары көбейіп келеді.

Ұлттық мәдени мерекелер, концерттер, әр түрлі патриоттық тәрбиелік мәні бар іс-шаралар жүргізіліп отырады. Тілдерді қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы негізінде іс-шаралар өткізіледі. Іс қағаздар округ көлемінде толықтай мемлекеттік тілде жүреді.

Спорт мәселесі бойынша екі спорт залы, бір жазғы стадион жұмыс істейді. Волейбол, баскетбол, футбол ойындары үздіксіз жүргізіледі. Ауыл жастары округ, аудан көлемінде өтетін спорт жарыстарында көптеген жетістіктерге жетіп, жүлделі орын алып жүр. Күрестен, жүгіруден, гір көтеруден облыста аудан намысын қорғап жүр. Жарыстарға демеушілік жасайтын негізінен әкімдік, мектептер ұжымы, «Нұрас» ШҚ-ғы.

Денсаулық сақтау саласында – округ көлемінде екі дәрігерлік бөлімше жұмыс істейді, жедел жәрдем көрсететін УАЗ автокөлігі бар. Жедел жәрдем жасауға дәрі-дәрмек жеткілікті. Кесте бойынша профилактикалық жұмыстарын уақытында өткізіп, шұғыл түрде қаранатын ауруларды аудан орталығына жеткізеді. Дәрігер мамандар міндеттеріне жауапкершілікпен қарайды.

Округ көлемінде екі мешіт бар. Негізгі бағыттары –имандылыққа тәрбиелеу, қоғамдық құнарлықтарды насихаттау, қайырымдылық шараларға қатысу.

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша округ көлемінде айтарлықтай жұмыс істелді. Амангелді, Озерный мектептері алаңдарында, ауылдық округ алаңына, ескерткіштер маңайына 230-дан астам ағаштар, гүлдер отырғызылды. Округ көлемінде елді мекендерді көркейту және тазалық сақтау айлығы өткізілді. Екі елді мекенде де көң-қоқыс шығаратын, мал өлімтіктерін салатын орындар даярланып, құжаттары реттелді. Әкімдік ғимаратының алдында 20 жылдыққа арналған аллея істеліп, 20 түп ағаш отырғызылды. Шағын архитектура құрылыстары құрылды.

Қоғамның дұрыс дамуына елде тәртіп сақтау шешуші әсер етеді. Қыс уақытында суық күндері кешкілікте, мейрам күндері кезекшілік ұйымдастырылған. Елді мекендердегі қоғамдық ұйымдар жастарды инабаттылыққа, еңбекке баулуға, ел бірлігін, біртұтастығын сақтауға тәрбиелік мәні бар жұмыстар жүргізеді.

Өткен жылда аудан әкімімен кездесу кезінде қойылған сұрақтар негізінен шешімін тапты. Округте шешімін күтіп тұрған мәселелер жеткілікті. Ең өзекті мәселе Тілеусай ауылын таза ауыз сумен қамтамасыз ету және мектептерде жөндеу жұмыстарын жүргізу, ішкі жолдарды түзеу, елді мекендердегі көң-қоқыстарды шығару, көшелердің жарық болуын шешу, басқа да мәселелердің шешімін табу керек.



20 жылда жеткен жетістіктерге мемлекеттік мекеме қызметкерлері ғана емес, қоғамдық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің қосқан үлесі мол.

Округ тұрғындары биылғы Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауы төңірегінде 2020 жылға дейін дамыту стратегиясы аясында аянбай еңбек ету арқылы ғана үлкен жетістіктерге зор мүмкіншіліктер болатындығын түсініп, алдағы уақытта өз үлестерін қосуға жігер танытуда.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет