Реферат Пән: Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау Тақырыбы: Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері



бет1/5
Дата09.03.2023
өлшемі71.83 Kb.
#470564
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Жұмағұл Нұрболат (2)


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық минситірлігі «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Су, жер және орман ресурстары» факультеті
«Жер ресурстары және кадастр» кафедрасы



Реферат

Пән: Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау


Тақырыбы: Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері

Орындаған: Зу 20-06К тобының студенті


Жұмағұл Нұрболат
Қабылдаған: Аға оқытушы Балқожа М.Ә.

Алматы 2023




Жоспар:












I

Кіріспе

3

II

Негізгі бөлім

4

2.1.

Жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік

4

2.2

Жер заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік.

5

2.3

Жер заңдарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік.

6

2.4

Жер заңдарын бұзғаны үшін жер-құқықтық жауапкершілік

8

2.5

Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік

11

2.6

Қазақстан Республикасының жер заңдары бойынша мүліктік жауапкершілік

12

III

Қорытынды

14

IV

Пайдаланылған әдебиеттер

15


Кіріспе
Жер құқық бұзушылық жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершіліктің негізі болып табылады. Жер құқық бұзушылық дегеніміз - жер құкықтық тәртіпке және мемлекеттің жеке және занды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қайшы келетін кінәлі және заңсыз әрекет немесе әрекетсіздік.Жердің заң нормаларының бұзылуына кінәлі жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдармен олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы заң актілерінде белгіленген тәртіппен жауапты болады. Құқық бұзушыларға қолданылатын шаралардың сипатына қарай жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың келесі түрлерін ажыратуға болады:

  1. Жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.

  2. Жер заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік.

  3. Жер заңдарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік.

  4. Жер заңдарын бұзғаны үшін жер-құқықтық жауапкершілік.

  5. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік.

  6. Жер заңдары бойынша мүліктік жауапкершілік.



Негізгі бөлім
2.1.Жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік 
Жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік – бұл жер құқық бұзушылықтары саласындағы заңды жауаптылықтың түрлерінің бірі. Мұндай жауаптылық тек заңдарда көзделген жағдайларда және әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы орын алған жағдайда ғана туындайды.
Жер заңдарында қарастырылған құқық бұзушылықтың түрлері:
1.экономикалық сипаттағы құқық бұзушылықтар: жерді өз бетімен басып алу, уақытша пайдалануға берілген жер учаскелерін уақытылы қайтармау; ішкі шаруашылықтық жерге орналастыру жобаның шегінен шыға отырып әрекет ету;
2.жерге байланысты құқық бұзушылықтар, яғни, жермен байланысты тұрақты немесе уақытша жылжымайтындыққа не объектілерге қатысты құқық бұзушылықтар: шаруашылық және тұрмыстық құрылыстарды өз бетімен салу; егілген өсімдіктер мен дақылдарды улау, зақымдау, жол құрылыстарына қасақана зиян келтіру.
Жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық — бұл жер құқық бұзушылыктары саласындағы занды жауаптылықтың түрлерінің бірі. Мұндай жауаптылық тек заңдарда көзделген жағдайларда және әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы орын алған жағдайда ғана туындайды.
Жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықтың ерекшелігі оны қолданудың келесі жағдайларымен сипатталады:
1. Ол ҚР ӘҚБК-де кезделуі тиіс;
2. Ол әкімшілік құқық бұзушылықтың нақты аныкталған құрамдарынан көрініс табуы тиіс;
3. Жауаптылықтың субъектілері ретінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңға сәйкес әкімшілік-жер құқық бұзушылығын жасағаны үшін кінәлі деп танылған кез-келген тұлға болуы мүмкін;
4. Құқық бұзушылықтың жұмыс уақытында немесе жұмыстан тыс уақытта жасалғанына қарамастан кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа кез-келген уақытта тартылады;
5. Әкімшілік жауаптылықтарды заңда аталған лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдар ғана өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
6. Әкімшілік жауаптылық заңдарда анықталған келесі іс жүргізушілік тәртібімен қолданылады: әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау (ҚР ӘҚБК 634-бабы), жер заңдарының бұзылуын осыған уәкілетті лауазымды тұлға хаттамаға тіркейді (ҚР ӘҚБК 636-бабы) және т.б.
Жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықты түрлерге бөлуде де ғалымдардың әртүрлі көзқарастары орын алған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет