А.Үмбеш С. Аксерикова 2024ж 2024ж



бет1/2
Дата17.05.2024
өлшемі38.19 Kb.
#501399
түріСабақ
  1   2
С дыбысы 3-4-тоқсанға арналған КТП (1)



«Бекітемін» Келісемін
Мектеп директоры: Оқу - ісі жөніндегі орынбасары:
___________ А.Үмбеш _______________С.Аксерикова
«_____»___________2024ж «______»______________2024ж.
«С» дыбысын түзетуге арналған топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары


Педагогикалық (өндірістік) практикадан машықтанушы: А.Борашова
2023-2024 оқу жылы
Түсінік хат

Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығының бастауыш білім беру деңгейінің үлгілік оқу бағдарламалары мен оқулықтарының мазмұнындағы ортақ тақырыптары және дыбыс айту бұзылыстарын түзету кезеңдерін (Қ.Қ.Өмірбекова, Г.Б.Ибатова) негізге ала отырып құрастырылды.


Дыбыстарды түзету жұмысы кезең-кезеңімен жүргізіледі және оны 4 негізгі кезеңге бөліп қарастырамыз: дайындық кезеңі, дыбысты қою кезеңі, дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі және ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі. Әр кезеңнің өзінің мақсаты мен міндеттері бар. «С» дыбысын түзетуге арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар аталған 4 кезеңнің мақсат-міндеттерін негізге ала отырып құрастырылған.
Дайындық кезеңінің негізгі мақсаты – дыбысты дұрыс қабылдап, қайталауға қажетті сөйлеу-есту және сөйлеу-қимыл анализаторларын дайындау. Бұл кезеңде дыбыстың артикуляциялық қалпын, бағытталған ауа ағынын және фонематикалық есту қабілетін дамыту, тірек дыбыстар бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Дыбысты қою кезеңінің мақсаты – жеке дыбысты дұрыс, анық айтуға үйрету. Аталған кезеңде жаттықтырылған артикуляциялық аппарат мүшелерінің қозғалыстары мен қалпын біріктіру, дыбыстың артикуляциялық базасын жасау, ауа ағыны мен дауысын қосу, жеке дыбысты дұрыс айтуға дағдыландыру жұмыстары жүргізіледі.
Дыбысты машықтандыру кезеңінің негізгі мақсаты – дыбысты фразалық сөйлеуінде дұрыс айтқызуға қол жеткізу. Жұмыстың мазмұны – қойылған дыбыстың жеке айтылуын, кезектілікпен буындарда (ашық, жабық, тұйық), сөздерде (сөздің басында, ортасында, аяғында), сөз тіркестерінде, сөйлемдерде (жай және құрмалас сөйлемдерде, жаңылтпаштар мен жұмбақтарда), байланыстып сөйлеу тілінде және өзіндік сөйлеуіне енгізу.
Дыбысты ажырату кезеңінің мақсаты – шатастырып немесе алмастырылып айтылатын дыбыстарды ажыратуға үйрету, өзіндік сөйлеу тілінде оларды дұрыс қолдануға дағдыландыру. Жұмыстың мазмұны шатастыратын немесе алмастыратын дыбыстарды артикуляциялық және акустикалық белгілері бойынша ретімен ажырату,алдымен жеке дыбыстарда, буындарда, сөздерде, сөйлемдерде, жұмбақ-жаңылтпаштарда, өзіндік сөйлеу тілінде ажырату. Дыбыстарды ажырату бойынша жүргізілетін жұмыс келесі бағыттарды іске асырылады: естіп ажыратуын дамыту, дыбысты айтып ажыратуын бекіту, фонематикалық талдау мен жинақтау дағдыларын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет