Америка құрама штаттары



Дата22.11.2023
өлшемі2.09 Mb.
#484138
түріСабақ
АКШ

Америка құрама штаттары экономикасы


Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Орындаған: Асанова Жумагул Аслиддиновна
Тексерген: Калдыбекова Разия Елтузеровна
Практикалық сабақ №11

Америка Құрама Штаттары

  • Америка Құрама Штаттары, АҚШ (ағылш. The United States of America, USA) — Солтүстік Америкадағы мемлекет. Аумағы 9,5 млн км² (әлемде 4-ші орын). Халқы — 320 млн адам (2013, әлемде - 3-ші орын). Астанасы — Вашингтон қаласы.

Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл. Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс).

Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл. Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс).

Географиясы

Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі.

АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты – Тынық мұхиттың тропиктік белдеуінде. Жер бедерінің 1/2-ін (елдің батысында) биік таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар) орналасқан. 

  • АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты – Тынық мұхиттың тропиктік белдеуінде. Жер бедерінің 1/2-ін (елдің батысында) биік таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар) орналасқан. 

Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және Мексика маңы ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау – Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193 м). Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келеді.

  • Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және Мексика маңы ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау – Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193 м). Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келеді.

Мемлекеттік құрылысы

  • АҚШ үкіметі үш тармаққа бөлінеді:
  • Заң шығарушы: АҚШ Парламенті — Конгресс деп аталады. Конгресс тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Өкілдер Палатасынан тұрады.
  • Атқарушы: АҚШ Президенті — мемлекеттің басшысы, бас әскери қолбасшы, ол заң жобасын жою құқығына ие болады
  • Сот: Жоғарғы Соты және федералдық соттар
  • АҚШ-да екі бас партия бар:
  • Демократиялық партиясы — 1824 ж. құрылған. Джон Кеннеди, Билл Клинтон, Барак Обама осы партияның мүшелері.
  • Республикалық партиясы — 1854 ж. құрылған. Джордж Буш, Рональд Рейган осы партияның мүшелері.

Әкімшілік құрылысы

Әкімшілік жағынан 50 штаттан (бірімен-бірі шектесіп жатқан 48 штаттан және құрлықтың солтүстік-батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған Гавай штаттары) және Колумбия федерациялық аймағынан тұрады. Штаттар 3133 аймаққа (немесе соған сай келетін әкімшілік бөліктерге) бөлінеді.

Экономикасы

  • АҚШ – экономикасы дамыған мемлекет. Жер қойнауы отын-энергетикалық шикізаттарға, темір, түсті металл қазбаларына, табиғи күкіртке, уран шикізаттарына, фосфориттерге, калий тұздарына, т.б. пайдалы кендерге бай. АҚШ мемлекеті өз жерінің табиғи байлықтарын бей-берекет пайдаланбай, ұқыптылықпен қарап, көп минералдық ресурстарды сырттан тасиды.

Адам басына шаққандағы жалпы табыс (2011 жыл)

Халқы

  • АҚШ халық саны жағынан дүние жүзінде 4-ші орында (Қытай, Үндістан, Ресейден кейін). Негізгі ұлты америкалықтар - Еуропаның әр түрлі елдерінен Америкаға қоныс аударған (17 ғ-дың 1-ші жартысынан бастап негізінен ағылшындар, ирландтар, француздар, голландтар т.б.) араласуынан пайда болған. 19 ғ-дың ортасынан бастап қоныс аударушылардың басым көпшілігі Ирландиядан, Германиядан, Скандинавия елдерінен, ал 19 ғ-дың 80 жылдарынан бастап Италиядан, Аустро-Венгриядан, Ресейден, Оңтүстік, Шығыс Еуропаның басқа да елдерінен барды. Жалпы 1790 - 1994 жылдары АҚШ-қа Еуропа, Латын Америка, Азия және Африкадан 64 млн иммигрант көшіп келген. Сол себепті АҚШ-ты кейде иммигранттар ұлты деп атайды.

Назарларыңызға рахмет!!!

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет