Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды №3 қазақ орта мектебі



Дата15.06.2016
өлшемі141 Kb.
#137479
Ақмола облысы

Шортанды ауданы

Шортанды №3 қазақ орта мектебі

Математика пән мұғалімі: Асауй Жаркынгуль

Математика және информатика апталығына орай ұйымдастырылған «Әлем нақты ғылым тілінде» интеллектуалды шоу.
Бұл іс-шараны математика апталығы шеңберінде 10-сыныптан құралған оуқушылар мен мектебімізге келген жас ұстаздардаң топтар арсында өткізілген көңілді математикалық сайыс болды. Өткізілу түрі – екі топ арасындағы сайыс. 

Іс-шараның мақсаты:
1Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау,оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
Түрі: Топтық сайыс 
Қажетті құрылғылар, көрнекіліктер: интерактивті тақта, сурет жасырылған қималар, фигуралар кескінделген парақтар 

1- жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар және оқушылар!
2- жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар! “Әлем нақты ғылым тілінде” атты математика және информатика апталығының жабылу кешіне қош келдіңіздер.
1- жүргізуші: Әлемдік өркениетке ұмтылған Тәуелсіз еліміздің басты құндылығы – білімді ұрпақ. Білімді азамат – ел ертеңі.
2- жүргізуші: Иә, еліміздің кемел келешегі – біздің қолымызда. Ал біздің қазіргі міндетіміз-түрлі пәндерді игеріп, терең білім алу. Ал соның ішінде ғылымдардың патшасы саналатын математика пәнінің мен үшін де, менің достарым үшін де алатын орын ерекше – деп Әл- Фараби бабамыз айтқандай математика басқа ғылымдардан жоғары бағаланады, ұлы Ломоносов
сөзінше математика ақыл–ойды тәртіпке келтіреді, сондықтан оны оқу керек. Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. 

1- жүргізуші:

Математика сырлары,


Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді!

2- жүргізуші: Бүгін біздің кешімізде 10 “а” сынып оқушылары өздерінің математика пәні бойынша білімдерін көрсетіп, сынға түспекші. Алдарыңызда 10 «а» сынып оқушылары, қошаметпен қарсы алыңыздар.
1– жүргізуші: Ал осы топқа қарсы тұрар кім бар деген сұраққа ойлана келе мектебіміздің жас ұстаздарын лайық деп таныдық. Ұстаздарды көпшілік алдына шақыра отырып, жан жақты қырларын аша түсу мақсатымыз бар.

2- жүргізуші: Ендеше ортаға «Жас ұстаздардан құралған» топты қошаметпен шақырамыз.


1 – жүргізуші:

Шеберлікті, білімді
сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырамыз.  

2 –ші жүргізуші:

Көңілді тапқырлар, білгірлер


Бар білімін алдарыңа салады
Кім білімді, көп оқыған болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Өмірде ойлап тұрса бәрі де есеп
Ауырсаң іше – тұғын дәрі де есеп
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз – ау
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

1-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі сайыстың жоспарымен таныстырып өтейік.



жоспары:

  1. Таныстыру. (слайд, эмблема)

  2. «Қас қағым сәт» берілген сұрақтаға жылдамдықпен жауап беру

  3. «Адасқан әріптер» әріптердің ретін дұрыс қойып матемакалық терминдерді табу.

  4. «Есеп өмірде» екі топқа 2 есептен беріледі.

  5. «Құпия сөз»

  6. Тұлғаларды танимызба?

  7. Қортынды, марапаттау.



Ойын барысы бойынша:
І. «Таныстыру» кезеңі

Топтар өздерін таныстырады. Және алдын-ала тапсырылған слайдтарымен таныстырады. Жоғарғы ұпай 5.


ІІ. «Қас қағым сәтте»: әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады.
І топқа
1. Бұрышты өлшейтін құрал... (транспортир)
2. Үш алманы екі әкесі мен екі баласы қалай бөліп алады? (егер ата, әке, бала болса)

3. 31 құс ұшып келе жатты. Аңшы біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (1)

4. Ең үлкен екі таңбалы сан. (99)

5. Ең алғашқы әйел математик (Ковалевская С.)

6. Жылдың неше айында 28 күн бар? (барлық айында)

7. Қай жағдайда біз 2-ге қарап тұрып, 10 деп айтамыз? (сағаттың минуттік тілі 2-де тұрса біз 10 мин өтті д.а)

2-топ

1. Wunderkind сөзі нені білдіреді? Дарынды бала

2. Бойы 2 қарыс, Сыйып тұр 25 арыс? (сызғыш)

3. Тәуліктің 4-тен 1-і  6сағат


  1. Қайсысы үлкен 2 м ме әлде 198 см ме? 2 м

  2. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар? 12

  3. Қолымызда 10 саусақ болса, он қолда неше саусақ бар? 50

  4. Үстелде үш стақан сүт бар. Алмаз 1 стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? 3 


ІІІ. Адасқан әріптерден сөз құрау.

А Н С 

Л Е С У Ә

К И Р Ь Л У Ц

А П Р Е Л Ь Л Л А

В А Д К Т А Р


У К Б 

З У Ү Т


Ұ Р Ш Ы Б

Н У К Я И Ф Ц



Р Я Л У К Н Е П Д И Р Е П


ҮІ тур  «Есеп өмірде» 4 есеп (әр есепке 5 ұпайдан)

  1. Тақтада көрсетілген 81 санынан 63 – ті алу керек. Сонда азайтқышты қағазға жазбастан қалай көрсетуге болады?

  2. Тақтада көрсетілген 86 санына 12-ні қосу керек. Сонда қосындыны қағазға жазбай қалай көрсетуге болады.

  3. Қорада тауықтар және қояндар бар. Олардың барлығы 15 бас, 50 аяқ болса қорада неше тауық, неше қоян бар? (5 тауық, 10 қоян)

  4. Лиза, Лаура және Мәдина меркелік дастарханға 18 тоқаш даярлауға уәделесті. Лиза 10 тоқаш, Лаура 8 тоқаш әкелді де, Мәдина өзі әкелуге тиіс тоқаштары үшін 54 теңге ақша әкелді. Лиза мен Лаура ақшаны қалай бөлісіп алды. (Лиза 30 теңге, Лаура 24 теңге)

Ү. Топтық сайыс «Құпия сөз»

Математика мен физикада түрлі ғылыми жаңалықтардың ашылуының өзіндік сыр, себеп салдары бар. Мысалы әйелдерден шыққан тұңғыш математик София Ковалевскаяның математикаға қызығушылығы былай туындаған екен.
Бірде ата - анасы Софияның бөлмесіне түсқағаз жапсырады. Жетпей қалған түсқағаздың орнына математика кітабының бір бетін жапсырған екен. Сол беттегі математикалық өрнекті күнде көріп жүрген қыздың математикаға қызығушылығы күннен - күнге артып, кейінен дүние жүзіне белгілі математик – ғалым болған екен.
Келесі сайысымыз: Қоршауда тұрған фигуралардың орнына сәйкес әріптерді қойсақ қандай сөз шығады екен? Ол нені білдіреді? Жауап іздеп көрелік. Кім тапқыр? Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Әр топ алдына тапсырма беріледі. Топтар орындаған жұмыстарыңызды әділ-қазылар алқасына ұсынасыздар. Тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.

прямоугольник 1месяц 2параллелограмм 3прямоугольник 45-конечная звезда 5месяц 6месяц 7параллелограмм 9прямоугольник 10овал 11ромб 12параллелограмм 13

месяц 14овал 15

равнобедренный треугольник 16овал 17месяц 18шестиугольник 19параллелограмм 20трапеция 21прямоугольник 22овал 23ромб 24параллелограмм 25трапеция 26улыбающееся лицо 27


И Т Г Ы М Е А С К Н




ҮІ. Кім жылдам? (сандар дайындау)

Мықты болсаң алдағыны басып оз,
Мықты болсаң арттағыны жеткізбе,
Мықты болсаң тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң бөгеттерді бұзып өт – деп сайысты жалғастырамыз.
Екі топтың мүшелеріне цифрлар ілінеді. Санды оқыған кезде екі топ мүшелері өзіне ілінген цифр бойынша жылдам орнын тауып орындыққа отыруы тиіс: 123450, 134205, 104253, 425301, 254013, 531420, 243051, 352014

ҮІІ. Тұлғаларды танимызба?


Шарты:  2 минут уақыт ішінде танымал тұлғаны қатысушы топтардың команда капитандары өз топтарына балама ретінде түсіндіреді. Қай топта нақты және көп жауап жоғары болса, сол топтың ұпай жинау мүмкіндігі жоғарлай түседі.

Жасырылған тұлға есімдері: І топ

  1. Мұхтар Шаханов

  2. Мұғалім

  3. Роза Рымбаева

  4. Асанәлі Әшимов

  5. Баян Есентаева

  6. Айгүл Иманбаева

  7. Алия Юсупова

ІІ топ сұрақтары:

  1. оқушы

  2. Жанар Айжанова

  3. Меруерт Өтекешева

  4.  Мұхтар Әуезов

  5. директор

  6. Денис Тен

  7. Алтынай Жорабаева

VIІІ. Қорытынды. 
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз. 
Жеңімпаздар марапатталады.
Марапаттау. Апталық сайыстарға белсенді қатысушарды марапаттауға рұқсат етіңіздер.
Негізі бар ғылымның математика
Жалықпай оқып үйрен тек қана
Білімнің есігін ашты, көзін тауып
Ньютон, Колмогоров, Ковалевская
Бүгінде математика барлық жерде
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер.
Жас достар, зерделікпен меңгеріңдер – дей келе бүгінгі кешімізді аяқтауға рұқсат етіңдер!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет