Анасы: Айналайын құлыным ержігіт ел үшін туады. Әкеңнің үмітін ақта ақ жол балам, сапарың сәтті болсын. Қарындасы



Дата03.01.2024
өлшемі26.15 Kb.
#488394
Көрініс


Әкесі: Ал айналайын балам жорыққанда жолың болсын. Сенің осылай ер жетіп Отан алдындағы борышыңды өтеуге бара жатқаның мені қуантады. Мен сенен үлкен үміт күтем балам,міндетіңді абыроймен аяқтап, ортамызға амандықпен оралуыңа тілектеспін. Сапарың сәтті болсын, жолың болсын балам.
Анасы:Айналайын құлыным ержігіт ел үшін туады. Әкеңнің үмітін ақта ақ жол балам, сапарың сәтті болсын.
Қарындасы:Ағатай жолың болсын мен сізді сағынатын болам, хат жазып тұр.
Автор:Еңді көштің жотасында таң жақын,
Ұқсап атып келе жатты қаңға тым,
Байлап алды Душмандар қапыда,
Қолға түскен бір топ кеңес солдатын,
Алып келді қауға сақал бегіне,
Дінсіздерді жүк қылмайық дедіме,
Тұтқындардың бірден шешті тағдырын,
Қарамады түрінеде тегіне,
Оқ атылды шығын көріп жәй жауға,
Қанжарларын аспай саспай қайрауда,
Жап-жас қазақ жауынгері бір шетте,
Күрсінеді аяқ қолы байлауда,
Өкінішті ақ көктемнің бұл таңында,
Қоштасатын жақыны жоқ жанында,
Ол кешегі Берлиндалған қазақтың,
Жалғызы еді қайсарлық бар қанында.
Баласы: Қайран әкем жалғыз ұл ем өз артыңнан мен ерген,
Қарындасым қоштасып ең сен менімен,
Енді міне жат жерде қала берер менің денем,
Қош Қазақ елі туған жерім.
Душмандар: Қазақсыңба бауырым, менде осы жердің қазағымын мен сені өлтірмеймін, тек жібіңді босатайын. Біз кеткен соң жолыңды тап бауырым, дәм тұзыңды тауыспапты Жаратқан.
Баласы: Қош болыңдар қарулас жерлестерім, мен сендерді құтқара алмадым. Міне бүгін мен сендерді жат жерде соңғы сапарға шығарып саламындеп ойладымба, Отан алдында борышын өтейміндеп келген сендерге осындай қасіретті қарғысатқыр жат жердің топырағы бұйырғанына қайранмын, кеудем өкінішке толы, бірақ мені бүгін қанжардан құтқарған Қазақ тілім.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет