Қандай ақыл-парасат және дін терактілерді джихад деп атай алады?! Уа, жастар, естеріңді жиыңдар!


«Сондай оларға: «Қолдарыңды тыйындар, намазды орындап, зекет беріңдер!» - делінгендерді көрмедің бе?»



бет3/4
Дата23.02.2016
өлшемі429.5 Kb.
#11162
1   2   3   4

«Сондай оларға: «Қолдарыңды тыйындар, намазды орындап, зекет беріңдер!» - делінгендерді көрмедің бе?» (ән-Нисә сүресі, 77-аят)

Сөйтіп, оған кәпірлермен соғысудан бас тарту бұйырылған еді, өйткені олардың біреуі өлтірілсе де, кәпірлер барлық мұсылмандарды опат қылар еді. Мұсылмандар өмір сүріп жатқан елдердегі адам өлтірулер, мұсылмандардың өлтірулеріне әкеп соғады, ал бұл қазір де орын алып жатыр. Мұның Ислам шақыруына ешбір қатысы жоқ, және де ол - Аллаһ жолындағы джихад болып табылмайды. Мұсылмандарды қайғы-қасіреттің қойнауына тастап жатқан жарылыстар туралы да осыны айтуға болады». “Фәтауа әл-аиммә фи ән-нәуәзиль әл-мудәлхимә” 41.

Шейх әл-Аббад атап өткен, Әр-Риядта 11/6/1424 х. ж. (2003 ж.) орын алған терактіден кейін, құрамында шейх Абдуль-‘Азиз Әли Шейх, шейх Салих әл-Люхайдән, шейх Абдуллаһ ибн Сулеймән әл-Мәни’, шейх Абдуллаһ әл-Ғадаян, шейх Салих әл-Фәузан, шейх Хасан әл-‘Атми, шейх Мухаммәд ибн Абдуллаһ әс-Сабиль, шейх Абдуллаһ ибн Мухаммад ибн Ибраһим Әли Шейх, шейх Мухаммәд ибн Сулеймән әл-Бәдр, шейх Абдуллах әт-Турки, шейх Мухаммад ибн Зайд Әли Сулейман, шейх Бәкр Әбу Зайд, шейх Абдуль-Уәххаб ибн Ибраһим, шейх Салих ибн Абдуллаһ ибн Хумәйд, шейх Әхмәд ибн ‘Али әл-Мубәраки, шейх Абдуллах ибн ‘Али әр-Ракабән және шейх Абдуллаһ ибн Мухаммәд әл-Мутләқ болған Ірі Ғалымдардың Комитеті өзінің мәлімдемесінде басқалар қатарында былай деді: “Кім түрлі терактілер және жазықсыз адамдарды өлтіру – бұл джихад деп айтса, ол – надан (джәхиль) және адасушы болып табылады, өйткені, мұның барлығының Аллаһтың жолындағы джихадқа түйірдей қатысы жоқ!”

Шейх ‘Абдур-Рахман әл-Бәррак былай дейтін:

«Кәпірлерге қатысты олардың елдерінде өмір сүріп жүрген кейбір надан мұсылмандардың жасап жүрген: ұрлық, олардың құқықтарын бұзу, хақысыз оларды ұрып-соғу және балағаттау сияқты қылмыстары - Ислам шариғатында тыйым салынған (харам) болып табылады! Мұндай адамдардың істеп жүргендері - Исламға ешқандай қатысы жоқ! Бұдан да сорақысы – бұл түрлі мекемелерді жарып жүрген кейбір адасқандардың жасап жүрген терактілері. Ақиқатында, мұның Аллаһ Тағала жер бетінде әділеттілікті тарату және Өзінің Сөзін ұлықтау үшін өзінің құлдарының арасында заңдастырған джихадқа еш қатысы жоқ! Тіпті, бұл – тыйым салынған бұзақылық болып табылады!» “И’тида ‘алә ғайриль-муслимин” 3.

Егер бұл ғалымдардың барлығы адасып жүрген болса, онда кім ақиқатты ұстануда?!

Әхлю-Суннаның мойындалған ғалымдарының сөздеріне сүйеніп, біз мұсылмандар жасап жатқан әскери қимылдардың барлығы - Аллаһтың жолындағы джихад болып табыла бермейтінін көре аламыз. Және тек ықыласты ниеттің болуы ғана жеткіліксіз, өйткені ықыласты ниет кесірлі (бұзық) амалды дұрыс қылмайды! Ұлы Аллаһ Тағала былай деді: “Сендерге амалдары бойынша ең үлкен зиянға ұшырайтындар туралы хабар берейін бе?”, - де. Олар - дүниедегі еңбектері зая кеткендер. Өздері болса: “Рас, жақсы іс істедік”, - деп ойлайды», - деді. (әл-Кәхф, 18: 103-104)

Хафиз Ибн Кәсир: “Бұл аят жинақтаушы болып табылады және Аллаһқа бекітілмеген тәсілдермен құлшылық етіп, өзінің сол істерін дұрыс деп санап, және де өзінің амалдары қабыл болады деп есептеп, бірақ, іс жүзінде, қателесіп жатқан және амалдары қайтарылатындарға қатысты!» - деген. “Тәфсир Ибн Кәсир” 3/174




17 Имам ад-Дахак былай деді: “Яғни Аддамның ұлы өз бауырын зұлымдықпен өлтіргені себепті”. “Задуль-мәсир” 2/339.

18 «Жер бетінде бұзақылық тарату» деген сөздер - оны жасағандығы себепті адамның өмірі халәл болатын қылмыс дегенді білдіреді. “Тафсир Ибн әл-Джәузи” 2/341, “Тафсир Ибн Касир” 2/46.

19 Бұл аятқа Усмән ибн Аффән, оның үйі қоршауға алынған кезде сүйенді. Қанның төгілгенін қаламай ол барлығына таралуды бұйырды, содан кейін қаскүнемдер оның үйіне кіріп, оны, Аллаһ оған разы болсын, өлтірді. Әбу Хурайра былай деп баяндайтын: «Мен Усманның үйі қоршауға алыңған кезде оған келіп: «Йә, муминдердің әмірі, мен сенімен бірге соғысу үшін келдім!» - дедім. Ол маған: «Йә, Әбу Хурайра, сен осы адамдардың барлығын, соның ішінде мені де, өлтіруің - сені қуантады ма?!» - деп жауап берді. Мен: «Жоқ!» - дедім. Сонда ол былай деді: «Аллаһпен ант етемін, егер сен бір адамды өлтірсең, барлық адамдарды өлтіргендей боласың!»”. Әбу Хурайра былай деді: “Содан кейін мен қайтып кеттім және шайқаспадым”. Са‘ид ибн Мәнсур 2937, Ибн Са‘д 3/70. Иснәді сахих.

Ибн Аббас былай дейтін: “Кім Аллаһ өлтіруге тыйым салған бір тірі жанды өлтірсе, бүкіл адамзатты өлтірген сияқты болады!” “Тафсир Ибн Кәсир” 2/165.

Тыйым салынған қанды төкпей өлген адамның артықшылығы туралы Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Кім Аллаһты Оған ешкімді серік қоспаған және харам етілген қанды төкпеген күйімен кездестірсе – Жәннәтқа кіреді!» Әхмәд 4/152, Ибн Мәджәһ 2618. Хадис сахих. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 2923.

Ал мұсылманға Жәннәт емей, не керек?!



20 Кейіннен Хидр пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі болсын) Мусаға (оған Аллаһтың сәлемі болсын) бұл баланы өлтіруінің себебін ашып, былай деді: «Балаға қатысты айтар болсақ, оның ата-анасы иман келтіргендер болып табылады, және ол өзінің залымдығының және күпірлігінің себебінен оларды жәбірлейді деп корықтық». (әл-Кахф 18: 80).

21 Йә, мұсылмандар! Мына аятқа назар аударыңыздар! Өйткені, Муса (оған Аллаһтың сәлемі болсын) әлгі мысырлықты өзінің пайғамбарлық миссиясы басталғанға дейін өлтірді ғой, және, бір жағынан, оны қасақана да істемеді. Алайда, бұл - ол үшін күнә болды, және ол осы үшін Аллаһтан кешірім сұрады! Шапағат туралы ең таралған хадисте адамдар Қиямет Күні өздері үшін Аллаһтан шапағат тілесін деп Муса пайғамбарға келгенде, Муса: «Ақиқатында, менің Раббым маған алдын ешқашан ызаланбағандай және болашақта ешқашан ызаланбайтындай етіп ызаланды, өйткені мен маған өлтіру бұйырылмаған жанды өлтірдім!» - дейді. әл-Бухари 4712.

Осыда - құқықсыз адам өлтіру күнәсінің үлкендігіне нұсқау бар! Көптеген имамдар адам өлтірудің күнәсі шарап ішуден, зина жасаудан және өсім жеуден едәуір жаман деп есептеген. Ал имам ән-Нәуәуи былай деп айтқан: «Біздің жақтастарымыз: «Көпқұдайшылықтан кейін ең үлкен күнә болып - адам өлтіру табылады!» - деген». “Шәрх Сахих Муслим” 2/262.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: “Өзінің негізінде Адамның баласының қаны, қақылы болған жағдайдан басқа, тыйым салынған (харам) және рұқсат етілмеген болып табылады. Және кәпірлердің қаны да, өз негізінде солай болғанындай, Исламның бастапқы кезеңінде тыйым салынған (харам) еді, Муса (оған Аллаһтың сәлемі болсын) өлтірген мысырлықтың қаны сияқты, біздің кезімізде Ислам шақыруы жетпеген кәпірлердің қаны да. Және Мусаға оның адам өлтіруі бұл дүниеде де, Ақыретте де күнә болды, ол бұл адамды қасақана өлтірмегендігіне қарамастан!» “әс-Саримуль-мәслюль” 2/210.

Имам әл-Қуртуби былай дейтін: “Қанды сақтау керек, және, шариғат оны рұқсат ететін жағдайлардан басқа, ол - өзінің негізінде қол сұғылмауға тиісті болып табылады!” “әл-Муфхим” 5/27.



22 Ғалымдардың арасында бұл аятқа сүйену керектігінде, және ол тек Таурат иелеріне қатысты емес екендігі жөнінде келіспеушіліктер жоқ. Сондай-ақ, осы аятқа негізделіп ғалымдар әйелді өлтірген еркекті өлім жазасымен жазалау қажет дейді. “Тафсир Ибн Кәсир” 2/32, “Тафсир әш-Шәукәни” 2/46.

23 Құранның бұл айқын мәтіндері кез-келген себеппен өзін-өзі қасақана өлтіруге тыйым салады. Осыда бүгінгі күні өзін-өзі жаруды жан пида ету (‘амалия истишхадия) деп рұқсат етушілердің пікірін жоққа шығару бар. Және Аллаһтан қорқушы мұсылман осындай қорқынышты мәтіндерден кейін қалайша кәпірлердің ортасында өзін-өзі жарып жіберіп өлтіруге батылы жетеді екен, тіпті осы амалдың рұқсат етілгендігіне жүз адам пәтуа берген болса да?!

Өзін-өзі жарып тастаудың заңдылығын ақтау үшін бұл пікірдің жақтаушылары кейбір хадистерді дәйек ретінде пайдаланады, мысалы, патшаға өзін қалайша өлтіруді мәлімдеген жасөспірімнің қиссасы айтылған хадис. Сондай-ақ, дәлел ретінде олар тура сол хадисте келтірілген, патша оларды тек Аллаһқа иман келтіргені үшін өлтіруді бұйырған муминдерден болған, жалынды орға өзі секірген әйелді де мысалға келтіреді. Тіпті мұндай нәрсе бұрыңғы қауымдардың шариғатында рұқсат етілген болса да, Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шариғаты кез-келген жағдайда да өзін-өзі өлтіруге тыйым салды!

Мұның үстіне, Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) үмметі үшін алдыңғы пайғамбарлардың шариғаттарындағы тыйым немесе бұйрық - дәлел болып табылады ма деген мәселеде ғалымдардың арасында келіспеушіліктер бар. Бұрыңғы шариғаттардың барлығы Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шариғатымен күші жойылды дейтіндер Аллаһ Тағаланың мына аяттарына сүйенді: «Сендердің (пайғамбарлардың) әрқайсыңа Біз өзінше шариғат мен мәнхадж орнаттық». (әл-Мәидә 5: 48).

Ал басқалары бұрыңғы пайғамбарлардың шариғаты күшке ие деп есептейтін, және дәлел ретінде олар Аллаһ Тағала он сегіз пайғамбарды атап өтіп Мухаммадқа (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Олар – Аллаһ өздерін тура жолмен жүргізгендер. Сен де олардың тура жолына ілес» (әл-Ән‘ам 6: 90), - деп бұйырған аятты келтіреді.

Алайда, бұл екі пікірді де біріктіруге болады. Ғалымдар: «Құран мен Сүннетте аталған бұрыңғы өткен пайғамбарлардың шариғаты, белгілі бір мәселе бойынша Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шариғатында нұсқау болмаған жағдайда, дәлел бола алады», - деген. Немесе, алдыңғы пайғамбарлардың шариғаты біздің пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шариғатымен расталса және оған қайшы келмесе.

Имам әш-Шәукани келтірілген аятқа жасаған шархында былай дейтін: “Онда Аллаһтың елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оларға қатысты жоққа шығаратын мәтіндер болмаған нәрселерде өзінен бұрын өткен пайғамбарларға ілесу бұйырылғандығына нұсқау бар”. “Фәтхуль-Қадир” 2/107. Ол сондай-ақ былай деді: “Ғалымдардың көпшілігі бұрыңғы пайғамбарлардың шариғаты бізге де шариғат болып табылады, егер белгілі үкім күші жойылған болып табылмаса деп айтады, және бұл - ақиқат!” “Фәтхуль-Қадир” 2/46.

Имам әш-Шәукани айтып жатқан нәрсеге мысал - Юсуф пайғамбардың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) ата-анасы онымен кездескен кезде оған сәлемдесу ретінде сәжде жасағаны айтылатын аят бола алады: «Ол (Юсуф) өзінің ата-анасын таққа көтерді, және олар оның алдында сәждеге жығылды» (Юсуф 12: 100).

Сөйтіп, бұрыңғы пайғамбарлардың шариғатында сәлемдесу адамның алдында иілу, бас ұру формаларында көрініс табуы мүмкін еді, және бұл амал тыйым салынған емес еді. Алайда, Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шариғатында мұндай әрекет тыйым салынған болып табылады әрі рәсімдік ғибадатқа жатады, және ол Аллаһтан басқа кімге, немесе неге жасалса да - күпірлік болады. Имам әл-Қуртуби былай дейтін: “Аллаһ біздің шариғатымызда мұның күшін жойды!” “Тафсир әл-Қуртуби” 3/345.

Және осындай мысалдар көпшілік.

Жоғары айтылғандардың негізінде, мына нәрселер айқын болады: бұрыңғы өткен пайғамбарлардың шариғаттары біздің үмметіміз үшін дәлел болатынын тіпті назарға алғанның өзінде де, олардың ішінен тек Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шариғатына қайшы келмейтін хабарларды ғана дәйек етуге болады. Өйткені, өзін-өзі өлтіруге қандайда бір ерекшелеу жасалмайтын қатаң тыйым бар. Бірақ, бұл жөнінде хадисте баяндалғандай, өзін қалай өлтіруге болатындығын патшаға айтып берген жасөспірімнің іс-әрекетін тіпті назарға алар болсақ та, бұл іс-әрекетте, өзін-өзі жарып жіберудің зардаптарынан айырықша, адамдардың исламға кіруімен көрініс тапқан ұлы пайда бар еді, және бұл жөнінде сол жасөспірім тек Аллаһтан келген уәхидің негізінде білуі мүмкін еді. Шейх Ибн ‘Усәймин былай дейтін: “Дәлел ретінде жасөспірім туралы хадисті қолдануға қатысты айтар болсақ, онда дұшпанға зиян тигізу емес, адамдардың діңге кіруі орын алды”. “Бәбуль-мафтух” 20.

Тура сол сияқты жағдай - пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) көптеген сахабалары дұшпанның қалың қолының ортасына, ол жақтан аман шықпайтынын ұйғарса да, кіріп кететіндігі және Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұл әрекетті айыптамағандығы туралы дәлелге де қатысты. Ал шындығында, дұшпанның қалың қолының ортасына кіріп кететін сахабалардың ешқайсысы, олардың қатарынан аман шықпауын ұйғарса да, өз қолымен өзін-өзі қасақана өлтірмеді. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) соғысу кезінде мұсылманға өз өмірін қауіпке салуға рұқсат ететін, егер осыда Исламға деген пайда болса, және осыған көптеген хадистер нұсқайды. Алайда, ол тіпті шайқасу кезінде де өзін-өзі өлтіруге тыйым салатын. Және өзінің өмірін қауіпке салуды рұқсат ету, өзін-өзі қасақана өлтіруге болады дегенге нұсқамайды!

Тағы бір едәуір маңызды жағдай – сахабалар өздерін өлім қауіп-қатеріне шайқас үстінде жауға тап беру арқылы салатын, бірақ, қарттардың, әйелдердің және балалардың қалың тобының арасына бұзып-жарып кіру арқылы емес.

Біздің кезіміздің ахлю-Сунна ғалымдары, олардың арасында шейх әл-Әлбәни, Ибн Баз, Ибн ‘Усәймин, Салих әл-Фәузан және басқа да көпшілік, жан пида ету деп аталып кеткен өзін-өзі өлтіруге (‘амалия истишхадия) тыйым салған. Шейх Ибн ‘Усәймин кәпірлер арасында өзін-өзі жарып жіберген адам туралы былай дейтін: “Ақиқатында, менің пікірім – ол өзін-өзі өлтіруші деп саналады және бұл жөнінде Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, өзін-өзі өлтірген адам өзі онда мәңгі қалатын Отпен жазаланады», - деп айтқандай, Тозақта жазаланады. әл-Бухари 5778, Муслим 1109.

Алайда, адам бейхабар болып, оның осы әрекеті игі және Аллаһқа ұнамды болды деп ойлаған болса, біз оны, осы дұрыс емес ижтихатқа негізделіп жасаған амалы үшін Аллаһ кешіретініне үміт етеміз. Бірақ, солай бола тұра, мен біздің кезімізде оған ешқандай ақтау таппаймын, өйткені, өзін-өзі өлтірудің бұл түрі адамдар арасында кең танылған және таралып кеткен. Сондықтан, адам, өзіне тура жол адасушылықтан ажыратылуы үшін, бұл жөнінде ғалымдардан сұрауы міндетті еді. Және Аллаһ Тағала: «...өздеріңді-өздерің өлтірмеңдер, (өйткені) ақиқатында Аллаһ сендерге рахымды» (ән-Нисә сүресі, 29-аят), - деп, осыған тыйым салғандығына қарамастан, бұл адамдар өзін-өзі өлтіретіні - таң қалдырады. Және олардың көпшілігі дұшпаннан кез-келген жолмен, ол – тыйым салынғанына, не рұқсат етілгеніне қарамастан, кек алудан басқа ешнәрсені қаламайды. Сондықтан, олар тек өздерінің кек алуға деген қалауын ғана қанағаттандырғысы келеді”. “Кәйфә ну’алиджу уәқи’анәл-алим” 119.


24  Аллаһ Тағала былай деді: «Әй мүміндер! Сендерге қысас (есе қайтару) парыз етілді: азатқа - азат, құлға - құл, әйелге - әйел». (әл-Бәқара 2: 178).

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Үш жағдайдан басқа кезде мұсылманның қанын төгуге рұқсат етілмейді: зинақорлық жасаған үйленген адамды өлім жазасымен жазалау кезінде, өмір үшін өмірді алған кезде; және біреу діннен шығып үмметті тастап шыққан кезде». әл-Бухари 6878, Муслим 1676.

Хафиз Ибн Касир: Егер қандада бір адам хадисте айтылғандардан бір нәрсе жасаса, оны өлтіруге әмірден және оның орынбасарынан өзге ешкімнің құқығы жоқ! - деді. “Тафсир Ибн Кәсир” 2/373.

Хафиз Ибн Раджәб былай деп жазған: Ислам осы үш жағдайда «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мухаммад – Аллаһтың елшісі!» - деп куәлік беретін мұсылманның өмірін халәл ететінінде мұсылмандар арасында келіспеушіліктер жоқ. “Джәми‘уль-‘улюми уәл-хикәм” 197.

Ғалымдар мұсылмандардың қанын (төгуге) рұқсат ететін басқа әрекеттерге қатысты бір ауызды келісімде болмағанына қарамастан, бәрібір, мұсылманның өмірін (алуды) рұқсат ететін басқа амалдарға да нұсқайтын сахих хадистер бар. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Лут қауымының күнәсін жасап жатқандарды көрсеңдер, жасап жатқанын да, жасатып жатқанын да өлтіріңдер!» Әбу Дауд 4462, әт-Тирмизи 1/275. Хадис сахих. “Ируәуль-ғалиль” 2350.

Бұл жағдайда мұндай жиіркенішті күнәні жасаушы үйленген-үйленбегеніне қаралмайды. Сондай-ақ, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Жануармен жыныстық қатынас жасағанды өлтіріңдер, сондай-ақ, жануардың өзін де өлтіріңдер!» Әхмәд 1/269, Әбу Дауд 4464, әд-Дарақутни 1/341. Хадис сахих. “Ируәуль-ғалиль” 2348.

Сондай-ақ, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Егер адам шарап ішсе, оны сабаңдар. Егер ол тағы да ішсе, оны тағы да жазалаңдар. Егер тағы да ішсе, тағы да жазаға тартыңдар. Бірақ, егер ол төртінші рет ішсе, онда оның басын шауып алыңдар!!» Әбу Дауд 2/473, Ибн Маджәһ, Ибн Хиббән 1519. Хадис сахих. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 1360.

Шарап ішкені үшін сабау жазасы мұны жария істейтін және ислам мемлекетінде мас күйінде ұсталған адамға қатысты қолданылады.

Ғалымдардың көпшілігі төртінші рет мас күйінде ұстап алған адамды өлтіру керек деген хадистің күші жойылған деп есептеген. Алайда, бұл хадистің күшінің жойылғандығына ғалымдардың сөздерінен басқа ешқандай дәлел жоқ. Ал Өзі Өзінің дінін сақтауға міндеттеген Аллаһ күші жойылған мәтін бізге жетіп, күшін жоюшы мәтін жетпей қалатындай істегені, мүмкін бе?! Шейх әл-Әлбәни былай деді: “Бұл хадистің күші жойылған деп айтылған, алайда бұған дәлел жоқ, және бұл әмір өз күшіне ие, бұл жөнінде шейх Әхмәд Шәкир имам Әхмәдтың «әл-Муснадына» 9/49 жасаған шархында түсіндіргеніндей. Алайда, біз мұны ғибратқа қатысты дейміз. Яғни егер әмір төртінші рет шарап ішкен адамды өлім жазасымен жазалау керек деп шешсе, ол өлтіріледі, ал солай деп шешпесе, онда – жоқ. Бірақ, бұл сабауға қатысты емес, өйткені әрбір шарап ішкені үшін сабау қажет! Және бұл пікірді шейх Ибн әл-Қайим, Аллаһ оны рақым етсін, таңдаған”. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 3/348.

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Егер сендер екі халифаға ант берсеңдер, олардың біреуін өлтіріңдер!» - деді. Муслим 1853.

Сондай-ақ, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Егер сендер бір әмірдің қоластында біртұтас болсаңдар және сендердің біртұтастықтарыңды бөліп тастағысы келген біреу келсе, ол кім болса да, оны өлтіріңдер!» Муслим 1853.

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хауәридждерге қатысты былай деген: «Сендер оларды қай жерде кездестірсеңдер де – өлтіріңдер, оларды өлтірген Ақырет күнінде сый алады». әл-Бухари 3611, Муслим 1066.

Хауәридждерді өлтіру туралы бұйрық келген хадистерге сүйеніп, ғалымдар бүлікшілермен және қарақшылармен соғысуға рұқсат берген. Бұған, сондай-ақ, Құранның мына аяты да растау болады: «Аллаһпен және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасауға ұмтылып жүргендердің жазасы - өлтірілулері, не аяқ-қолдарын керіп шегеленулері, яқи қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері немесе елден айдалулары. Бұл - олардың дүниедегі жазасы. Және олар үшін Ахиретте ірі азап бар». (әл-Мәидә 5: 33).

Сондай-ақ, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өлтіруге бұйырған, бірақ Али оны таба алмаған адам туралы хадис те. Онда Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Егер ол бүгін өлтірілгенде еді, менің үмметімнен тіпті екі адам ешқашан келіспеушілікте болмас еді!» Абу Я’лә 6/340, әд-Дарақутни 2/54, Ибн Абу ‘Асым 938. Хафиз әл-‘Ирақи және шейх әл-Әлбәни хадистің сахихтығын растаған.

Осы хадиске сүйеніп, имам Мәлик және басқа да ғалымдар өзінің бидаттарына шақыратын бидғаттың жақтаушыларын, мұсылмандарды олардың бүлігінен құтқару үшін, өлтіруге рұқсат етілген деп санайтын еді. Бидғаттың жақтаушысына дәлел ұсынылғаннан соң, егер ол өзінің бидғатшыл көзқарастарынан бас тартпаса, мұсылмандардың әмірі оны өлім жазасына кесуіне болады. Бұл пікірді алғашқы буынның көптеген имамдары ұстанған. Мысалы, Халид ибн Абдуллаһ әл-Қасри деген әмір Құрбан айт күні джахмилердің басшысы әл-Джа‘д ибн Дирхамды өлім жазасымен жазалап, мұсылмандардың алдына шығып былай деді: «Йә, мұсылмандар! Өздеріңнің құрбандарыңды шала беріңдер, ал мен өзімдікін шалдым, өйткені, мен «Аллаһ Ибраһимді өзінің сүйіктісі етпеді, және Аллаһ Мусамен сөйлеспеді!» - деп айтатын Джа‘д ибн Дирхамды бауыздадым!” әл-Бухари “Хәлқуль-аф‘әл” 29, әз-Захаби “әс-Сияр” 5/432.

Сондай-ақ, хадисте: «Сиқыршы қылыштың соққысымен жазаланады», - деп келген. Алайда, ғалымдар бұл хадис әлсіз (даиф) екендігіне бір ауызды келіскен. “Тухфәтуль-мухтадж” 2/447, “Фәтхуль-Бәри” 10/236.

Имам әт-Тирмизи және имам әз-Захаби былай деген: Бұл сөздер пайғамбарға емес (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), Джундуб деген сахабаға тиісті екендігі – сахих түрде мәлім. «әл-Джәми‘» 2/132, «әл-Кәбәир» 78.

Бәджәлә ибн Абәда былай деп баяндайтын: “Умар ибн әл-Хаттаб әрбір сиқыршы әйел мен еркекті өлтіру туралы жарлық шығарды, және біз олардың үшеуін өлім жазасына тарттық. Әхмәд 1/190, Әбу ‘Убәйд 1/35. Иснәді сахих.

Сондай-ақ, Хафсадан, ол өзін сиқырлаған күңін өлім жазасына тартылуын бұйырғаны және ол өлтірілгені жеткізіледі. Абдуллаһ ибн Әхмәд “әл-Мәсаиль” 1543. Иснәді сахих.

Сиқыршылықпен айналысқаны сенімді түрде анық болған сиқыршыны ислам мемлекетінде өлім жазасына тарту керек деген пікір күшті болып табылады. Умардың сиқыршыларды өлтіру туралы бұйрық шығарғаны және сахабалар оған наразылық танытпағаны – олардың мұны құптағанын көрсетеді.

Малики мазхабының кейбір ғалымдары және ханбали мазхабының имамы Ибн ‘Ақиль мұсылмандардың құпияларын кәпірлерге жеткізетін тыңшы-мұсылманды өлім жазасына кесуге болады деп есептеген. Дәлел ретінде олар мұсылмандар Меккені бағындырудан алдын қурайштарға хат жазып, хатында оларды пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жоспарлары туралы хабардар еткен Хатыб ибн Әбу Бәлта‘а туралы хадисті келтіреді. Және Умар: «Йә, Аллаһтың Елшісі, оның басын шауп тастауыма рұқсат бер!» - деп сұрағанда, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оның бұл сөздеріне наразылығын білдірмеді, алайда: «Ақиқатында, ол – Бәдр шайқасының қатысушысы», - деп ескертіп айтты. әл-Бухари 4890, Муслим 2494.

Хафиз Ибн Раджәб былай деп жазған: “Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Хатыб оның өмірін (алуды) рұқсат ететін нәрсе жасамады», - деп айтқан жоқ, алайда ол оны өлтіруге тосқауыл болатын себепке нұсқады, ал бұл – оның Бәдр шайқасына қатысқаны еді. Ал, Аллаһ Тағала Бәдр шайқасына қатысқандардың күнәларын кешіріп қойды. Бірақ, бұл себеп олардан кейін ешкімге қатысты жүрмейді”. “Джәми‘уль-‘улюми уәл-хикәм” 201.

Алайда, осы жерде ескертіп кету қажет болған бір жағдай бар: бұл - егер кәпірлерге көмектескен мұсылман осындай әрекеті үшін өлім жазасына тартылса, осы – оның кәпір болатындығына нұсқау болмайтындығы. Ақиқаттың жеңілуін қалап және күпірлікті құптап мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмектескен (адам) ғана кәпір болады. Бірақ мұндай нәрсе дүние пайдасы үшін істелген болса, ол – күпірлік болмайды, бірақ, үлкен күнә болып табылады!

Имам әл-Қуртуби былай деді: Мұсылмандардың құпияларын олардың дұшпандарына дүние пайдасы үшін хабарлайтын адам, егер оның ақидасы дұрыс болып қала берсе, кәпір болмайды. Діннен шығуды қаламаған Хатыбтың әрекеті дәл солай болды”. “Тафсир әл-Қуртуби” 12/52.

Хафиз Ибн Касир, сондай-ақ, былай деді: “Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Хатыб мұны қурайшттерде болған өзінің мал-мүлкі мен балалары себепті істегенін білгенде, оның ақталуын қабыл етті”. “Тафсир Ибн Кәсир” 4/410.

Сондай-ақ, төрт имамның барлығы дүние мақсатын көздеп мұсылмандарың құпияларын айтып беретін тыңшы, осынысы үшін кәпір болмайды дегенге бірауызды келіскен және олардың осы пікірімен шейхуль-Ислам Ибн Таймия және оның шәкірті Ибн әл-Қайим де толық келіскен. “әс-Сарим әл-мәслюль” 2/372, “Задуль-мә’ад” 3/432.

Сондай-ақ, ғалымдар Аллаһты және Оның Елшісін (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) немесе пайғамбарлардың қайсы бірін болсада әдейі және саналы түрде балағаттаған (адам) да - өлім жазасына лайықты деп бір ауызды келіскен. Ибн Умар былай деп баяндайтын: “Бірде Умар Аллаһтың Елшісін (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) балағаттаған адам туралы естігенде, оған келіп оны өлтірді де, кейін: «Аллаһтың елшісін немесе пайғамбарлардың қайсы бірін балағаттайтындарды өлтіріңдер!» - деді”. әл-Асбәхани “Амәл”, Иснәді сахих.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Пайғамбарлардың қайсы бірін болса да балағаттайтын (адам) -мұсылмандардың бір ауызды келісімі бойынша (иджмәъ) өлім жазасына лайықты!” “әл-Джәуәбу-ссахих” 2/371.

Міне осылар – мұсылманның қанын (төгуге) рұқсат ететін іс-әрекеттерге нұсқайтын Құран мен Сүннеттің мәтіндері, сондай-ақ, сахабалардан жеткен деректер (асарлар). Бірақ, әрбір жеке жағдай мұқият қаралу кажет. Хафиз Ибн Раджәб айтқандай, бұл жағдайлардың барлығы жоғарыда атап өтілген хадистің құрамына кіреді: «



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет