Ќанипа Бітібаева


Абай -Құнанбай (Әмір - Үмітей оқиғасына байланысты



бет28/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   141
адеб окыт адис техн

Абай -Құнанбай (Әмір - Үмітей оқиғасына байланысты)

Абай:

Құнанбай:

- Тоқтат! Өлтіртпеймін! Аузыңда Алла, шеңгеліңде қан. Тағы қан! Бұларды шариғат та қосады. Бір кезек, сол шариғат жолы деп, бір нақақ қан төгіп ең... болсын солай? Менімен! Неге, өлмейсің тынышыңмен сен! Заман сенікі емес, менікі! Нең бар?

- Арам! Шық, жоғал көзімнен, азғын! Аздырарсың, сен бе! Аздырарсың! Сенен, бәрі сенен! Ә-ә, солай дедің бе, жеттің бе соған?! Қызарып атқан таңда, мынау зауал таңда...
- Айттым аталық қарғысымды...
(2-кітап, 609 бет.)

Абай - Әбіш (екеуінің әңгімесінен)


Әбіш:

Абай:

-Ниетім, өзіңіз білесіз, политех-никалық институт еді, өзге оқу-ды, осыны тамам етіп алып, ес-кермекпін. «Баламды медресеге біл деп бердім. Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім» деге-ніңіз есімде, аға (3-кітап, 50-бет.)

- Ғылымның жаманы жоқ. Хал-қыңа басшы болар талап соңына түссең, офицер болып жүріп же-тесін бе, бәрібір. Қай тұрғысына барсаң да, еліңнін мұңы мен мұқ-тажы мың батпан. (3-кітап, 151-бет.)

Е с к е р т у: Бұл мәселелер карточка-көмек ретінде жазылып беріледі. Басқа мысалдарды оқушылар осы үлгіге қарай отырып, өздері іздестіреді. Проблемалық жағдаятты шешкізу үшін, мұғалім эпопеядан нақты мысалдар алып, жазушынын Абай мен Құнанбай арасы арқылы не айтпақшы болғанын, сондай-ақ Әбіш - Абай арасы арқылы қандай проблема көтергенін аңғартуға жетелейді. Бірінші мысалда бетпе-бет келіп тұрған әке мен бала - мүлде бір-біріне қарама-қарсы адамдар. Олар жай әке мен бала емес. Екі заманның, ескі мен жаңаның бетпе-бет келуі, солардың қарама-қарсы келуі. «Заман сенікі емес, менікі». «Неге өлмейсің сен, тынышыңмен» - дейді бала. Бұл - жаңа заманның, жаңа ұрпақтың ескі заманға айтқан үкімі. Екінші мысалдағы әке мен бала мүлде бөлек. Екеуі де халық қамын ойлаған, бір-бірін түсінетін, мақсаты, болашағы бір, халық адамдары. Осы мәселенің барлығын, яғни оқушы алдында тұрған жағдаятты шешу үшін, ойлы сұрақтар қоя отырып, жетелеу керек.
Жетелеу сұрақтары:
1. 1-бағандағы Абай - Құнанбай диалогтеріне назар аударыңдар. Қалай ойлайсыңдар, Абай сөзі әкеге ашуланғаны, баланың беттен алуы ғана ма?!
2. Құнанбай сөзі ше?! «Аздырарсың, сен бе! Аздырарсьң!»- деген сөз мәніне назар аудару. Осы сөз әкенің балаға ашудан ғана туған сөзі ме?

  1. 2-бағандағы Абай - Әбіш диалогінің мәніне ой салыңдар. Абай - Құнанбай диалогімен салыстырыңдар. Жазушы Абай - Әбіш, Құнанбай - Абай арқылы
    қандай мәселе көтерген деп ойлайсыңдар? Проблемалық жағдаяттарды шешуде қарама-қарсы қайшылықты мәселелерді салыстыру, қатар қою, сондай-ақ тың, қосымша
    деректерді алдарына жайып салу, әр түрлі пікірлерді мысалға келтіру сияқты тәсілдердің маңызы зор. М.Әуезовтің алғашқы әңгімелерінің проблемалық талдау арқылы қысқаша үлгісі. Мұғалім сұрыптауы бойынша, талдауға «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Оқыған азаматты» алуға болады. Үшеуінде де бір проблема, яғни қорғансыздар проблемасы бар. Проблемалық жағдаят мына мәселе айналасында туады: М.Әуезовтің алғашқы әңгімелерінің негізгі проблематикасы. Жазушының идеялық-эстетикалық табысы. Жазушы қорғансыздарды қалай қорғайды?

а) «Қорғансыздың күні» әңгімесі. Проблемалық сипаттағы талдау сұрақтары:

  1. Қалай ойлайсыңдар, әңгіме аты неге «Қорғансыздың күні» деп аталады? Әңгімедегі қорғансыздар кімдер?

  2. Пейзаж, портрет, суреттеулердің әңгіме идеясын ашуда маңызы бар ма? Әсіресе, осы әңгімедегі «боранның» орны қандай? (Әңгіме басындағы ақ түтек боран әңгіме соңында басылған, күн шайдай ашылған.)

  1. Жазушы бас кейіпкерінің тағдырын дұрыс шешкен бе? Ол шешімге қосыласың ба?

  2. Қабірді құшақтай өліп қалған Ғазизаны сипаттайтын жерді оқы. «Мен тазамын, менде жазық жоқ!» дегендей болып жатқан Ғазиза арқылы жазушы оқырманға қандай ой тастайды? Әңгіме идеясын ашуда эпизодтың маңызы қандай?

5. Жазушы қорғансыздарына қалай қарайды, оларды қорғай ма, әлде кінәлай ма?
ә) «Оқыған азамат» әңгімесі:
1. Әңгіме неге «Оқыған азамат» деп аталған? Әрі оның тырнақшаға алынған себебі не?

  1. Әңгіме негізіндегі авторлық идея, проблеманы калай түсінесің? Әңгімедегі «оқыған азаматтар» кімдер? Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

  2. Осы әңгімеде қорғансыздар проблемасы бар ма? Бар болса, олардың тағдыры қалай шешіледі? Ол шешімге қосыласың ба?

  3. Қалай ойлайсыңдар, қоғамға, өмірге қайсысы кауіпті,

«Қорғансыздың күніндегі» Ақан мен Қалтай ма, әлде осы әңгімедегі «оқығандар» - Жұмағүл, Ақтай, Қадишалар ма?
5. Екі әңгімедегі шынайы бейшара, сорлы, қорғансыздар
кімдер? Ғазиза мен кемпір ме, әлде Ақан мен Қалтай, Жұмағұлдар ма?
6. Жазушы осы сұрақтарға калай жауап берген? Сен не айтпақ едің?
б) «Жетім» әңгімесі:

  1. Әңгіменің алғашқы әңгімелермен үндестігі бар ма? Қандай мәселе көтерілген?

  2. Бұл әңгімедегі қорғансыз, панасыз кім?

  3. Оның тағдыры қалай шешіледі?

  1. Жауыздық, қаталдық жеңіске жетеді, нәзіктік, мейірімділік, мөлдір жастық, ар-ұят табанға тапталады, ана жүрегі кан жұтады. Жетім жер
    жастанады. Осыншама ауыр трагедияны көрсетуде автор нені мақсат еткен?

  2. Ол трагедиялардың негізгі көзі, бастауы, себебі неде жатыр?

6. Жазушы осы сұрақтарға қалай жауап берген?
Проблемалық талдауда мұғалім оқушыларға шығармашылық жұмыстар істетеді, шағын пікірталас, танымдық-іздендіруші, зерттеу бағытындағы тапсырмаларды орындатады, қорыта айтқанда, білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерінің бәрін де пайдаланады. Бұдан шығатын қорытынды: біз сөз ететін талдау түрлерін мүлде бір-бірінен ажыратып тастауға болмайды. Кей жағдайда ол талдаулар араласып та жатады. Енді проблемалап оқуға негізделген бір сабақтың үлгісін берейік. (Осы еңбек авторының іс-тәжірибесінен.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет