Ќанипа Бітібаева



бет7/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   141
адеб окыт адис техн

Ескерту:Кабинетке «Оқырмандар мүйісі» деген бөлім ұйымдастырып, сонда жазып қоюға болады. Сондай-ақ әр туынды бойынша (сыныпта оқып жатқан немесе сыныптан тыс оқып жатқан) нақты көмек-нұсқау жазылған үлестірме қағаз таратуға болады.

  1. Ересек, 13-14 жастағы жасөспірімдердің психологиясы ,

физиологиялық даму барысында өзіндік ерекшеліктер бар. Олар айналаға, соның ішінде өнер туындыларына өз көзқарастарымен қарай бастады. Балалық «шалалық» немесе ұшып-қонып тұрған көңіл, мінезден, байқағандарын, оқығандарын тек сезім жетегінде, байыбына бармай, айта салушылық, «бірбеттілік», «қайтпастық» мінездерден арыла бастайды. Бірақ осы жастағы балалардың қай жағынан болсын, әлі қалыптасып болмағанын, сынаптай толқып тұрған шақтарын естен шығаруға болмайды. Бұл шақ, психолог ғалымдардың айтуы бойынша, өте жауапты, маңызды шақ. Балалықтан кету, үлкендікке жету арасындағы нәзік көпір. Білім беру, тәрбие істерінде де бұл жасқа ынтамен, ерекше қараған дұрыс. Төменгі, кіші сыныптардағы «мен айтам», «мен оқимын» деген самсаған қолдардың сынып жоғарылаған сайын, сиреп кету себебі не? Немесе оқыған кітаптары туралы даурығып, таласып жатқан балаларды олар өскен сайын неге аз кездестіреміз? Қай жерде, қай мезгілде лепіріп тұрған, кемерінен асып-төгіліп тұрған бала көңілінің, ынтасының нәзік қолын үзіп аламыз? Әдеби шығармаларды оқытпас бұрын, оның тұрақты оқырмандарын қалыптастыру мақсатындағы жұмыстардан бұрын, оның тұрақты оқырмандарын қалыптастыру мақсатындағы жұмыстардан бұрын, осы мәселеге әр ұстаз абай болғаны жөн.
Балаларға әдеби шығармаларды жүйелі түрде оқыту, ынтасын, қызығушылығын арттырудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру жолдарын іздестіру керек. Бұл жұмысқа мектеп кітапханасы, бүкіл мұғалімдер қауымы, тәрбиешілер жұмыла кіріскені дұрыс. Тарих, география, тіпті математика пәндерінен де қызықты, әдеби кітаптар беріп, оны оқытып отыру, баланың сол пәнге деген ынтасын арттыру үшін,аса маңызды. Бірақ мұндай жұмыстар аса сақтықпен істелінуі керек. Баланы көп шаршатпау, басы артық тапсырмалар беріп, уақытын алмауды ойластырған дұрыс. Ол үшін барлығына да әдебиетші мұғалім бағыт-бағдар береді. 13-14 жастағы балалар 10-12 жастағы балаларға қарағанда көркем шығармаға басқаша көзбен қарай бастайды. Тек оқиғасын қызықтап оқу, соға бар жан-тәнімен сену, кітаптағы дүниенің барлығын өмір шындығы деп қабылдау, барлығына күйіну, қупну бұл балаларда да болғанымен, ол басқалай сипат алады. Көркем туындыны оқып отырып, жүрегіне жақын нәрселерді екін қабылдайды, әдеби талдау кезінде өз пікірлеріне көбірек жүгінеді. Кітаптағының барлығына бірдей сене бермейді, барлығынабірдей қуана да, қайғыра да бермейді. Авторға келіспеушіліктерін білдіреді, «дұрыс емес, былай болып керек қой» деген сөздерді олардан жиі естуге тура келеді. Мысалы, 8-сыныпта М.Әуезовтың «Қараш-қараш» оқиғасы атты шығармасынан үзінді беріледі. Талдау кезінде оқушылардың көбі Бақтұғылдың мына іс әрекетіне келіспейді:
а) Биені ұрлап алып, оны жасыра тұрмай, ұсталып қалуы.
ә) Жараспайға барып, айтқанына жүре беруі, ұрлыққа түсуі.
б) Жуандар арасында өзін Жараспайдың ұрлыққа жібермеуін ашып айтпауы.
в) Болысты басқалардан жасырып, өлтірмей, өзінің өлтіргенін білдіріп қоюы.
Оқушылар неге Бақтұғылды осы мәселелерде ұнетпайды? Оның бір себебі, олар оқыған дүниелеріне көз салады, дұрыс па, бұрыс па – ойланады, бұрынғыдай тек сезімге беріле бермейді, талдау жасап, саралап оқиды. Екіншіден, бұрыңғы оқыған шығармалары, көреген киноларында бас кейіпкер жеңіп шығады, алданбайды, әсіресе, барлаушылар туралы шығармаларда. Бұған бұрын оқыған шығармалары, кинолары да әсер етуі мүмкін. Бірақ бұған қарап 12-14 жастағыларға көркем туындыны өз беттерісен толық оөитын оқырмандар деп қарауға болмайды. Көркем туындыны өнердің бір саласы деп толық түсіну, оның тақырыбы, идеясы, көтерген проблемасы, тіл ерекшелігімен қоса, тұтас дүние деп қабылдау оларға әлі де ерте. Осы кезде, әсіресе, оларға мұғалім көмегі, ақыл- кеңесі ерекше қажет. Себебі, осы «тұрақсыз» жастағылардың ішінен көркем туындыға «салқындау» қарап, одан бой тарту жиі кездеседі. Оның себептері көп. Бір себебі – бұл жастағыларда кітаптан басқа да қызқтыратын дүниелер пайда болады. Біреуі спортқа ден қоюы мүмкін, екіншісі әнге, не басқаға бой ұрады. Мұғалім оны да түсініп, баланың не себепті кітапқа салқындауын зерттеуі керек. Оқушылардың қызығатын дниелеріне тоқтау салу - кешірілмес күнә. Олар осылай толқып жүргенде, әсіресе, сыныптан тыс оқитын кітаптар жайында жиі тексеру, жазалау педагогикалық әдепке, білімділікке сәйкес келмейді. Керсінше шыдамдылық көрсетіп, көркем әдебиетті оқыудың бала айналысып жүрген дүниелерге кедергі келтірмейтінін, әр түрлі кәсіп, өнер саласындағы ұлы адамдардың барлығы әдебиетті сүйгендерін, өйткені әдебиет рухани азық, көл-көсір байлық, білім көзі екендігіне көндіре білуі керек.

    1. Осы жасатағы жұмыстың ең бір маңызды түрі - әдеби, көркем тілдірен жетілдіру: «жазбаша, айызша»

    2. Оқыған шығармаларын білуге баулу.

    3. Жоағары сыныптарда оқушылардың көркем туындыны қабылдаулары да жас ерекшеліктеріне байланысты.

Бұл жастағылар өзін еркін сезінеді. Көп нәрсеніһз беттермен шешкенді ұнатады, «бас бостандықтарын» сүйеді, әрі оны қызғыштай қорғауға дайын тұрады. Өмірге, айналаға өзіндік көзғарасы қалыптаса бастайды. Бұл шақ психолог тілімен айтқанда, адам болып қалыптасудың гүл атқан шағы, жастық шағының бастауы. Романтика, қиял,мұрат, іздеуң алғашқы махаббат – бәрі-бәрі, әсіресе, осы шақта құлпыра түседі. Күш жағынан болсын, ақыл жағынан болсын, сезім жағынан болсын, оларда жетілу, гүлдеу басталады. Дәл осы жаста көркем туындыға деген олардың көзқарасын да даму айқын көрінеді. Әр баланың өз сүйетін жанры, тақырыбы айқындалады. Мұғалімнің жетелеуінсіз-ақ, өз сүйетін тақырыптағы шығармаларды өз беттерімен оқи береді. Төменгң сыныптардағыдай,бар оқығандарына сенңп, қабылдай бермейді, қиял-ғажайып оқиғаларды қумайды, өзіндік талғамы, эстетикалық сезімі қалыптасқан оқырманға айнала бастайды. Оқығандарына сынмен қарайды, көркем туындыны тұтастай алып қарастырады. Оны өмір түсінудің бір құралы дап қарайды, сондықтанодан «жоғын» іздейді. Міне, осындай жастағылармен мұғалім қандай жұмыс жасауы керек?

  1. Әдеби шығармаларды талдауда, ең алдымен, оқушылардың өз пікірін, ойын, әсерін білу.

  2. «Сенің пікірің, ойың қате» деп, кесіп айтудан сақтану, керсінше, талдау барысында олардың пікіріне ден қоя отырып, сенімді, дәлелді түрде, шындыққа жетелеу.

  3. Әдеби шығармалар айналасында жиі-жиі таласын жүргізу, тілдерін дамыта отырып, пікірлерін қорғай білуге де баулу.

  4. Бұл жастағы оқушыларға «алдындағы бала» деп қарамай, оқырман ретінде қарым-қатынас жасау, тең дәрежеде әңгімелесу, өз пікірін, не оқулық пікірінтықпаламау. Өздеріне қорытынды жасауға жағдай туғызу. Ол үшін қосымша материалдардағы жазылған дүниелерді, ғалымдар пікірін,оқулықтағы мәскелелерді ортаға салу. Осылар арқылы шындықтың, құбылыстың бетін ашуға еңбектендіру.

  5. Өнерге, сөз өнеріне деген оқушылардың шынайы сезіміні, талабын жетілдіру үшін, әр мұғалімнің өзі жоғары мәдениетті, әдебиетті терең білетін, әдістемесі шебер, білімі жан-жақты, әр баланың шынайы досы, пікірлесі болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет