ОҚУШЫЛАРДЫ ТІЛ МӘДЕНИЕТІНЕ, АУЫЗША ЖӘНЕ ЖАЗБАША ТІЛ ШЕБЕРЛІГІНЕ БАУЛУ
«Өнер алды - қызыл тіл», - дейді халқымыз. Мектепте берілетін бүкіл білім мен тәрбие ең алдымен сөз арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да оқушылардың тілін дамыту - тек әдебиетші, тілшілер мақсаты ғана емес, ол бүкіл мектептің, барлық пән мұғалімдерінің де басты мақсаты, борышы, барлығына тән бірыңғай талап. Оқушы еңбегін ғылыми түрде ұйымдастырып, осы мәселеге ерекше назар аударып жатқан мектептерде «Өнер алды - қызыл тіл» немесе басқа тақырыптарда жасалған стендтерді кездестіруге болады. Олар, бір жағынан, оқушыларға көмекші-нұсқау қызметін атқарса, екінші жағынан, бүкіл мектеп ұжымының назарын басты арнаға, келелі мәселеге аударады.
Үл г і: «Өнер алды - кызыл тіл».
Кел, жас дос, әдемі де әдепті, сұлу да ойлы сөйлеуге үйренейік.
Әдемі, әдеби сөйлеудің көзді бұлағы - кітап. Олай болса, кітапты жай оқып қоймай, ондағы сөздер, сөйлемдерге назар аудар, есіңе ұста, өзіңнің сөзіңде пайдалан.
Әдемі сөйлеудің келелі, көзді бұлағы халық тілінде:
а) Шешендікке, ақыл-нақылға негізделген даналық сөздерге назар аудар. Ол үшін жыраулар толғаулары, терме
жырлар, ауыз әдебиеті үлгілерін көп оқы.
ә) Мақал-мәтелдерді сөздік қорыңа осып, оларды үтымды пайдалануға тырыс.
б) «Шешендік қоржынын» жаса. Бұл қоржыныңа осындай сөздерді жинап, жазба жұмыстарыңа пайдалануға тырыс.
« - Ең әдемі сөз - аз сөз» дейді халық. «Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын» дегені тағы бар. Мәдениетті, әдемі сөйлеу үшін, көп сөйлеу міндетті емес. Қай жерде болсын, айтарыңды қысқа айтуға тырыс. Сөйлемдерің шұбалаңқы, шашыраңқы болмасын. Мәдениетті сөйлеудің бір жолы - қыстырма сөздерді, жергілікті жерлерде ғана пайдаланатын сөздерді пайдаланбау, «әй, өй» деп, өзіңді, тыңдаушыны да мазалай беру әбестік.
Сөйлеу мәдениеті деген - ең алдымен әдепсіз, көргенсіз сөздерді қолданбау. Осыған абай бол. Екіншіден, айғайлап, дабырлап, екіленіп сөйлеме.
Пікір таластырып тұрсаң да, сабырлы, басыңқы сөйлеуге тырыс. Басқаны толық тыңда, сөзін бөле берме. Өзің де айтарыңды жинақы етіп жеткіз.
Әрине, бұл нұсқауды оқып, балалардың барлығы әдемі сөйлеп кетеді деген ұғым тумаса керек. Тіл дамыту - әдебиетті оқыту әдістемесінің ең бір күрделі де маңызды саласы. Ол жүйелі түрде шығармашылық бағытта
жүргізіледі.
Оқу бағдарламасында тіл дамытуға арнайы сағаттар бөлінген, бірақ оны тек сол сағаттарда ғана жүргізу керек деп ұқпау керек. Жоғарыда айтылғандай, тіл дамытуға мұғалім әдебиеттің әр сағаты, сыныптан тыс жұмыстарда үнемі көңіл аударып отырады. Әдебиет сабағындағы тіл дамыту оқытылып жатқан көркем шығарма негізінде, оның көркем тілін жаңғырту негізінде жүзеге асуы керек. Окушылардың әдебиет сабағында көркем тілін дамыту үшін де басқа пәндермен байланыстырып оқытудың маңызы ерекше.
Тіл мәдениетіне дағдыландыру, көркем, әдеби тілін жетілдіруде қазақ тілі сабағының орны ерекше. Шебер мұғалім тіл дамытуда осы екі сабақты үндестіріп, бір мақсатқа, бір бағытқа жұмсайды. Қазақ тілі сабағында да тіл дамытуға арнайы сағаттар бөлінеді, әрі әдебиетке бөлінген сағаттардан көп. Міне, осы сағаттарды тиімді пайдаланса, мұғалім оқушылардың көркем тілін қалыптастыруда біршама жұмыстар атқарады. Мысалы, 9-сыныпта әдебиет сабағы «Ауыз әдебиетінен» басталады. Ал қазақ тілінде «Құрмалас сөйлем, оның түрлерін» оқытады. Құрмаласты оқыту барысында, қайталау жұмысы болсын, тіл дамыту болсын, тіпті бақылау диктант болсын, мұғалім әдебиет сабағымен тығыз байланыстыра алады. Күнделікті үйге тапсырма бергенде, ертегілер, тұрмыс-салт жырлары, жыраулар шығармашылығынан, мақал-мәтелдерден кұрмаластарды таптыруға, олардың ауыз әдебиетіндегі маңызы туралы іздендіруге болады. Мұғалімнің өзі де мысалдарын шешендік, даналық сөздерден алып, сол сөздердің мәнін жарқырата ашуда құрмалас сөйлемдерді пайдаланады. Ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры негізінде жасалған безендіру суреттері бойынша қазақ тілінің тіл дамытуға арналған сабағында не күнделікті сабақтарда (ауызша, не жазбаша) шағын шығарма-суреттеме, шығарма-пікір жаздыруға болады.
Шығарма-суреттемелерде мұғалім мақал-мәтел, шешендік сөздерден үлгі-тірек беріп, жұмыстарына пайдалануды ұсынады (әрине, ол үлгілер суреттерге сәйкес келуі керек).
Мұндай жұмыстарды басқа да тақырыптарда жүргізуге болады.
1. Сын есімдерді, олардың түрлерін оқыту барысында поэзиялық шығармалардан практикалық жұмыстар жүргізудің тиімділігі зор. «Ер Тарғын» жырындағы Акжүніс бейнесі (Ақжүністің өзі туралы Қарт Қожаққа айтуы) бойынша сын есімдердің көптеген түрін таптырып, олардың әдеби-теориялык ұғымда эпитет болатындығын, олардың, сын есімдердің, Ақжүніс сұлулығын көз алдыға келтіріп, портрет жасауда ерекше рөл аткарып тұрғанын дәлелдеу, сөз жоқ, осы екі пәннен балаға білім беріп қана қоймай, көркем тілдерін дамытуға да ықпалын тигізетін жұмыстар.
а) Тарихтағы Исатай мен ақын жырындағы Исатайды салыстыру. Шешілетін мәселе: «Махамбет жасаған Исатай
бейнесіндегі тарихи шындық».
ә) Исатай бейнесіндегі көркемдегіш, поэтикалық сөздерді тауып, олар өз орнында қолданылып тұр ма, Исатай бейнесін ашудағы орны қандай, - осының айналасында әңгіме қозғау.
б) Бейнелеу өнеріндегі Исатайды (Исатай портреті) тарих, әдебиеттегі Исатаймен салыстыру, өнердің осы екі туындысындағы Исатайдың қайсысы тарихи Исатайға ұқсас?
в) Ауыз әдебиетіндегі батырларды бейнелейтін көркемдегіш сөздер мен Исатай бейнесіндегі образды сөздерді салыстыру.
Міне, осы жұмыстардың барлығын ауызша да, жазбаша да жүргізуге болады. Ең тиімдісі - қатар жүргізіп отыру. Кейде мұғалім баланың ауызша айтқанын ізінше қағазға түсірткізіп отырады. Бұл әдіс тіл дамытудағы ең тиімді тәсілдердің бірі. Сондай-ақ оқушыларға өзің Исатайды қалай сипаттар едің деп те тапсырма беруге болады. «Исатай бейнесіндегі фольклорлық дәстүр» туралы да практикалық жұмыс орындатып, Қобыланды, Алпамыс образдарын беретін көркем тілге талдау жасаудың тиімділігі зор.
Достарыңызбен бөлісу: |