Патронаж қызметкері – осы қызметтің қақ ортасында
Сіздің мақсатыңыз балаларды қолда бар ресурстармен және көмек көрсететіндермен байланыстыруға көмектесе отырып, қоғам ішіндегі барлық «деңгейлермен» жұмыс жасау болғандықтан, сізге, патронаж қызметкеріне, осы қызметте орталық орын беріледі. Бұл 3- суреттегі мысалда көрсетілген, сіз патронаж қызметкері ретінде әріптестеріңізбен бір ұжымда жұмыс жасай отырып, келесі әрекеттерді жүзеге асыратын боласыз:
Әр отбасымен және әр қызметпен жеке-жеке байланыс орнатасыз (көк сызықтармен көрсетілген),
Отбасыларды жергілікті қоғамдағы өзге қызметтермен және ресурстармен байланыстырасыз (қызғылт сары сызықтармен көрсетілген),
Отбасыларды бірін-бірі көмек көзі ретінде пайдалануға көмектесесіз (жасыл сызықпен көрсетілген).
сурет. Патронаж қызметкері – осы қызметтің ортасында
Отбасылар арасында жаңа қарым-қатынастар дамытуға септесе отырып, сіз әлдеқайда мықтырақ қоғам қалыптастыруға көмектесе аалсыз. Кейде осы үдерісті жергілікті қоғамда әлеуметтік когезия (ауызбірлік) дамыту деп сипаттайды, сонда қоғам өз мүшелеріне жақсырақ қамқорлық көрсете аладыxii.
Іс жүзінде жұмыс жасау үшін қажет құндылықтар
Жарияланған әдебиет көздеріне жасалған шолуда xiii патронаж қызметкерлеріне жұмысты сапалы етуге және клиенттердің сол жұмысты жылы қабылдауына септесетін құндылықтар негізі қажет екені атап өтіледі. Бұл материал 4-ші
Ақпараттық картада ұсынылған.
Сіз сол құндылықтар жүйесін үйге барып қарау кезінде өз мінез-құлқыңыз арқылы және отбасылармен жұмыс жасау кезіндегі өзара әрекеттестік арқылы көрсетесіз. Осындай құндылықтардың артында үш қағида тұр:
Аталмыш құндылықтар денсаулықты қамтамасыз етуге бағытталған – сіз шешім табу үшін белсенді бастамашылдық танытасыз және мықты тұстарды анықтайсыз.
Сіз «адам туралы ұмытпай», жұмысыңызды нақты адамның қажеттіліктеріне сәйкес түрлендіре отырып және үміт үзбей, басқаларға әрдайым оң көзқараспен қарайсыз (адамдарды бағалайсыз).
Сіз әрбір адам белгілі бір жағдайда (адамды қоршаған орта) екенін түсінесіз, сондықтан, қажеттіліктерге баға беру кезінде әрдайым жеке жағдайды ескересіз және 3-суретте көрсетілгендей, барлық деңгейлерде жұмыс жасайсыз.
Неліктен сіз сияқты адамдар патронаж қызметкері атанады? Ұлыбританияда жүргізілген және мейірбикелер неге сол мамандықты таңдағанын анықтауды мақсат еткен «Start and Stay Study» xiv зерттеуінің мәліметтеріне сәйкес патронаж қызметкерлері осы рөл барынша бойсұнуды талап ететінін және олар отбасылармен жұмыс жасауды мәртебе санайтынын жеткізген.
Патронаж қызметкері атану үшін білім алып жатқан студент қыздың пікірі:
Өмірдегі қиын жағдайларға қасқая төтеп беретін адамдардың мықты қасиеттерін көресің.
Ұлыбританиядағы білікті патронаж қызметкерінің пікірі:
Барлық отбасылар әртүрлі, бала дүниеге келген сайын, «отбасына кіргенде» қобалжисың, алдыңда жаңа, әрі қызықты міндет тұрады. Есік қоңырауын алғаш рет басқан сәт – жаңа және қызықты «сапардың» басталған сәті».
Осында көріп тұрған ашық есік сияқты осы рөл сізге адамдардың өміріне кіруге мүмкіндік береді. Жүктілік, артынша баланың дүниеге келуі – жаңа бастама, патронаж қызметкері үйге кіріп, отбасымен танысады, отбасы болашаққа апаратын пайдалырақ жолды таңдауы үшін оларға жолсерік ретінде қызмет етеді. Осы сапардың соңын көру мүмкін болмаса да, белгісіздік сынақ сияқты көрініп, одан міндетті түрде өтуге қызығушылық туады. Осы фотосуретте
жол көлеңке көлегейлеген және күн сәулесі түсіп тұрған жерлермен жүреді. Осы жолмен жүру, бәлкім, қараңғылықтан және сенімсіздіктен жарыққа, айқындыққа өтуді білдіретін шығар. Патронаж қызметкерінің рөлі ата-аналарға осы жолмен жүріп және сын-тегеуріндерді еңсеріп, өсу-өрбуі және нәрестесінің дамуына көмектесе алуы үшін қолдау көрсетуге келіп тіреледі.
Достарыңызбен бөлісу: |