Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет40/126
Дата24.04.2016
өлшемі2.72 Mb.
#79035
түріАнықтамалық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   126

Өткізу (сату) бөлімінің бастығы

Лауазымдық міндеттері. Кәсіпорынның өнімін өткізуді ұтымды ұйымдастыруды, оны тапсырыстарға және жасалған шарттарға сәйкес мерзімдерде және көлемде тұтынушыларға жеткізуді жүзеге асырады. Бөлімнің өнім өндіру мен сатудың болжамдарын, перспективалық және ағымдағы жоспарларының жобаларын дайындауға, кәсіпорынның өніміне сұранысты, өткізу нарығының даму перспективаларын зерделеу бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізуге қатысуын қамтамасыз етеді. Өнімді тұтынушыларға жеткізу шарттарын дайындауды және жасауды, жеткізу талаптарын келісуді ұйымдастырады. Өндірістік бөлімшелердің дайын өнімді тапсырыстарға және жасалған шарттарға сәйкес мерзімдерде, номенклатура бойынша, жиынтықпен және сапада тапсыруды қамтамасыз ету мақсатында жеткізу жоспарларын жасау және оларды өндіріс жоспарларымен байланыстыру жөніндегі жұмысқа басшылық жасайды. Өнімді сату жоспарының орындалуы, жеткізуге арналған тапсырмаларды, ерекше нұсқамаларды және басқа құжаттарды уақтылы алу жөнінде шаралар қабылдайды. Кәсіпорын бөлімшелерінің тапсырыстарды, шарттық міндеттемелерді орындауын, қоймалардағы дайын өнім қорларының жай-күйін бақылауды қамтамасыз етеді. Өндірістік бөлімшелерден дайын өнімдерді қоймаларға қабылдауды, ұтымды сақтауды және тұтынушыларға жіберуге дайындауды, дайын өнімді тиеп, жіберуге арналған көлік құралдарына, механикаландырылған тиеу құралдарына, ыдыстарға және жұмыс күшіне қажеттілікті анықтауды ұйымдастырады. Кәсіпорынның дайын өнімді сақтауды, өткізуді және тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі стандарттарын әзірлеуді және ендіруді, сондай-ақ өткізу желісін, өнімді тұтынушыларға жеткізу нысандарын жетілдіру, көлік шығындарын қысқарту, дайын өнімнің нормадан тыс қалдығын төмендету және өткізу операцияларын жеделдету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады. Көрмелерді, жәрмеңкелерді, көрме-сатуларды ұйымдастыруға және өнімді жарнамалау жөніндегі басқа іс-шараларға қатысады. Кәсіпорын шығаратын өнімнің көтерме саудасын ұйымдастырады. Сатылған өнім үшін қаражаттың уақтылы түсуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды. Кәсіпорынға тұтынушылардан келіп түскен шағымдарды қарауға және ұсынылған шағым-талаптарға жауаптар, сондай-ақ тұтынушылар шарттардың талаптарын бұзған кезде оларға талаптарды дайындауға қатысады.Тапсырыстар мен шарттардың орындалу, сатылмаған дайын өнімді тиеп жіберу және қалдығының есебін, өткізу құжаттарының уақтылы ресімделуін, өткізу (жеткізулер) жөніндегі, сату жоспарларының орындалуы туралы көзделген есептілікті жасауды қамтамасыз етеді. Дайын өнім қоймаларының қызметін үйлестіреді, бөлімнің қызметкерлеріне басшылық жасайды.



Білуге тиіс: дайын өнімді өткізуді және жеткізуді ұйымдастыру жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік материалдар; өнімді өндірудің және сатудың перспективалық және ағымдағы жоспарлары, болжамдарын әзірлеу әдістері мен тәртібі; кәсіпорынның даму перспективалары; өткізу нарығын дамыту перспективалары; кәсіпорынның өнімдеріне сұранысты зерттеу әдістері, кәсіпорын шығарған өнімнің көтерме және бөлшек бағалары; дайын өнімнің нормативтік қорларын әзірлеу әдістері мен тәртібі; өткізу құжаттамаларын ресімдеу ережелері; өнімді сақтау және тасымалдау стандарттары; тұтынушыларға талаптарды және келіп түскен талаптарға жауаптар дайындау тәртібі; кәсіпорын шығаратын өнімге арналған стандарттар мен техникалық талаптар; қойма шаруашылығын ұйымдастыру; технология, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері; өткізу операцияларын есепке алуды және сату жоспарының орындалуы туралы есептілікті жасауды ұйымдастыру; еңбек заңдарының негіздері; есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және өткізу саласындағы мамандық бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Әлеуметтік даму бөлімінің бастығы



Лауазымдық міндеттері. Тұрақты еңбек ұжымдарының қалыптастыруына, ұйымдастырушылық мәдениеттің дамуына, қызметкерлердің еңбек қозғамдамасының әлеуметтік-психологиялық факторларының пайдалануына, олардың әлеуметтік пен шығармашылық белсенділігін жоғарылатуына бағытталған ұйымдағы әлеуметтік жұмысының, барынша дамыту және әр қызметкердің еңбек потенциалын пайдалану мақсатымен еңбекке қанағаттандырылуына басқаруды іске асырады. Нарықтық экономика жағдайында, дамудың ішкі мен сыртқы факторларын есепке алып ұйымның мақсаттарына, стратегияларына және кадрлық саясатына сәйкес әлеуметтік болжамдар мен әлеуметтік процестердің модельдеуі негізінде әлеуметтік дамудың мақсаттық бағдарламалар мен жоспарларының әзірлеуі мен іске асырылуын қамтамасыз етеді. Еңбек ұжымдарын тұрақтандыру, персоналдың әлеуметтік құрылымының жетілдіруі, оның демографиялық пен кәсіби-біліктілік құрамы бойынша жұмыстарды жүргізеді, қызметкерлер санын реттеу, олардың жалпы білім беру мен мәдени-техникалық деңгейін жоғарлату, тәртіп пен ұйымшылдықты бекіту, ұжымда қолайлы әлеуметтік-психологиялық климатын құру және ұстау, тиімді тұлға аралық пен топ аралық байланыстар, жаңа қабылданған қызметкерлердің үйренуі бойынша ұсыныстардың дайындалуын ұйымдастырады. Еңбектің шарттары мен мазмұның және олардың еңбекке қанағаттандырылғанына әсерін зерттейді, әсіресе жастардың, жұмыстың эргономикалық, санитарлық-гигиеналық жағдайларын жақсарту, еңбекті қорғау мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күрделі жабдықтаудың жаңа түрлерін игеру процесін енгізуінің әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету, еңбектің тартымдылығын, беделділігін және мәдениетін көтеру бойынша шаралардың әзірлеуін ұйымдастырады. Әлеуметтік нормативтердің есебін қамтамасыз ету мақсатымен өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы объектілерінің құрылысы мен қайта құру жобаларын сараптауға қатысады. Қызметкерлердің еңбектік және әлеуметтік белсенділігін, іске шығармашылық қатынастың, бірлесе жасаған әрекетінің нәтижелеріне топтық және жеке жауапкершілікті жоғарлатудың материалдық, әлеуметтік-мәдени және құлықтық-психологиялық ынталандыру жүйелерін жетілдіру бойынша жұмысты басқарады. Қызметкерлерге қарастырылған кепілдердің қамтамасыз ету мен сақтауын бақылайды, еңбек қатынастарын ұжымдық-келісім шарттық реттеу шеңберінде ұйымның қызметкерлерін материалдық және әлеуметтік қолдау шаралары бойынша ұсыныстарды әзірлеуді басқарады. Қызметкерлерді құқықтық пен қаржылық мәселелер бойынша, еңбек мәселелері бойынша кеңес беруді, ұйымның қызметкерлеріне әр түрлі әлеуметтік көмек беру жөнінде ұсыныстардың әзірлеуін ұйымдастырады. Әлеуметтік қызмет ісін ақпараттық қорды бекіту үшін компьютерлік технологияны және механикаландыру құралдарын енгізуді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік бағдарламаны сатудың және өндірістің әлеуметтік қорларын пайдаланумен шығарудың жұмысын реттейді, еңбек ұжымының әлеуметтік даму шаралар өткізетін бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсетуді, әлеуметтік процестерді басқарудағы әлеуметтік-психологиялық әдістерін ұйымдастырудың қызметкерлерін оқытуға дәрістер мен семинарлар өткізуді ұйымдастырады. Бөлім қызметкерлерін басқарады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заң шығарушы мен басқа да нормативті құқықтық актілері, әлеуметтік мәселелер бойынша әдістемелік материалдары; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; ұйымның мақсаттарын, стратегиясы, кадрлық саясаты; ұйымның профилі, мамандандырылуы және құрылымның ерекшеліктері; еңбектің әлеуметтану, психологиясы және физиологиясы; араласу психологиясы, адамдық ресурстарының даму теориясының негіздері; әлеуметтік жоспарлау негіздері; психологиялық тестілеу әдістері; әлеуметтік зерттеулер жүргізу әдістері, қоғамдық пікірін зерттеу әдісі; ұйымның әлеуметтік дамуының жоспарларын және бағдарламаларын әзірлеу тәртібі мен әдістері; ұйымның әлеуметтік дамуының басқаруын ұйымдастыру; әлеуметтік нормативтері; инженерлік және әлеуметтік психология; әлеуметтік бағдарламаларды орындау және олардың экономикалық тиімділігін талдау әдістері; еңбекақы, материалдық пен моралдык ынталандыру формалары мен төлеу жүйелері; әлеуметтік процестерді басқарудың озық отандық және шетелдік тәжірибесі; экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздері; есептеу техника, коммуникация мен байланыс құралдарын; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және тиісті мамандық бойынша басқару және басқа да персоналды басқару лауазымдарында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет