Баланың үлкен еңбегін анықтау
Бала туылған кезде бас сүйек үлкен сүйек болып есептеледі. Төбе, самай және шүйде жігі ашық болады, 3 – 4 айлығында жабыла бастайды. Жетілген балаларда бүйір еңбектері жабық болады. Кіші еңбек (артқы) жаңа туылған балаларда 25 пайыз ашық және ол туылғаннан кейін 4 – 8 аптадан кейін жабылады. Үлкен еңбек (алдыңғы) ромб пішінді, ал мөлшерде әр түрлі болуы мүмкін.
Үлкен еңбектің пішінін, мөлшерін және сүйектің тығыздығын пальпациялау арқылы танықталады.
Баланы жатқан немесе отырған күйінде пальпациялау жүргізіледі.
Тексеруші бас бармақтарын маңдайында түйістіріп, 2,3,4 саусақтарын самай және төбе сүйектеріне қояды.
2,3,4 саусақтарды бас сүйегімен жылжыта отырып, еңбектің жиегінің беріктігін, иілгіштігін, оның бүлкілін анықтайды.
Еңбектің мөлшерін 2 қарама-қарсы қабырғалары аралығын өлшеу арқылы анықтайды. Олар шамамен 3*3 см ден 1,5 * 2 см – ге дейін болады. Қалыпты жағдайда үлкен еңбектің жабылуы 1 – 1,5 жасында болады.
Достарыңызбен бөлісу: |