Қазақстан республикасының білім және жоғары ғылым министрлігі сөЖ



Дата01.12.2023
өлшемі39.84 Kb.
#485030
Бос уақыт Реферат Асанова



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СӨЖ


Тақырыбы: Туризм географиясы ғылым ретінде рекреациямен байланысы


Орындаған: Асанова М
Тобы: МӨ-21-14-К2
Қабылдаған: Жумагулова Г
Туризм географиясының ғылым ретінде дамуының тарихы ертеден басталады. Оның тарихы да өзге ғылымдар сияқты фактілермен, оқиғалармен, есімдермен бай. Ол ХІХ ғасырдың аяғында пайда болып, осы қалпында қалыптасты. Қоғамдық қарым-қатынас пен техника және технологияның қарқынды даму кезеңінде – XX ғасырдың екінші жартысында туризм гүлдене дами түсті. Бүгін де туризм ірі капиталдарды, негізгі қаражаттарды және еңбек ресурсының ауқымды бөлігін іске қосқан, әлемдік валдық өнімнің 11 пайызына дейін орын алып отырған ірі әлемдік сала. Бұл жаһандану деңгейдегі салмақты саясат, үлкен ақша және ірі бизнес болып саналады. "Туризм" және "турист" деген терминдер әдебиет беттерінде XVII ғасырдың соңында пайда болды, XIX-XX ғасырларда кең қолданыла бастады. Солай бола тұрса да, ең алғаш бұл сөз XVIII ғасырда Британ аралында осы елге келетін Англия жастарының саяхатын анықтау үшін қолданылды. Франция, Англия, Германия жастарының оқуларын толықтыру үшін жіберіліп тұрды. Туризм географиясы облысына еңбегін сіңіріп, атағы шыққан В.С.Преображенскийдің айтуынша, "туризм" термині арқылы мынадай негізгі түсініктер беріледі:

  • демография мен халық географиясы оқитын халық қозғалысының ерекше түрі

  • экономика мен экономикалық географияменайналысатын халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттілігін өтейтін салалардың бірі

  • социология мен рекреациялық географияайналысатын тұрақты жерден бос уақытты өткізудің түрі

Туризм өзінің масштабтарымен,көпшілігімен,халықаралық және әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайларына әсер етеді, ол ғылымның зор көңілін аударып, маңызды қоғамдық-экономикалық құбылысқа айналып, тереңдеп бара жатыр. Туристік демалысты қайда және қалай ұйымдастыру, саяхаттарға көңілді қалай аударту, туримзде қызықты және пайдалы не бар, ол құбылыс қай экономикалық, әлеуметтік және табиғи себептерге байланысты, адам мінез-құлқының қай мотивтері адамдарға бос уақытын өткізудің осы формасын таңдатады, ол құбылыстың ел шаруашылығы мен оның бөлек аймақтарының шаруашылығына әсері қандай – осы мәселелерді бүгін туризмология ғылымы зерттеп отыр.
Сонымен қатар, келесі жағдайды ескеру қажет. Туризмнің шаруашылық саласы ретінде дамуы мемлекеттердің тұрақты даму стратегиясымен тығыз ұласады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы болып табылатын бұл күрделі құрылымды сала табиғатты экономикалық мақсатта тиімді пайдаланудың негізінде адамдар өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады. Қазіргі шақта туризмде ғаламдандыру процесі жүріп жатыр, оған Қазақстан да еніп отыр.
Сондықтан туризм кешенді әлеуметтік-экономикалық және кеңістік құбылыс ретінде пәнаралық зерттеулер объектісіне айналды. Қазіргі таңда туризмологияның қалыптасуы жүріп жатыр деуге болады,оның дамуына экономика, әлеуметтану, құқықтану, медицина, сәулет өнері, көптеген басқа табиғи, гуманитарлық және техникалық ғылымдар да өз үлесін қосып отыр. Бірақ ол пәндердің әрқайсысы туризмді өз тұрғысынан зерттейді. Сондықтан туризмологияның дамуы – монопәндік көзқарастардан туризм туралы жүйені білімге апаратын жол.
Туризмологияны туризм туралы ілім деп айтуға болады, өйткені ол туризмді біртұтас жүйе ретінде бейнелеп, зерттеп отырады. Рекреациялық географиямен қатар туризм географиясының мәселелерін шешіп, туризмология туризмнің теориялық негіздерін құрайды. 
Туризм әлемнің көптеген елдерінің баса көңіл аударарлық шаруашылық салаларының бірі болып отыр. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы бола отырып, негізгі шаруашылық секторларына ( көлік, байланыс, ауыл шаруашылық, құрылыс және т.б ) үлкен әсерін тигізеді
. Қазіргі кездегі туризм толық жіктеу үшін туризмнің түрін сипаттайтын ең маңызды белгілерді атап өтуге болады: яғни туризмнің ұлттық мәнділігі: қанағаттандырылуы туристік саяхатқа байланыстырылған негізгі қажеттілік: саяхатқа пайдаланылатын негізгі қозғалыс құралдары: саяхаттың ұзақгығы: топ құрамы: ұйымдастыру түрлері, туристік өнім бағасының қалыптасуының негізгі принциптері және т.б. Туризм келесі түрлерге бөлінеді:
Рекреациялық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде адамның
күш-қуатын қалпына келтіру қажеттілігі жатыр.
Діни туризм. Туризмнің бұл түрі әр түрлі діндегі адамдардың діни
қажеттілігіне негізделген. Діни туризм екіге бөлінеді:
а)​діни мерекелерде мешіттерге, шіркеулерге бару:
б)​әулие жерлерге бару:
Транзитті туризм. Бұл туризмнің негізінде басқа елге бару
мақсатында келесі елдің аймағын басып өту қажеттілігі жатыр.
Конгресті туризм. Ол түрлі шараларға, оның ішінде
конференцияларға, симпозиумдарға, съездерге, конгрестерге және
т.б. қатысу мақсатындағы туристік сапарлар қатысуға байланысты
ұйымдастырылады.
Конгреске қатысушының шығыны әрине қарапайым туристің шығынына қарағанда жоғары болады, осыған сәйкес тиімді ұйымдастыру қажеттілігі туады.
Географиялық туризмнің дамуы бұл әдістемелік болып келетін базалық туристік өлкелік практика және осының сұранысы өлкелік практика және осының сұранысына жауап беретін жаңа зерттеулер, рекреациялық ресурс ұғымы бара өзгеруіне келісімше, туризм саласының экономикалық түрі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет