«Елім-ай Көкпекті» агроөнеркәсіп кешені» жобасының іске асырылу барысы және Көкжайық ауылын көріктендіру туралы
ақпарат
1. «Елім-ай Көкпекті» агроөнеркәсіп кешені 4 000 бас асыл тұқымды репродуктордан, 2 000 бас бордақылау алаңынан және мал сою алаңынан өнімділігі тәулігіне 50 бас ірі қара мал және 500 бас мүйізді ұсақ мал, сонымен қатар өзіндік мал азығы базасы.
Жоба шегінде толық циклды агроөнеркәсіп кешенін салу жоспарланған, ол келесі қызметті атқарады:
1) Ангус және Герефорд асыл тұқымды ірі қара малын өсіру;
2) Ірі қара малды бордақылау және сатып алу. Сатып алу шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындарынан жүргізіледі.
3) Жемшөп дақылдарын өсіру және мал азығын дайындау.
4) Малды сою және келешекте етті сату.
2. Жобаны қаржыландыру. Жобаның жалпы құны 5 393,6 млн. теңгені құрайды, соның ішінде 4 790,3 млн. теңге немесе 8 пайыз «ҚазАгроҚаржы» АҚ қарыз қаражаты және 603,3 млн. теңге -өзіндік қаражат.
2012 жылдың 2 сәуіріне жоба қорғалды және «ҚазАгроҚаржы» АҚ мақұлдады. Қарыз қаражатты кепілдік мүлкіпен қамтамасыз ету бойынша мәселе шешілуде.
3. Жоба бойынша серіктер.
1) «Шыңғыс KZ» ЖШС – 2011 жылғы 26 тамыздағы № 26/08/11 жобалық- сметталық құжаттардың келісім шартының негізінде бордақылау алаңы мен асыл тұқымды репродукторға жобалық-сметталық құжаттарды дайындау. Жобалық-сметалық құжаттар дайындалды, тапсырыс беруші төлеу жүргізгеннен кейін фирма құжаттарды береді.
2) «Дос Инжиниринг» ЖШС – жобаның инженерлі инфроқұрлымын жобалау, келісім шарт 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 18-Ю.
3) «Сторм С» Болгария Республикасы – мал сою цехы үшін жабдықтарды жеткізуші болып табылады және 2011 жылғы 1 шілдедегі №11002 келісім шартының негізінде мал сою цехының технологиялық жобасын дайындауда. Қазіргі уақытта мал сою цехы үшін тоңазыту қондырғыларын және архитектура, конструкция бойынша жобалық құжаттарды дайындауға келісім шарт жасасу бойынша келіссөздер жүргізілуде.
4) Ирландия Ангус және Герефорд тұқымды ірі қара малды жеткізуші болып табылады.
5) «Евразия групп» ЖШС – «Джон Дир» ауыл шаруашлығы техникасын жеткізуші. Ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу бойынша келісім шарт дайындалуда.
6) «СемАз» ЖШС – отандық ауыл шаруашылығы техникасын жеткізуші. Ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу бойынша келісім шарт дайындалуда.
4. Қазіргі күнге Көкжайық ауылының келесі жер телімдері толық ресімделді:
1) Асыл тұқымды репродукторға – 110 га, 49 жыл жалға;
2) мал бордақылау алаңына – 36 га, 49 жыл жалға;
3) мал сою цехына – 5 га, 49 жыл жалға;
4) Трансформаторлық подстанцияға – 0,001 га, жеке меншік;
5) Тегеурінді су мұнарасына – 0,5 га, 49 жыл жалға;
«Елім-ай Көкпекті» ЖШС-не жалпы көлемі 59908,3 га. ауыл шаруашылығы жері берілді. Бүгінгі күнге 59908,3 га. жер алқабының 55255,2 га. жеріне құқығын растаушы құжаттары бар, 2991,1 га. жерге орналастыру жобасы дайын және 1662,0 гектарға жерге орналастыру жобалары дайындалуда.
5. Жобаның жағдайы. Жобаны іске асыруды жылдамдату үшін серістестік кезең бойынша қаржыландыруға өтінім беруді шешті:
1 кезең – асыл тұқымды репродукторды салу, аяқтау 2012 жылдың қараша айына жоспарланып отыр.
2 кезең – мал сою цехы мен бордақылау алаңын салу 2013 жылдың маусым айына жоспарланған;
4 000 бас ірі қара малға, соның ішінде 1 800 аналық басқа асыл тұқымды репродуктор құруға жоба дайындалды, жалпы сомасы 2 002,4 млн. теңге, соның ішінен 1 907,9 млн. теңге – қарыз қаражат және 94,5 млн. теңге - өзіндік қаражат.
Мал азығын өндіруді дамытуға кететін жалпы шығын сомасы жоба бойынша 776,6 млн. теңгені құрайды, оның 659,9 млн. теңге – қарыз қаражат және 116,5 млн. теңге - өзіндік қаражат.
Екінші кезеңде - мал сою цехы мен бордақылау алаңын салудың құны 2 614,6 млн. теңгені құрады.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның талаптарына сәйкес жүктеме ұлғаяды және аталған жағдайда жобаның өтелімділігі есептелмейді, бұл қарыз қаражатының өсуі бойынша үлкен қаржылық тәуекілдікке әкеледі.
Сол себептен, қазіргі уақытта, «Елім-ай Көкпекті» ЖШС-де мал сою цехы мен бордақылау алаңына кететін шығындарды оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бизнес жоспар «ҚазАгроҚаржы» АҚ-да қорғалды және мақұлданды және қоғамдық комиссияда 2 кезеңде, 3 кезең 2012 жылдың 10 сәуірінде депутат отырысында қорғалды.
Қазіргі күнге мал, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарды сатып алуға төлем жүргізу үшін жеткізуші мен тапсырыс беруші және «ҚазАгроҚаржы» АҚ арасында келісім шарттар жасалуда.
Бірінші кезеңді қаржыландыру үшін келесі жұмыстар атқарылды:
Жұмыстың атауы
|
Орындалуы
| -
Кепілдік мүлікке құжаттарды ұсыну
|
Кепілдік мүлікке құжаттар толық ұсынылды.
| -
145 млн. теңге қимасында белгіленген жарлық капиталын толық қалыптастыру.
|
Серіктестіктің жарлық капиталы 145 млн. теңге қимасында қалыптасты.
| -
Тәуелсіз бағалау компаниялардың есебі.
|
«Оценка и Экспертиза» ЖШС кепілдік мүлікке бағалау бойынша есеп дайындады.
| -
Репродуктордың жобалық-сметалық құжаттарын ұсыну.
|
4000 басқа арналған репродуктордың жобалық-сметталық құжаттары дайын, жобалық-сметталық құжаттар тәуелсіз сараптамаға берілді.
| -
Ірі қара мал жеткізушісін анықтау.
|
Малды жеткізуші анықталды, ол Hunland trade, Венгрия. Ірі қара малды жеткізуге қатысты: несие менеджері Қозыкеев Қуанышбек берген ақпарат бойынша ірі қара мал Ирландияға жеткізілді және Қазақстан Республикасына жөнелтілді. Ірі қара малды ауданға 2012 жылдың 20 шілдесінде жеткізу жоспарланған.
|
6. Корпоративті кепілдік
|
«Евразия Транзит Груп» ЖШС жағынан кепілдік беріледі. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – ның шарттары бойынша Қарыз алушы мен Қарыз беруші келісімге қол қойғаннан кейін Кепілдікке қол қойылады.
| -
Техника
|
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жоба бойынша 40 млн. теңгені құрады. 2012 жылдың 4 шілдесінде Көкжайық ауылына «Валкообразователь «Кун 9032» жеткізілді. 2012 жылдың 25 маусымында Латвиядан 3 бөлікті дизельді John Deere 2410 (12,5 м.) қопсытқышы жөнелтілді. 2012 жылдың 1 шілдесінде Латвиядан John Deere 324 «А» аспалы шөп шапқыш-жаныштағыш жөнелтілді. Қалған техника (John Deere 9410 R доңғалақты трактор, 512 дискілі риппер 6,7 м., John Deere 4630 өздігінен жүретін бүрккіш, John Deere W 550-630 R астық жинау комбайны, John Deere А 400+WS 25өздігінен жүретін энергетикалық жабдық, Degelman 7200 бульдозер күрегі, John Deere 842 орамды баспақ-жинақтаушы атвиядан 2012 жылдың 8 маусымына дейін шығу керек.
|
Бірінші кезеңнің қаржыландыруын ашу және «ҚазАгроҚаржы» АҚ – мен қарыз бойынша сәйкес келісімдерге/келісім шарттарға қол қою 2012 жылдың 25 сәуіріне жоспарланған, бірақ «ҚазАгроҚаржы» АҚ берген ескертулер жойылмауына байланысты қаржыландыру жүргізілген жоқ.
Екінші кезең - мал сою цехы мен мал бордақылау алаңын құру «ҚазАгроҚаржы» АҚ-да қарауда.
Қазіргі уақытта Серіктестік жағынан барлық ескертулер жойылды, келісім шарт жасасу үшін «Сбербанк» ЕБ АҚ-да есеп шот ашылды, ол «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның өкілді тұлғаларының бақылауында болады; кепілдік мүліктің құжаттарының түпнұсқасы кепіл келісім шартын жасау үшін жіберілді; қаржылы лизингке келісім шарт жасалу үшін техника («Евразия Групп» ЖШС, «СемАз» ЖШС) мен ірі қара малды (Hunland tradе, Венгрия ) сатып алу бойынша жеткізушілер анықталды.
«Елім-ай Көкпекті» ЖШС мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ – ның өкілдері 5 адамнан тұратын жұмыс тобы 2012 жылдың 4 маусымында Ирландияға ұшып шықты. 2012 жылдың 10 маусымына 300 бас Ангус тұқымды ірі қара малдың 200 басы таңдалды. Малды жеткізу карантиннен кейін автокөлік арқылы іске асырылады.
2012 жылдың 30 мамырында 1 907 922 221 теңге сомасына инвестициялық жобаны қаржыландыру туралы №11/3-12 келісімге қол қойылды, соның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарына 485 306 572 теңге, техниканы сатып алуға 35 298 552 теңге, жабдықтарды сатып алуға 14 864 249 теңге.
Репродуктор нысаны бойынша жұмыс жобасы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның мамандарында сараптамада. Репродуктордың жобалық-сметталық құжаттарын дайындаушы «Шығыс KZ» ЖШС.
Репродуктор нысаны бойынша жұмыс жобасы, 2012 жылдың 6 маусымына 179 373 533,39 теңге сомасына ірі қара мал сатып алуға қаржылық лизингке №AST-0051-12 келісім шартқа қол қойылды, соның ішінде 139 375 769 теңге сомасына 290 бас Ангус тұқымды тайынша, 6 727 877 теңге сомасына 10 бас Ангус тұқымды бұқа.
«Мал азығын өндіруді дамыту»
2012 жылдың 30 мамырында 676 199 919 теңге сомасына инвестициялық жобаларды қаржыландыру туралы № 7/4 – 12 келісімге қол қойылды. Соның ішінде айналым қаражаттарды толтыруға - 157 000 000 теңге, техниканы сатып алуға - 519 199 919 теңге.
«Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға»
2012 жылдың 6 маусымында 292 004 840 теңге сомасына мал азығын өндіруді дамыту үшін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға қаржылық лизингтің № МЛЩ- 7/13-12 келісім шартына қол қойылды.
«Ауылдық тірек елді-мекені бойынша көгалдандыру»
Көкжайық ауылдық тірек елді-мекені бойынша аудан әкімі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес, көшеттерді егу жоспарланған, жауапты орындаушы «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ
Көшеттерді отырғызу үшін сенбілік ұйымдастырылды, бұған ауданның барлық селолық округтері қатысты.
Ағаштарды егу бойынша орындалған жұмыстар:
-
1200 метр қашықтықта көшеттерді егуді жоспарлау үшін белгілер жасалынды, ағаштарды егу бекітілген жоспарға сәйкес белгіленген уақытта толық жүргізілді.
-
Көкжайық ауылының кіре берісінде жол бойында 1200 метр қашықтықта автогейдермен жоспар орындалды.
-
Ескі ағаштардың тамырларын бульдозермен жою.
-
Көшеттерді егуге арналарды қазу мен қатарларды белгілеу.
-
Егілген ағаштар:
-
1 қатар: Қара ағаш – көшеттер 2174 дана.
-
2 қатар : Гүлдеуші ағаштар - көшеттер 527 дана.
-
3 қатар: Қайын - көшеттер 379 дана.
-
4 қатар: Терек пен Көктерек – көшеттер 369 дана.
Отырғызылған көшеттердің жалпы саны – 3449 дана.
Общее количество посаженных саженцев составило – 3449 шт.
-
1300 метр қашықтықта орман отырғызуды штакетникпен қоршау бойынша жұмыстар атқарылды.
Жолдың ортасынан көшеттерді отырғызу орнына дейін қашықтық 25 метр. Көшеттерді егу ені 12 метр, арнадан көшеттерді егу орына дейінгі қашықтық 8 метр.
Көкжайық ауылдық тірек елді-мекенінің саябақтарын көгалдандыру үшін көшеттіктерден шырша әкелінді, олар Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Риддер орман шаруашылығы» КММ жатады: көшеттер – 120 дана, екпе көшеттері – 1000 дана.
Ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімінің бастығы М. К. Теміржанов
Достарыңызбен бөлісу: |