Ақпарат ұғымы



Дата03.11.2023
өлшемі19.38 Kb.
#482267
akniet Ip-23-1k2


Ақпарат ұғымы
Ақпарат - адамның өзіне қарағанда әлде қайда көне құбылыс. Табиғат әлдеқашан өсімдіктер мен тірі организмдерде жұмбақталған (кодталған) ақпаратты өзінің даму барысында беріп отырған. Ал, жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа бай. Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан бастап-ақ ақпарат беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеуде және табуда. Бұған жартастағы суреттер де, "Жазбалар ғибадатханасындағы" Майя өркениетінің иероглифті тақталары да, ежелгі египеттіктердің абак тастары мен жасырын хабарларды жіберуге арналған дискілері де дәлел бола алады.
"Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.
Ақпараттың анықтамаларының көп болуы - бұл түсініктің мағынасын түсіндірудің күрделілігімен, ерекшелігімен және көп түрлілігімен байланысты. Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең таралған үш теориялық жолы бар. Олардың әрқайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді.
Бірінші теория (К. Шенон) сандық-ақпараттық тұрғыдан тұрғыдан қарастырады да, ақпаратты оқиғаның анықталмағандығының (энтропияның) өлшемі ретінде айқындайды. Ақпарат көлемі, қандай жағдайда болмасын, оны алу ықтималдылығына тәуелді: хабар неғұрлым ықтимал болып табылса, оның ақпараты соғұрлым аз болады. Бұл теория ақпараттың мағыналық жағын ескермесе де, хабарды оңтайлы кодтау мен ақпаратты өлшеуге негіз болды да, байланыс техникасы мен есептеуіш техникасында өте пайдалы болып шықты. Бұдан басқа, ол ақпараттың жаңалығы, хабардың жеделдігі сияқты маңызды қасиеттерін көрсету үші өте қолайлы Ақпаратты осы тұрғыдан түсінгенде - бұл анықталмағандықтың алынуы немесе мүмкін баламалар жинағынан таңдап алу нәтижесі.

2-тапсырма


АҚ "Бизнес-орталық" 050000,
Алматы қ., Комсомольская көшесі 22а
тел. 333-333 факс 222-222
Құрметті Арал Құспанұлы!
"Бизнес - Центр" акционерлік қоғамы, Сізді 1 наурыз 2020 ж күні, сағат 15: 00 – де Алматылық ерлер клубының отырысына шақырады.

Клуб президенті Х. Х. Хохолк


3-тапсырма
Алмасу буфері
Алмасу буфері– жылжытылатын немесе көшірілетін мәліметтерді сақтап тұруға арналған жадының арнайы бір бөлігі. Тышқан көмегімен “алып бару” әрекетін экранда нұсқа қабылдаушыға алыс емес жерде орналасқан кезде қолдануға болады. Ол үшін қосымшалар терезесін жақын орналастыру қажет. Тышқан көмегімен жылжыту төмендегідей көрсетілген бойынша жүргізіледі
Жылжыту керек объектіге тышқан көрсеткішін орнатып таңдайды. Тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап бірнеше объектілер тобын да таңдауға болады (мысалы, мәтін бөлігін);
Сол жақ батырма басулы күйінде ерекшелінген объектіні таңдаған орынға жылжытады. Көшіру, жылжыту тәрізді орындалады, сол пернесін басулы күйінде ұстау керек. Бұл жағдайда жылжытылатын объект қосымша «+» таңбасы арқылы белгіленеді.
Алмастыру буфері көмегімен мәлімет алмасу төмендегі көрсеткен негізінде орындалады: Жылжытуға немесе көшіруге қажетті объект ерекшеленеді;
Правка→Копировать немесе Правка→Вырезать командалары көмегімен объект алмасу буферіне орналасады;
Объект орналасатын орынды тышқан көрсеткіші көмегімен көрсетеді;
Объект көрсетілген орынға Правка→Вставить немесе Правка→Специальная вставка командалары көмегімен орындалады.
4-тапсырма
Microsoft Word мәтіндік редактор
Microsoft Word –бұл баяндамалар, брошюра, хаттар, әңгімелер, романдар және тағы басқа толып жатқан құжаттар дайындауға болатын мәтіндік редактор. Word редакторында жасалған құжаттың құрамында мәтін, кесте және графика болуы мүмкін. Word редакторында кез келген мәтінді тез түзетуге, өңдеуге, шрифттерін өзгертуге жеңіл мүмкіндік бар. Өрістермен, жол аралық интервалдармен, бағаналармен жұмыс істеу жеңіл, сонымен қатар
қарапайым терілген мәтінді Word-тың мүмкіндіктерін пайдаланып аз уақыттың ішінде танылмастай қылып өзгертеуге болады екен.
Microsoft Office компьютерде орнатылған болса, онда ПускПрограммы- Microsoft Word жолдарын таңдап жүктеңіз.
Құжаттарды көшіру және көбейту құралдары.
Опреативті полиграфия құралдары.
Офсеттік басып шығару
Трафареттік басып шығару
Репрография құралдары.
Электронды-графикалық көшіру
Термографикалық көшіру
Әкімшілік-басқару байланыс құралдары.
Құжатталмаған ақпарат құралдары.
Телефон байланысы
Радиоіздеуіш байланыс
Ақпаратты құжаттау құралдары.
5-тапсырма
Компьютердің құрылғылары
1. Процессор
2.Жады
2.1. Оперативты жады
2.2. Ұзақ мерзімді жады
2.2.1. Қатқыл магнитті диск
2.2.2. Дискета
2.2.3. Флэш- жады
2.2.4. Оптикалық диски
2.2.4.1. CD
2.2.4.2. DV
3. Енгізу құралдары
3.1. Пернетақта
3.2. Тышқан
3.3. Сканер
3.4. Графикалық планшет
3.5. Сандыө камера
3.6. Микрофон
3.7. Джойстик
4. Шығару құрылғылар
4.1. Монитор
4.1.1. Сұйық кристалды монитор
4.1.2. Электронды-сәулелі түтікшедегі монитор
4.2. Принтер
4.2.1. Матрицалық принтер
4.2.2. Струйный принтер
4.2.3. Лазерлік принтер
6-тапсырма
Жалақы алу ведомосі
Цехы нөмері Аты-Жөні Жалпы беру сомасы
1 Асқаров Н.К 2400
2 Бердіхан К.Р 1560
1 Лужков Т.Ю 1600
3 Оспап П.А 2300
1 Козлов А.А 1900
2 Медов А.С 2000
3 Трошин Е.Е 1400
2 Ермолаев Т.Г 2300

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет