«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының (жаңа редакция) ТҰжырымдамасы



Дата24.02.2016
өлшемі353.01 Kb.
#17584


«Ақпараттандыру туралы»

Қазақстан Республикасы Заңы жобасының

(жаңа редакция)

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

1. Заң жобасының атауы

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.


2. Заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесі

Ақпараттандыру – бұл ақпараттық технологияларды, қазіргі заманғы есептеуіш және коммуникациялық техниканы пайдалану негізінде құрылған, жасалған ақпараттық жүйелерді, желілерді, ресурстарды құру, дамыту, пайдалану негізінде ақпараттық қажеттіліктерді қанағаттандыру, азаматтар мен қоғамның құқықтарын іске асыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған өзара байланысты ұйымдастырушылық, құқықтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, өндірістік процестердің жиынтығы.

Қоғамның ақпараттандырылуы деңгейі әрбір елдің мемлекеттік институттарының жұмыс істеу процесіне, экономикасы мен қорғаныс қабілетіне тікелей әсер етеді.

Қазақстан халқына 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жыл сайынғы жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті: «...Электронды үкіметті дамыту керек. 2012 жылдың аяғына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 пайызы, соның ішінде лицензиялардың барлық түрлері, тек қана электронды түрде болуға тиіс. 2013 жылдан бастап мемлекеттен барлық рұқсат етушілік құжаттарды да қазақстандықтар электронды түрде немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға тиіс» - деп атап өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті халықтың компьютерлік сауатын арттыру, онның ішінде әртүрлі ынталандыру бағдарламалары есебінен арттыру қажеттігін көрсетті.

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру мәселелері Қазақстан Републикасының мынадай нормативтік құқықтық актілернде көрініс тапты:

1) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

2) «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Ақпараттандыру туралы Заң);

3) «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы;

5) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің 2016 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» 2011 жылғы 14 қарашадағы № 174 Жарлығы;

6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық кеңістігінің тұжырымдамасы және оны іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 1998 жылғы 29 шілдедегі № 715 қаулысы;

7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 983 қаулысы.

Аталған нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ақпараттандырудың негізгі міндеттері мен бағыттары:

- қазіргі заманғы отандық ақпараттық технологиялар құралдарының өндірісін құру және дамыту;

- шет елдерде қолданылатын қоғамды ақпараттандырудың оң мысалдарын зерделеу және Қазақстанда ендіру;

- қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар құралдарын әзірлеу мен жасау жөніндегі іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту;

- ақпараттандыру саласындағы жұмысқа білікті кадрлар даярлау;

- ақпараттық ресурстар, қызмет көрсетулер, ақпараттық жүйелер, технологиялар, оларды қамтамасыз ету құралдары нарығын қалыптастыруға жәрдемдесу, ақпараттандыру саласындағы кәсіпкерлік қызметті көтермелеу;

- мемлекеттік ақпараттандыру ресурстарын қалыптастыру және қорғау;

- мемлекеттік ақпараттық ресурстар негізінде азаматтарды, мемлекеттік билік органдарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерді сапалы әрі тиімді ақпараттық қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;

- ақпараттандыру саласында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпараттандыру жағдайларында азаматтардың, ұйымдардың құқықтары іске асырылуын қамтамасыз ету;

- ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы әлемдік даму деңгейін ескере отырып, ақпараттандыру саласында бірыңғай ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру;

- ақпараттандыру жобаларын әзірлеу мен іске асыруға инвестициялар тарту жүйесін және оны ынталандыру тетігін жасау мен жетілдіру;

- ақпараттық процестер, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау саласындағы заңнаманы дамыту болып табылады.

Қазіргі кезде ақпараттандыру саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгерту арқылы мемлекеттік саясатты өзгертуді қажет ететін бірқатар проблемалар бар.


Оларға:

1) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді әзірлеу, сүйемелдеу және олардың тиімділігі мониторингі процестерінің жетілмегендігі, оның ішінде ақпараттық жүйелер функцияларының қайталануы жатады.

Осы проблемалардың туындауына Ақпараттандыру туралы Заңмен (қолданыстағы редакцияда) мемлекеттік органдарға ақпараттық жүйелерді құру мен пайдалану тәртібіне қойылатын ең төменгі талаптарды белгілемей, аталған тәртіпті дербес айқындау құқығының берілуі, сондай-ақ Ақпараттандыру туралы Заңда мемлекеттік органдарды «электронды үкіметті» қалыптастыру кезінде өзара және жергілікті атқарушы органдармен ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру жүргізуді міндеттейтін тікелей нормалардың болмауы негіз болды.

Осының нәтижесінде мемлекеттік органдар қызметін автоматтандыру, «электрондық үкіметті» қалыптастыру және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмыс жүйелі тәртіппен жүзеге асырылмай жатыр және созылып кетеді.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін көбінесе әрбір мемлекеттік орган бұрын өздерінде ұқсас ақпараттық жүйелерді енгізген өзге мемлекеттік органдардың бағдарламалық өнімдері мен басқа да әзірлемелерін пайдаланбай, дербес әзірлейді. Нәтижесінде бюджет қаражаты мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерді бірлесіп әзірлеуі кезінде пайдаланатын көлемнен көп жұмсалады.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдардың бір-бірінен тәуелсіз құрған ақпараттық жүйелері жекелеген функциялар бойынша бір-бірін қайталайды.

Осыған жекелеген жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерімен болған жағдай мысал бола алады: Шығыс Қазақстан облысында 2007 жылы ол арқылы жергілікті атқарушы орган халыққа қызметтер көрсететін «Электрондық қызметтер орталығы» атты ақпараттық жүйе құрылған болатын, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында Шығыс Қазақстан облысы ақпараттық жүйесінің функцияларымен бірдей функцияларды іске асыратын «Батыс Қазақстанның электрондық порталы» деген аұпараттық жүйе әзірленген.

Жергілікті атқарушы органдардағы электрондық құжат айналысының жүйесі тағы бір мысал бола алады, бұл жүйелер бюджет қаражаты есебінен құрылады және олардың бірдей функциялары бар, бұл бюджет қаражатының артық шығындалатыны туралы айғақтайды.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге тартылған орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері де мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін жергілікті атқарушы органдар деңгейіне дейін жетпей қалады.

2) ақпараттандыру саласындағы әртүрлі мәселелерді заңнамалық реттеудің болмауы немесе олардың ақпараттандыру саласында қолданыстағы заңнамамен жеткілікті дәрежеде нақты реттелмеуі жатады.

Мысалы, «электронды үкімет» құрылымының нақты анықтамасы жоқ, мемлекеттік органның мемлекеттік функцияларын автоматтандырудың ортақ тәртібі регламенттелмейді, мемлекеттік қолдау табатын әртүрлі индустриялық-инновациялық жобалардың өндірістік және әкімшілік процестерін міндетті түрде автоматтандыру жөнінде талаптар жоқ.

Ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қорғау мәселелері жеткілікті дәрежеде нақты регламенттелмеген, ақпараттандыру саласында бірыңғай мемлекеттік техникалық саясат, білім беру саясаты жоқ, азаматтардың ақпараттандыру ресурстары құрамындағы жеке деректерін пайдалану мен қорғау мәселелері жеткілікті дәрежеде нақты регламенттелмеген.

Ақпараттандыру саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық мәселелерінде кейбір олқылықтар бар, сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерін, мемлекеттік қызметтер көрсетуді электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуге көшіру мерзімдерін бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығын белгілеу туралы нормалар жоқ.

Халықтың компьютерлік сауаттылығы, квазимемлекеттік және мемлекеттік емес сектордың электрондық қызметтер көрсету (билеттерді брондау және сатып алу, әлеуметтік-тұрмыстық сала қызметтеріне, білім беру, медициналық қызметтерге ақы төлеу және басқалары) тәртібі мәселелері заңнамалық актілер деңгейінде регламенттелмеген; ақпараттандыру саласындағы дамытуды мемлекеттік қолдау шараларын айқындайтын, ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа және, ең алдымен, Кеден одағы шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастыққа, компьютерлік ойындар саласындағы мемлекеттік бақылауға қатысты және басқа да нормалар жоқ.

3) бұлттық есептеулер технологиясын пайдаланып және отандық өнім берушілерді міндетті түрде қолдаумен ақпараттық жүйелерді әзірлеу және мемлекеттік органдарға ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі функцияларды мемлекеттік органдар ІТ-аутсорингке бере отырып, мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың жаңа үлгісіне көшу қажет етіледі.

Қазақстан Республикасында ақпараттандыруды дамыту саласындағы сыни жағдай мемлекеттік органдардың жекеменшік сектормен және бұқаралық ақпарат құраларымен өзара іс-қимылын үйлестіретін бірыңғай саясаттың болмауына байланысты болып отыр. Атап айтқанда, компьютерлік техника мен отандық бағдарламалық өнімдер өндірісіне мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру жөніндегі ғылыми-техникалық саясат жеткілікті дәрежеде әзірленбеген.

Қазіргі кезде отандық ақпараттық сектор өнімін беруге бірлі-жарым мемлекеттік тапсырыстар ғана бар. Мемлекеттік те және коммерциялық құрылымдарды да ақпараттандыру негізінен шетелдік бағдарламалық қамтылым базасында жүзеге асырылады. Шетелдік бағдарламалық қамтылымды, оның ішінде вирусқа қарсы қамтылымды пайдалану үлесі ҚР мемлекеттік органдарында 99%-ды құрайды. Бұл үрдіс келеңсіз болып табылады, өйткені ол мемлекет үшін технологиялық тәуелділік қатерін төндіреді. Атап айтқанда, ақпараттандыру мен телекоммуникациялардың базалық құралдары ретінде шет елдік техника мен технологияны ендіре отырып, Қазақстан шетелдік бағдарламалық қамтылым өндірушілерге тәуелді болады.

Мемлекеттік органдар есептеу техникасы құралдарын (оның ішінде серверлерді) сатып алуға, персонал еңбегіне ақы төлеуге және мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуниациялық бөлімшелерінің әкімшілік шығыстарына жыл сайын едәуір бюджет қаражатын жұмсайды.

Бұл ретте мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық активтерінің теңгерімсіздігі бар (шағын көлемде функциялар орындайтын және мемлекеттік қызметтердің аз спектрін көрсететін мемлекеттік органдарда артық активтердің болуы және үлкен көлемде функциялар орындайтын және мемлекеттік қызметтердің кең спектрін көрсететін мемлекеттік органдарда есептегіш қуаттардың жетіспеуі), сатып алынатын техникалық құралдардың көп бөлігі толық қуатында пайдаланылмайды әрі ақпараттандыру саласындағы техникалық прогреске байланысты тез ескіреді.

Көптеген мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік секторда лицензиялық емес бағдарламалық қамтылым пайдаланылады, бұл Қазақстан Республикасының зияткерлік меншікті қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерін бұзу болып табылады.

Осы проблемаларды шешу үшін виртуалдандыру технологиясына негізделген бұлттық есептеулер технологиясына және ақпараттық жүйелерді әзірлеу жөніндегі ІТ-аутсоринг функцияларына көшу жоспарлануда.

Бұлттық есептеулер кезінде пайдаланушы билігіне мүмкіндіктері бойынша физикалық серверден кем түспейтін толық функционалды виртуалды сервер беріледі. Нәтижесінде мемлекеттік органдарда физикалық жабдық сатып алу, оған қызмет көрсету және персонал жұмысына ақы төлеу жөнінде шығындар жұмсау қажеттігі болмайды.

Бұлттық есептеулер арқасында барлық мемлекеттік органдардың бар есептеуіш ресурстары неғұрлым тиімді пайдаланылады, бұл ретте ресурстар барлық мемлекеттік органдарға қолжетімді болып, олардың арасында жүктеменің өзгеруіне қарай ұтымды бөліне алады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық активтерінің теңгерімді болуына қол жеткізіледі.

Бұдан басқа, киловатт-сағатқа есептегенде есептеуіш қуаттарын пайдаланудың тиімділігі артады, бұл мемлекеттік сектор жұмысының экологиялық жағынан таза болу деңгейін арттыруға алып келеді.

Отандық өнім берушілерді міндетті түрде қолдаумен ақпараттық жүйелерді әзірлеу және мемлекеттік органдарға ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі функцияларды ІТ-аутсорингке берген кезде, мемлекеттік органдар бейінсіз функциялар мен активтерден босайды, бағдарламалық қамтылым әзірлеушілері мен сервистік компаниялардан зияткерлік меншікті пайдалану құқығымен сапалы қорытынды нәтиже алады, ақпараттандыру саласындағы жекеменшік секторда бәсекелестік ұлғаяды, сатып алуда мемлекеттік қамту үлесі артады, мемлекет ауқымында бюджет қаражатын үнемдеуге қол жеткізіледі.

Осылайша, қазіргі кезде туындаған проблемаларды Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын өзгерту жолымен шешу қажеттігі пісіп-жетілді.

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды 2010-2014 жылдарда дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 21 тармағында «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тұжырымдамасын әзірлеу көзделген. Заң жобасының тұжырымдамасын талқылау кезінде оның негізгі міндеті – ІТ секторын дамытуды іске асыру үшін қолданыстағы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына ағымдағы көлемінің 50%-нан асатын өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады. 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21 бабының 8 тармағында белгіленгеніндей, нормативтік құқықтық актінің мәтініне нормативтік құқықтық акті мәтінінің жарты көлемінен артық мөлшерде өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген кезде оның жаңа редакциясы қабылданады. Осыған байланысты Әзірлеуші ақпараттандыру туралы осы заң жобасының тұжырымдамасын жаңа редакцияда әзірледі.

Ұсынылып отырған заң жобасы жоғарыда көрсетілген проблемаларды шешуге бағытталған, оның негізгі ережелері (олардың бірқатары ілеспе заң жобасында дамыту үшін құқықтық негіз болып табылады) мыналар болып табылады:

1) экономика салаларында, әлеуметтік салада ақпараттандырудың біркелкі, қазіргі заманғы, үйлесімді дамуын қалыптастыру мақсатында мемлекеттік функциялардың, мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттары бойынша мемлекеттік саясатты айқындау:

2) бюджет қаражатының қосымша ысыраптарын, ақпараттық жүйелер функцияларының қайталануын немесе техникалық шешімдер қақтығысын болдырмау үшін ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану, кіріктіру мәселелері жөнінде барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы тетігін бекіту;

3) мемлекеттік органдар қызметін тиімді ұйымдастыру, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын оңтайландыру, төрешілдікті және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарты азайту мақсатында компонентттерін, сәлетін, технологиясын ақындау жолымен «электрондық үкіметті» бекіту және одан әрі дамыту;

4) деректер өңдеу орталықтары мен ақпараттық басқаруды оңтайландыруға, иеленудің жиынтық құнын төмендетуге және қауіпсіздік деңгейін, қызмет көрсету сапасын және сервистердің «икемділігін» қажет етілетін деңгейге дейін арттыруға мүмкіндік беретін «электрондық үкіметтің» техникалық шешімі ретінде бұлттық есептеулерді ендіру мен дамытудың құқықтық негіздерін белгілеу. «Бұлттық» үлгі қажетті ақпаратқа кез келген жерде және кез келген уақытта пайдаланушының қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

5) құқық қатынастарының санауландығына және олардың туындау негіздерін, әрбір субъектінің құқықтары мен міндеттерін айқындауға сәйкес ақпараттандырудың сбъектілік құрамын кеңейту;

6) электрондық қызметтер көрсетуді дамыту саласындағы қатынастарды реттеу; мемлекет қатысатын компанияларды қызметтерді электрондық нысанда көрсетуге көшіруге бағдарлау (билеттерді брондау және сатып алу, әлеуметтік-тұрмыстық сала қызметтеріне, білім беру, медициналық қызметтерге ақы төлеу және басқалары);

7) қазақстандың ІТ-компаниялар әзірлеген (жетілдірген) ақпараттық жүйелерді мемлекеттік органдардың орталықтандырылған сатып алуы мен орнатуы тетігін әзірлеу;

8) ақпараттандыру саласын дамытуды мемлекеттік ынталандыру шараларын: инновациялық және өзге де гранттарды, кепілдендірілген тапсырысты, «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын қолдану жолымен ІТ-өнімі өндірісінде жергілкті қамту деңгейін арттыру;

9) баланың қалыпты психикалық және имандылық дамуы мен денсаулығына залал келтіре алатын, қатыгездік, зорлық-зомбылық, өзге де жағымсыз мазмұндағы элементтері (насихаты) бар интернет-ресурстарға балалардың қолы жетуін шектеу үшін құқықтық негіз;

10) Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын компьютерлік ойындар мазмұнына мемлекеттік бақылауды енгізу;

11) ақпараттандыру саласындағы бақылау мәселелері жөнінде тікелей қолданылаты нормалар (стандарттау, сертификаттау, аудит және басқалары) енгізу, оның ішінде ақпараттық жүйелерді әзірлеу, қызметтер көрсетуді электрондық нысанға көшіру кезінде техникалық сараптаманың міндетті болуы;

12) бюджет қаражаты есебінен әзірленген ақпараттық жүйеге айрықша (мүліктік) құқықтарды тапсырыс берушіге және (немесе) уәкілетті органға (ұйымға) беру;

13) ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетігін бекіту;

14) ақпараттандыру саласындағы құқық бұзушылық үшін мемлекетті органдар, ұлттық компаниялар басшыларының, жеке және заңды тұлғалардың әкімшілік, қылмыстық жауаптылығының құқықтық негіздерін белгілеу;

15) алынған дағдылар деңгейлерін стандарттау жолымен халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру;

16) ақпараттандыру саласындағы дамытуды ғылыми, кадрлық және өзге де қамтамасыз етуде мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

17) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласында шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастығының құқықтық негіздерін белгілеу.
3. Заң жобасын қабылдау мақсаты

Заң жобасын қабылдау мақсаты оны ұйымдастырудың заманауи халықаралық стандарттарға жауап беретін тиімді жүйесін заңнамалық енгізу арқылы қазақстандық қоғам ақпараттандыруының әрі қарай дамуын қамтамасыз ету болып табылады, оның ішінде келесі мақсаттарды шешуге бағытталады:

- ІТ-аутсоринг пен бұлттық есептеулерді қоса алғанда, мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың жаңа үлгісін заңнамалық тұрғыдан бекіту;

- ақпараттандыру саласындағы дамытуды мемлекеттік қолдау институтын заңнамалық тұрғыдан бекіту;

- ақпараттандыру саласындағы халықаралық өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты заңнамалық тұрғыдан реттеу;

- «электрондық үкімет» құрылысының құқықтық базасын қалыптастыру;

- мемлекет қызметі салаларын ақпарттандыру жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын регламенттеу;

- ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді регламенттеу бөлігінде одан әрі жетілдіру және өзекті ету болып табылады.


4. Заң жобасының реттеу нысанасы

Ақпараттандыру объектілерін құру, пайдалану және қорғау, сондай-ақ ақпараттандыру саласын дамытуды мемлекеттік реттеу кезінде субъектілер арасында туындайтын қоғамдық қатынастар заң жобасының реттеу нысанасы болып табылады.


5. Заң жобасының құрылымы

Тақырыбы – «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Кіріспе

1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері

1-тарау. Жалпы ережелер

Тарау ҚР-ның ақпараттандыру саласындағы заңының, заңнамасының терминологиясына, ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу қағидаттарына қатысты жалпы нормалар мен ережелерді қамтиды.



2-тарау. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқару

Тарауда:


  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, уәкілетті органның, орталық және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыреті;

  2. ақпараттандыру саласындағы негізгі субъектілердің: «Зерде» ҰАКХ АҚ-ның, ақпараттандыру саясаты бағыттары операторларының өкілеттіктері.

3-тарау. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат

Тарауда мемлекеттің қызметтің білім беру, денсаулық сақтау, қаржы, мәдениет жіне басқа да салаларында ақпараттандыру жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын белгілейтін ережелер қамтылады.



4-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқықтары мен міндеттері және оларды іске асыру тәртібі

Тарау:


1) ақпаратқа қол жеткізу құқығы мен оны іске асыруға;

2) жеке деректер мен олардың қорғалуына;

3) жеке және заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы құқықтары мен міндеттеріне қатысты нормалар қамтиды.
2-бөлім. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым

5-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстар

Тарау электрондық ақпараттық ресурстардың құқықтық режимін және түрлерін; оларды әзірлеуге, пайдалануға, өңдеуге, сақтауға және резервтік көшірмелерді дайындауға қойылатын талаптарды; электрондық ақпараттық ресурстардың өзара іс-қимылы негіздерін айқындайды.



6-тарау. Ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар және оларды қамтамасыз ету құралдары

Тарау ақпараттық жүйелердің құқықтық режимін және түрлерін; ақпараттық жүйелерді құру, оларға қолжетімділік, оларды пайдалану және олардың өзара іс-қимылы мәселелерін; ақпараттық жүйелерді қамтамасыз етудің тех нологиялары мен құралдарына, сақтауға және резервтік көшірме жасауға қойылатын талаптарды регламенттейді.



7-тарау, «Электрондық үкімет» және «электрондық әкімдік»

Тарауда электрондық үкіметтің құқықтық мәртебесі мен құрылысы, электрондық үкіметті қалыптастыру кезінде бұлттық есептеулерді пайдалану бекітілген.



8-тарау. Электрондық қызмет көрсетулер

Тарау электрондық қызмет көрсетулер түрлерін, мемлекеттік емес электрондық қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарды, электрондық қызметтер көрсету, өтеулі электрондық қызметтерге ақы төлеу, электрондық қызметтер көрсетуге қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қағидаларын, сондай-ақ мемлекет қатысатын компаниялардың қызметтер көрсетуін электрондық нысанға көшіру жөніндегі талапты айқындайды.



9-тарау. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Тарауда ақпараттық технологиялар саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету: мақсаттар, субъектілер, қорғау шаралары, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қойылатын талаптар көзделеді.


3-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу

10-тарау. Ақпараттандыру саласындағы тіркеу, реттеу және бақылау

Тарауда мынадай мәселелер реттеледі:

1) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімді қалыптастыру және жүргізу;

2) депозиттеу және депозитарийді жүргізу;

3) ақпараттандыру саласындағы стандарттау, сертификаттау, аудит, аттестаттау;

4) ақпараттандыру саласындағы жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесінің сараптамасы.



11-тарау. Ақпараттандыру саласындағы дамытуды мемлекеттік қолдау

Тарауда ақпараттық технологиялар саласындағы ұлттық даму институтының мәселелері, ақпараттандыру саласындағы дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы дамытуды ғылыми, кадрлық және өзге де қамтамасыз ету регламенттеледі.



12-тарау. Ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Тарау Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастығының негіздерін қалыптастыруға, ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жоспарлауға, ұйымдастыру мен іске асыруға, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру мәселелері бойынша шет мемлекеттермен өзара іс-қимылды үйлестірудегі рөліне арналған.



13-тарау. Қорытынды ережелер

Тарау Қазақстан Респубикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық мәселелерін қамтиды, сондай-ақ заңды қолданысқа енгізу тәртібін белгілейді.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заң тараулары реттелетін қатынастардың біртектестік белгілері бойынша бөлімдерге біріктірілді.
6. Заң жобасы қабыланған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар

Заң жобасын қабылдаудың салдарлары Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасында көрсетілген.

Осы заң жобасын қабылдау ақпараттандыру саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру түрінде оң құқықтық саллдарға алып келеді, ол ақпараттандыру объектілері мәртебесінің, оларды қалыптастырудың, қорғаудың және дамытуды қолдаудың, ақпараттандыру субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың және қамтамасыз етудің, осы саладағы өздерінің өкілеттіктерін іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың, әлеуметтік институттар мен пайдаланушылардың өзара іс-қимылының жекелеген заңдық мәселелерін нақтылаудан көрінеді, мемлекеттік органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетеді.

Заң жобасын қабылдаудың оң әлеуметтік-экономикалық салдарлары бюджет қаражатн үнемдеу, ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану, ақпараттандыру саласындағы қызмет көрсетулер мен тауарлардағы қазақстан қамту үлесін ұлғайту, бәсекелестікті арттыру және ақпараттандыру нарығын дамыту, ақпараттандыру саласында және экономиканың сабақтас салаларында ғылыми-техникалық прогресті одан әрі дамыту, мемлекеттік органдардың уақыттық және әкімшілік шығыстарын қысқарту, Қазақстанда ІТ-саласын дамыту түрінде көрінеді.


7. Басқа да заңнамалық актілерді әзірленіп отырған заң жобасымен бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттігі

Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерін оның ережелеріне сәйкес келтіру қажеттігіне алып келеді:

1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім);

2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі;

3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі;

4. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім);

5. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі;

6. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;

7. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;

9. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

10. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

11. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

12. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;

13. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;

14. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

15. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

16. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;

17. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

18. Лицензиялау туралы 2007 жылғы 11 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

19. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

20. «Ұлттық қауіпсіздік туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

21. «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы.
8. Заң жобасы мәнінің өзге де нормативтік құқықтық актілермен регламенттелуі

Заң жобасы Қазақстан Республикасының Конституциясына және электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді пайдаланудың және қорғаудың қағидалары мен тәртібін қамтитын өзге де нормативтік құқықтық актілеріне негізделеді. Қазіргі кезде заң жобасы мәселелері көбінесе «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен мынадай жекелеген заңнамалық актілермен регламенттеледі:

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы.


9. Қаралып отырған мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы

9.1. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу

ТМД елдерінде де Қазақстан Республикасындағы сияқты ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу мәселесі кешенді болып табылады, бірнеше құқық саласына жатады және заңға қосымша бірталай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Ресейде азаматтардың ақпаратқа құқығын заңнамалық тұрғыдан реттеу міндеті көптеген жағдайда «Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы» 2006 жылғы 27 шілдедегі Ресей Федерациясының Федеральдық Заңымен шешіледі.

«Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы» РФ Федеральдық Заңы ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен оларды қамтамасыз ету құралдарын жасау және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпаратты және ақпараттық процестер мен ақпараттандыруға қатысатын субъектілердің құқықтарын қорғау кезінде туындайтын нақты ақпараттық қатынастарды регламенттейді.

«Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы» РФ Федеральдық Заңы жеке деректерді (азаматтар туралы ақпаратты) құпия ақпарат санатына жатқызды.

Заң азаматтардың мен ұйымдардың олардың өздеріне қатысты ақпаратқа қол жеткізуін регламенттейді: олар мұндай ақпаратқа қол жеткізіп қана қоймай, бұл ақпаратты кім және қандай мақсатты пайдаланатынын немесе пайдаланғанын білуге құқылы, оны нақтылап, тегін пайдалана алады.

Заңда ақпаратты қорғауға, сондай-ақ ақпараттық процестер мен ақпараттандыру саласындағы субъектілердің құқықтары мен міндеттеріне көңіл бөлінген.

2011 жылдың аяғында Ресей Федерациясында «Ашық үкімет» атты жаңа интернет-портал іске қосылды, онда шенеуніктер, сарапшылар мен қарапайым азаматтар әртүрлі заң жобаларын талқылап, редакциялай алады, бұл, өз кезегінде, мемлекеттік органдар жұмысының нақты ашықтығы мен айқындығын көрсетеді, сондай-ақ демократиялық мемлекеттің негізгі идеясы – халықтың ел өміріне қатысуын орындайды.

«Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы» 2008 жылғы 10 қарашадағы Беларусь Республикасының Заңы тұжырымдалық және құрылымдық жағынан Ресей заңнамасына сәйкес келеді.

Осы Заң, «Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы» РФ Федеральдық Заңы сияқты үш объектіге - ақпаратқа, ақпараттандыруға (ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер мен желілер) және ақпаратты қорғауға байланысты қатынастарды реттейді. Құқық қатынастарының субъектілері ақпарат иеленушілер, ақпаратты, ақпараттық жүйелер мен желілерді пайдаланушылар, бағдарламалық техникалық құралдардың, ақпараттық ресурстардың, желілер мен жүйелердің меншік иелері, иелері, ақпараттық желілердің операторлары, ақпараттық делдалдар ретінде әрекет ете алады.

БР Заңы ережелерінің ішінде:

- Ұлттық ғылым академиясының өкілеттіктерін бекітуді;

- ақпарат иеленушінің, ақпараттық делдалдың, ақпараттық желі иесінің ол орынсыз деп есептейтін ақпаратты нақты пайдаланушының алуын болдырмау жөнінде шаралар қолдану міндетін атап өту керек.

ТМД елдері кеңістігінде құқықтық ақпараттандыру дамуының жалпы үрдісі ақпаратты ұсыну нысандары мен тәсілдерін жетілдіру, барлық мүдделі адамдардың құқықтық сипаттағы да, әлеуметтік бағыттағы да ақпаратқа қолжетімділігін кеңейту болып табылады.

Қазіргі кезде әлемде ақпаратты ұсыну технологиясы мен үдерісін ұйымдастырудағы өзгерістер байқалуда. Пайдаланушылардың құқықтық ақпаратқа да, билік және мемлекеттік басқару органдарының қызметі туралы ресми ақпаратқа да қол жеткізу ұсыну кезінде берілетін мүмкіндіктерді ұлғайту жалпы үрдіс болып табылады.

Ақпараттық сұрауларды тез өңдеуді және ақпараттық ресурстардың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бұлттық есептеу технологияларын қолдану саласы да ұлғаюда.

Тұтастай алғанда, заң жобасының ұсынылып отырған құрылымы пост кеңестік кеңістіктегі ұқсас заңнан ауқымды екенін және қоғам мен мемлекетті ақпараттандырудың барлығына дерлік аспектілерін қамтиды.

9.2 Электрондық үкіметті дамыту (e-government)

Әлемнің әртүрлі өңірлері мен елдеріндегі электрондық үкіметтерді құру тәжірибесін талдай отырып, Америкада, Еуропа мен Азияда іс жүзінде іске асырылған негізгі үш құрылыстық моделді бөліп алу қабылданған. Оларды шартты түрде: оның АҚШ-тағы қалыптасу ерекшелігін көрсететін американдық модел; оның шеңберінде батыс, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің көпшілігінде электрондық-мемлекеттік құрылымды дамыту жүзеге асырылатын еуропалық модел және Сингапур мен Оңтүстік Кореяда мейілінше табысты іске асырылып жатқан азия моделі деп атауға болады.

Еуропа моделі мемлекеттік институттар – Еуропарламент; Еурокомиссия, Еуропа сотының болуымен сипатталады, олардың ұсынымдары Еуропалық Одаққа барлық мүше елдердің орындауы үшін міндетті.

Электрондық үкіметтің америкалық моделі АҚШ-та және Канадада дамыған. Оны АҚШ-та құру бағдарламасы, бірінші кезекте азаматтар мен бизнес өкілдерінің мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимылын оңайлату және арзандату, сондай-ақ олар арқылы азаматтармен тікелей қатынасу мүмкіндігін жасау мақсаттарын ұстанады. Америка үкіметі бірте-бірте елдегі ақпараттық технологиялардың, бағдарламалық құралдардың аса ірі тұтынушысы болып келеді. Оның жоғары технологиялық шешімдерге арналған шығыстары жылына 40–50 млрд. АҚШ долларына бағаланып отыр.

Қазіргі уақытта АҚШ-тың федеральдық үкіметі мыналарға:

1) мемлекеттік мұқтажды қанағаттандыру үшін тауарлар жеткізу мен көрсетілетін қызметтердің конкурстық электрондық сауда-саттығына;

2) халықтың үкіметтік және өзге де әкімшілік ақпаратына қол жеткізуіне;

3) смарт-карталарды, оның ішінде оларды федеральдық үкіметте пайдалануға;

4) әртүрлі міндеттерді шешуге, атап айтқанда үкіметтік интернет-ресурстар арқылы ресми құжаттарды алуға; салықтарды төлеуге, халыққа мемлекеттік аппараттың жұмысы туралы статистикалық ақпаратты т.б. ұсынуға;

5) медицина мен денсаулық сақтауда ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың (АКТ) қолдануына айрықша назар аударып отыр.

Үкіметтік стратегия сервистің барлық электрондық түрлерін дамыту мен пайдалануды көздейді, ол Интернет, ұтқыр байланыс, цифрлық телевидение, шақырушыларға қызмет көрсету орталықтары арқылы қызметтер ұсыну мүмкіндігін білдіреді.

Әзірленген электрондық үкіметті дамыту стратегияға сәйкес е-government дамытудың басты мақсаттарының бірі азаматтардың әртүрлі үкіметтік агенттіктердің функцияларына қол жеткізуі және артық қызметтер мен ведомстволарды ұстауға кететін шығыстарды азайту үшін олардың бір функцияларының қайталануы ауқымын азайту, ал келешекте толықтай түбірімен жою болып табылады.

Азия моделі басқарудың ерекше мәнеріне, корпоративтік мәдениеттің азиялық үлгісіне және сатылық пирамида қағидаты бойынша ұйымдастырылған мемлекеттік басқарудың көпқабатты жүйесіне сүйенеді.

Сингапурдағы үкіметтік қызметтердің бүгінде айтарлықтай көлемі онлайн жүйесі арқылы қол жетерлік, олардың кейбіреулері Сингапур ОДИН бағдарламасы арқылы ұсынылады. Үкімет азаматтардың үйдегі немесе жұмыстағы компьютерлерінен өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта электрондық үкімет қызметтеріне қол жеткізуін көтермелеп отырады. Электрондық үкіметтің басты бағдарламаларының бірі «Электрондық азамат» (e-Citizen) болып табылады, ол бұрын әртүрлі үкіметтік ведомстволар беріп келген ықпалдасқан қызметтер пакетін ұсынады. Сингапурдың негізгі басымдығы бытыраңқы үкіметтік жүйелерді үкіметтік қызметтерді ұсынудың бірыңғай порталына біріктіру болып табылады. Сингапур үкіметінің бұрын әртүрлі министрліктері мен ведомстволары ұсынған қызметтері енді «электрондық үкімет» бағдарламасы шеңберінде үкіметтің бірыңғай интернет-ресурсында беріледі.

Сингапурдің электрондық үкіметін дамыту мақсаттарын іске асыру үшін Үкіметтің Іс-қимылдар жоспары әзірленді, ол электрондық үкіметтің стратегиялық мақсаттары мен стратегиялық бағдарламаларын қамтыды. Қазіргі кезде Сингапурдың жоғарыда аталған стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудің барлығы алты стратегиялық бағдарламасы айқындалған:

1) ілімдерге негізделген жұмыс ортасы; барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер ақпараттық-техникалық тұрғыдан сауатты және жұмыс үдерістерін жақсарту, қызметтер көрсету және командада жұмыс істеу үшін АКТ басымдықтарын пайдалануы тиіс;

2) электрондық қызметтер көрсету: техникалық жағынан электрондық нысанда көрсетілуі мүмкін немесе ықтимал сапаны жақсарту үшін электрондық арналар пайдаланылуы, барлық үкіметтік қызметтер электрондық нысанда көрсетілуі тиіс;

3) технологиялық эксперименттер: олар мемлекеттік органдардың барынша тез өзгеріп жатқан техникалық жағдайларға ықпал етіп, дұрыс емес шешімдерге ірі инвестициялар салудың ықтималдығын төмендететін болады;

4) шұғыл тиімділікті жақсарту: компьютерлік жабдық қазіргі заманғы болуы тиіс;

5) бейімделетін, бірақ мықты IT-инфрақұрылымы: телекоммуникациялардың, радиотехнологиялар мен ақпараттық технологиялардың тез конвергенциясы барынша төмен шығындары бар желілік үкімет үшін мүмкіндіктерге жол ашты. Ойластырылған, жақсы әзірленген, сенімді және ұлғаймалы инфрақұрылым электрондық үкімет бастамаларын қолдаудың қажетті элементі болып табылады;

6) АКТ саласындағы білім беру: АКТ саласындағы білім беру бағдарламалары компьютерлік жүйелер мен қосымшаларды зерделеуде ғана емес жұмыс үдерістері мен мемлекеттік қызметтер көрсетуді жақсарту үшін АКТ-ны пайдалану ілімін береді. Дегенмен, Сингапурдың Электрондық үкіметін дамыту жоспары мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде елеулі түрде үйлестіруді талап етеді.

Электрондық үкіметті дамыту шеңберінде Сингапур The Government Cloud (G-cloud) атты мемлекеттік бұлтты жабық сервисін іске қосу үстінде, ол жаңа бағдарламаларды қолдауға, мемлекеттік құрылымның түрленуін жеделдетуге бағытталған. Бұдан өзге үкіметтік ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы шығындарды оңтайландыру және азайту үшін барлық мемлекеттік органдардың құрылысының бірыңғай тұжырымын дамыту жүріп жатыр.

Жаңа даму бағдарламасы әлеуметтік желілерді пайдалануды да көздейді, өйткені тұрғындардың жартысынан астамы танымал әлеуметтік желілерде тіркелген, оның үстіне олар мемлекеттік органдардың жұмысында да қолданылады.

Ұсынылған бағдарлама тұтастай алғанда Сингапур мемлекеттік секторымен өзара іс-қимыл жасайтын агенттердің үш негізгі тобы – азаматтарды, бизнес пен шетел құрылымдарын белсенді қатыстыруды болжайды.

Дамыған елдердің (атап айтқанда, АҚШ және Сингапур) электрондық үкіметті қалыптастыру жөніндегі қарастырылып отырған негізгі әдістемелік тәсілдері мен практикалық тәжірибесі барлық деңгейдегі мемлекеттік билік органдары тарапынан қолдау және электрондық бизнес субъектілерінің бұл жобаларды іске асыруға мүдделігі болған жағдайда электрондық үкіметті табысты түрде құруға болатыны туралы тұжырымды растайды.

Алайда, қазірдің өзінде өз бағдарламаларын іске асырған батыс елдерінің тәжірибесін зерделеу Қазақстанның сол бағытта алға жылжуына маңызды әсер етеді.

9.3 Мемлекеттік секторда бұлттық есептеулерді қолдану

Бұлттық технологияларды қолданудағы тәжірибе онша көп жинақталмағанымен оларды ойдағыдай іске асыру мысалдары жеткілікті.

Бұлттық есептеулер саласындағы мемлекеттік бастамалар ішінде АҚШ үкіметінің стратегиясы – барынша ауқымды және өршіл.

Барак Обама әкімшілігі түбегейлі IT-реформаны бастап кетті, оның мақсаты шығындарды азайту, мемлекеттік ІТ-шығыстарының ашықтығы мен тиімділігін арттыру болып табылады, ал федеральдық бұлттық стратегия – оны іске асырудың мейлінше маңызды құраларының бірі.

Бұлттық технологиялар бойынша 2009 жылғы қыркүйекте Apps.gov мемлекеттік секторы үшін SaaS-қосымшалар сервисі ұсынылған Әкімшілік мәселелер мен бюджет жөніндегі басқармада федеральдық CIO (Chief Information Officer – ақпараттық технологиялар директоры) Вивек Кундра бастама білдірді. Алайда, бұлттық есептеулер желісі бойынша мейілінше ширақ әрекеттерді федеральды СІО 2010 жылдың аяғында 2011 жылдың басында жасай бастады. Бұлттық есептеулер - мемлекеттік ІТ-шығыстардың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған реформалардың барынша ауқымды бағдарламалардағы бір ғана элемент екенін атап кету керек.

ІТ-реформасы бағдарламасының мейілінше толық түрі 2010жылғы желтоқсанда жарияланған, «Федеральдық ақпараттық технологияларды басқару реформасын іске асыру жоспарының 25 тармақ» (25 Point Implementation Plan to Reform Federal Information Technology Management — бұдан әрі «25 тармақ») деп аталатын құжатта баяндалған.

«25 тармақтың» негізгі элементтерінің бірі – «Бұлт бірінші кезекте» (Cloud First policy) саясаты, оған сәйкес мемлекеттік мекемелер жаңа ІТ-жобаларды іске асыру кезінде «баға қатынасында қауіпсіз, сенімді және тиімді ұсыныстар болған кез келген жағдайларда» бұлттық шешімдерді сөзсіз пайдалануы тиіс. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін Жалпы мақсаттағы қызметтер басқармасы (General Services Administration, GSA) 12 вендормен келісім жасасады, оларға мемлекетке IaaS (Infrastructure as a Service - «инфрақұрылым сервис ретінде»): деректерді сақтау, виртуалды машиналарды жалға беру және хостинг сыныбы шешімін ұсыну құқығы беріледі.

Бұлтты жеткізушілердің ұсыныстары мемлекеттік мекемелердің талаптарына қаншалықты сәйкес келетінін бағалау үшін тәуекелдерді және авторландыруды басқарудың федеральды бағдарламасына (Federal Risk and Authorization Management Programme) бастама білдірілді. Бұл бағдарлама мемлекеттегі бұлтты шешімдерді өрістетудің мерзімдерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді: егер кейбір бұлтты вендор федеральды мемлекеттік мекемеден авторландыру алса, онда басқа мемлекеттік мекеме қатерлер мен авторландыруды бағалаудың барлық рәсімін басынан бастап жүргізуге тура келеді.





Бұлтты есептеулер

Қолда бар жүйелер

Тиімділігі

Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру (серверлік қуаттарды пайдалану > 60-70%)

Ресурстарды пайдалану тиімділігінің төмендігі (әдетте, серверлік қуаттарды пайдалану, < 30%)

Ресурстарды пайдалануды агрегирлеу және жүйелерді жеделдетіп шоғырландыру

Жүйені аракідік пайдалану және бір бірін қайталау

Қосымшаларды әзірлеу мен басқару кезінде, желілік ресурстарды пайдалануда және түпкілікті пайдалану деңгейінде өнімділікті арттыру

Басқарылуы қиын жүйелер

Шұғылдық

Сенімгер жеткізушілерден «қызмет ретінде» бір-бір модел сатып алу

Дата-орталықтарда жаңа сервистер құруға елеулі уақыт жұмсалатыны (жылдар)

Жұмыс істеп тұрған ресурстар көлемін қас-қағым сәтте көбейту және азайту мүмкіндігі

Қолда бар сервистердің қуаттылығын ұлғайту үшін айлар қажет болады

Пайдаланушының жедел сұрауларына барынша шұғыл жауап беру

Инновациялар

Ресурстарды иеленуден сервисті басқару бағытын қайта ауыстыру

Меншікті ресурстарды иелену ауыртпалығы

Жария сектор инновациясы

Жеке сектордың инновациялық тетіктен аластауы

Кәсіпкерлік мәдениетті ынталандыру

Қатерге қырғи-қабақ мәдениеті

1-кесте –АҚШ-тың мемлекеттік секторлары үшін бұлттық есептеулер басымдықтары1


Ақ үй бұлттық есептеулерге ресми түрде иек артқан АҚШ-қа қарағанда Еуроодақта бұлттық стратегия тек 2012 жылы әзірленетін болады. Дегенмен Еуропада экономикалық және заңды сипаттағы дайындық жұмыстары орындалды, ал перспективалық зерттеу жобаларын қаржыландыру көлемі ондаған миллион евро деп есептеліп отыр.

Жалпы еуропалық нұсқама құжаттардың жоқтығына қарамастан бұлттық есептеулер қазірдің өзінде Еуропа экономикасы үшін стратегиялық бағыт ретінде түсініліп отыр.

Еуроодақтың бұлттық технологиялар саясатының даму хронологиясы 2009 жылғы 20 қарашадан бастау алады, бұл кезде Еуропа желілік және ақпараттық ұлттық қауіпсіздік саласындағы бұлттық есептеулердің агенттігі ақпараттық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдер мен басымдықтар туралы есепті жариялады.

Еуроодақ қазірдің өзінде қажетті дайындық жұмыстары көлемін орындады және 2012 жылы одан арғы іс-қимылдарды талдау мен олардың жоспарын үйлестіретін құжат ұсынады.

Стратегия құрамына проблемалардың үш блогы кіретін болады.

Заң блогы шеңберінде деректерді қорғау және бейресмилікті, оның ішінде халықаралық деңгейде қамтамасыз ету сияқты мәселелер көрсетілетін болады.

Техникалық блок шеңберінде бұлттық сервистердің қауіпсіздігі мен үзіліссіздігі, АРІ мен деректер форматын стандарттау, сондай-ақ сервис деңгейі туралы үлгілік келісімшарттар мен келісімдерді (service level agreements) әзірлеу мәселелері қозғалатын болады.

Нарықтық блок шеңберінде бұлттық жүйелерді өрістету жөніндегі пилоттық жобаларды қолдау қамтамасыз етілетін болады.

Еуропа экономикасына бұлттық есептеулердің әсерін бағалау берілетін бірнеше жұмыстар аяқталды. Швецария Экономикалық және бизнес-зерттеулер орталығының есебіне сәйкес 2010 – 2015 жылдары кезеңінде бұлттық есептеулер аса ірі еуропа экономикаларына (Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия және Франция) 763 млрд. Евро әкелмек, бұл олардың жиынтық ІЖӨ-сінің 1,57%-ына барабар. Бұлттық есептеулер есебінен бұл елдерде 2,3 млн. жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.


Экономика саласы

Экономикалық пайда,

млн. евро

Жұмыс орындары, мың

Банк, қаржы және бизнес-секторлары

183,566


207


Мемлекет, білім беру және денсаулық сақтау

112,539


801


Дистрибуция, бөлшек сауда және қонақ үй бизнесі

233,418


355


Өнеркәсіп

98,504

514

Басқа да секторлар

135,271

519

Кумулятивті экономикалық пайда

763,297

2,396

2-кесте – бұлттық экономикадан түсетін кумулятивтік экономикалық пайда, 2010 – 2015 жылдар2


Милан университетінің зерттеушісі Федерико Этро пікірі бойынша бұлттық есептеулер 5 жыл келешегінде еуропаның ІЖӨ 0,1–0,3 %-ға ұлғайтып, жұмыссыздықты 0,2–3 %-ға азайтады және шамамен 1 млн. жұмыс орнын құруға әкеледі (240 мың Ұлыбританияда, 160 мың Германияда, 100 мың Францияда, 94 мың Польшада, 76 мың Италияда және 69 мың Испанияда).Бұл ретте Федерико Этро «бұлттық» жаңа жұмыс орындарын құрып қана қоймай, нарықты ауқымды қайта құрылымдау мен жаңа салаларға жұмыс күшін ауыстырудың себебі болатынын көрсетеді.

9.4 ІТ салаларын дамытуды мемлекеттік қолдау.

Ақпараттық технологиялар секторын сапалы дамытудың аса маңызды шаралары: техникаға, математика мен информатикаға маманданатын жоғары білікті персоналды дамыту; елде қолайлы макроэкономикалық және инвестициялық ахуалды қалыптастыру; ақпараттық технологиялар саласындағы кешенді мемлекеттік саясат және ақпараттық технологияларды дамытуды мемлекеттік қолдау болып табылады.

Салықтық, әкімшілік және басқа да көмекті қамтитын және мемлекеттік инвестициялық саясатын іске асыратын кешенді қолдау бағдарламасы мемлекеттің сектордағы негізгі ұзақ мерзімді стратегиясы болуы тиіс. Мемлекеттік саясат бірінші кезекте ІТ-бизнесті дамыту үшін қажетті инфрақұрылым құруды қамтуы тиіс.

Инновациялық, ең бірінші барлық әлемдегі ақпараттық-коммуникациялық секторды дамытуың негізі мемлекеттік қолдайтын технологиялық парктер (технопарктер) жүйесі; секторды дамытуды ынталандырудың құралдарын жүйесі; тікелей мемлекеттік, оның ішінде инвестициялық, ірі инфрақұрылымдық және ұзақ мерзімді даму көзқарасы бойынша басым жобаларды дамытуға қатысуы мұндай саясаттың бөлігі бола алады.



Сингапурдың шағын ішкі нарықтары бизнесті сыртқы тапсырыс берушілерге бағдарлануына мәжбүр етеді, жоғары технологиялық сыйымдылық тауашалық жеткізушілердің пайда болуын ынталандырады. Шағын аумақтық және табиғи ресурстар жағдайында Сингапур инновациялыққа және жоғары технологиялық экспортқа үміт артып отыр. Қазіргі кезде әлемде инвестицияларды тарту шетел инвестицияларына – трансұлттық корпорацияларына айрықша салық көтермелеулерін ұсынуды талап етпейді, дамыған инфрақұрылымның, өспелі экономиканың, білікті жұмыс күшінің болуы мен сыбайлас жемқорлықтың жоқтығы жеткілікті.

Үндістан соңғы 10-15 жыл ішінде экономиканы қайта құру мен реформалау бағытының табысты екенін көрсетіп отыр, бағдарламалық қамтамасыз ету экспортын дамытуды барынша әсерлі табыс ретінде атауға болады.

Үндістанда ІТ-саласындағы мына:

1) бағдарламалық қамтамасыз ету, сондай-ақ ІТ-менеджерлерді даярлау саласында жоғары және орта арнайы білім беру жүйесін дамыту;


  1. ІТ секторында білікті менеджерлерді даярлау;

  2. ІТ-индустрияны және оның экспорттық әлеуетін дамытуды мемлекеттік қолдаудың нысаналы бағдарламасын құру;

  3. бағдарламалық қамтамасыз етуді өндірушілердің тиімді қауымдастықтарын құру;

  4. «бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі технологиялық парктер» деп аталатын жеті еркін кедендік аймағын құру;

  5. саны жағынан АҚШ-тан кейін екінші орындағы ағылшын тілін білетін білікті бағдарламашылар персоналының болуы;

  6. жоғары технологиялық ІТ-инфрақұрылымын дамыту басымдығы табысты дамудың алғышарттары болды.

Үндістанның IT-секторы жүйелі емес, бір жолғы немесе арнайы бағдарлама жұмыстарының үлкен көлемін қажет етуге және дамыған елдерде инженерлердің жетіспейтіндігіне сүйенетін келісімшарттық бағдарламалау моделінің негізінде жасалады. Үндістандағы, Сингапурдегі, Малайзиядағы, Ирландиядағы және Бразилиядағы, Тайвандағы оффшорлық бағдарламашылар өз бизнесін нақ осы модельде құрады.

Израиль-скандинав моделі дайын өнімдер экспортын және сыртқы халықаралық нарықтардағы шешімдерді білдіреді, бұл даму моделін пайдаланатын елдер Израиль, Финляндия, Швеция, Исландия, Норвегия, Шотландия.

Мысалы, Израиль қорғаныс кешеніне жұмыс істейтін бірнеше ІТ-компаниялардан бірнеше жыл ішінде күшті ІТ-индустриясын құрды. Израильде ІТ-өнімі экспортының жыл сайынғы көлемі кемінде 12,5-13 млpд. АҚШ долларын құрайды, бұл шамамен Үндістан көрсеткішімен бірдей.

Қазіргі кезде израиль ІТ-индустриясы 3 мыңнан астам ІТ-компанияларды, 180 венчурлік қорын, 130 инвестициялық компаниясын, сондай-ақ 30 бизнес-инкубаторын қамтиды. Нарықтың қарқынды өсуі Израилде бағдарламашылар жетіспеушілігіне әкелді және ол оффшорлық компаниялардың (қосалқы контрактардың) қызметтеріне жүгіне бастады.

Израиль моделі көшбасшылық үшін мүмкіндік береді, барлық ұлттық зияткерлік әлеуетін мейілінше тиімді тәсілмен, барынша жоғары қосылған құнмен қолдануға мүмкіндік береді.

Әзірлеушінің пікірінше, келтіріліп отырған ақпараттандыру саласындағы құқықтық қатынастардың жекелеген аспектілерін реттеудің халықаралық тәжірибесіне жасалған шолу Қазақстан Республикасы дамудың қазіргі кезеңінде Сингапурдағы, АҚШ-тағы, Еуропа Одағы елдеріндегі заңнамалық реттеудің оңды құралдарын және осы салада іс жүзінде орын алып отырған саясатты, соның ішінде «электрондық үкіметті» одан әрі дамытуды, мемлекеттік органдар қызметіне прогрессивті және дамудың қазіргі деңгейіне жауап бере алатын ақпараттық технологиялар енгізуді, сондай-ақ экономиканың осы саласын дамыту және жоғары технологиялық өндіріс пен ақпараттық технологиялар секторындағы қазақстандық мазмұнды арттыру мақсатында ІТ саласын мемлекеттік қолдау шараларын реттеуді пайдалана алатынын айғақтайды.


10. Заң жобасын іске асыруға байланысты болжамды қаржы шығындары

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2010 жылғы 29 қыркүйекте бекітілген № 983 Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды 2010 – 2014 жылдарда дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру үшін әзірленді.

2010-2014 жылдарда Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі бағдарламаға сәйкес 2012-2014 жылдарға республикалық бюджеттің шығындары 65 065 575 мың теңгені құрайды:

2012 жылға 22 970 430 мың теңгені;

2013 жылға 21 089 845 мың теңгені;

2014 жылға 21 005 300 мың теңгені құрайды.



1 euractiv, 2011

2 Cebr analysis, 2010



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет