Ақпараттандыру туралы



бет3/4
Дата03.07.2016
өлшемі211.5 Kb.
#175246
1   2   3   4

               жеткiзу және пайдалану

      1. Мемлекеттiк ақпараттық жүйелер мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда электрондық қызметтер көрсету, ақпарат алмасуды қамтамасыз ету, қызметтi үйлестiру және басқару процестерiн оңтайландыру мақсатында құрылады. 

      2. Мемлекеттiк ақпараттық жүйелер осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес құрылады.
      Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi құру және оларды iске асыру тәртiбi жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеудi Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы жүзеге асырады. 

      3. Мемлекеттiк ақпараттық жүйенi пайдалануға беру оның ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттаудың нәтижелерi бойынша және сынақ зертханасында мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң бағдарламалық өнiмдерiне, бағдарламалық кодтарына сынақтардың және олардың нормативтiк-техникалық құжаттамасына сараптаманың оң нәтижесi болған кезде жүзеге асырылады . 

      4. Мемлекеттiк ақпараттық жүйеге қол жеткiзу мемлекеттiк ақпараттық жүйенiң иеленушiсi әзiрлейтiн ережелермен айқындалады.

      5. Мемлекеттiк ақпараттық жүйелер қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады және сақталады. Осы жүйелердегi қазақ тiлiндегi ақпараттың көлемi орыс тiлiндегi ақпараттың көлемiнен кем болмауға тиiс.


       Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 178-IV, 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      18-бап. Мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi құру, қол


               жеткiзу және пайдалану

      1. Мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi ақпараттық қажеттiлiктi қанағаттандыру, ақпараттық жұмыстарды орындау және электрондық қызметтер көрсету мақсатында жеке және заңды тұлғалар құрады.


      2. Мемлекеттiк емес ақпараттық жүйеге қол жеткiзу және оны пайдалану тәртiбiн оның меншiк иесi немесе иеленушiсi айқындайды.

      19-бап. Ақпараттық жүйелердiң өзара iс-қимылы

      1. Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердiң меншiк иелерi және (немесе) иеленушiлерi Қазақстан Республикасында деректер берудiң стандарттық хаттамаларын пайдалану негiзiнде әр түрлi ақпараттық жүйелер арасында ақпарат алмасуды және деректер берудi ұйымдастыру үшiн желiаралық қосу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс. 

      2. Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып жедел-iздестiру қызметi Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

       3. Мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелер оның ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттауға жатады.
       Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.07.10. N 178-IV Заңымен.

      20-бап. Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердегi электрондық


              ақпараттық ресурстарды өңдеу, сақтау және
              резервтiк көшiру құралдарына қойылатын мiндеттi
              талаптар

      1. Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеу сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, өңдеу және беру үшiн пайдаланылатын техникалық құралдар техникалық реттеу саласындағы талаптарға сәйкес келуге тиiс.

      2. Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердегi мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды сақтауды мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi иеленушiлер қамтамасыз етедi, олар мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстардың сақталуына, жоғалуына, бұрмалануына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады, ал қажет болған жағдайда оларды қалпына келтiрудi жүзеге асырады. 

      3. Мемлекеттiк ақпараттық жүйедегi мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстардың резервтiк көшiрмесiн дайындау мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi иеленушiлер үшiн мiндеттi болып табылады.


      Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын резервтiк көшiрменi дайындау және оны сақтау тәсiлi келесi резервтiк көшiрменi дайындаған кезге дейiн электрондық ақпараттық ресурстардың сақталуын қамтамасыз етуге тиiс.

      21-бап. Ақпараттық-коммуникациялық желiлердi пайдалану

      1. Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттық-коммуникациялық желiлердi пайдалану Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы мен ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.

      2. Ақпараттық-коммуникациялық желiлердi пайдалана отырып халықаралық ақпарат алмасу Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардың талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.

       3. Сот ақпараттық-коммуникациялық желiлер бойынша таратылатын ақпаратты осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiнiң талаптарына қайшы келедi деп таныған жағдайда, уәкiлеттi мемлекеттiк органдар, байланыс операторлары, интернет-ресурстардың меншiк иелерi бұқаралық ақпарат құралы өнiмiнiң Қазақстан Республикасының аумағында таратылуын не бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын тоқтата тұруға не тоқтатуға мiндеттi.

      4. Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру туралы сот шешiмi үш айдан аспайтын мерзiмге сол атаумен немесе қайталанатын атаумен домендiк атауды пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.


      Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтату туралы сот шешiмi домендiк атаудың тiркелуiнiң күшiн жоюға және тiркелуiнiң сот шешiмiмен бұрын күшi жойылған сол атаумен немесе қайталанатын атаумен домендiк атауды бiр жыл бойы пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.07.10. N 178-IV Заңымен.

5-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРДЫ, АҚПАРАТТЫҚ
ЖҮЙЕЛЕРДI ЕСЕПКЕ АЛУ, ТIРКЕУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДIҢ
АУДИТI

      22-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды және


               ақпараттық жүйелер туралы мәлiметтердi
               құжаттандыру

      Электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелер туралы мәлiметтердi құжаттандыруды Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасында белгiленген iс қағаздарын жүргiзу талаптарына сәйкес меншiк иесi және (немесе) иеленушiсi жүзеге асырады.

      23-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық
               жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде электрондық
               ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi
               тiркеу

      1. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу: 

      1) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер
туралы мәлiметтердi жүйелеу; 

      2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiндегi мәлiметтер туралы хабардар ету; 

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын ақпараттық қамтамасыз ету; 

      4) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi әзiрлеушiлерге электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi интеграциялауды ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер арасында деректер алмасу үшiн ақпараттар ұсыну мақсатында жүзеге асырылады. 

      2. Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттiк ақпараттық жүйелер осы Заңда белгiленген тәртiппен электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде мiндеттi есепке алынуға жатады.
      Бұл талапты сақтамау мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстармен және ақпараттық жүйелермен жасалған мәмiлелердiң жарамсыз болуына әкеп соқтырады. 

      3. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде мемлекеттiк емес электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi есепке алу осы Заңда белгiленген тәртiппен ерiктi негiзде жүзеге асырылады. 

      4. Қолжетiмдiлiгi шектелген электрондық ақпараттық ресурстар электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде олардың меншiк иесi немесе иеленушiсi белгiлеген тәртiппен оларды сақтау және пайдалану шарттары сақтала отырып тiркелуге жатады. 

      5. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      6. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң меншiк иесi немесе иеленушiсi уәкiлеттi органға ол бекiткен нысандар бойынша жiберетiн электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу туралы өтiнiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.

      7. Тiркеуден өту кезiнде электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердiң меншiк иесi немесе иеленушiсi уәкiлеттi органға электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердiң меншiк иесi немесе иеленушiсi қол қойған және куәландырған, тiркеу өтiнiмiнiң түпнұсқасы мен қағаз және электрондық жеткiзгiштегi тиiстi көшiрмелердi ұсынады. 

      8. Уәкiлеттi орган тiркеу өтiнiмдерiн алған кезден бастап он бес жұмыс күнi iшiнде олардың толықтығы мен дұрыс толтырылуын тексередi. 

      9. Тiркеу өтiнiмдерi тиiсiнше ресiмделген жағдайда уәкiлеттi орган электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердiң тiркелуiн бес жұмыс күнi iшiнде жүргiзедi және тiркеу нөмiрiн меншiктеп бередi. 

      10. Уәкiлеттi орган тiркелген кезден бастап электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiне мәлiметтердi енгiзу үшiн тiркеу өтiнiмдерiнiң көшiрмелерiн мемлекеттiк техникалық қызметке үш жұмыс күнi iшiнде жiбередi. 

      11. Мемлекеттiк техникалық қызмет электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiне электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер туралы тиiстi мәлiметтердi бес жұмыс күнi iшiнде енгiзедi. 

      12. Уәкiлеттi орган электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер тiркелген кезден бастап он бес жұмыс күнi iшiнде тiркеу туралы куәлiктi бередi. 

      13. Тiркеу өтiнiмдерi тиiсiнше ресiмделмеген жағдайда уәкiлеттi орган оларды алған кезден бастап он бес жұмыс күнi iшiнде осы тiркеу өтiнiмдерiн қайтару себептерiн көрсете отырып, электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердiң меншiк иесiне немесе иеленушiсiне қайтарады. 

      14. Электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердiң меншiк иесi немесе иеленушiсi қайтарылған тiркеу өтiнiмдерiн алған кезден бастап ескертпелердi түзейдi және оларды уәкiлеттi органға тiркеу үшiн қайтадан енгiзедi. 

      15. Электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердiң меншiк иесiнiң немесе иеленушiсiнiң тiркеу өтiнiшiн қайта қарау осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 

      16. Уәкiлеттi орган электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердiң меншiк иесiнен немесе иеленушiсiнен электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу кезiнде тiркеу деректерiнiң құрамын немесе мазмұнын нақтылау үшiн қажеттi электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы қосымша ақпарат сұрата алады. 

      17. Тiркеу үшiн қажеттi электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер туралы қосымша ақпаратты беру туралы сауалды алған кезде, электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердiң меншiк иесi немесе иеленушiсi тиiстi сауалды алған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде жан-жақты жауапты ұсынады.


       Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.07.10. N 178-IV Заңымен.

      24-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық


               жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу

      1. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзудi уәкiлеттi орган қамтамасыз етедi және мемлекеттiк техникалық қызмет жүзеге асырады. 

      2. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiне ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәлiметтердi, кейiннен осы мәлiметтердi жаңарта отырып енгiзудi қамтиды. 

      3. Тiркелген электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердiң меншiк иесi немесе иеленушiсi жыл сайын 30 наурыздан кешiктiрмей, уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң жаңартылғаны туралы не жаңартудың жоқтығы туралы, не пайдаланудың тоқтатылу себебiн дәлелдi түрде жаза отырып пайдалану тоқтатылғаны туралы уәкiлеттi органға хабарлама бередi. 

      4. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiне электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы жаңартылған мәлiметтердi енгiзу электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады. 

      5. Жаңартылған өтiнiм немесе электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйенi пайдаланудың тоқтатылуы туралы хабарлама белгiленген мерзiмде ұсынылмаған жағдайда, уәкiлеттi орган оның меншiк иесi немесе иеленушiсiне мәлiметтердi жаңарту қажеттiгi туралы тиiстi ресми сауал жiбередi. 

      6. Уәкiлеттi орган электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйенi пайдаланудың тоқтатылуы туралы хабарламаны алғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде осы электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйенi тiркеу туралы куәлiктi керi қайтарып алуды жүзеге асырады және мемлекеттiк техникалық қызмет электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiне тиiстi өзгерiстер енгiзудi он күн мерзiмде қамтамасыз етедi. 

      7. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiндегi мәлiметтер, қолжетiмдiлiгi шектелген электрондық ақпараттық ресурстары жоқ бөлiгiнде, жалпыға бiрдей қолжетiмдi болып табылады және Интернет желiсiнде орналастырылуға тиiс.


       Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.07.10. N 178-IV Заңымен.

      25-бап. Депозитке беру және депозитарийдi жүргiзу

      1. Депозитарийдегi ақпараттық жүйелердiң бағдарламалық өнiмдерiнiң, бағдарламалық кодтарының және нормативтiк-техникалық құжаттаманың даналарын сақтау оларды есепке алудың бiрыңғай жүйесiн құру, меншiк иесi немесе иеленушiсi сатып алған бағдарламалық өнiмдi жоғалтқан жағдайда оны ауыстыруды қамтамасыз ету, пайдаланушыларды бағдарламалық өнiмдер мен оларды әзiрлеушiлер туралы хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттiк органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады . 

      2. Бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтарды және нормативтiк-техникалық құжаттаманы жинау, жүйелеу, жинақтау мен сақтау және Қазақстан Республикасының бағдарламалық өнiмдерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу депозитарийдiң негiзгi мiндеттерi болып табылады. 

      3. Қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын бағдарламалық өнiмдер, бағдарламалық кодтар және нормативтiк-техникалық құжаттама депозитарийде мiндеттi түрде мемлекеттiк есепке алынуға, тiркелуге және сақталуға тиiс. 

      4. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде тiркелген бағдарламалық өнiмдер мiндеттi түрде депозитке берiлуге тиiс. 

      5. Депозитарийдiң қалыптастырылуы мен жүргiзiлуiн, сондай-ақ бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық кодтардың және нормативтiк-техникалық құжаттаманың сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етудi мемлекеттiк техникалық қызмет жүзеге асырады. Мемлекеттiк техникалық қызметтiң депозитарийде сақталатын бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтарды және нормативтiк-техникалық құжаттаманы өзгертуге және (немесе) үшiншi тұлғаларға беруге құқығы жоқ. 

      6. Мемлекеттiк техникалық қызмет бағдарламалық өнiмнiң меншiк иесiнiң өтiнiмi бойынша депозитарийдi жүргiзген кезде бағдарламалық өнiмнiң көшiрмелерiн: 

      1) депозитке берiлген дананың электрондық жеткiзушiсiнiң жарамдылық мерзiмi өтiп кеткен жағдайда бағдарламалық өнiмдi мұрағаттау немесе оның сақталуын қамтамасыз ету; 

      2) бағдарламалық өнiм жоғалған, жойылған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда бағдарламалық өнiмнiң түпнұсқасын ауыстыру үшiн дайындауы мүмкiн. 

      7. Уәкiлеттi орган депозитарийдiң жүргiзiлуiн тексерудi жылына кемiнде бiр рет жүзеге асырады. 

      8. Ақпараттық жүйе, бағдарламалық өнiм, бағдарламалық код және нормативтiк-техникалық құжаттама депозитке берiлуге тиiс. 

      9. Ақпараттық жүйе: 

      1) авторлық құқықтармен қорғалғандарынан басқа, ақпараттық жүйенiң бастапқы бағдарламалық кодтары;

      2) ақпараттық жүйелердiң инсталляциялық пакетi;

      3) қажет болған жағдайда меншiк иесi немесе иеленушiсi айқындайтын қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету

      4) ақпараттық жүйенiң аңдатпалық немесе жарнамалық сипаттамасы;

      5) нормативтiк-техникалық құжаттама - ақпараттық жүйенiң ерекшелiгi, сипаттамасы, сынақ бағдарламасы мен әдiстемесi, пайдалану құжаттамасы; 

      6) меншiк иесiнiң немесе иеленушiсiнiң қалауы бойынша басқа да бағдарламалық құралдар мен құжаттар құрамында депозитке берiлуге тиiс. 

      10. Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi құруға арналған ақпараттандыру саласындағы тұжырымдамалар, бағдарламалар, нормативтiк-техникалық құжаттама уәкiлеттi органның салалық бағалауымен бiрге депозитарийге берiледi.


       Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 178-IV,  2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      26-бап. Ақпараттандыру саласындағы сәйкестiктi растау

      1. Ақпараттандыру саласындағы сәйкестiктi растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

      2. Сәйкестiгi мiндеттi растауға жататын ақпараттандыру саласындағы өнiм ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттермен айқындалады. 

      3. Шет мемлекет берген сәйкестiктi растау саласындағы құжат мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнде халықаралық шарттарға сәйкес деп танылған жағдайда, оның Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп есептеледi.

      27-бап. Ақпараттық жүйелердiң аудитi

      1. Ақпараттық жүйелердi құру, енгiзу және пайдалану кезеңiнде осы жүйелердiң меншiк иелерiнiң және (немесе) иеленушiлерiнiң бастамасы бойынша ақпараттық жүйелердiң аудитi жүргiзiлуi мүмкiн. 

      2. Құпиялы мәлiметтердi беру шарттары аудит жүргiзуге арналған шартта айқындалады. 

      3. Ақпараттық жүйелердiң аудитiн жүргiзу жөнiндегi шығыстарды ақпараттық жүйенiң меншiк иесi және (немесе) иемденушiсi мен әзiрлеушiсi арасындағы келiсiлген шешiм бойынша айқындалған тарап көтередi.

      4. Аудиттi жүргiзудi ақпараттық технологиялар саласында арнайы бiлiмi мен жұмыс тәжiрибесi бар адамдар уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.


      Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

6-тарау. "ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКIМЕТ" АЯСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДIҢ ӨЗАРА IС-ҚИМЫЛЫНЫҢ ТӘРТIБI

      28-бап. "Электрондық үкiметтi" қалыптастыру шарттары

      Қазақстан Республикасында "электрондық үкiметтi" қалыптастыру: 

      1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдары негiзiнде "электрондық үкiметтi" iске асыру жөнiндегi мемлекеттiк органдармен келiсiлген шешiмдер қабылдау; 

      2) мемлекеттiк органдарда ақпараттандыру жөнiндегi бөлiмшелер құру. Мемлекеттiк органдар осындай бөлiмшелер болмаған жағдайда ақпараттандыру саласындағы операторға тиiстi инфрақұрылымды құру және дамыту кезiнде ақпараттандыру саласында ақпараттандыру саласындағы оператордың шарттық негiзде қызметтер көрсетуi туралы ұсыныстарымен жүгiнуге құқылы; 

      3) уәкiлеттi орган жанынан мемлекеттiк органдардың ақпараттық қызмет жетекшiлерiнiң кеңесiн құру; 

      4) ақпараттандыру саласындағы оператордың "электрондық үкiметтiң" базалық құрамдас бөлiктерiн техникалық сүйемелдеуi сияқты шарттар орындалған жағдайда жүзеге асырылады.
      Ескерту. 28-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      29-бап. Электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк


               қызметтер

      1. Электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер олардың көрсетiлу түрлерi бойынша – ақпараттық, интерактивтiк және транзакциялық болып, автоматтандыру дәрежесi бойынша толық автоматтандырылған және iшiнара автоматтандырылған болып бөлiнедi. Қызмет көрсету процесiнде қағаздағы құжат айналымын болғызбайтын, электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет толық автоматтандырылған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет болып табылады. Қызмет көрсету процесiнде қағаздағы және электрондық құжат айналымының реттiлiгiн қамтитын, электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет iшiнара автоматтандырылған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет болып табылады.


      2. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға өтiнiшi пайдаланушылардың сауал салуы негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер қазақ және орыс тiлдерiнде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      30-бап. "Электрондық үкiмет" ақпараттық жүйелерiнiң


               түрлерi

      1. "Электрондық үкiметтiң" ақпараттық жүйелерi олардың мақсаты мен тәртiбiне қарай ведомстволық және ведомствоаралық болып бөлiнедi.

      2. "Электрондық үкiметтiң" электрондық ақпараттық ресурстарын толықтыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк ақпараттық жүйелер ведомстволық ақпараттық жүйелер болып табылады. 

      3. "Электрондық үкiметтiң" ведомствоаралық ақпараттық жүйелерi өзара iс-қимыл жасайтын ведомстволық ақпараттық жүйелер болып табылады.

      31-бап. "Электрондық үкiметтiң" базалық құрамдас
               бөлiктерi

      "Электрондық үкiмет" инфрақұрылымының жұмыс iстеуi базалық құрамдас бөлiктердi құруға негiзделедi және оларға: 

      1) электрондық қызметтер көрсету арқылы ведомстволық ақпараттық жүйелермен интеграцияланған "электрондық үкiметтiң" веб-порталы және шлюзi; 

      «2) «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi;

      3) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының бiрыңғай көлiк ортасы; 

      4) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi; 

      5) "Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесi; 

      6) ашық кiлттердiң инфрақұрылымы;

      7) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының электрондық құжат айналымының бiрыңғай жүйесi жатады.
      Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      32-бап. "Электрондық үкiметтi" қалыптастыру кезiндегi



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет