АҚпараттық-білім беру орта ретінде электрондық ОҚулықтар негізінде оқыту тұжырымдамасы



Дата23.07.2016
өлшемі54.94 Kb.
#216757
АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМ БЕРУ ОРТА РЕТІНДЕ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Қазіргі заман мектептеріндегі оқу үрдісін технологияландырудың көкейкестілігі білім беру субъектілерінің инфокоммуникациялық өзара қатынасы ретінде ақпараттық қоғамда білім берудің жаңа парадигмасына өтуге себеп болды. Бұл парадигманы жүзеге асыру мектептерді компьютерлендіру мен интернеттендірумен, бағдарламалық және контенттік жабдықталуға сәйкес оларды электрондық инфраструктурамен қамтамасыз етумен, ең бастысы, кіріктірілген заманауи жетістіктердің негізінде педагогика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы кәсіптік қызметке мұғалімдерді даярлау жағдайында мүмкін болады.

Осыған байланысты бүгінде бүкіл әлемдік педагогикалық қалың көпшіліктің назары материалдық негізін электрондық оқулықтар құрайтын оқытудың жаңа электрондық түріне көңіл бөліп отырғаны белгілі1. Электрондық оқыту құралдары интерактивті тақталар, мультимедиалық лингофондық кабинеттер (МЛК), интерактивті пәндік кабинеттер, электронды оқу залдары, үйдегі дербес компьютерлер болып табылады. Әрине, мектептерде электрондық оқытуды іске асырудың идеалды шарттары болған болар еді «1 компьютер – 1 оқушы» немесе, маңыздырақ, «1 пән кабинеті – 1 компьютерлік мультимедиалық сынып». Бірақ, қолайлы жағдайы төмендеу жағдайларда да жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Біз, электрондық оқулықтарды оқытудың кезекті техникалық құралы ретінде немесе қосымша дидактикалық материал, оқу құралы, оқу-әдістемелік кешен ретінде қарастыру тәсілдерін қолдамаймыз.

Біздің көзқарасымыз бойынша, электрондық оқулық бір жағынан, мұғалімдер мен оқушыларға, ата-аналарға да арналған бірыңғай ақпараттық-білім беру ортаны, екінші жағынан – білім беру үрдісінің субъектілерінің қашықтан интербелсенді өзара әрекет етуі ретінде электронды оқыту технологиясын қамтамасыз етеді. Сондықтан жобаның лейтмотиві барлық экспериментке қатысушылардың бірыңғай ақпараттық-білім беру орта ретіндегі электрондық оқулықтарға қатынасын қалыптастыру болып табылады.

ҰАО мен БАПТО-ның эксперименттік мектептерге жіберілген электрондық оқулықтары профессор Г.Қ.Нұрғалиеваның авторлық технологиясы бойынша құрылған және мақсаттан нәтижеге дейінгі өзара байланысты компоненттердің тұтас жүйесінде автоматтандырылған оқыту үрдісін қамтамасыз етеді: модуль – гипермәтін – интерактивті тапсырмалар – оқу жетістіктерін бағалау. Олар оқыту үрдісінің міндетті компоненттерін бейнелейді: мотивациялы-мақсатты, мазмұнды, іс-әрекеттік, бағалау-нәтижелі. Бұл барлық кезеңдерді міндетті түрде өту, оқыту технологиясын сипаттайды, ал технология, өз кезегінде мектеп оқушыларының белгілі нәтижеге – жоғары сапалы үлгірім жетістіктеріне жетуін қамтамасыз етеді. Бірақ кез келген технология, сабақта негізгі тұлға болып табылатын мұғалімнің тікелей әдістемелік жетекшілігін талап етеді.

Электрондық оқулықтың негізі модуль болып табылады. Бәрімізге белгілі оқытудың нәтижесі, оқушылардың оқытудың мақсатын танып-білуіне тікелей пропорционалды тәуелділігі болады, ал ЭО-ң модульі мақсатқа бағытталған қызмет атқарады, өйткені жыл бойы оқыған оқу мтериалының мазмұнын және оқыту мақсатын көрнекі және шолу түрінде меңгеруге көмектеседі, мектеп оқушысының жыл бойы меңгеруге тиісті білім жүйесін мұғалім де, оқушы да, ата-аналар да айқын және анық білуіне мүмкіндік береді.

Модуль мемлекеттік білім беру Стандартына сәйкес мемлекеттік құжат ретінде оқу бағдарламасының логикалық-құрылымдық мазмұнын құрайды.

Эксперименттік сыныптарда мектеп оқушыларын оқу материалдарымен алдын ала таныстырудың көптеген әдістемелік формалары мен әдістерін енгізген электрондық оқулықтардың модулімен жұмыс істеу әдістемесі жасалады. Оқытуды, модульді талқылау оқушылардың танымдық мотивациясын белсендіруге және оқу материалын тұтас және жүйелі ұғынуға, білім қызметін сезінуге мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру маңызды.

Модульдің айналасынан «ақпараттық-білім беру ортаның функционалдық түйіні» ретінде барлық оқыту үрдісі бастау алады: атап айтқанда модульден гипермәтінге, тапсырмалар мен тесттерге өтуге болады. Модульге бірнеше рет ену мектеп оқушысына, негізінен «ақпараттар базасы», «мәліметтер базасы», «білім базасы» ұғымдарын береді. Бұл жағдайда біз көкейкесті педагогикалық міндеттерді шешеміз – мектеп оқушыларының ақпаратпен жұмыс істеулерін, оны өз іс-әрекеттерінде жүйелеу, талдау, жобалау әмбебап тәсілдерін қалыптастырамыз. Бір уақытта оқушылардың ақпаратқа, білім алуға деген құнды қатынастары қалыптасады. Атап айтқанда ақпараттық қоғамда бұл қасиеттер болашақ маман үшін маңызды болып табылады.

Гипермәтін оқу бағдарламасы негізінде білім беру мазмұнын игеруге бағытталған. Электрондық оқулықтың гипермәтінінің қызметі – пайдаланушыға кәсіби диктордың мәтінді дыбыстауы арқылы берілген оқу материалының анимациялық түсініктемесі, бейнекөріністер, тарихи және географиялық карталар, негізгі әдебиеттер, мұражай мұрағаттары және т.б. білімдерді игеруге көмектесу. Мұнда есте сақтау мен ойлау қызметтерінің барлық түрлері белсендіріледі, оқушылар түрлі іс-әрекет түрлеріне қосылады.

Мұғалімдердің міндеті – ақпараттық білім беру ортасы ретінде мектеп оқушыларының гипермәтінмен жұмыс істеуін ұйымдастыру, осы ортада оларды бағдарды анықтауға үйрету. Ақпаратты игеру оқытудың ұжымдық та, топтық та және жеке дара сияқты әдістерін қолданып жүзеге асыра алады. Осы кезде қандай әдістемелік тәсілдерді пайдалану және оларды сабақтардың өткізілу барысында қалай үйлестіру – бұл пилоттық жобаға қатысушылардың міндеті.

Интерактивтік тапсырмалар алынған білімдер мен біліктерді бекіту мақсатымен әр түрлі тексеретін жаттығулар әрекеттерінің есебінен оқу материалын қолдану және бекіту процесін автоматтандыру мүмкіндігі болып табылады. Бұл компоненттің басты міндеті оқушы ақпаратты тек енжар қабылдамас үшін, өзі оқу-танымдық іс-әрекетке белсенді түрде қатысуға саяды. Оқыту процесін қарқынды етуге тапсырмалардың алуан түрлі типтерінің есебінен іс-әрекеттің мүмкін болар максимум түрлеріне оқушылардың максимал санын қамту арқылы қол жеткізіледі. Осы кезде еркін қалаушылық атмосфера жасалады: оқушы бұрыс жауап беруден қорықпайды, өйткені электрондық оқулық өз жауаптарын қайталауға және түзету енгізуге мүмкіндік береді. Мектеп оқушылары сабақта тапсырмаларды орындау кезінде мұғалімнің қалып қойғандарға көмекке келуге, жеке сұрақтарға жауап беруге, сабақтың келесі кезеңіне дайындалуға және т.б. уақыты босайды.

Химия, физика және биология бойынша эектрондық оқулықтарда компютердің көмегімен табиғи ғылыми тәжірибелер жасауды қамтамасыз ететін виртуальдық зертханалық жұмыстар бар. Тәжірибелер оқушылар тышқанның көмегімен басқаратын виртуальдық объектілермен жұмыс істеу арқылы жүзеге асады. Объектілердің тізбекті орындалуын (заттардың формаларының, түсінің өзгеруін, «қалдықтың» түсіп қалуын бақылау және т.б.) оқушыларға белгілі бір танымдық нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай жұмыс сезінерлік нәтиже береді, мұндай тәжірибелерді шынайы өткізу үшін мүмкіндік жоқ кезде оқушылардың табиғи-ғылыми тәжірибемен танысуына мүмкіндік береді.

Білімдерді тексеруге автоматтандырылған тестілеудің есебінен қол жеткізіледі, ол оқушылардың оқу жетістіктерінің объективті бағасын береді. Бұл компоненттің педагогикалық мағыздылығы білім алушылардың өзін-өзі адекватты бағалауын қалыптастырады. Оқушылардың білімдік жетістіктерін бағалауға көп уақыт жоғалтпастан ата-аналардың өздері қатысуға шынайы мүмкіндік пайда болады.

Электрондық оқулықтарды құрастырудың барлық технологиясы танымдық қызмет пен ойлау қызметін қалыптастырудың ауыспалы кезеңдерін бейнелейді: іс-әрекетпен алдын ала танысу; сыртқы тілдік әрекетті қалыптастыру; ішкі тілдік әрекетті қалыптастыру; ойлау процесінің тереңдігіне өту.

Осылайша, жоба пәндік білім саласы есебімен ақпараттық-білім беру ортада біз жасаған электрондық оқулықтар технологиясы мен оқыту әдістемесінің интеграциясына бағытталған. Ресей академигі З.И. Васильева айтқандай, «...мектеп пен ғылымның алдында тұрған жаңа міндеттерді дайындығы жақсы, тек білімдік және тәрбиелік міндеттерді практикалық сауатты шешуге қабілетті ғана емес және де олардың ғылымдық жасақтамасын жобалауға, жетілдіруге қабілетті мұғалім шеше алады»




1 е-Learning practices. Cases on Challenges Facing e-Learhihg and National Development: Institutional Stadies and Practices / ed.U.Demiray. V.1,2 – Eskisehir-Turkey, Anadolu Uneversity, 2010 – http://www.midasebook.com



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет