3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет1/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
daris



3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 
 
1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе 
 
1-дәріс. Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі. 
Жоспары: 
1. Қазіргі замандағы білім беру. XXI ғасырдағы білім берудің негізгі даму бағыттары. 
2. Білім беру философиясы жайлы жалпы түсінік. 
3. Білім беру құндылық ретінде.Білім беру жүйе ретінде.Білім беру процесс пен іс-әрекет 
ретінде. Білім беру нәтиже ретінде: сауаттылық - білімділік - кәсіби құзіреттілік - мәдениет - діл 
(менталитет).
4. Қазіргі білім беру парадигмасындағы негізгі бағыттар.
Дәрістің негізгі мазмұны 
Ғасырлар тоғысында білім беру ұғымына деген көзқарас әлемдік деңгейде өзгере бастады, 
себебі ол дамыған мемлекеттердің өркендеуінің негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр. 
Сондықтан күні бүгінге дейін педагогикалық категория ретіде саналған «білім беру» ұғымы кең 
мағынада маңызды әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылуда.
Білім беру мәселесімен тек педагогика ғылымы айналыспайды. Білім беруді философия
әлеуметтану, психология, экономика, мәдениеттану тағы басқа әлеуметтік-гуманитарлық 
ғылымдар өз тұрғысынан қарастырып зерттейді. Сондықтан бұл ұғымның ауқымы кеңею үстінде.
Ата-бабаларымыздан асыл мұра болып қалған әлеуметтік тәжірибені, көп жылдық 
мәдениетті сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізе отырып меңгерту білім беру ұғымымен тығыз 
байланысты. Педагогикалық әдебиеттерде «білім беру» ұғымы 18-19 ғасырларда қалыптасып 
(Д.Локк, И.Г.Песталоцци), бүгінде педагогиканың жетекші категорияларының бірі болып 
табылады. 
Заман талабына сай білім беру процессі үздіксіз сипатқа ие болып келеді. Әрине білім беру 
үздіксіз болуы тиіс, себебі қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың жедел дамуына
байланысты алған білімдер тез ескіруде, сондықтан адамзат баласы алған білімін үнемі 
толықтырып, жаңартып тұруы қажет. Білім беру ұғымының мазмұны да өзгерістерге ұшырап, 
жан-жақты кеңейе түсті. Педагогика ғылымында оның бірнеше анықтамалары бар.
- Кең мағынадағы білім беру - жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға және өмірлік жолын 
құзырлы таңдауға мүмкіншіліктерін кеңейтуге бағытталған процесс. (А.Г.Асмолов).
Білім беру дегеніміз жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі қамтылатын оның 
қабілеттіліктері мен мінез-құлқын жетілдіру процессі және нәтижесі (1997) .
- Педагогикалық энциклопедияда білім беру ұғымы – жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін 
жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру процессі. (1999 ж). 
Білім беру – адам, қоғам, мемлекет мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту 
процессі (Сластенин В.А.). 
Осындай және тағы басқа білім беру ұғымына берілген анықтамалардың көптігі оның кең
мағыналылығының, көпқырлылығының, маңыздылығының айқын дәлелі. 
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты - тек білім, білік дағдыларды қалыптастыру емес
сонымен қатар жеке тұлғаның әлеуметтік құнды іс-әрекетке қатысуы үшін өзіне және қоғамға 
қажетті қабілеттерін дамыту. Осы тұрғыдан ойды өрбітетін болсақ, білім беруде тек білімді 
меңгерту, білік пен дағдыларды қалыптастыру жеткіліксіз. Керісінше білім, білік, дағдылар 
арқылы жеке тұлғаның үйлесімді түрде эмоционалды, ақыл-ой, адамгершілік, рухани-құндылық, 
еріктік, дене жағынан толыққанды дамуы маңызды. Білім беру барысында адам мәдени 
құндылықтарды, ғылыми білімдерді меңгереді. Соның нәтижесінде экономиканың, саясаттың, 
ғылымның, мәдениеттің, өнердің дамуына зор үлесін қоса алады.
Білім беру философиясының белгілі теоретигі Б.С. Гершунский білім беру ұғымын 4 
аспектіде қарастыруға болатынын атап көрсетеді: 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет