Ақпараттық хабарлама
«Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Арқа дидары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталында 100% мемлекеттік қатысудың үлесін сату бойынша коммерциялық тендер өткізеді.
Сауда-саттық 2016 жылдың 20 сәуірінде сағат 10.00-де мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында өткізіледі.
Арқалық қаласының коммуналдық меншік нысандарын сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату Ережелеріне (бұдан әрі – Ережелер) сәйкес жүзеге асырылады.
Ұйымның орналасқан жері
|
Қызмет түрі
|
Бастапқы баға, теңге
|
Кепілді жарна, теңге
|
Тендер шарты
|
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы,
35-үй
|
Телебағдарламалар және өзге бейнеөнімдер әзірлеу, өзі жасаған және басқа телекомпаниялардың өнімдерін мемлекеттік және басқа тілдерде телехабарлар ұйымдастыру және дамыту.
|
35 112 333
|
5 266 850
|
Негізгі қызмет бейінінің үш жыл бойы сақтау.
|
Коммерциялық тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттың басталуы бойынша тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.
Коммерциялық тендердi өткiзу барысында жекешелендiру нысаны үшiн ең жоғары бағаға ие болған және тендердiң шарттарын қанағаттандырған қатысушыны тендердiң жеңiмпазы деп анықталады.
Егер тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын және тендер шарттарын қанағаттандыратын болса, онда осы қатысушылардың арасында ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтитын және тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушылардың басқа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады.
Егер тiркелген тендерге қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендiру объектiсi бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықты қоспағанда, тендер өтпеген деп жарияланады.
Егер тендер өтпеген деп жарияланса, сатушы тендердің өткізілмегені туралы актіге қол қояды.
Коммерциялық тендердің жеңімпазы коммерциялық тендер аяқталғаннан кейін электрондық хаттамаға қол қою үшін сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық пошта арқылы хабардар етіледі.
Коммерциялық тендерде сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткізілетін күні сатушы мен коммерциялық тендердің жеңімпазы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.
Коммерциялық тендер кезінде сатушы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушылардың электрондық мекенжайларына коммерциялық тендер нәтижелері туралы электрондық хабарламаны жібереді, оған сауда-саттық нәтижелері туралы хаттаманың электрондық көшірмесі қоса беріледі.
Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама сауда-саттық нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендердiң нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады. Жеңімпазбен жасалған сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.
Егер жеңімпаз коммерциялық тендер нәтижелері туралы электрондық хаттамаға не сатып алу-сату шартына көрсетілген мерзімдерде қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сатушы тендер нәтижелерінің күшін жою туралы актіге ЭЦҚ арқылы қол қояды.
Коммерциялық тендерге қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің атын (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail).
Коммерциялық тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
Коммерциялық тендерге қатысушылар өтінімді мынадай:
1) тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің веб-бетінде арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін бағалық ұсынысты;
2) сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса тіркейді.
Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариатта куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариатта расталған көшірмелерін ұсынады.
Коммерциялық тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:
1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;
2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;
3) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариатта куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
Коммерциялық тендердің жеңімпазы сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге тіркелген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариатта куәландырылған көшiрмелерін ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.
Назар аударыңыз! Тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуына қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауданың өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауданың басталуына екі сағат қалғанға дейін түспеуі негіз болып табылады.
Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны коммерциялық тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.
Сауда қатысушыларын тіркеу хабарлама жарияланған күннен басталады және коммерциялық тендердің басталуына екі сағат қалғанда аяқталады.
Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде мына мекенжацында қол қойылады: Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29-үй, 621-бөлме.
Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, БСН 050540004455, «Казкоммерцбанк» АҚ-дағы № KZ529261501102032004 шотына, БСК KZКОKZКХ, КБе 16, төлем коды 171, енгізіледі.
Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8(71430) 70192.
Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8(71430) 70192 және www.arkalyk-kostanay.kz сайтында.
Техникалық жәрдемінің телефоны 8(7142) 501-887.
Достарыңызбен бөлісу: |