Ақпараттық хабарлама «Қазақстан темір жолы»



Дата01.07.2016
өлшемі47.5 Kb.
#170508
Ақпараттық хабарлама
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 2014 жылы 31 қаңтарда сағат 16:00-де мына мекен-жайда: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 6, «А» блогы №1609 кабинетте аукцион түрінде сауда-саттық өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Ағылшындық әдіс бойынша аукционға «Ақтөбе жол бөлімшесі» - «ҚТЖ» ҰК» АҚ филаиалының теңгеріміндегі Шалқар станциясындағы әскери азық-түлік бөлімшесі қойылады (бұдан әрі – Сауда объектісі).

Сауда объектісінің бастапқы бағасы – 14 877 000 теңге.

Сауда-саттыққа Қатысушы ретінде тіркелу үшін:


  1. сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімді;

  2. жеке тұлғаларға –жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;

заңды тұлғаларға – құрылтай құжаттардың, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің және статистикалық карточканың нотариалды куәландырылған көшірмелерін.

Қазақстан Республикасының резиденті емес зањды тұлғаларына апостилдік құрылтай құжаттарының нотариалды расталған орыс тіліндегі аудармасымен, сауда-саттыққа қатысушының тіркелгендігі және өзінің қызметін шыққан елінің заңдылығына сәйкес жүзеге асыруы туралы салық органдарының сәйкестік анықтамасын тапсырады;



  1. салық төлеушісінің куєлігін растайтыны туралы салық органдарының сәйкестік анықтамасын (резиденттер үшін);

  2. кепілдік соманың енгізілгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін және көшірменің шүбәсіздігін растау үшін төлем құжаттарының түпнұсқасын;

  3. заңды тұлғаларға – уәкілетті өкілге сауда-саттыққа қатысушының атынан сауда-саттыққа қатысуға және құжаттарға қол қоюға құқық беретін сенімхат, уәкілетті өкілдің жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін беру қажет.

750 000 теңге көлемінде кепілдік жарналар мына есеп шотқа енгізіледі: «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның Астана өңірлік филиалындағы РНН 620300245762, БИН 040841005438, ИИК KZ 086010111000031619, БИК HSBKKZKX.

Өтінімдерді қабылдау ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап мына мекен-жайда: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 6, «А» блогы, №1611 кабинетте жүргізіледі және 2014 жылдың 31 қаңтарда сағат 15:00-де аяқталады.

Сауда-саттықта жеңген және сатып алу-сату шартын жасасқан сауда-саттыққа қатысушының кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі болатын төлемдерінің есебіне жатқызылады.

Сауда-саттықты ұйымдастырушы кепілдік жарнаны:



    1. сауда-саттыққа Қатысушыға – сауда-саттық өткізуіне үш күннен астам уақыт қалғанда бас тартқан жағдайда немесе көрсетілген Ережелердің және Қазақстан Республикасының заңдылықтарының ќойылатын талаптарға сай келмейтіндігі туралы анықталғаны жағдайда;

    2. Жеңімпазға - сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан немесе сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан жағдайда;

    3. Сатып алушыға – сатып алу-сату шарты міндеттемелерінің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы жағдайында қайтарылмайды.

Барлық басқа жағдайда кепілдік жарналар сауда-саттық аяқталған күннен бастап 20 банктік күн мерзімнен кешіктірілмей, ал егер ақша «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының шотына сауда-саттықтан кейін түссе, онда ол түскен күннен бастап 20 банктік күн ішінде қайтарылады.
Ағылшындық әдіс бойынша аукционды өткізу жєне жеңімпазды анықтау шартының тәртібі:

Аукционшы сатылатын Объектінің бастапқы бағасын және бағаның өсу қадамын жариялайды. Сауда-саттыққа қатысушы нөмірді көтеруімен бастапқы бағаны, тек қана жарияланған қадамнан кем емеске жоғарлатады. Аукционшы қатысушылардың аукциондық нөмірін жариялайды, бағасын бекітеді жєне оны өсіруді ұсынады. Объект бойынша сауда-саттық барынша жоғары ұсынылған бағаға дейін жүреді. Ең жоғары Объектіні сату бағасын ұсынған сауда-саттыққа қатысушыны Аукционшы жариялайды. Аукционшы сататын Объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды жєне де басќа көтерілген нөмірлер болмаған жағдайда балғаның соғуымен көрсетілген сатылатын Объектінің сатылғаны туралы жариялайды.



Егерде екі қатысушының сатылатын Объектінің бастапќы бағасын кемінде екі қадамға µсірсе ғана сауда-саттық өткізілді деп саналады.
Сауда-саттықты өткізілуі туралы қосымша ақпаратты: 8 (7172) 603-504, 603-520 телефондары бойынша алуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет