Ақпараттық Хат 1 Құрметті әріптестер!



Дата14.06.2016
өлшемі34.66 Kb.
#135579
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ

БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
әл-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТІҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қ.Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ақпараттық Хат 1
Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2011 жылдың 1-5 сәуір аралығында өтетін Қазақстанның ғұлама ғалым- микробиологы, ҚРЖҒҰА академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор АЖАР АХМЕТҚЫЗЫ ЖҰБАНОВАНЫҢ 70-жылдық мерейтойына арналған «Биотехнологиялық зерттеулердің қазіргі жағдайы және жетістіктері» атты Халықаралық ғылыми - практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.


Конференцияның өту уақыты: 1-5 сәуір, 2011 жыл.

Конференцияның өту орны: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.

Қ.Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті.
Конференцияның жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі:

Секция 1. Медицина және ауылшаруашылығына қажетті жаңа биопрепараттарды алу және қолданудың биотехнологиясы.

Секция 2. Экологиялық биотехнология дамуының қазіргі кездегі бағыттары.

Секция 3. Биотехнологиядағы генетикалық әдістері.

Секция 4. Дөңгелек стол «Университеттерде эколог – мамандарды дайындау мәселелері». (жиын 2011 жылдың 1 – ші сәуірінде Қ.Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университетінің Акт залында өтеді).
Конференцияға ғылыми жұмыстар және баяндамалар ретінде теориялық, эксперименталдық және қолданбалы деңгейдегі ғылыми жұмыстар, сонымен қатар ғылыми жаңалықтарды ұсынуға болады.
Конференция жұмысы қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Конференцияның материалдары ғылыми бағыттары бойынша жеке жинақ болып шығады.


  • Конференция материалдарын А-4 форматында, 3 бет компьютерлік мәтін көлемінде, электрондық және басылым түрінде ұсыну қажет;

  • Windows 98/2000/XP; Microsoft Word 2003 программасы бойынша;

  • Шрифттар - Times New Roman, KZ Times New Roman; шрифт мөлшері - 14pt;

  • Қағаз бетінің көлемі: жоғарғы шеті -2 см, төменгі шеті – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1,5 см.

  • Қатар аралық арақашықтық бірлік; абзац – 1 см; мәтін кітаптық, колонтитулсыз және беттердің нөмерінсіз; мәтін көлденең түзілген болуы қажет;

  • Файлға қосымша ретінде (конференцияға қатысуға ұсыныс); файлды өз аты-жөніңізбен атауыңызды сұраймыз (формасы төменде көрсетілген).


Материалдарды әрлеу үлгісі:

УДК 669.712.2

Мақала атауы (бас әріптермен, жартылай қара)

Авторлары 1 Автор, 2 Автор. (мысалы: Абаев А.М., Иванов К.Н.))



(Мемлекет, ұйым)

Мекеме, қала, мемлекет. E.mail (Курсив)


Әдебиеттер тізімі мақаланың соңында пайдаланған ретімен беріледі.
Конференцияға қатысуға ұсыныс
Аты- жөні (толығымен): ____________________________________________________

Оқу немесе жұмыс орны: ___________________________________________________

Қызметі (студенттер үшін курсы), ғылыми дәрежесі және атағы: _______________

Байланыс телефондары:____________________________________________________

Электрондық почта адресі (E.mail): ______________________________________________

Сізге жарияланған материалды салып жіберетін мекен –жайыңыз:_____________

Мақаланың аты:___________________________________________________________

Конференцияның секциясы:________________________________________________

Ауызша баяндама немесе қабырғалық баяндама, тікелей немесе сырттай қатысу

(пленарлық жиында баяндама жасауға ұсынысыңызды білдіріңіз)______________

Баяндамаға қажетті техника құралдарын көрсетіңіз:__________________________

Студенттер – ғылыми жетекшісінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағын көрсетуі

қажет ____________________________________________________________________
Конференцияға қатысу үшін ұсыныс және тезистарды 2011 жылдың 15 - ші ақпанына дейін жіберу қажет:

  1. почталық аударма, тіркелуге қажетті 3000 тенге (20$), студенттерге - 1500 тенге (10$) көлеміндегі төлемді қоса жіберу қажет;

  2. жариялануға арналған материалдарды электронды түрде (флешкада немесе электрондық почтада);

  3. материалдарды, баяндамаларды, ұсыныстар және почталық аударма квитанциясының көшірмесін электрондық почта арқылы жіберуге болады, квитацияның түп нұсқасын жарияланған материалды алу кезінде ұсынылады;

  4. электрондық почта адресі: E.mail:A_Gulzhamal@mail.ru,

E.mail: Ramza@ mail.ru

Почталық салымды, ұсыныс және материалдарды мына адрес бойынша жіберу қажет: 050038, Алматы қаласы, аль-Фараби даңғылы 71, 6 корпус.

Ақшалай аударылымдарды мына есеп шотқа жіберу қажет:

«Қазақстан Халык Банкі» АҚ

Счет № 4402573560581763 – тенгелік есеп («Қазақстан Халык Банкі» АҚ банкоматтары арқылы аударылымдар)

немесе мына мекен – жайы бойынша ақшалай: 050038, Қазахстан Республикасы, Алматы қаласы, аль-Фараби даңғылы, 71 (әл- Фараби атындағы ҚазҰУ), Биология факультеті, БОК-6, 505 бөлме.



Ақпараттық телефон: Тел.: 8(727) 377- 33 - 34 (ішкі 12-11)

E.mail:A_Gulzhamal@mail.ru

E.mail: Ramza@ mail.ru

E.mail А.А. Жубановой: Azhar_1941@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет