ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
«Қаржы, есеп, басқару және туризм салаларындағы
заманауи экономикалық мәселелер»
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
Құрметті әріптестер!
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультеті 2016 жылдың 7-ші сәуірінде университет пен факультеттің 20-жылдығына орай «Қаржы, есеп, басқару және туризм салаларындағы заманауи экономикалық мәселелер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуді жоспарлайды.
Конференцияның мақсаты: отандық және шет мемлекеттердің экономист-ғалымдарының қатысуымен қазіргі заманғы жаһандану мен экономикалық тұрақсыздық шартында ұлттық экономиканың салалары бойынша мәселелерін айқындау және талқылау, сонымен қатар келешектік дамуына баға беру.
Конференцияны өткізу шеңберінде материалдардың электронды жинағы жарияланады, мақалаларды жариялау – тегін. Конференция өткізу нысаны – бетпе-бет түрде талқылау.
Материалдардың электронды жинағы конференция өткеннен кейін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің сайтында қолжетімді болады: http://www.enu.kz (Ғылым/ Конференция жинақтары).
Конференцияда келесідей секциялар жұмысы жоспарланып отыр:
-
1-секция. Қазіргі заманғы экономикалық жағдайдағы туризмнің жайғастырылу стратегиясы;
-
2-секция. Индустриялды-инновациялық даму және заманауи шарттарда Қазақстанды дағдарысқа қарсы басқарудың жаңа тәсілдемесі;
-
3-секция. Қаржылық жаһандану шартында қаржы мен бухгалтерлік есептің дамуы.
Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Мақаланы рәсімдеу талаптары:
-
Ғылыми және қолданбалы мағынадағы, аталған бағыттарға сәйкес және бұрын жарияланбаған жұмыстар қабылданады.
-
Мақалалар көлемі 5 бетке дейін, А4 форматында орындалады.
-
Мәтін MS Word бағдарламасында, шрифт Times New Roman, кегль – 14, аралық (интервал) – дара (1), шегініс 1 см, барлық жағынан 2 см; мәтін – енінен орналасады, сөздерді бөліп жазуға және беттерді нөмірлеуге болмайды.
-
Мақала мәтіні тексерілуі қажет және ол қатесіз болуы тиіс. Авторлық жарияланымда басылады. Бір авторға екі жұмысқа дейін (соның ішінде бірлескен авторлық) мақалаларын жариялауға мүмкіндігі бар.
-
Мақаланың атауы бас әріптермен, толық шрифтпен ортаға, нүктесіз орналасады.
-
Мақаланың атауынан кейін ортада бір интервалдан соң толық курсивпен автор(лар)дың аты-жөні кіші әріппен жазылады.
-
Одан төмен, ұйымның толық атауы, қала, мемлекет, e-mail жазылады.
-
Ғылыми жетекшінің мәліметтері: ғылыми дәрежесімен атағы, тегі, аты-жөні.
-
Одан кейін 2 интервал арақашықтықтан соң мәтін орналасады.
-
Мәтінде әдебиетке деген сілтемелер сөйлемнің соңында тік жақшада көрсетіледі.
-
Әдебиет жалпы тізім түрінде рәсімделуі тиіс. Әдебиеттің нөмірленуі – рет бойынша тізбекті түрде.
Конференция материалдары 2016 жылдың 27-шы наурызына дейінгі мерзімде конференцияның ұйымдастыру комитетіне электрондық пошта арқылы немесе қолма-қол түрде қатысушының өтінішін (ұсынылған үлгі бойынша) және басылым мәтінін электронды және қағаз түрлерінде тапсыру қажет. Жіберілген жұмыс конференцияның редакциялық алқасына тапсырылады және қабылданған соң автордың электрондық поштасына мақаласын басылымға шығару шешімі жіберіледі. Мақаланы қайтарған жағдайда редакциялық алқа шешімінің нақтыланған жауабы жіберіледі.
Тіркеу шарттары:
Конференцияға қатысу үшін өтінімдерді 2016 жылдың 27-шы наурызына дейінгі мерзімде электрондық пошта арқылы немесе Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, ОЛК, 612 кабинетіне қолма-қол түрде келесі үлгіде тапсырылуы қажет:
«Қаржы, есеп, басқару және туризм салаларындағы
заманауи экономикалық мәселелер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысу өтініші
1
|
Аты-жөні (тегі)
|
|
2
|
Мемлекет, қала
|
|
3
|
Жоғары оқу орны
|
|
4
|
Секцияның нөмірі мен атауы
|
|
5
|
Мақала атауы
|
|
6
|
Ғылыми жетекшісі (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі)
|
|
7
|
Байланыс телефоны, электронды адресі
|
|
8
|
Қажетті техникалық құралдар
|
|
Конференцияға қатысу шарттары:
-
көрсетілген мерзімде өтінішпен мақаланың мәтінін салып жіберу қажет;
-
іссапар шығындары: конференцияға қатысушының өз есебінен;
-
мақалалар ұйымдастыру комитеті тарапынан тіркелген файл арқылы қабылданады (формат *.doc) электрондық пошта арқылы: kf_20let_enu@mail.ru
Қосымша ақпаратты келесі мекен-жай бойынша алуға болады:
Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қажымукан көшесі 11, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқу-зертхана ғимараты (ОЗҒ), 612 кабинет.
Байланыс телефоны: 7(7172) 709-500 / іш: 32-239, 32-500/,
ұялы тел. 87771140320 (Айгерим Нурлыбековна), 87026335553 (Назерке), 87472804917 (Мөлдір).
Жауапты тұлға - Бакирбекова Айгуль Макулбековна – экономика факультетінің ғылыми жөніндегі деканның орынбасары.
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ
ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
Трушева Ш.А.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.,
Қазақстан Республикасы
E-mail: trusheva@mail.ru
Ғылыми жетекші: э.ғ.д., профессор Сыздықбаева Б.Ұ.
Мәтін………………………………………………………………………………………………………[1].
Әдебиет:
1 Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма: учебник. - Мн.: Новое знание, 2005. - 288 с.
2 Дементьев С. Плюсы и минусы большого выбора // Турбизнес. – 2012. - №8. – С. 79 – 85.
3 Билялова К.Н. Мероприятия по развитию конгрессного туризма как основной составляющей MICE-туризма // Сб. тр. Междунар. науч. конф. молодых ученых «Устойчивое развитие и «зеленая экономика» в Республике Казахстан: состояние и перспективы» под эгидой VIII Астан. эконом. форума, 21 мая 2015г. - Астана: ЕНУ, 2015. – Ч.2. - С.238 -242.
Достарыңызбен бөлісу: |