Ақпараттық хат Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, психология және педагогика факультеті мен мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасы «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



Дата03.07.2016
өлшемі53.4 Kb.
#175015



Ақпараттық хат
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, психология және педагогика факультеті мен мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасы «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша болашақ мамандарды даярлауға бағытталған «Бастауыш мектептегі сабақтардың мультимедиялық жабдықталуы» тақырыбындағы студенттік жұмыстардың дистанциондық сайысына қатысуға шақырады.

Сіздің жоғары оқу орныңыздың (колледждің) өкілін сайысқа қатысуға шақырамыз.


Жоба атауы
«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша болашақ мамандарды даярлауға бағытталған «Бастауыш мектептегі сабақтардың мультимедиялық жабдықталуы» тақырыбындағы студенттік жұмыстардың дистанциондық сайысы
Сайысты өткізу мақсаты
Бакалаврларды даярлаудың сапасын жетілдіру, болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тұлғалық шығармашылық мүмкіндігінің белсенділігін арттыру, студенттің таңдап алған мамандығына деген қызығушылығын арттыру, дарынды жастарды анықтау.
Сайысқа қатысушылар
Сайысқа педагогикалық жоғары оқу орнының, колледждердің 3-4 курс студенттері қатысады. Жоғары оқу орны (колледж)-қатысушы өздерінің студенттік-авторлық тобын, олардың сайыс материалдарының жинағын және сайыстың әділ-қазысына бір экспертін ұсынады (бланкі берілген).
Өткізу мерзімі және түрі
Сайыс материалдарын жинақтау 2013 жылдың «15» наурызына дейін сыртай түрде жүргізіледі. Эксперттік комиссия жұмысы 5 сәуірден 15 сәуірге дейін. Қорытындысын шығару 2013 жылдың 15 сәуірі мен 20 сәуір аралығында болады.
Сайыс тапсырмасының сипаттамасы
Сайыс материалдарының жинағы екі бөлімнен тұрады: бастауыш мектептегі кез келген оқу пәні бойынша сабақтың жоспар-конспектісі және оның мультимедиялық жабдықталуы (10 слайд!). Қалыптандыру мақсатында тапсырма мазмұны оқытудың қазақстандық бағдарламасының үшінші және төртінші сыныптарына арналған бастауыш білім берудің ОӘК бойынша орындау ұсынылады. Сайысқа арналған презентация 2007 немесе 2010 Power Point бағдарламасында орындалуы қажет.
Сайыс материалдары жинағының құрылымы:


  1. Бастауыш мектептің 3 немесе 4 сыныбының кез келген оқу пәні бойынша сабақтың жоспар-конспектісі, мына типтік сызбада құрастырылған: қатысушының Т.А.Ә. (толық), білім беру мекемесінің атауы, оқу курсы, кафедра атауы, сынып, оқулық, тақырыбы, сабақ мақсаты мен міндеттері, сабақ түрі, құрал-жабдығы, презентация слайдысы көрсетілген сабақ барысы;

  2. Сабақтың мультимедиялық презентациясы (атауы, анимациялық тиімділігі, тарамдалу жаңалығы, дауысы, түсі, ақпарат мазмұны, слайдтағы ақпарат көлемі, ақпаратты көрсету тәсілі, қаріп және т.б.).


Жинаққа қойылатын талаптар


  1. Ақпараттық өзара әрекеттестік қағидасын іске асыру (мұғалім – ақпарат – оқушы).

  2. Білім беру үрдісі барысында кері байланысты ұйымдастыру.


Мультимедиялық презентацияға қойылатын талаптар

PowerPoint






Талаптар

Стилі


  • Безендірудің біркелкі стилін сақтау.

  • Презентацияның өзінен алаңдататын стильден аулақ болу.

  • Көмекші ақпараттар (басқарушы тетіктер) негізгі ақпараттардан (мәтін, суреттер) басым болмауы қажет.

Фоны


  • Фоны үшін неғұрлым суық реңдерді таңдаңыздар (мысалы, көк немесе жасыл).

  • Ала-құла фон болмауы қажет.

Түстерді қолдану


  • Бір слайдта үш түстен артық емес түстерді қолдану ұсынылады: біреуі фоны үшін,

  • біреуі тақырыбы үшін,

  • біреу мәтін үшін

  • Фоны мен мәтін үшін қарама-қарсы түстерді қолданыңыз.

  • Сілтемелердің түстеріне ерекше көңіл аударыңыз (қолданғанға дейін және кейін).

Анимациялық тиімділігі


  • Ақпаратты слайд арқылы ұсыну үшін компьютерлік анимация мүмкіндігін қолданыңыз..

  • Әр түрлі анимациялық тиімділікті асыра қолданудан сақ болу, олар слайдтағы ақпарат мазмұнынан көңілді аудармауы қажет.

Ақпарат мамұны


  • Қысқа сөздер мен сөйлемдер қолданыңыз.

  • Сөйлемдерде түрлі қосымшалар, үстеулер, т.б. аз қолданыңыз.

  • Тақырыптар тыңдаушылар көңілін аударып қызықтыратындай болуы қажет.

Ақпараттың бетке орналастырылуы


  • Ақпараттың көлденеңінен орналасуы құптарлық.

  • Аса маңызды ақпарат экранның ортасына орналастырылуы қажет.

  • Иллюстрациялардың атауын жазу.

Қаріптер


  • Тақырып үшін – 28 кем емес.

  • Ақпарат үшін – 24 кем емес.

  • Кертіксіз қаріптер алыстан оқуға оңай.

  • Бір презентацияда қаріптердің әр түрін араластырмау қажет.

  • Ақпаратты ерекшелеу үшін қою түсті, курсив немесе асты сызылған қаріпті қолданған дұрыс.

  • Бас әріптерді сақтықпен қолдану (олар кіші әріптерден нашар оқылады).

  • Мәтін анық көрініп тұруы қажет. Қарама-қарсы үйлесімділікті қолданыңыз.

Ақпараттарды ерекшелеу тәсілдері


  • Қолданған лазым:

Жиектеуді

Бояуды


Қаріптердің түрлі түстерін

Сызықтарды

Бағыттарды


  • Аса маңызды мәліметтерді иллюстрациялау үшін суреттер, диаграммалар, сызбалар

Ақпарат көлемі


  • Бір слайдты өте көлемді ақпаратпен толтырып керек емес: адамдар бір уақытта небары үшеуден артық емес мәліметті, ұғымды, анықтаманы ғана есте сақтай алады.

  • Егер басты, маңызды мәселелер жеке слайдта бір-бірден берілсе, сонда біршама тиімді болады.

Тарамдалу жаңалығы

  • Сіздің презентацияңыздың барлық бөлімдерінің мазмұнына сілтеменің барлығы.

  • Басқарушы тетіктердің барлығы.

Даусы

  • Барлық презентацияны дауыспен жабдықтау. Егер қажет болса.

Слайд түрлері


  • Әр түрлілікті қамтамасыз ету үшін слайдтардың әр түрлерін қолдануға болады:

мәтінмен;

кестемен;

диаграммалармен;

анимациялармен.





Ақпараттық қолдау үшін мәлімет
Қостанай мемлекеттік педагогикалық интитуттың мекен-жайы: 110000, Қостанай қаласы, Таран көшесі, 118.

Тел.: 8 (7142) 54-24-09, ішкі 124, 217 – мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасы.

Кушмурзина Даметкен Хажмухановна (мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі).

Мукалиева Баян Хамзовна (мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасының аға оқытушысы).

Султанбекова Жадыра Хамитбековна (мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасының аға оқытушысы).

Сайысқа қатысушы мен оның кеңес берушісі көрсетілген сайыс материалдарын мына электрондық мекен-жайға 25 наурызға дейін жіберулеріңізді сұраймыз: dametken1201@mail.ru «Дистанциондық сайыс» белгісімен.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет