ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер, қонақтар!
Сіздерді «Қазақстан Республикасындағы Тіл саясаты және ономастикалық кеңістік» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысуға шақырамыз.
Дөңгелек үстел 2015 жылдың 13 қарашасында өткізіледі.
Талқыланатын мәселелер:
-
Қазақстан Республикасындағы тілдік саясат және ономастика мәселелері
-
Құқықтық-нормативтік жүйе аясындағы қазақстандық ономастика
-
ҚР ономастикалық комиссиясының соңғы онжылдықтағы атқарған жұмыстары
-
Қазақстанның ономастикалық кеңістігіне әсер етуші мәдени-тарихи, саяси, әлеуметтік-экономикалық факторлар
-
ҚР-дағы мемлекет және тіл саясаты, ономастика мәселелері
Дөңгелек үстелге қатысу: іштей.
Дөңгелек үстел жұмысына қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне:
-
қатысуға өтінім;
-
баяндама мәтінін жолдау қажет.
Жұмыс тілі: қазақ, орыс.
Дөңгелек үстел материалдары бойынша жинақ шығарылады.
Ұйымдастыру комитеті өтінім мен 5-7 бет көлеміндегі мақаланы 2015 ж. 1 қарашаға дейін қабылдайды. Ұйымдастырушы тарап баяндамаларды іріктеуге құқылы.
Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар: А4 форматымен, Times New Roman шрифтімен, 14 мөлшерінде, 1 интервалмен, барлық жағынан 2 см, азатжол – 1,0 см қалдырылып жазылуы тиіс. Тырнақша «» түрінде белгіленеді. Мысалдар курсивпен беріледі. Мақала аты ортада қою, бас әріппен жазылады. Бір интервал қалдырып, оң жағына автор(лар)дың аты-жөні және қызмет орны, e-mail көрсетіледі. Сілтеме тік жақшаның ішінде жазылады [5, 123]. Пайдаланылған әдебиеттер алфавиттік жүйемен беріледі. Мақала аннотациясы, кілт сөздер 2 тілде жазылады (мәтін қазақ тілінде болса, орыс, ағылшын тілдерінде).
Өтінім мен мақала жіберілген файлда қатысушының тегі көрсетіледі:
Ахметов_мақала, Ахметов_өтінім.
Мақаланы безендіру үлгісі:
Тіл және саясат: өзара арақатынас мәселелері
Ахметова А.А.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
ahmetov_a@yandex.ru
Мәтін………………….
Әдебиет:
-
Мәметов С. Мемлекеттік тіл: кеше және бүгін. – Алматы, 2012. –200 б.
ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
Қатысушының толық аты-жөні
Жұмыс орнының толық атауы, қызметі
Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі
Мекен-жайы
e-mail
Телефон (үй, ұялы)
Баяндама тақырыбы
Дөңгелек үстел материалдарының жинағына мақала жариялаймын деушілерге: жарияланым бағасы – 3000 теңге (Халық банкі. 4402 5735 5513 7779 ИИН 790116400901 Каирова М.К., төлем квитанциясының сканерленген көшірмесін kairova_mk@mail.ru эл.поштасына жіберу қажет. Байланыс тел.: 8 701 324 14 97)
Дөңгелек үстелге қатысушылардың жол қаражаты жіберуші ұйымның есебінен төленеді.
Байланыс: 010008, Қазақстан, Астана қаласы, Қажымұқан көшесі 11, оқу-зерттеу ғимараты. . Тел.: Тел.: 709-500 (32-300, 32-311).
Өтінім мен мақала төмендегі электронды адрес бойынша қабылданады:
asel--82@mail.ru
Дөңгелек үстел туралы ақпарат Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің http://ff.enu.kz/ ресми сайтында орналастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |