Үзіліп түскен бір түйме



Дата09.07.2016
өлшемі43 Kb.
#186910
Үзіліп түскен бір түйме
Өмірдің ағысы мен үйреншікті ауанына үйреніп алғаның сондай, кейде айналаңдағы тыныс-тіршіліктегі, өмірдегі аралас-құраластағы, таныс-бейтаныстарыңдағы өзгерістер мен қарым-қатынасқа мән бере бермейсің. Мүмкін соның барлығын жадыңда сақтап қажеті де жоқ шығар. Алайда өкінішті бір жайлардан кейін сол өміріңе елеусіз араласып, көңіліңе дидар-ғайып бейнесінің суретін қалдырып кеткен адаммен кездескен сәттерді еске алған сәттерде Тайыр Жароковтың:

Жан сүйер сөз саулықта,

Айтыла бермейді екен ғой.

Жандарыңды жай уақта,

Азырақ ұққан екем ғой,-

деген өлең жолдары ойға оралады.

Мүсілім туралы осы жолдарды жазу кезінде мен де сондай күйді басымнан кешіп отырмын. Сыралғы болатындай замандасы емеспін, бірақ пікір алысқан аз уақыттың аясында мені өз ойын сеніп айтатын ағасының бірі ретінде қабылдады-ау деймін. Екі-үш мәрте Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйінде оңаша сөйлесіп, ой бөлістік. Көбіне ол сұрап, мен жауап берген сиқтымын. Өйткені сол кезде алаш ардагерлерінің өмірі туралы архив деректерін зерттеп жүргендігімнен шығар, маған үнемі солар туралы сауалдар қоятын.

Қалай екенін білмеймін, сол танысқан кезде де, өзімсіне өзіме тартқан тұста да, мен одан Еріктің «ірілене» (Ерік Асқаровқа солай деп қалжыңдаушы едім, ол да марқұм болды. Жалған-ай десеңші) бастаған шағындағы мінездерін аңғарған едім. Ол өзін маған: сол уақытқа дейін өмірден өз орынын іздеп келген, енді ғана соның мағынасын тауып, бағыт-бағдарын анықтаған ересек жігіт ретінде таныстырды. Оның бұл мінезінен - мақсаты айқындалған соң ойлаған ісін қуатты жігермен қауырт, еш қаперсіз, кеудесінің жалын табын суытпай тез атқаруға ұмтылған тура беттілік байқалатын. Сырт тұлғасынан да, сөйлеген сөзінен де, пікірлерінен де ешбір қауіп-қаперсіз, қазақша ораммен айтсақ, тәубесіз сенімділіктің нышаны білінетін.

Тіпті жазған жазуынан да соның табы сезіліп тұратын.

Мағжанның «Батыр Баян» мен «Қойлыбайдың қобызы» дастандарының тарихи сипаты туралы мақалаларын оқып шыққан соң мен өзімнің бұл пікірімді оған ашық айттым. Сонда ол өзінің ойларын қағазға тез түсіретінін, ал оны салмақтандырып, дәлелдерін толықтырып, пайымдауларын негіздеп, жазу мәнерін әрлеуге кейіндеп кірісетінін, қазір өзінің қолынан жазу келетіндігін көрсетіп, Мағжан туралы тақырыпты түпкілікті бекітіп алуының қажеттілігін айтты. Содан бастап мақалалары бірінен кейін бірі жарық көрді. Әр көрген сайын шрығып келе жатқаны, тіпті кей тақырыпқа тереңдеп әңгіме қозғап, өзінің пікірін ашық айтуға көшті.


Әрине, сондай сенімділікпен және жалындап айтқан ойлары бұл салада тіс қағып қалған адам үшін жаңалық болды дей алмаймын. Кейде балаңдығы мен бекімеген ойдың босаңдау ұшығы да шан беретін. Үлкен ортадан жырақ жүрген, бірақ бәрін де оқып-біліп, сезімі жанып-күйіп келген өршіл жасқа тән аңғалдықтың Мүсілімнің бойынан табылуы табиғи еді. Ол Алматыға тұрақтаған бір жылдың ішінде өзін-өзі қатты тәрбиеледі, ой жарыстыратын орта таба білді, іштей қатты өсті. Оған: «Іріленіп барасың» - деуімнің де бір себебі осы болатын. Мен оның өлең жазатынын білмедім. Ақынжанды, өлеңқұмар, алғыр жас зерттеуші ретінде қабылдағандықтан да арадағы сөздің негізгі тақырыбы да сол болды. Кейіннен оның өлеңдерімен, жазған мақалаларымен, ол туралы естеліктермен танысқан соң оның аз ғұмырының соңғы беттері туралы жоғарыдағы әсерімнің дұрыстығына көзім жетті. Ол өзінің таланты мен қабілетін Алматыда өткен бір жылдың ішінде сыртқа шығарып, дәмелі де үмітті ой иесі екенін танытыпты. Қауырт кірісіп, тез ой қорытып, жылдам жариялауға ұмтылуының сыры сонда екен.

Сол жылдары жалпы қазақ сөз өнерінде, оның ішінде Әдебиет институтында бір толқын мен екінші толқынның ауысу кезеңі жүріп жатты. Институт директоры академик Серік Қирабаев сыни ойлау қабілеті бар талантты шоғырды сондай бір ынтамен ғылымға тартты. Бейсенбай Байғалиев, Шөмішбай Сариев, Батырхан Дәрімбетов, Ғалым Доскенов, Тұрсынжан Шапаев және осы жолдардың авторы сынды әр салада істеп жүрген адамдардың ғылымға келуі де сол жылдары. Осы топқа бүгінде доктор, профессор дәрежесіне жеткен Диқан Қамзабеков, Бауыржан Омаров сияқты жастар да ілесе келді. Мүсілімнің солардың көлеңкесінде қалып қойғысы келмегені анық еді. Оның отызында орда бұзғысы келмеді. Арындап барып күш алған сәйгүлікке ұқсап ақыойына түскен салмақты бар жігерімен екпіндей көтерді. Аз уақыттың ішінде өзінің тума қабілетін, алғыр ойын, текті талантын мойындатып, үміт күттіре бастады.

Өкінішке орай, тура сол жылдары тәуелсіздіктің рухынан өзге жұбанышы аз еді. Жарты жылдап жалақы алмау үйреншікті жайға айналды. Күнделікті тіршіліктің өзі ғана дәтке қуат беретін. Қалаға енді ғана басын сұққан жас ғалым түгілі тұрмысы орнығып қалған байырғы тұрғындар да тұрмыстың қысымын басынан кешіп жатты. Жаға шығып, салынды болып қалмас үшін де жастар өз күнін өзі ілдебайлап көруге мәжбүр болды. Өмірдің талғажау жібін үзіп алмай, бір-бірімен жалғаймын деген үміттің ұшығына ілесіп Аягөзге кеткен Мүсілім қайтып оралмады. Жанайын деген бір шырақ жанбай жатып өшті.

Ол қазақ әдеби ойының өңіріне жаңа ғана қадалған бір түйме еді. Өзінінің қадалуын күтіп тұрған Өңіріне орнығып болмай жатып үзіліп түсті. Өкініштісі де сол орынның бос қалғандығында. Артында қалған аз мұрасы - Мүсілім қадалуға тиісті бос орынды еске түсіреді.

Тұрсын Жұртбай.

Аса құрметті де қадірлі Иманғали Нұрғалиұлы!

Өзіңе жолдаған бір хатымда: «Әуелі қолдаушым - Алла, содан кейінгі демеушім - өзіңсің, Ианғали!»- деп жазып едім. Сол тілегі мен ниеті айнымаған көңілден өзіңді жаңа қызметіңмен және жаңа жылыңмен құттықтаймын. «Ел көшкен жаққа – ырыс көшеді» - деген мәтел бар. Мен соны сәл өзгертіп «Сен көшкен жаққа – қазақтың намысы мен құты да көшіп жүргендей» сезінемін - деп толық сеніммен және еш күмәнсіз айта аламын. Мұны барлық ісіңмен, адал ар-ұятыңмен, бесігіңнен сіңген азаматтық қасиетіңмен дәлелдеп бердің. Алғашқы айлардағы игіліктеріңнің өзінен: Алматының бағы енді ашылатын болды, ұлттық рух қайтып оралды, жетім қалған мәдениеттің иесі келді – деп қалың қауым қуанып жүр. Осындай Алматы тұрғындарын қаумалаған қуанышқа келер күндерде исі қазақ елі қуанатын болсын – деген ақ баталы тілек білдіремін.

Өйткені, мұндай ел ықыласына бөленген қайраткердің саны санауға аздық ететіні әрі өкінішті, әрі өзіңнің сол санның басында тұрғаның – Мен үшін абырой.


Қадірлі Иманғали Нұрғалиұлы!
Мені тыныш жүрген жазушылық тіршілігімнен суырып ап мемлекет ісіне араластырып, қанымды күйіндіретіндей тапсырма беріп жұмсап, жанымды сүйіндіретіндей алғауға бөлеп үйреткен өзің едің. Сондықтан да Сен қай жерде, қандай қызметте жүрсең де есеп беріп отыру – азаматтық парызым деп есептеймін. Олай істемесем – ар-ұятымның алдына ала жіпті аттап кеткендей және өзімді иесіз қалғандай сезінемін. «Мен – мемлекеттің сарбазымын. Бар айтарым – «Отырар кітапханасының» кілтін қолыма ұстатқан күні ғана бұл тапсырмадан құтыласың!» - деп тұтқалап нықтаған сөзің есімнен еш кетпейді. Бар қиындық пен арандатуларды, өсек таратып, өтірік жаны ашығандардың аласапыранын Өзің жақсы білесің. Енді ол күндер де артта қалып, 1 миллиард 250 миллион теңгенің ғимаратының құрылысы басталуының басында Сіздің пәрменіңізбен шыққан Қаулы мен бұйрықтың тұруы – Сіздің тікелей жеңісіңіз деп есептеймін. Мұны баянды ету – менің міндетім. Университет ректоры С.Әбдіманапов та мақсатыңызды толық түсініп, Александрия кітапханасының жаңа жетістіктерінің үлгісінде жабдықтауға қолдау көрсетіп отыр.

Әттең көз қиығыңыздан қырын қалғаным ғана өкінішті.

Осы реттегі жалғыз өтінішім - Сіз жақсы білетін және сөзіңізді жерге тастамайтын Оқу министрі Бірғаным Әйтімова ханымға кітапхананы ашудағы Сіздің өз мақсатыңыз бен оның қазақ руханиятындағы алатын келешектегі орыны туралы уәлі пікіріңізді айтып, аманаттасаңыз екен деп тілеймін. Бұл – құрылыс пен жабдықтау барысындағы таусылмайтын және тез шешілмейтін әбігерліктен құтқарар еді, мен де сенімді түрде мақсатыңызды жүзеге асырар едім.

Бұл - түптің түбінде Сіз жүзеге асырған, ұрпақтан – ұрпаққа қалатын Ұлттық шараның ең көрнектілерінің бірі болып саналатын нақты іс болғандықтан да тілегім орынсыз емес сияқты және осы іске Сізден басқа ешкімге жауап беруге міндетті де емеспін, қақым да жоқ – деп есептеймін.

Қосымша өтінерім, Сіздің басшылығыңызбен күлтөбеден күмбезге айналған М.Әуезовтің мұражайы жеті жылдың ішінде тағы да жүдеу тартқан сияқты. Сіздің үшкіруіңізге тұрмайтын шатыр мәселесіне көз қырыңызды салсаңыз. Кезінде менің үстімнен арыз жазып жүріп (есіңізде болар, мұражайды жекешелендіреміз деп Елбасына кіргендері) шатырды сәл кеңейтуге мүмкіндік бермеп еді. Артымызда әттегенайы қалмасын деген ойым ғой және Алматының ең қасиетті шаңырағының бірі емес пе.


Аса қадірлі Иманғали Нұрғалиұлы!
Алланың тапшы ғып жаратқан аз уақытын алып, ойыңызды үлкен істерден бөлгенім үшін ғафу өтінемін. Мұны Алладан тілеген басты тілектерінің бірі – Сенің абыройың екенін білдіргісі келген пенденің ақ ниеті деп түсінерсің.
Ілтипатпен - Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай
6.1.2005. Алматы.

Жүнісбек!


Менің - кісінің жүгін кісіге жүктеп, адамды адамға аманаттап, онсыз да ауыр жұмысыңды ауырлатайын деген ойым жоқ. Бірақта бұл іске жаңа кірісіп жатқандықтан да ұңғыл-шұңғылы көп қаланың Сендерге бимәлім, бірақ шешім қабылдау қарсаңында білуге тиісті жайлардан мағлұмат бере аламын деген қалалық ревизия комиссиясының финансты бақылау бөлімінің бастығы болған қарындасым Жанар Айыпқанқызы Ғұбайдуллинаның жөн-жобасын беріп отырмын. Бұрын қалалық аптека басқармасының бас директоры болған. Ол қаржылық бақылау саласының жай-жапсарын жақсы біледі және өзі де соны Өзіңе айтуға ықыласты сияқты.

Бұл саған ешқандай міндет жүктемейді. Қаржы, кадр жөніндегі ақпарат, мағлұмат сендерге дәл қазір ауадай қажет қой. Септігі тие ме - дегенім. Артық санасаң қаперіңе алмай жыртып тастауыңа болады.

Тел. 48-13-54.

8-333-270-06-00.



Тұрсын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет