Ақпараттық хат Құрметті әріптестер! Сіздерді «БӘсекеге қабілетті ғылым мен білім жолында: адами капиталды дамытудың болашағы мен жаңа мүмкіндіктері»



Дата03.07.2016
өлшемі32.97 Kb.
#175776
«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы

«Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»


Ақпараттық хат

Құрметті әріптестер!

Сіздерді «БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ ЖОЛЫНДА: адами капиталды дамытудың болашағы мен жаңа мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференция 2014 жылдың 16-17 сәуірі аралығында өткізіледі.


Негізгі тақырыптық бағыттар:

  1. Үздіксіз білім беру жүйесін модернизациялаудың негізгі ғылыми бағыттары

  2. Ғылым мен білімдегі инновациялар - адами капиталды дамыту факторы

  3. ХХІ ғасыр ғылымы мен біліміндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

  4. Білім берудегі сапа менеджменті: жаңа бағдарлар


Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция аясында шебер-сыныптар ұйымдастырылады, ниет білдірушілердің ұйымдастыру алқасымен хабарласуын сұраймыз.

Материалдар жинағын конференцияға дейін шығару жоспарланады.

Конференцияға қатысу үшін төмендегі құжаттар ұйымдастыру алқасына (электронды пошта арқылы немесе қолма-кол) 2014 жылдың 17 наурызына дейін тапсырылуы қажет:



  1. қатысушының өтініші (төменде берілген нұсқа бойынша);

  2. электронды нұсқадағы баспа мәтіні (қазақ/ орыс, ағылшын тілдеріндегі аннотациясымен)

  3. ұйымдастыру жарнасының төленуі туралы түбіртек көшірмесі.

Конференцияға қатысудың қаржылық шарттары:

- жол ақысы мен жатақ ақысы іссапарға жіберуші мекеменің есебінен төленеді;

- ұйымдастыру жарнасының құны 3000 теңге;

- ұйымдастыру жарнасы төмендегі реквизит бойынша қабылданады: «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Ақтөбе облысы



бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

АҚ «БАНК центр Кредит», Ақтөбе қ. филиалы



РНН 061800318566

БИН 121041000983

ИИК: KZ 938560000005457673

Ақтөбе қ, Тургенев көш, 86

Тел. 8(7132)56-05-37, 56-42-80

030020

е-mail.ru: IPK_Aktobe_RK@mail.ru

Жарнаның төленгендігі туралы мәліметті келесі е-mail бойынша жіберулеріңіз сұралады: Akt_IPK_konf@mail.ru


Конференция соңында конференция жұмысына қатысқандарға белгіленген үлгіде сертификаттар беріледі.

МАТЕРИАЛДАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  1. Мақала көлемі 3беттен кем емес және 5 беттен аспауы тиіс, беттің фоматы А-4.

  2. Мәтін MS Word бағдарламасында, «Times New Roman» шрифтімен, өлшемі (кегль)- 12; интервалы бір; жаңа жол шегінісі -1,25; жиектері: жоғарғы, төменгі және оң жағы – 2см, сол жағы – 3 см; мәтін – еніне теңестіріліп жазылады, тасымал жасалмайды, беттердің нөмірі қойылмайды.

  3. Мәтін тексерілген, қатесіз болуы тиіс, себебі мақала Автордың нұсқасында басылады. Бір автор екеуге дейін мақала бере алады (оның ішінде бірлескенавторлықта)

  4. Тақырып атауы бас әріптермен, қою шрифтпен, және ортаға теңестіріліп, нүктесіз жазылады.

  5. Бір интервалдан кейінгі екінші жолда автордың фамилиясы, аты, тегі ортаға теңестіріліп жазылады.

  6. Бір интервалдан кейінгі үшінші жолда білім беру ұйымының атауы, қаласы, мемлекеті ортаға теңестіріліп жазылады.

  7. Әріқарай, екі тілде мақала аннотациясы (мысалы, егер негізгі мәтін қазақ тілінде болса, аннотация орыс және ағылшын тілдерінде) беріледі.

  8. Бір жол тасталып, мақаланың мәтіні басылады.

Графиктер, суреттер және кестелер мақаланың жалпы көлеміне енгізіледі. Мәтінде берілген библиографиялық сілтемелердің реттік нөмірлері төртбұрышты жақшаға ([ ]) алынады, ал олардың тізімі сілтеме ретімен пайдаланылған әдебиеттер тізіміне енгізіледі. Қықартылған сөдер мен терминдер, қолданылатын жаңдайда, ең басында толық жазылып, қысқартылуы көрсетілуі қажет.

  1. Мақала мәтіні редакцияланбайды және түпнұсқа болып табылады. Ұйымдастыру алқасы конференция тақырыбына және аталған шарттарға сай келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

Материалдар (мақала, қатысу өтініші, сканерленген жеке куәліктің көшірмесі және ұйымдастыру жарнасының төленуі туралы түбіртек көшірмесі) «Конференция материалдары. Ғылым және білім» белгісімен келесі электронды поштаға жіберілуі қажет: Akt_IPK_konf@mail.ru немесе төмендегі мекенжай бойынша қабылданады: Ақтөбе қ, Тургенев көшесі, 86, каб№28 – Роза Бекайдарқызы Нуржаубаева, ұялы тел.. 8-701-957-08-05.
Барлық сұрақтар бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына келесі телефонмен хабарласуға болады: Тел. 8(7132)54-91-88
Өтініш үлгісі

Фамилиясы, аты, тегі

Ғылыми дәрежесі, мамандығы

Ғылыми атағы

Жұмыс орны

Қызметі


Мекен-жайы, индексі

Ұялы телефоны



E-mail

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет