Бағдарламасы «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы»



Дата22.02.2016
өлшемі56.5 Kb.
#2345
түріБағдарламасы
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ ОРЫНДАЛУЫ




Бағдарлама атауы

Орындалуы

 

 




1

«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы

«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға


2014 жылға республикалық және жергілікті бюджеттен 1024802,0 мың теңге. Оның ішінде жергілікті бюджеттен Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебiнен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 55919,0 мың теңге бөлінді. Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген 1063-азамат. Бағдарламаға қатысуға өтініш берген 781-азамат. Осыдан әлеуметтік келісім шартқа отырған
773-азамат.

Бағдарламаның 1-ші бағыты (Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебiнен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету) бойынша әлеуметтік-мәдени объектілерді (білім беру) күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 198113,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 30093,0 мың теңге. Жалпы 228208,0 мың теңге қаржыға 5 жоба жүзеге асырылды. Осыған жұмыспен қамту орталығы арқылы 26-азамат жолданды.

Сонымен қатар инженерлік-көлік инфрақұрылымын орташа жөндеу жұмыстарына (ауылішілік жолдар, кірме жолдар) республикалық бюджеттен 219642,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 25826,0 мың теңге. Жалпы 245468,0 мың теңге қаржыға 7 жобаны іске асырылды.Осыған жұмыспен қамту орталығы арқылы 21-азамат жолданады.



Жалпы республикалық бюджеттен 417755,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 55919,0 мың теңге. Барлығы 473676,0 мың теңге қаржы 12 жобаны іске асыруға бөлінді және 47- азамат бағдарламаға қатыстырылады.

Бағдарламаның екінші бағыты (Ауылда кәсiпкерлiктi дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тiрек ауылдарды дамыту) бойынша Бағдарлама аясында Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсына 100 бағдарламаға қатысушысы жолданды. Шағын микрокредитке республикалық бюджеттен бөлінген 378200,0 мың теңге 145 азаматқа берілді. Оның ішінде 230000,0 мың теңге ауданда құрылған 12 несие серіктестігі арқылы 77 азаматқа, ал «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 148 200,0 мың 68 азаматқа таратылды. Соңғы микрокредиттер алушылар үшін жылдық тиімді сыйақы ставкасы 6 % дейін. Несие алушылардың өздерін есептемегенде оларда қосымша 50 жұмыс орындары ашылып, барлығы жұмыспен қамтылғаны 195 адам.

Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 1 бағдарлама қатысушысына күн сәулесінен энергия қуатын алатын қондырғыны сатып алуға республикалық бюджеттен 2014 жылдың тамыз айында 2937,0 мың теңге қаралып, баға ұсынысымен сұрату тәсілімен «Күн сәулесінен энергия қуатын алатын қондырғыны» орнатып беру үшін мемлекеттік сатып алу туралы хабарлама жарияланып, өтініш иесіне энергия өндіретін қондырғы орнатылып берілді. Осыдан қараша айында 2189,9 мың теңгесі игерілді. Қалған 7471,1 мың теңге керекті қаржыдан үнемделді.



Бағдарламаның үшінші бағытының (Жұмыс берушiнiң қажеттiлiгi шеңберiнде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу) 2014 жыл бойынша республикалық бюджеттен барлығы
165 азаматқа 26595, 0 мың теңге бөлінді. Атап айтқанда:

- Кәсіби даярлау курстарын оқытуға 100- адамға 19964,0 мың.теңге қаралды. Осыған қыркүйек айынан бастап 100-азамат жолданды. Жоспар бойынша 8511,0 мың теңге игеру жоспарланса, 8520,0 мың теңге игерілді немесе 100,1 пайыз. Кәсіби оқуға жіберілген мамандар 2015 жылдың маусым айында оқу курсын аяқтайды.

- Қайта даярлау курстарын оқытуға 5048,8 мың теңге қаралып 45- адам оқуға жолданды. Осының жастары- 26 немесе 57%, әйелдері-22 немесе 48%, мүгедек-1. Есептік мерзімге орындалуы: жоспар – 5048,8 м.т. орындалуы – 5048,8. Пайызы 100. Қалған қаржы қажетті шығыннан артылғаны.

- Біліктілігін арттыру курстарын оқытуға 1582,2 мың.теңге 20- адам жолданды. Осыдан жастары- 4 немесе 20%, әйелдері-9 немесе 45%. Есептік мерзімге орындалуы: жоспар – 1582,2 м.т. орындалуы – 1582,2. Пайызы 100%.

Әлеуметтік жұмыс орнын құруға 140 жұмыс орнына республикалық бюджеттен 31763,0 мың теңге қаржы қаралды. Осыған жыл басынан 73-жұмыс беруші мекемеге 224-азамат Бағдарламаға қатыстырылып, жұмыс орындарына жолданды. Қаралған 31763,0 мың теңге 100 пайыз игерілді.

Жастар практикасы бойынша 141 жұмыс орнын құруға республикалық бюджеттен 28105,0 мың теңге қаржы қаралды. Осыған жыл басынан жастар практикасына 97 -жұмыс беруші мекемеге 187 - азаматты бағдарламаға қатыстырып, жұмыс орындарына жолданды. Жоспарланған 28105,0 мың теңге қаржы. 100 % игерлді.

Бағдарлама жүзеге асқалы 2011-2014 және 2009-2010 жылдары «Жол-картасы» бағдарлама аясында кәсіби оқу, қайта даярлау, біліктілігін арттыруға 909- адам жолданып, оқу курстарын аяқтағаны 822 азамат. Осының 682 бағдарламаға қатысушылар жұмысқа орналасты. Қалған 140 азаматтын 108-і обьектівті себептермен жұмысқа орналастыруды қажет етпейді, 32- азаматты жұмысқа орналастыру қажет


2

«Қолжетімді Тұрғын үй - 2020» бағдарламасы


Аудандық құрылыс бөлімі ММ-не 2014 жылға 467003 бағдарламасына «Қолжетімді тұрғын үй 2020» аясында Мемлекеттік коммуналдық арендалық 12 тұрғын үй құрылысына ОБ 73000,0 мың теңге,АБ 27234,0 мың теңге, барлығы 100234,0 мың теңге қаржы бөлініп, жоспарланған қаржы толығымен игерілді.Осы қаржыға салынған
12 тұрғын үй мемлекеттік тұрғын үй қорының кезегінде тұрғандарға пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, осы бағдарламаға 2014 жылы салынатын тұрғын үйлердің


ЖСҚ-н 2012 жылғы әзірленген ЖСҚ негізінде байланыстыра отырып, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 784,0 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді.


3

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы


Облыстың инновациялық- индустрияландыру картасына біздің ауданнан 2 жоба енгізілді. Оның бірі- құны 28 млн евроға тең қаржымен Бесарық өңіріне тамшылатып суару әдісімен 2000 га қызанақ егіліп, оның өнімінен тәулігіне 250 тонна томат пастасы әзірленеді. Екіншісі, ауданға 7000 тонна қой етін өңдеуді жүзеге асыру үшін облыс әкімдігі "Еуро- Азия Агро- Холдинг" ЖШС-мен меморандумға отырды.

4

«Ақ бұлақ» бағдарламасы

Қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген халық саны мемлекеттік тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасының мәліметі бойынша 2014 жылдың есепті мерзіміне 85,5%-ды құрады немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен (2013ж.6-айда 85,2%) салыстырғанда 0,3%-ға артқан.

Өткен жылы бұл мақсатқа «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 706 млн.


481 мың теңге
 қаржы бөлініп, Манап ауылдық округі, Талап бекетінің сумен қамту жүйесінің құрылысына (179575,0 мың теңге), Қаратөбе (326002,0 мың теңге) және Кейден елді мекендерінің (200904,0 мың теңге) ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілсе, биылғы жылы Қаратөбе елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту 2-кезең жұмысын аяқтауға – 7 377,0 мың теңге, Түгіскен е.м. ауыз су жүйелерін кеңейту мен қайта жаңғырту жұмыстарына 277778,0 мың теңге, Жаңақорған кентінің ауыз су жүйесін кеңейту мен қайта жаңғырту жұмыстарының 4 кезеңіне ЖСҚ әзірлеу, мемлекетік сараптамадан өткізуге 146337,0 мың теңге, барлығы 431 492,0 мың теңге қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы Облыстық бюджеттен аудан аумағындағы 6 елді мекендегі (Өзгент, Ақсуат, Әбдіғаппар, Байкенже, Жаңарық, М.Нәлібаев) ауыз су ұңғымаларына су тұщыту қондырғысын сатып алуға 105810,0 мың теңге көзделген. Осы жобалар іске асырылғаннан кейін қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілу көрсеткіштері жақсарады деп күтілуде.

 


5

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының орындалуы

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет