Зертханалық жұмыс №1 Тақырыбы: Ақпаратты көрсету. Ақпаратты есептеу



бет1/21
Дата11.03.2022
өлшемі0.88 Mb.
#456152
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Зертханалық жұмыс


Зертханалық жұмыс №1
Тақырыбы: Ақпаратты көрсету. Ақпаратты есептеу
(1 апта 2 сағат)


1.1. Жұмыс мақсаты - кодтау принциптерін, ақпараттыөлшеудің негізгі бірліктерін оқып үйрену, ақпаратты көрсету дағдылардың қалыптастыру, ақпарат сандарын анықтауға есептер шығару.
1.2. Әдістемелік нұсқау
1.2.1. Ақпарат саны білім анықталмандығын азайтудың өлшемі ретінде
Мүмкін оқиғалардың саны К және ақпарат саны I өзара төмендегі формуламен байланысқан: K=2I. Бұл формула: егер оқиғалардың саны белгілі болса, хабар санын; егер ақпарат саны белгілі болса, мүмкін оқиғалардың санын; анықтауға мүмкіндік береді
Мысал 1. "Санды тап" ойын мысалында анықталмағандықты азайтуды қарастыруға болады. Ойынға қатысушылардың біреуі берілген аралықтан ( мысалы, 1-ден 32-ге дейінгі) бүтін санды ойлайды (мысалы, 30), екінші ойыншының мақсаты - бірінші ойынға қатысушының ойлаған санын "табу". Екінші ойыншы үшін білімнің бастапқы анықталмағандығы 32 мүмкін оқиғаны құрайды. Санды табу үшін, белгілі бір ақпарат саны қажет. Бірінші ойыншы тек қана "иә" және "жоқ" деп жауап бере алады. Екінші ойыншы келесі стратегияны таңдауы тиіс: жүйелі, әрбір қадамда білім анықталмағандығын екі есеге кеміту керек. Ол үшін, сұрақ қоя отырып берілген сан аралығын қақ ортасынан бөлу керек.
Ойын хаттамасы.

Екінші ойыншы сұрағы

Біріншінің жауабы

Мүмкін оқиғалар саны (білімнің анықталмағандығы )

Алынған ақпарат саны







32




Сан 16-дан үлкен бе?

иә

16

1 бит

Сан 24-тен үлкен бе?

иә

8

1 бит

Сан 28-ден үлкен бе?

иә

4

1 бит

Сан 30-дан үлкен бе?

жоқ

2

1 бит

30 деген сан ба?

иә

1

1 бит

1-ден 32-ге дейінгі аралықтағы санды табу үшін 5 сұрақ керек болды. 32 санның біреуін анықтауға қажетті ақпарат саны 5 бит болды.
1928 ж. американдық инженер Р.Хартли ақпарат өлшемінің формуласын келесі түрде ұсынған болатын: I = log2 K , мұндағыК - тең ықтималдық оқиғалардың саны; I - К оқиғалардың кез-келгені болатындай, хабарлаудағы бит саны. Кей жағдайда Хартли формуласын былай жазады: I = log2 K = log2 (1 / р) = - log2 р, әрбір К оқиғалардың тең ықтималдық нәтижесі болатындықтан р= 1/К, сонда К=1/р.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет