Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздерін меңгеру пәнінен модульді бағдарламаның ОҚУ-Әдістемелік кешені //І курс// //48 сағат// Дайындаған: Құнапия Н.Қ 2021-2022 оқу жылы «келісілді»


Компьютерлерді желілерге біріктіру



бет56/106
Дата15.01.2022
өлшемі1.47 Mb.
#454595
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   106
УМК Кәсіби АКТ1

Компьютерлерді желілерге біріктіру

Егер сіздердің тек бір дербес компьютеріңіз ғана болса, модеміңіз болмаса, онда компьютерлік желінің ерекшеліктерін түсіне қою қиын “Қойы жоқтың қорамен ісі жоқ ’’дегенде көптеген мүмкіндіктер қалтарыста қалады.

Бірақ сіздің бірнеше компьютеріңіз болып,олардың біріндегі мәліметті екіншісіне беру керек болғанда желілік технология өте қажет-ақ.Желілік технологиялар қаржы мен уақытты үнемдеуге өте үлкен мүмкіндіктер береді. Сондықтан компьютерлік желілерді пайдалану туралы қысқаша мағлұмат берейік.

Жергілікті желілер – бір-бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер (бір бөлмеде немесе бір ғимаратта орналасқан,әйтпесе қатар орналасқан компьютерлер).Мұндайда комьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген байланыс қаналдары арқылы жүргізіледі. Ал комьютерлік ауқымды желіге келетін болсақ,онда олардың ара қашықтығына ешбір шек қойылмайды.Әр түрлі мемлекеттердегі,айта берсек,әр құрлықтарда орналасқан компьютерлерді бір-бірімен байланыстыратын ауқымды желілер бар.Әрине мұндай байланыстыру желісін шағын не орташа фирмалар жасай алмайды.Ауқымды желі құру үшін біраз қаражат керек, көптеген телефон каналдары,жер серіктері арқылы байланысу мүмкіндіктері қажет.

Жергілікті желілерде компьютерлер арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына 10,айта берсек 100 мегабитке де жетеді. Гигабиттік жылдамдықтың да ауылы алыс емес. Ал ауқымды желілер жүйесінің компьютерлері арасындағы жылдамдық мұндай жоғары емес, телефон каналдарын пайдалану кезіндегі оның жылдамдығы секундына 2400-57600 биттер аралығында болады.

Ауқымды және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әртүрлі, бұл екеуіде компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады, сондықтан оларды мұқият оқып-үйренуге көңіл бөлген артық бола қоймас.\




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет