Ақпараттық технологияның қарқынды дамуна байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. Дк қолданудың ең негізгі облыстарының бірі бағдарламалау болып табылады


Символдық таңбаларды енгізу/шығару



бет13/71
Дата04.10.2022
өлшемі1.36 Mb.
#461923
түріПрограмма
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   71
С тілінде программалау УМКД

Символдық таңбаларды енгізу/шығару


Символдарды біртіндеп енгізу/шығару үшін printf() және scanf() функцияларының %c форматы қолданылады.


getch() – параметрсіз функция, басылған перненің кодын (int) береді, экранға ешқандай символ шығармайды.
getchar() – параметрсіз функция. Пернеден символдарды бір-бірлеп енгізеді. Сөз тіркесі пернесі басылғанша енгізіле береді, оған дейін оны өзгертуге де болады.
putch(c) – бір символды (c – cимволдық айнымалы немесе константа), яғни бір таңбаны ғана экранға шығарады.
putchar(c) – бұл да тек бір таңбаны экранға шығарады. Бұлар conio.h тақырып файлы бойынша жұмыс істейді.
Мысалы, латын әліпбиі әріптерін экранға шығару программасы төмендегідей болады:
#include #include void main()
{ char z; clrscr();
for(z='A';z<='Z';z++)
putchar(z); getch();
}


Нәтижесі:
ABCDEFGHIJKLMNOPQRSTUVWXYZ

Ал енді осы символдарды ASCII-кодтарымен бірге шығаратын мына программаны көрейік.


/* латын әліпбиі*/ #include #include void main()
{
char z; clrscr();
for(z='A';z<='Z';z++)
{
if (z=='K' || z=='U') printf("\n");
printf(" %c-%d ",z,z);
}
getch();
}


Программа жұмысының нәтижесі:
A-65 B-66 C-67 D-68 E-69 F-70 G-71 H-72 I-73 J-74 K-75 L-76 M-77 N- 78 O-79 P-80 Q-81 R-82 S-83 T-84 U-85 V-86 W-87 X-88 Y-89 Z-90

Енді бір сөз тіркесін енгізіп, оның ішінде ―т‖ символының неше рет кездесетінін табайық.


#include #include #include void main()
{
char str[80]; int s=0; clrscr();
puts("Сөз тіркесін (сөйлем) енгізіңіз:");
gets(str);
for(int i=0; iif (str[i] == 'т') s+=1;
printf("'т' символы %i рет кездеседі\n",s); getch();
}


  1. Сөз тіркестерімен жұмыс істейтін функциялар





  1. strlen(str) функциясы str сөз тіркесіндегі символдар санын (соңғы нөлді есепке алмайды), яғни жолдың ұзындығын анықтайды, оның типі int, тақырыптық файлы .

Мысалы. Бірнеше сөз тіркестерінің ұзындығын анықтайтын программа құру керек.
// strlen(str) функциясын пайдалану
#include #include #include main()
{
static char t[] = ”Студенттер жайлы хабарлама.”;
clrscr();
printf(“%d\n”,strlen(t)); printf(“%d\n”,strlen(”Студенттер жайлы хабарлама.”)); printf(”%d\n”,strlen(”әл-Фараби ат.КазҰУ”)); printf(“%d\n”,strlen(“”));
getch();
}
Мұның нәтижесі:
27
27
19
0



  1. strcat(stroka1, stroka2) функциясы қатарларды біріктіру үшін қолданылады. Ол stroka1 және stroka2 тіркестерін біріктіріп, нәтижені stroka1 айнымалысына меншіктейді, stroka2 тіркесінің мәні өзгермейді Мысалы:

// strcat(str1, str2) функциясын пайдалану
#include #include #include main()
{
char str1[50]="С тілін оқимыз, ";
char str2[]="жақында емтихан тапсырамыз.";
clrscr(); printf("%s\n",strcat(str1,str2)); puts(str1); // қатарды экранға шығару
puts(strcat("Егер жақсы оқысақ, ",str2));
getch();
}
Мұның нәтижесі:
С тілін оқимыз, жақында емтихан тапсырамыз. С тілін оқимыз, жақында емтихан тапсырамыз.
Егер жақсы оқысақ, жақында емтихан тапсырамыз.



  1. strcmp(stroka1,stroka2) функциясы екі сөз тіркесін салыстыру үшін қолданылады. Егер олар бірдей болса, функцияның мәні 0-ге тең болады, әйтпесе ол екі тіркестің айырмасын береді. Егер stroka1 stroka2 болса, нәтиже 0-ден артық болады.

Көбінесе бұл тәсіл екі тіркестің бірдей еместігін анықтау үшін ғана қолданылады. Мысалы:
main()
{
printf("%d\n",strcmp("Сәлем","Сәлем"));
printf("%d\n",strcmp("Azat","Izat"));
printf("%d\n",strcmp("Абайда","Абайла")); getch();
}
Мұның нәтижесі:
0
-8
-7



  1. strcpy(str1,str2) функциясы сөз тіркесінің көшірмесін алу үшін қолданылады, мұнда str2 айнымалысындағы сөз тіркесі str1 айнымалысына көшіріледі. Мысалы:

// strcpy(str1, str2) функциясын пайдалану
#include #include #include main()
{
char str1[21];
strcpy(str1,"Хал қалай, Азат?"); puts(str1); strcpy(str1,"Тамаша!"); puts(str1);
getch();
}
Нәтижесі:
Хал қалай, Азат?
Тамаша!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет