В дыбыстарды с сөз мағыналарын д сөз тіркесін е сөйлемді Қ- әріпі жазылатын сөзді көрсетіңіз. А іс ер в үзді сіз



Дата05.07.2016
өлшемі30.14 Kb.
#179622
Вариант 2

1.Фонетика нені зерттейді?

А) Сөздерді В) Дыбыстарды С) Сөз мағыналарын Д) Сөз тіркесін Е) Сөйлемді

2. Қ- әріпі жазылатын сөзді көрсетіңіз.

А) іс...ер В) үзді...сіз С) ө...іл Д) уа...ыт Е) ше...ара

3. Буын үндестігіне қарай жалғанатын көптік жалғауларды көрсетіңіз.

А) –тар, -тер В) –мын, -мін С) –ның, -нің Д) –мен, -пен Е) –сыз, -сіз

4. Туынды сөзді табыңыз.

А) Қол В) Аға С) Ас Д) Оқушы Е) Ана

5. Тұрлаусыз мүшелерді көрсетіңіз.

А) Біздің, ауылда, жаздық В) Оқыды, оқуды, оқиды С) Менің, қыста, киноны

Д) Балалар, келді, демалыс Е) Барды, көрді, жазды

6. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді белгілеңіз.

А) Атаулы В) Күрделі С) Жалаң Д) Жайылма Е) Жақсыз

7. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Күн батты, тауды қара көлеңке басты.

А) Жай сөйлем. В) Салалас құрмалас сөйлем. С) Аралас құрмалас сөйлем.

Д) Сабақтас құрмалас сөйлем. Е) Толымды сөйлем.

8. Толықтырыңыз.



Қазақстан Республикасының елордасы- ... .

А) Ақтөбе қаласы. В) Ақтау қаласы. С) Алматы қаласы. Д) Атырау қаласы.



Е) Астана қаласы.

9. 1991 жылы ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақты белгілеңіз.

А) С.Қонақбаев В) Т.Мұсабаев С) Т.Әубакіров Д) Ю.Гагарин Е) Т.Бигельдинов

10. Апта күнін белгілеңіз.

А) Уақыт В) Үш С) Ғасыр Д) Жыл Е) Дүйсенбі

11. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Бәрі, түгел В) Таулы, жазық С) Байтақ, кең Д) Көлемі, аумағы Е) Дейін, шейін

12. Қысаң дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

А) ы, і, ү В) ә, о, е С) о, а, и Д) у, е, о Е) о, и, е

13. Ұяң дауыссыз дыбысы жоқ сөзді көрсетіңіз.

А) жаңбыр В) дербес С) қозғалыс Д) күнтізбе Е) саясат

14.Сөздің түбірі тұйық буыннан тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Кереге В) Ұлттар С) Шалқарда Д) Сумен Е) Оқушының

15. Түбірлес сөздерді табыңыз.

А) Құлыншақ, бота В) Қалам, бақша С) Тал, қамқор Д) Зат, доп Е) Жұмыс, жұмыскер

16. Зат есімнің мағыналық топтарын көрсетіңіз.

А) Есептік, реттік В) Мекендік, мезгілдік С) Адамзат, ғаламзат Д) Жалпы, жалқы

Е) Қатыстық, сапалық

17. Күрделі сын есімді табыңыз.

А) Сұлу В) Сары ала С) Көк Д) Қызыл Е) Жасыл

18. Сан есімнің қай септікте тұрғанын анықтаңыз.

Таңертең сағат жетіде тұрамын.

А) Атау септік В) Жатыс септік С) Барыс септік Д) Көмектес септік Е) Ілік септік

19. Есімдікті белгілеңіз.

Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

А) Ұлтан В) Кісі С) Сұлтан Д) Өз Е) Бол

20. Сөйлемді толықтырыңыз.

Сәуле ертең Алматыға ... .

А) Ұшпау В) Ұшқан С) Ұшты Д) Ұшады Е) Ұшып
21. Септеулік шылаулары бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Жақсы кітап сатып алыпсың ғой.

В) Сен ғана керексің.

С) Сенімен бірге, сабақтан кейін.

Д) Сен де келдің, ол да жетті.

Е) Әттең-ай, десеңші, жақсы адам еді.

22. Төл сөзді табыңыз.

А) Жылқылар су ішуге тоқтады.

В) Ол қашан келетінін айтты.



С) Балам,- деді ол,- сенің атың кім?

Д) Мұрат әннің өзінікі еместігін айтты.

Е) Алмас менің атымды сұрады.

23. Шәкен Ниязбеков жасаған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәмізін табыңыз.

А) Ту В) Әнұран С) Елтаңба Д) Стандарт Е) Ұлттық валюта

24. Синоним сөздерді белгілеңіз

А) Оқушы-мұғалім-ұстаз

В) Дәрігер-балгер-дәріхана



С) Өмірге келген-туған

Д) Қайтыс болған-дүние салған-өмірге келген

Е) Жазушы-оқырман-оқытушы

25. Кітап жазатын адамды көрсетіңіз.

А) Суретші В) Ақын С) Мүсінші Д) Етікші Е) Жазушы

26. Мақалды аяқтаңыз.

Елдің көркі-елімен,

Отан көркі- ... .

А) Етімен В) Беиімен С) Көркімен Д) Жерімен Е) Көлімен

27. Синонимді табыңыз.

А) Қасиет, қадір В) Жауапты, қабілетті С) Сабырлы, салмақты

Д) Ақылды, мейірімді Е) Мәдениетті адам

28. Тиісті жалғауды табыңыз.

Менің қалам ... .

А) –ы В) –дар С) –ыңыз Д) –ың Е) –ым

29. Қаратпа сөзді табыңыз.

А) Байқаймын, сен дұрыс түсінбедің.



В) Балам, бері кел.

С) Рас, сізді күтіп отыр едім.

Д) Немене риза емеспісің?

Е) Еңбекті сүйіңдер, дос болыңдар.

30. Одағайдың тыныс белгісін табыңыз.

А) Сұрау белгісі, леп белгісі В) Леп белгісі, жақша С) Үтір, леп белгісі



Д) Нүкте, тырнақша

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет