Соғылу, жаншылу. Алғашқы дәрігерлік көмек.
Соғылу.
Дененің құлап немесе белгілі бір заттан зақым алуынан жасушалар мен ағзалардың біртұтастығының бұзылуын соғылу дейді. Соғылудың негізгі белгісі- қан және лимфа талшықтарының қанталап көгеріп, ісіп кетуі. Тері асты талшықтардың жарылуынан қан ұйиды. Соғылу нәтижесінде жұмсақ жасушалардың ауыруы, аяқ-қолдың қозғалтпауы, сонымен қоса ішкі сарайдың зақымдалуы (ми, бауыр, өкпе, бүйрек) жалпы организмінің нашарлауына, тіпті өлімге әкелуі де мүмкін. Алғашқы көмек. Зақым алғаннан кейін зардап шегушіні тыныштандырып, жасушаларға қан құйылуы тоқтатады. Соғылған жерге су, қар, мұз басып, қатты танғыш салады. Адам зақым алып келіп астына түссе, вагон арасына қысылып немесе жоғарыдан құласа ішкі ағзалардың жыртылуы мүмкін (бүйрек, талақ, бауыр, ас қазан, ішектер). Осыны көмек көрсетуші білгені дұрыс. Науқас адам бозарып, тамыр соғуы, жиілеп, ішінің бұлшық еттері қатайып кетеді. Бұл жағдайда оны тыныштандырып, ішіне салқын компресс қойып, тез арада жақын емханаға жеткізу керек. Себебі өміріне қауіп төнген болса, кейбір жағдайда жедел операция жасауға тура келеді.
Жаншылу
Жаншылу жарақаттың ең ауыр түрі. Онда бұлшық еттер, тері асты майлы жасушалар, талшықтар және жүйкелер мыжылады. Бұл жарақаттар жар құлағанда, жарылыс уақытында, жер сілкінгенде алынады. Жаншылудан шок пайда болып, кейінрек жұмсақ жасушалардың ыдырауынан организм уланады. Алғашқы көмекте негізгі мақсат- адамды ауыр зат астынан алып шығу. Сонан соң организмді уланудан сақтандыру үшін аяқ-қолына бұрау салып, жан жағына мұз немесе салқын суға малынған шүберектер қояды. Зақым алған аяқ-қолға жақтау салып, қозғалтпай тастау керек. Осындай ауыр жарақатта ең қауіптісі аурудың жалпы көрінісі-шок. Шок немесе оның алдын-алу мақсатында сырқатты жылы орап, азғантай су, шарап немесе ыстық кофе, шай берген жөн. Мүмкіншілік болса наркотик, жүрек қызметін жақсартатын дәрілер егу керек. Ауруды жатқан күйінде жедел емханаға тасымалдау қажет.
Сіңірдің созылуы, буынның шығуы. Алғашқы дәрігерлік көмек.
Өзінің физиологиялық көлеміне немесе буынға қарсы қимыл жасалғанда буын сіңірлері созылады не үзіледі. Жарақаттанудан кейін буын ісініп, қатты ауырады.
Алғашқы көмекте, соғылған кездегі тәсілді пайдаланып, буынды қатты таңғышпен бекітеді.Буынның шығуы. Буын қуысында бір-бірімен қиылысып тұрған сүйектердің бірі орнынан ауытқыса, жылжыса немесе қабығын жарып маңайындағы жасушаларға өтсе буыннан шығу дейді. Толық буыннан шығу- буын қуысындағы сүйектердің бір-бірінен толық ажырасуы, жартылай буыннан шығуы- сүйектердің орталай шығуы. Буыннан шығу атауы қай сүйек тұсынан шығуына байланысты. Жанама жарақаттануда да буыннан шыға береді. Егер адам бүгілген аяғын ішке қайырса құласа- жамбас, қолын соза құласа иық шығады.
Аяқ-қол шығуының негізгі белгілері:
Буынның шығуда алғашқы көмек. Біріншіден, ауырсынуды басу керек. Ол үшін буын шыққан маңайға салқын басып, ауыруды басатын анальгин, амидопирин, промидол салу қажет. Аяқ-қолды жарақат алған күйінен қозғалтпау.Қолды орамалмен, бинт орамымен жоғары көтеріп байлау, ал аяқты жақтау салып қозғалтпау керек. Екі ойнамалы буыннан шығудан гөрі жаңадан шыққанды салу оңай. Жарақат алған 3-4 сағаттан кейін сол тұсқа қан ұйып, жасушалар ісініп, буынға салу қиындай түседі. Буынға салу тек дәрігерлік іс. Сондықтан, науқасты тез арада дәрігерге жеткізген жөн. Қол буыннан шыққанда сырқат дәрігерге өзі де жетеді немесе оны кез келген көлікпен шықса, сырқатты жатқан күйі тасымалдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |