Апта тапсырмасы



бет1/2
Дата27.09.2022
өлшемі22.63 Kb.
#461478
түріСеминар
  1   2
2 апта тапсырмасы


2 АПТА ТАПСЫРМАСЫ.


Дәріс, семинар-практикалық сабақтың тақырыптары: (Әрбір тақырып бойынша теориялық дайындық жасаңыз).
1. Сөз – лексикалық бірлік. Ұғым және сөз. Сөз және мағына. Сөз мағынасының түрлері. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері.
2. Қазақ тілі лексикасының семасиологиялық сипаты. Сөз мағынасының типтері:
а) сөздердің шындық болмысқа қатыстылығы.
ә) сөздердің шығу тегі
б) сөздердің тіркесімділігі
с) сөздердің стилистикалық қызметіне қарай жіктелуі. Семасиологияның негізгі заңдары. (Сөз мағынасының типтерін кестеге түсіріп, түрлену ерекшеліктеріне анализ жасаңыз).

3.Өткен тақырыптарды бекіту ретінде жаттығу тапсырмаларын орындаңыз.




1-тапсырма. Мәтіннен белгілі ұғымды білдіре алмайтын сөздерді көрсетіңіз.
Жазғытұрғы екі сары үрпек балапан қазір қоңырайған-қоңырайған құс болып қалыпты. Енді ұшар кездері жақын. Әке-шешелері осының қамында.
Әуелі бұлар жұдырықтай-жұдырықтай көк шұбар жұмыртқа еді. Бар қызуын, бар мейрімін соларға беріп, ана қыран қырық күн тапжылмай отырып басып шығарады. Үкідей сап-сары ұлпа жүн екі балапан жұмыртқадан шыққан соң ғана, қалжыраған ұябасар бірінші рет ұядан ұшып, арқан бойы барып қонды. Төс сүйектері сорайып, арықтап қалған екен. Қанаттары да әрең қағылады. Сарбалақ азық-түліктен кенде қалмаса да, қатты жүдепті. Үш күндік сайыс емес, армаңдары осы екі балапан еді ғой. Ұябасар қалжырап қалғанына өкінер емес. Бүгін ол қанаттарын жазып алады. Таң сәріде суға шомылып қайтады. Жұмыртқа басып отырғанда көбінесе аузын қар мен жаңбырға тосып сусындап еді. Енді ол күндер артта қалды.
(Ғ.Мүсірепов).
Дұрыс жауаптары:


2-тапсырма. Мәтіннен жеке тұрып белгілі бір ұғымды білдіретін сөздерді бір бөлек, ұғымды білдіре алмайтын сөздерді бір бөлек топтастырыңыз.
Аздан соң Оспанды ертіп Тәкежанның үйінен Абай аттанғанда, күн кешкіріп, екінтіге тақап қалған еді. Екі туысқан кешкі қоналқыда қайда боларын шешпесе де, атқа мінісіп, өлкені, өзенді бойлады. Кешкі суға келіп жатқан қалың жылқыларды шеттей жағалай түсіп, ешбір ауылға соқпай, белгілі бір сейілге шыққандай. Осылайша атқа мініп, оралып қайтуын Оспан тілеген соң, бағанағы сөзін айтар деп, Абай үндемей ерген-ді. Бірақ бұл жүрісте де Оспан сөзін бастағанша көлденең бір жай олардың келелі сөзінің арасына түсіп кетті. Ол күйдің себепшісі - бұл екеуінің аңшы інісі, әдемі көк қаршығаны қолына ұстаған, сұлу жарау, ақсұр байтал мінген Шәке болатын.
(М.Әуезов).
Дұрыс жауаптары:

Ұғымды білдіретін сөздер

Ұғымды білдірмейтін сөздер









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет