Арқа ажары 2009 № 34-35 14 наурыз
Талғат ТӘШКЕЕВ
Мамандар ұстаханасы
Жарты ғасырдан астам тарихы бар бірегей білім ордасын осылай атауға толық негіз бар
Сөз басы:
2007 жылы Елордадагы білімнің қара шаңырагы - Сәкен Сейфуллин атындагы Қазақ мемлекеттік агротехникалың университетінің ұжымы өздерінің 50 жылдық торқалы тойларын атап өтті. Осыдан тура 52 жыл бүрын Қазақстан тыңының орталыгы саналган, егістігі жайқалган Есіл өңірінде қазығын қадаған шаруашылықтарға қажетті маман кадрлар даярлау мақсатында Ақмола ауыл шаруашылығы институты құрылған еді. Осы жылдар ішінде аталмыш оқу орны сан белесті артқа тастап, небір жарқын жолдарды жүріп өтіп, халық арасына кең тараган "Мамандар ұстаханасы" деген атты лайықты иеленді.
Жарты ғасыр бедерінде алғашқыда Ақмола, сонан соң Целиноград ауыл шаруашылығы институты, кейіннен тәуелсіздік алған жылдары С.Сейфуллин атындағы қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті болып аталған бірегей білім шаңырағы еліміздің ауыл шаруашылығының әр саласы үішн ,45 мыңнан астам жоғары , дәрежелі, білікті мамандар даярлап шығарды. Олардың көпшілігі қазірде де өздерінің еселі еңбектерімен ел экономикасын дамытуға сүбелі үлес қосып жүр. Атап айтар болсақ, бүгінде елімізге белгілі тұлғалар - ҚР Парламентінің депутаттары Т.Симамбаев, М.Трошихин, Қостанай облысының әкімі С.Кулагин, көп жылдар "Ақмола-Феникс" ААҚ-ның директоры қызметін атқарған Социа-листік Еңбек Ері, марқұм И.Шарф, Ақмола облыстық атқару комитетінің төрағасы Қ.Кәрбаев, "Астана Су арнасы" МКК-ның бас директоры Ж.Нүркенов, "Родина"Агрофирмасының" директоры И.Сауэр, университеттің бүгінгі басшысы А.Бұлашев, басқа да көптеген түлектерін университет ұжымы әркез мақтан тұтады.
Қазіргі таңда университеттегі 9 факультетте 33 мамандық бойынша 8 мыңнан астам студент білім алуда. 43 кафедрада 550 оқытушы, оның ішінде 200 ғылым кандидаттары мен докторлар оларға дәріс оқуда. Жыл сайын 1 мыңнан астам маман университет қабырғасынан түлеп ұшып, үлкен өмірге жолдама алады. Аспиранттар мен магистрларды даярлау ісі қазірде 19 мамандық бойынша жүзеге асырылуда. Негізінен алғанда 1958-2006 жылдар аралығында күндізгі және сырттай оқу бөлімінде 600-ден астам студент аспирантурада оқыған екен. Қазіргі кезде аспиранттар даярлау ісімен 39 жетекші айналысуда, олардың25-і ғылым докторлары мен профессорлар.
Бүгінгі таңда университет ұжымына осы оқу ордасының түлегі, ветеренария ғылымының докторы, профессор Айтбай Қабыкешұлы Бұлашев жетекшілік етеді. Жаңа дәуірдің жаңаша міндеттер жүктейтіндігі белгілі. Сондықтан университет бүгінде өзінің даму үр-дісінде жаңа бағыт ұстануда. Университеттің құрылымында ғылыми бөлімшелер пайда болды, атап айтқан да қазіргі заманғы биотех-нология мәселелері бойынша ғылыми-инновациялық және ауыл шаруашылығын дамытудың экономикалық мәселелері бойынша ғы-лыми-әдістемелік орталықтар мен ғылыми-тәжірибелік зертханалар студенттер мен ғалым оқытушылардың білімдерін одан әрі жетілді-руге ықпал етіп отыр.
-2005 жылы оқу ордасы мемлекеттік аттестациядан ойдағыдай өтіп, бакалавр, магистратура, аспирантураның барлық мамандықтары аттестацияланды. Бүгінде университетте оқу процесін кең ауқымды ақпараттық технологияға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде оқытушылар ұжымымен 800-ден астам электронды тасығыштағы түрлі оқу-әдістемелік мате-риалдар әзірленді. Универ-ситетіміз еліміздегі жоғары оқу орындарының арасынан алғашқылардың бірі болып сапа менеджментін енгізді. Осының бәрі университет қызметкерлері, профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттердің бірлесе атқарған еңбектерінің нәтижесі екендігі даусыз, - дейді оқу орнының басшысы Айтбай Қабыкешұлы.
Халықаралық қатынастар
Оқу процесін жетілдіру мақсатында университет бүгінде халықаралық қатынастарға баса маңыз беріп отыр. 1992 жылы оқу орнында арнайы халықаралық қатынас бөлімі ашылған. Оған алғашқы кезде жетекшілік еткен тәжірибелі педагогтар Т.Королева мен Б.Қасымтаева бұл орайда көп еңбек сіңірді деп айтуға толық негіз бар. Қазір бөлімді С.Қытайбекова басқарады.
Осы уақыт аралығында бұл тұрғыда көптеген игі істер атқарылып, түрлі елдердегі оқу орындарымен тығыз байланыс орнатылды, барыс-келіс көбейді. Мәселең 1991 жылы университетте АҚШ-тың Айова штатындағы Мал ауруларын зерттейтін ұлттық орталықтың қызметкері профессор Луиза Табатабай болып, биотехнологиялық орталық ғалымдарының жұмыстарына оң баға берді.1992 жылы Колумбия университетімен де ( Миссури штаты) қарым-қатынас орнатылды. Сол жылдары университеттің бірқатар оқытушылары АҚШ-та болып қайтты.
Университет бүгінде Германиядағы оқу орталықтарымен де тығыз байланыс орнатқан. 1992-1993 жылдары Ақмола облысының бір топ ауыл шаруашылығы мамандары мен университеттің оқытушылары Германияның Ансбах қаласында тәжірибеден өтіп, сондағы шаруа қожалықтары мен өңдеуші кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Университеттің 170-тен астам студенті Германиядағы шаруа қожалықтарында тәжірибеден өтіп, аграрлық менеджмент аясындағы теориялық білімдерін жетілдірді. Германияның Ваенштефан жоғары ауыл шаруашылығы мектебімен арадағы көп жылғы қарым-қатынастың басты жетістігі -университетте ашылған "Аграрлық менеджмент" халықаралық магистрлік курсы. 2003 жылдың қыркүйе-гінен бастап осы бағдарлама бойынша жоғары дәрежелі мамандар даярлау ісі қолға алынды. Сондай-ақ, Ресей, Украина және Бела-руссияның ірі зауыттары мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында студенттердің өндірістік практикалары ұйымдастырылады. Жыл сайын механикаландырылған топтар құрылып, онда студенттер алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда болып, егіс жұмыстарының технологиясын жан-жақты меңгеруге мүмкіндік алады.
Университетте лекция оқып, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу үшін шетелдерден арнайы оқымысты-ғалымдарды. шақыру да дәстүрге айналған. Осы уақыт аралығында білім шаңырағында АҚШ, Израиль, Германия, Ұлыбритания, Франция, Норвегия, тағы басқа елдерден белгілі ғалымдар мейман болып қайтты.
2005 жылдан мемлекетіміздің оқуға түсетін талапкерлер үшін грант санын мейлінше арттырғандығы белгілі. Университеттің студенттері мен оқытушылары осы конкурсқа белсене қатысып, олардың 17-сі ҚР Президентінің Халықаралық "Болашақ" стипендиясын иеленді. Қазіргі кезде С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінде Қытай, Моңғолия, Молдова, Түркіменстан, Грузия, Ук-раина, Ресей, Қырғызстан секілді алыс-жақын шетелдерден студенттер келіп білім алуда.
Мәдени-тәрбиелік жұмыстар
Қазіргі таңда университетте білім алумен қатар мәдени-тәрбиелік, спорттық тұрғыдағы маңызды шаралар ұштастырыла жүргізілуде. Мәселен, жиі өткізілетін "Қыз сыны", "Жігіт сұлтаны","Университет аруы", тағы басқа да байқаулар мен көркемөнерпаздар байқауы, "Студент көктемі", "Алғашқы студенттік күз", авторлық шығармашылық және мерейтойлық кештер, спорттық сайыстар жеке тұлғаның, азаматтың жан-жақты қалыптасуына игі әсер етіп отырғандығы даусыз. Бұл орайда көптеген соны жетістіктерді айтпай кетуге болмайды. Сонау 1967 жылдың өзіндеақ, білім ордасында қазақ ұлт-аспаптар оркестрі ұйымдастырылды, 1979,жылы "Слайд" эстрадалық би ансамблі құрылды. 1984 жылы "Рауан" шығыс би ансамблі, оның ізінше "Фараб" эстрадалық әндерді орындаушылар студиясы дүниеге келді. Ал 1990 жыл - қазақ тіліндегі КВН (Көңілділер мен тапқыштар клубы) командасының құрылғандығымен ерекшеленді. Бұл еліміздің солтүстік аумағындағы оқу орындарында ұлттық тілде ұйымдастырылған тұңғыш КВН клубы болатын Оның алғашқы ұйымдастырушылары Б.Мағзұмов, Б.Асылов, Б.Жумкин деген студенттер еді. Осы оң үрдіс қазірде де жалғасын табуда. Бүгінде университеттің "Аграрка сарбаздары" КВН командасының аты баршаға мәлім.
Университеттің дене тәрбиесі кафедрасы 1958 жылы құрылды. Осы кезең аралығында кафедра ұжымы толағай істерді атқарды десек, артық айтқандық болмас. Кафедра құрылған кезден 1992 жыл аралығында институтта 32 КСРО спорт шебері, 100-ден астам спорт шеберлігіне кандидаттар мен спорттың әр түрі бойынша бірінші раз-рядты көптеген спортшылар тәрбиеленді. Олардың арасында әр кезеңде спорттың әр түрі бойынша республикалық, азиялық, дүниежүзілік ойындарда ел намысын лайықты қорғаған И.Сафонов, Н.Николаев, М.Әубәкіров, Л.Филиппенко, С.Абдахин, М.Асайынов, Р.Калиң Д.Уманский Қ.Ис-раилова, Р.Гельмутдинов, Д.Бижанов, Е.Сайфуров, Б.Бекжолдасов, Д.Тоқбаев сынды студенттердің есім-дерін атап өткен жөн. Осы кейінгі өткен Бейжің олимпиадасында университет студенті, боксшы Мерей Ақшалов тәп-тәуір өнер көрсетіп, болашағынан үлкен үміт күттіретінін байқатты.
Дене тәрбиесі кафедрасының болашақтағы дамуы негізінен маман кадрлардың біліктілігіне байланысты. Осыдан 3 жыл бүрын пайдалануға берілген спорттық кешен мен "Сарыарқа" стадионының қайта жөнделіп, жабдықталуына орай, спортшылар даярлау ісінде алға басушылық болады деп сенгіміз келеді
Басшы пікірі
-Бүгінгі таңда элитарлық университеттерді ұйымдастыру мәселелері қарастырылып жатыр. Менің пікірімше, бұл тек классикалық университеттерге ғана қатысты емес. Мемлекет тарапынан көмек алып тұратын, өзге жоғары оқу орындарына үлгі боларлықтай, ерекше статусы бар университет болуы тиіс. Білімнің элитарлық секторына ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жоғары деңгейге көтеру міндеті жүктелмек. Әрине, элитарлық университетті қалыптастыру ұзақ мерзімді керек етеді. Дегенмен, жаһандану кезінде отандық оқу орындарының әлемдік деңгейге жетуін күтіп, жайбарақат отыруға тағы болмайды. Әлемнің айтулы университеттерінің де бір орында тұрмайтындығы белгілі. Міне, сондықтан бүгіннен бастап, жаңа сапалық деңгейге көтерілуге қолайлы жағдайлары бар жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін, материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қажет дередім. Мұндай элитарлық университет жарты ғасырлық тарихы бар Аста-надағы бірегей білім ордасы - С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік аграрлық-техникалық университетінің негізінде құрылуы әбден мүмкін. Бірақ, бұл жоспар ғана. Бұл - мемлекеттің тікелей араласуымен шешілетін мәселе.
Ал, бүгінгі күннің нәтижелеріне зер салсақ, ҚазМАТУ-заман талабына сай, қуатты оқу және материалдық-техникалық базасы бар білім ордасы. Жалпы ауданы 83 мың шаршы метр аумақта 9 оқу ғимараты мен 7 студенттік жатақхана орналасқан. Щучье қаласында оқу-сауықтыру кешені бар.
Тағы бір айта кететін жай, университетте жыл сайын түлектер жәрмеңкесін өткізу дәстүрге айналған. Бұл оқу орнын бітірген түлектердің еш кедергісіз жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді деген пікірді алға тартады университет басшылығы. Жыл сайын ақпан айының соңьіна қарай осындай кезекті шара қолға алынып келеді. Бір сөзбен айтқанда, егемен еліміздің аграрлық сала бойынша болашаққа қойған мақсаттарын жүзеге асыру тұрғысында ҚазМАТУ-дың қосып отырған үлесі қомақты деуге әбден болады.
Елордадағы бірегей білім ордасының өткені мен бүгінін қысқаша саралағанда, осындай ой түйеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |