Қара зере майының емдік қасиеттері



бет1/2
Дата19.04.2024
өлшемі24.37 Kb.
#499221
  1   2
қара зере мақала


Қара зере майының емдік қасиеттері
Сейтбекова М.Д.

Ғылыми жаңалығы: ғалымдар ұнтақталған қара зере дәндерін қабылдау рак ісіктерін азайтып, Т-лимфоциттер санының артуына әсер еткендігін бақылаған. Осы зерттеу жұмыстары қазірдің өзінде әлемнің көптеген зерттеу орталықтарында әлі де жүргізіліп жатыр. Әлемнің түрлі елдерінде өткізілген 1000-нан астам ғылыми зерттеулер 1400 жылдай бұрын айтылып кеткенқара зеренің ерекше емдік қасиетін нақтылайды.


Мақсаты: Шығыс елдерінде алғаш болып сыры ашылған «Қара зере» деп аталатын өсімдікті халық медицинасында қай ауруға қалай қолдануы керек екендігін жете түсіндіріп, толық талқылау.
Міндеті: Қазіргі таңда қара зере майы қалың халық арасында кеңінен қолданып пайдаға асқан емдік шөптердің бірі болғандықтан, қара зеремен емделу жолдары, жай-жапсарын баяндап, тыңдарманға жеткізу.
Қара зере майының ботаникалық аты: Nigellae Semen
Синонимдері: Nigella Sativa Oil, Virgin black cumin oil, black seed, чернушка, мацок, нигелла, римский кориандр, ниелле (фр., нем.) , мелансион (греч.), шониз, сиах дана(перс.)
Бұтақты сабақпен тегістелген, биіктігі 20-30 см болатын жапырақтарының ұзындықтары 2-3 см қықа, тостағаншалар, төбеде орналасып қысқа аяаққа таралған. Сабағы, гүлі, жемісінен тұрады.
Сабағының ұзындығы 30-80 см, жалаңаш жасыл түсті. Жапырақтары тілімделген, кезектесіп орналасқан, қысқа сырғалы терең 3-5 бөлікке бөлінген етті өсімдік.
Гүлі ақ және қызыл түсті, ірі жалғыз не үш гүлі сабаққа гүл табаны арқылы бекітілген. Күлтесі бес бөлемді ақ түсті, ұзындығы 1,5-2 см, аталығы-15.
Жемісі ірі созылған қорап тәрізді 3-7 фолликүлден тұрады, әр бір дәнде қолданатын кқп тұқым болады. Тұқым үш қырлы. Олар пияздың тұқымына ұқсас бірақ дәмі бойынша онымен ештеңе ортақтаса алмайды. Қара зере қосжарнақтылар классына, сарғалдақ тұқымдасының, чернушка туысына жатады. Қазіргі кезде қара зеренің 20-ға жуық түрлері бар.
Қара зеренің ғылыми атауы латын тіліндегі «Nigel» - «қара» деген сөзден шыққан, яғни оның дәнектерінің түсінің қара болуына байланысты солай аталынған. Қара зере немесе Nigel la sativa қос гүлді және көптеген ақ дәндерден тұратын жеміс қабығын шығарады. Жемістің қабығы пісіп-жетілген сәтте ол ашылады да, ішіндегі дәндері қара түске енеді. Кейбіреулер қара зерені тау зересімен шатастырып жатады. Расында ол екеуі бір-біріне еш қатысы жоқ екі түрлі өсімдіктер [1].
Қара зеренің қасиетіне ғылыми дәлелдер: 1959 жылдан бастап әлемде қара зеренің емдік қасиетіне байланысты 1000-нан астам ғылыми-тәжірибелік зерттеулер жүргізілді. Олардың таңқаларлық нәтижелерә туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, ғылыми мақалалар мен баяндамаларда жарияланды. Адам денсаулығының тұрақтылығын сақтайтын әсерлі компонент сол жылықара зере құрамынан анықталды. Кейбір ауруларды емдеуде қара зеренің тиімділігін клиникалық зерттеулер де дәлелдеді. Осылай қара зеренің маңыздылығы туралы осыдан 1400 жылдан астам уақыт бұрын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) айтқаны көркем түрде дәлелденді.
Ибн Қайып Жаузия өзінің «Пайғамбар медицинасы» деген кітабына қара зеремен емделген 50 шақты аурудың тізімін енгізген. 1960 жылы профессор Дахакна жүргізген зерттеуінде қара зеренің майы артритті емдеу кезінде қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданылатынын дәлелдеп шықты [3].
1960 жылы ғалым Махфуз бен оның әріптестері қара зере майы қолқа демікпесін емдеуде қолданып жақсы нәтижеге қол жеткізді.
1979 жылы дәрігер Агарвала қара зере майы бала емізетін әйелдердің сүтін көбейтетінін зерттеп дәлелдеді.
Қара зеренің иммундік қасиеттері. Иммунитет-организмдегі белгілі бір жасушалардың басқа организмдердің жасушаларынан келген не өзінің жасушаларынан келіп, дененің басқа жасушаларымен ұқсастығын жойған бөгде заттар мен құрылымдарды тез танып, байлап, жойып жіберу қабілеті. Дені сау адамның организмі бөгде заттар мен құрылымдардан, олардың ішінде сырттан және іштен шыққан ауру тудыратындарынан да, үздіксіз түрде арылып отырады [4].
Иммунитет пен айыршықты без. Адамның денесі шамамен 1-10 миллиард генотиптік ұқсас жасушалардан тұрады. Жасушалардың бөлінуі кезінде әрбәр миллионыншы жасушаның мутацияға ұшырайтынын ескеретін болсақ, адамның денесінде шамамен денесінде шамамен 10миллиондай аномальді, ауытқушы жасушалар бар болып шығады. Иммунитеттің арқасында организм бөгде заттар мен құрылымдарды тез танып, жойып жібереді. Иммунитет ескірген жасушаларды, белоктарды, шлактарды шығарып, организмге қажетті белоктар мен жасушаларды, олардың ішінде белгілі бір топтағы қанның жасушаларын да, қайта қалпына келтіріп, екіқабат кезде бөгде денені сақтау арқылы организмнің өмірлік қызметін нығайтады.
Май қышқылының құрамы:

  • Линолевая кислота – 55-56%

  • Олеиновая кислота – 15-18%

  • Пальмитиновая кислота – 10-12%

  • Эйкозеновая кислота – 4-5%

  • Стеариновая кислота – 1-3%

  • Альфа – линолевая кислота-до 1%

Қара зере көп ауруға ем екен.
Шығыс елдерінде «Қара зере» деп аталатын май бар. Бұл майды мұсылмандар сан ғасырлардан бері барлық ауруға ем үшін қолданылып келеді. Ол Сауд Арабиясында, Мысырда жасалады. Бүгінде АҚШ пен Батыстағы мемлекеттердің ғалымдары қара зеремен СПИД-ті емдеу жолдарында зерттеуде екен. Ал дәл қазір осы май халал дүкендерде сатылып жатыр. Дей тұрғанмен, біздегі көп адам онымен қайтіп емделу керек екенін біле бермейді. Сондықтан оны кейбір ауруларға қалай қолданатынын айта кеткенді жөн көрдік [2].
Баспа (ангина)
Баспаға ұшыраған кезде қара зере майының екі-үш тамшысын тамызғыш арқылы таңдай бездеріне тамызады. Болмаса мақтаны майға батырып, онымен таңдай бездерін сүртуге болады. Осы емді күніне үш-төрт мәрте қайталайды. Емнің ұзақтығы екі – үш күн.
Созылмалы баспа
Созылмалы ангинада мақтаны қара зере майына батырып, онымен таңдай бездерін сүртіп, сосын сыртқы аймағын маймен сүрту керек. Содан кейін мұрынға бір – екі тамшы май тамызады. Егер қыздырса, мұрыннан қақырық түсірсе қорықпаңыз. Ол бес – он минуттан кейін тоқтайды.
Құлақ ауруы
Құлаққа бір тамшы қара зере майын тамызу керек. Ол құлақты тазалап, ауруын басады. Жарты шай қасық қара зере майын күніне бір рет ішу керек.
Көк бауырдың қабынуына қарсы
Бір стакан қайнаған суға бір шай қасық укропты қосып, үш – бес минут қайнатады. Оған жеті тамшы қара зере майын қосып, бір апта ішу керек.
Мұрынның бітелуі
Қара зере майына малынған мақтаны 15-20 минут мұрынға қояды. Тұмау қатты тигенде мұны қайталайды.
Жөтел
Күшті жөтел кезінде 3-5 тамшы қара зере майын тілдің түбіне таңертең және кешке тамызады.
Кеуду аурулары және суық тию
Жарты ас қасық қара зере майын қайнап тұрған суға тамызып, буымен дем алу қажет. Қақырық түспеген жағдайда жарты шай қасық қара зере майын жарты стакан лимон шырынымен қосып ішу керек. Оған аздап бал қосып ішуге болады.
Әлсіздік
Он тамшы қара зере майын апельсин шырынымен араластырып, таңертен ұйқыдан оянған мезгілде ішу керек. Мұны 10 күн бойы қайталайды.
Шаштың түсуі
Шаштың түскне жеріне қара зере майын жағады. Сонымен бірге, тамақтан 15 минут бұрын, таңертен және кешке жарты шай қасық қара зере майын 1 ас қасық бал қосылған жарты стакан сумен ішу керек.
Өсімдіктің химиялық құрамы
Қара зеренің тұқымында: Нигелон, минералдар, фосфор, темір, кальций, активті ферменттер, көмірсулар, ақуыздар, А және Е (сонын ішінде бэта токотриенол 1,22мг, гамма токоферол 2,59 мг әр қайсысында 100 г) май дәрумендер болады.
Зере біздің дастарханымызда
Зере біздің дастарханымыздағы барлық тағамдарға (сорпалардан бастап, салаттарға дейін) ұмытылмас тамаша дәм сыйлайды. Әсіресе, зере қосылған печенье. Дербес екі мемлекетке айналған бұрынғы Чехословакияда зере жемісі себілген тоқаштар, қазіргі күнге дейін таңғы кофені толықтыратын негізгі тағам [5].



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет