Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ҚММУ жанындағы медициналық колледж
Қарабаева Ж.С.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
оқу құралы
Қарағанды 2011
ӘӨЖ 93/99 (574) (02)
КБЖ 63.3(5КАЗ)Я7
К21
ПІКІР ЖАЗҒАНДАР:
М.С. Жакин - Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының т.ғ.к., доцент
К.Ж. Абдрахманова - ҚММУ-нің Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының аға оқытушысы
Б.Ш.Сағындықова – ҚММУ жанындағы медициналық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы
К21 Қарабаева Ж.С. Тәуелсіз Қазақстан : оқу құралы. – Қарағанды, 2011 - 53 б.
Оқу құралы медициналық колледждің тарих пәнінен 2 курс оқушыларына арналған. Оқу құралының негізгі мақсаты- оқушыларға Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдық тарихынан мағұлмат беру.
ӘӨЖ 93/99 (574) (02)
КБЖ 63.3(5КАЗ)Я7
Оқу құралы ҚММУ медициналық колледжінің әдістемелік кеңесінде талқыланып бекітілді
Хаттама № 5 «20» сәуір 2011 жыл
ҚММУ ғылыми кеңесінде бекітіліп, баспаға ұсынылды
Хаттама № 9 «21» сәуір 2011 жыл
© Ж.С.Қарабаева, 2011 г.
Кіріспе сөз
Оқу құралы Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдық тарихын оқыту
мақсатында дайындалған
Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», - деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемле-кеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің екенін мойындаттық. Ел экономи-касы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды.
Жыл сайынғы ел Президентінің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы өз Жолдауында ішкі саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. Саяси жүйені жетілдіруде құқықтық реформаның маңызды рөл атқарылатынын, құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша құқық қорғау органдары функцияларындағы орын алған жағымсыз факторлардан, сондай-ақ құқық қорғау жүйесі қызметіндегі мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалардан арылудың қажеттігін атап көрсетті.
Елбасы өз Жолдауында құқық қорғау жүйесін реформалаудың бағыт-тарын көрсетіп берді, олар – құқық қорғау жүйесін оңтайландыру, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін белгілеу, заңдарды ізгілендіре отырып сапасын арттыру, құқық қорғау жүйесінің қызметінде ішкі ведомстволық мүддеден азаматтардың құқық пен мемлекеттің мүддесін қорғауға ауыстыру. Парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды қамта-масыз ету, құқық қорғау органының қызметінде есептілік пен бағалау жүйе-сін жетілдіру. Сондай-ақ, қазіргі күнде жүзеге асырылып отырған қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолданудың сотқа берілуі азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуының кепілі болып, сот жүйесінде қолдануда жақсы қорытындыларын көрсетуде.
Жолдауда айтылған бағыттарды жүзеге асыру сот жүйесіне деген халықтың сенімін арттыру біздің міндетіміз.
-
КСРО-ның ыдырауы және егеменді тәуелсіз мемлекеттердің орнығуы.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы бұрынғы Кеңес қоғамында қалыптасқан жүйенің күйреуінің, Кеңес Одағының ыдырау салдары нәтижесінде іске асты. Кеңес Одағының құлауының саяси себептері туралы айтқанда, ондағы саяси-идеологиялық бірлік пен біртұтастық сол сексенінші жылдардың соңы мен тоқсаныншы жылдардың басында-ақ ғайып болды.Кеңестік кезеңдегі қабылданған мәлімдемелер, тұжырнамалар, бағдарламалар ұлтаралық қатынастар мен оны шешудің жолдарын нақты көрсетіп бере алмады. Ел басында отырған басшылар ұлт мәселесінің байыбын терең түсінбеді. Ақыр соңында ұлтаралық қайшылықтар тартысқа, ал тартыс қантөгіске әкеліп тіреді. Бұған мысал ретінде Қазақстанда болған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын айтуға болады. Сондықтан бірқатар ұлт республикалары Одақтан бөлініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет болуы жөніндегі талаптар қойды. 1988 жылдың мамыр айларында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары өздерінің егемендігі туралы алғашқы құжаттарын қабылдады.
Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында Қазақстанда саяси және экономикалық өмірді тұрақтан-дыруға көмектесетін президенттік басқарудың енгізілуі заңды еді. 1990 жылы 24 сәуірде республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің Президенті лауазымын белгіледі, парламент сессиясында жасырын дауыс беру нәтижесінде оған Н.Ә. Назарбаев сайланды. Президенттің Семей полигонында ядролық сынақ-қа тыйым салу, Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету шаралары туралы жарлықтары Қазақстанда демократиялық реформалар жүргізудің өзіндік бір белесі болды.
1990 жылы 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық үрдістердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан уақиғалармен тығыз байланысты еді. 1991 жылғы мәскеудегі тамыз бүлігі Қазақстанның тәуелсіздік алуын шапшаң-датты.1991 жылы 7 қыркүйекте Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті. Осындай күрделі жағдайда Қазақ мемлекеттігі шеңберінде Республика-дағы жоғары атқарушы және билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ КСР-нің Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттігі пісіп жетілді. Мұндай өкілеттіктер республика парламенті 1991 жылы 20 қарашада қабылданған Қазақ КСР-нің «Қазақ КСР-да мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» заңы бойынша берілді.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президентін жалпы халықтық сайлау өтті. Халықтың демократиялық жолмен өз еркін білдіру арқасында Н.Ә.Назарбаев президент болды.
Республикада прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот органдары қайта құрылды; Қазақстанның мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т.О.Әубәкіров ұшты. 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгертті.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Республика тарихында жаңа кезең басталды.1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы Кеңес Одағының құрамына кірген тәуелсіз мемлекет басшыларының кеңесінде ТМД-ны құру туралы келісімнің хаттамасына қол қойылды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, Халықаралық валюта қорының, Халықаралық реконструкция және даму банкісінің, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму қауымдастығының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ірі мемлекеттері АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция және т.б. мойындады. Түркия ең бірінші болып мойындады.
Қазақстан Республикасының алдына үлкен келелі міндеттер қойылды. Олар; Елдің ішкі жағдайында Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, елдің ішінде көп ұлтты халықтардың бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Қазақстанның сыртқы саясатында басты міндеттер-оның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің қауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау.
Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлері қайта түледі, ұлттық сана өсіп келеді. Қазақ ұлты топтаса бастады; Қазақ тілі мемлекеттік тіл болды. Көші-қон және азаматтық туралы заң қабылданды.
1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өткізіліп, оған 10 миллион қазақ халқының өкілдері жиналды.
2. Қазіргі Қазақстанның дамуындағы жаңа экономикалық тенденциялар
Бұрынғы Кеңес экономикасының ыдырауы салдарынан әлеуметтік-экономикалық ахуалдың шиеленіскен жағдайында Қазақстан нарықтық реформаға көшті. Экономикалық дағдарыс жағдайында республикада табиғи байлықтың аса мол қоры бар екенін негізге алатын экономикалық потенциялды неғұрлым тиімді пайдалану бағыты ұсталды. Республика экономикасының мемлекеттік емес секторы белсенді дамытылды. 1992ж. ортасында 35 акционерлік қоғам, 76 салааралық және сыртқы экономикалық ассоциялар, 30 концерндер мен концерциумдар болды. Республикада 120 коммерциялық банк, 60 биржа, 40 қамсыздандыру және 20 лизингалық компания болды.
1993 жылдың наурызында «ҚР-ның Ұлттық Банкі туралы» жаңа заң қабылданды. Ұлттық банк жаңа заңға сәйкес жаңа басқарма сайлады, оның құрамына Президент әкімшілігінен, Парламент аппаратынан, Үкімет пен қаржы министрлігінен өкілдер кірді. Департамент директорынан тұратын Банк директорларының кеңесі құрылды. 1993 жылы қарашаның басында ұлттық валютаның алтын қоры жасалып, Ұлыбританияда теңгені басып шығару туралы тапсырыс берілді. Ал, қағаз тиындардың 6 номиналын дайындауға арналған тапсырыс Алматы қаласындағы құнды қағаздар фабрикасында орындалды.
Ұлттық валютаны жасау еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке басшылығымен жүргізілді және осы мәселе бойынша барлық шаралар қатаң құпияда сақталынды әрі жоғары денгейде ұйымдастырылды. Ол қысқа мерзімде – бір жыл, екі ай ішінде Англияда аяқталды.1993 жылы қарашаның 11-і күні кешке теледидардан, радио тораптарынан Президент республика халқына ақша реформасын жүргізу туралы сөз сөйледі. Осының ертесі 12 қарашада Президент Н.Ә. Назарбаев ҚР-ның ұлттық валютасын енгізу туралы №1399 жарлығын жариялайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ұлттық валютаның 1993 жылы 15 қарашасынан айналысқа енгізілетіні туралы Жарлыққа қол қойды. Осылайша 1993 жылдың 15 қарашасы ұлттық валютаның туған күні деп саналды.
Ұлттық валютаны тұрақтандыру жөнінде қадамдар есептелді, теңгенің бағамы сол кезде бір АҚШ доллары үшін 4,6 теңге деңгейінде белгіленді. АҚШ долларына қатысындағы теңге бағамы еліміздің алтын қорының тұрақтануы мен мүмкіндіктерін, экономикалық-әлеуеттік, ақша айналымын ескере отырып есептелінді.
1994 жылы елдің қаржы жүйесінің қалыптасуы онан әрі жалғасын тапты. Ал бұл жүйе аса қиын қаржы-экономикалық жағдайда өрбіп, өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Теңгенің құнсыздануына байланысты айналысқа жаңа банкноттар шығарылды. Мәселен, 1 наурызда 200 теңгелік, 27 шілдеде 500 теңгелік банкноттар пайда болды. Банк инфляциялық процестерге дер кезінде баға беріп отырды. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасы дәйекті түрде көтеріліп келеді.
2006 жылы енгізілген жаңа теңге купюролары дизайндағы суреттерге түсініктеме беру. Осы күндері Қазақстандықтар жаңа дизайндағы теңгені алғаш көруде. Бұл теңге дизайнның ескі түрден жаңасына ауыстырудың тех-никалық-экономикалық себептерін айтар болсақ, біріншіден, бұрынғы ақша бетіне салынған мемлекеттік нышандар, тарихи тұлғалардың суреттері, ланд-шафт, сәулет – мұның бәрі өзімізді әлемге таныту, өзіміз туралы өткеніміз, қазіріміз туралы әлемге паш ету болды. Алайда қазіргі серияда көркемдік тұжырымдамасы жалғасқан да, бірақ аясы тарыла бастаған: бұл әлемнің, Қазақстанның даму барысында технологияның арта түсуімен байланысты.
Екіншіден, біздің теңгеміз әлемдік стандартқа сай келуі тиіс. Үшінші-ден, банкноттың басты мәні мемлекеттің бірлігін ұлттық ерекшелігі, эконо-микалық деңгейін көрсетуі тиіс. Адамдар есейген сияқты еліміз Қазақстан да 15 жылға есейіп өсті.
Жаңа купюроларда нышандар, көркем образдар көп, олардың әрқайсы-сының өз мағынасы бар, бәрі бірігіп тарихты құрайды. Сол себепті банкнот-тың негізгі элементі - әлемге ашық алақан.. Ашық алақанның тағы да бір нышандық мәні бар: біз - әрқайсымыз өзімізше, бірақ барлығымыз бірге – бірыңғай тұтас елміз, халықпыз.
«Астана Бәйтерек» бар. Олардың бірлесуі бұл - өткеннің, қазіргінің және болашақтың өзара байланысын көрсететін өзінше формула. Банкнотта – ресми қаржы құжаты, әлемге белгілі болған нышандар: Елтаңба, Жалау, Әнұран, елдің картадағы контуры бар. Бұл мемлекеттік нышан және ел туралы, бәріне республиканың азаматтарына және сол сияқты шетелдіктерге қажет ақпарат.
«Бәйтерек» - бұл ұрпақтарға жолдау болашаққа ұмтылған елдің символы. «Бәйтерек» - ғажап құрылыс, жаңа елорданың бейнесіне сондай үйлесіммен кірігіп, шын мәнінде бірден оның символы болып қана қоймай, сонымен қатар елдің символына айналды.
Сонымен бірге банкнотта Қазақстан ландшафтының да негізгі типтері бар – таулар, теңіздер мен көлдер, орман, дала көрсетіледі. Мұның мағынасы бір сөзбен келтіргенде Біздің Отанымыз деген патриоттық сезімді көрсетуі тиіс.
3. Жаңа саяси партиялар мен қозғалыстардың құрылуы
1990 жылдың ортасында Қазақстанда Азат қозғалысы пайда болды. «Азат» өзінің басты мақсатын Қазақстанның мемлекеттік егемендігі үшін күрес деп белгіледі. Республикада 1991 жылы барлығы 120-дан астам дербес бірлестіктер болды. Қазақстан Республикасындағы демократиялық үрдістердің бірі көп партиялылық. Оның негізі 1990 жылы салынды. Алғашқы қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстарға келсек 1988 жылы Ақиқат, 1989 жылы Әділет, 1990 жылы Желтоқсан, Алаш , Единство, 1993 жылы Лад славян қозғалыстары т.б. пайда болды. Тарих сахнасына алғашқы партиялардың шығуы 1990 жылдары, бірінші кезеңде социал демократиялылық және Азат азаматтық демократиялылық қозғалысы ұйымдық жағынан негізделді. Көппартиялылықтың екінші кезеңі Қазақстан Коммунистік партиясының 1991 жылдың қыркүйек айында кетуімен байланысты болды. Үшінші кезеңде 1993 жылдан бері Қазақстан халық бірлігі одағы , Аграрлық, Отан, Ақ жол т.б. 2003 жылға дейін елімізде 19 саяси париялар мен қозғалыстар болды. 2003 жылы партиялар туралы заңға сәйкес Қазақстанда 9 саяси партия қайта тіркеуден өтті.
4. Қазақстан Республикасының ішкі саясаты: экономикалық, қоғамдық – саяси, рухани дамуы
1997 жылдың басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып кірді. Соңғы 5-6 жылда еліміздің шет елдермен экономикалық байланыстары арта түсуде, берілетін инвестициялық қаржылардың көлемі өсті. Германия, Түркия, Ұлыбритания т.б. Қазақстанға экономикалық көмек ретінде несие берді. Жапония, АҚШ және басқада донор елдердің үкіметтері Қазақстанмен қаржылық ынтымақтастығын жылдан жылға арттырып келеді. Қазақстан өзінің экономикалық мәселелерін шешуде АҚШ-пен қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі. «Шеврон» компаниясы мен Теңіз мұнай көздерін игеру жөніндегі шартқа қол қойылған. Бұл келісім Америка капиталын Қазақстан экономикасына ірі көлемде тартылуының бастамасы болды. Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы ерекше зор. Егемендік алған жылдардан бері дүниежүзінің 180-нен астам елімен сауда қатынасын орнатты. Қазақстанның сауда айналымы шамамен 62 пайызы ТМД елдерінің үлесінде,23-24 пайызы Еуропа елдерінің, 13 пайызы Азия аймағы елдерінің үлесіне тиеді.
Қазақстанның сыртқа шығаратын тауарларының басты түрі металл (34 пайыз) мұнай газ (35 пайыз), азық түлік (12 пайыз), химия тауарлары (9 пайыз), приборлар және аппараттар (5 пайыз). Сырттан алынатын тауарлардың 75 пайызы ТМД елдерінен келеді. Қазақстан географиялық жағынан әлемнің негізгі экономикалық аудандары аралығында орналасқан Азия-Тынық мұхит аралығындағы елдермен сыртқы экономикалық байланыстар орнату тиімді. Қазақстан жерінен өтетін темір жолдың ұзындығы 1,8 мың шақырым. Соның ішінде Достық-Алашанькоу темір жолы 1991 жылы салынды. Бұл жолдың тек Қазақстан үшін ғана емес халықаралық маңызы зор. Тек Достық-Алашонькау станциясы 5 млн тоннадан астам жүк өткізеді, ал болашақта оны 12 млн тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Қорыта айтқанда 1991 жылдан бері тәуелсіздік тұғырына қонған Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен терезесі тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынас орнатты. Осы уақыт ішінде елдің сыртқы саясаттағы күш жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Еліміз дүние жүзілік аренадан беделді орын алды. Қазақстан шекарасының өн бойында берік халықаралық құқықтық негізге сүйенетін қауіпсіздік, тату көршілік және достық белдеуі жасалды.
1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн Еліміздің мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады. Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Елдігіміздің сыналатын бір түсы – осы. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет.
Дипломатиялық хаттаманың елшілік салтының халықаралық құқықтың негізгі принциптерін нақтылауға және жүзеге асыруға қызмет ететін құрал ретінде айрықша саяси маңызы бар. Ол – кез келген мемлекеттің сыртқы саясатына, дипломатиялық қызметіне ықпал ететін факторлардың бірі. Елшілік салтына сәйкес Мемлекеттік туға тағзым ету, Мемлекеттік әнұранның орындалуы тәрізді рәсімдер (хаттамалық этикеттер мен нормалар) мемлекеттің егемендігін танытатын белгілерге жатады. Елшілік орналасқан мекенжайларда мемлекеттің туы желбіреп тұруы, әр алуан ресми кездесулер мен келісімдер кезінде мемлекеттік жалаулар қойылып, соған қарай тиісті орналастыру тәртібі белгіленетіні содан. Қазақстан егемен ел, тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік аренаға шығып, халықаралық қауымдастыққа енуіне орай аспан түстес Туымыздың Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастап, көптеген халықаралық мекемелердің, әлемнің әр түкпіріндегі әр түрлі мемлекеттердің төрінде желбіреуі де осының дәлелі. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу жөніндегі халықаралық құқық пен дипломатиялық әдеп-дәстүрі (этикет) әркімнің өз азаматтық борышына сергек қарауы қажеттігін тағы бір дәлелдей түседі.
Еліміздегі демократия және ұлт мәселесі жөнінде айтқанда Қазақстан Халықтары Ассамблеясының қоғамымыздың дамуында қосқан үлесінің маңызы зор екенін көреміз. Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы шешім 1992 жылы желтоқсанда өткен Қазақстан халықтары құрылтайында қабылданды. Ұзақ ізденістердің, ұлттық мәдени орталықтар өкілдерінің, заңгерлердің басқа да салалар мамандарының пікірлерін зерттей келе, Ассамблеяға мемлекет басшысының жанындағы консультативті-кеңесші орган дәрежесін беру ұйғарылды. Нәтижесінде ол өз қызметінің жемісін бере бастады.
1995 жылы Елбасының жарлығымен Қазақстан халықтары Ассамблиясы құрылды. Ассамблея сессияларында біздің елді мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мен татулығы, конституциялық заңдарды сақтау, халықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары және т.б. көкейкесті маңызды мәселелер талқыланады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен шекарасының тұтастығын қорғау үшін өзінің жеке Қарулы Күштерін құрудың үлкен маңызы болды.Оны іске асыру Елбасының 1992 жылғы 7 мамырдағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» жарлығымен басталды. Қарулы Күштерді ұйымдастыруда 1993 жылғы ақпанда қабылданған Қазақстан Республикасының әскери доктринасы ерекше серпін берді. Доктрина халықаралық жағдайдың түбірлі өзгеруін, тәуелсіз демократиялық мемлекеттердің құрылуының сол жылдардағы ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстандағы әскери құрылысты ұстап тұру мен негізгі бағыттарын айқындап берді.
2000 жылдың 10 ақпанында Елбасының жарлығымен Қазақстанның 1999-2005 жылдарға арналған жаңа әскери доктринасы және ұлттық қауіпсіздік стратегиясы қабылданды. Осы құжаттарға сәйкес армия елдің ішкі жалпы өнімнің бір пайызынан кем емес көлемде қаржыландыратыны көзделді. Армияның ұйымдық-штат құрылымын реформалау аяқталды. Отандық әскери ғылымды дамыту мақсатында тұңғыш рет Қарулы күштердің әскери-ғылыми орталығы ашылды.
Жаңа Әскери доктринада Республика Қарулы Күштерінің дамуын нақты әскери қатерге сәйкестендіру, әскери өнердегі негізгі тенденция мен мемлекеттің экономикалық мүмкіндігін ескеру қажеттілігі үйлесімді байланыс тапқан. Доктрина негізінде Қазақстан жерінде әскери аумақтық құрылымға көшу жүзеге асырылып, елдің барлық аймағын қамтитын Оңтүстік, Шығыс, Батыс және Орталық әскери округтері құрылды. 4 әскери округтердің құрылуы еліміздің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін арттыра түсті.
2007 жылы наурыз айында Қазақстан Армиясының жаңа Әскери доктринасы қабылданды. Қорғаныс саласының бюджеті ішкі жалпы өнімнің 1,2 пайызын құрады. Бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстан Республикасында мынандай марапаттау жүйесі қабылданған:
5. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі сыртқы саясаты
Қазақстан өзінің тәуелсіздік алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық байланыс жасауға, сыртқы саясатқа ерекше көңіл бөлді. Қазақстан сыртқы саясатында, әсіресе басты үш мәселеге ерекше назар аударды. Біріншіден, бұрынғы одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланыстарды өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық, мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіз-дігін сақтау, дүниежүзілік соғысты болғызбау, ядролық қарудан бас тарту.
1991 жылдан тәуелсіз Қазақстан көптеген игі шараларды іске асыруда. Қазақстан республикасын дүниежүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. 2006 жылдың басында Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Тәуелсіздігімізді алғашқылардың бірі болып Түркия, АҚШ, Франция және т.б. мемлекеттер мойындады. Қазірде Қазақстан шет елдерде 50-ден астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Астана мен Алматыда 50-ден астам шетелдік елшілік пен халықаралық ұйымдардың өкілдігі жұмыс істейді.
Қазақстанның сыртқы саясатында басты назар аударып отыратын мәселе, ол- өзінің ең жақын және ірі көрші мемлекеттерімен, солтүстікте Ресеймен, ал шығыста КХР-мен қарым-қатынас орнату. Қазақстан мен Ресей арасындағы 1992 ж. 25 мамырда Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Ал 1995 ж. 20-шы қаңтардағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы бірлескен декларацияда екі ел жоғарыдағы қол қойған шарттарды одан әрі бұлжытпай орындап отыратындығы жөнінде мәлімдеді. Бауырлас халықтардың достастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федера-циясының президенті Б.Ельцин мен Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыда кездесіп, бұдан былай екі ел арасындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу, аумақтық тұтастықты, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау принциптерін сақтау негізінде дами беретінін қуаттады. Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың дамуында 1998 ж. 6-шы шілдеде Мәскеуде қол қойылған ХХІ ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларацияның тарихи маңызы ерекше. Оның негізінде Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы, екі мемлекет арасындағы қаржылық келіспеушілікті реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді.
2000 ж. 25 қаңтарда Н.Ә. Назарбаев пен Ресей президенті В.В. Путинмен кездесу болды. Ал 2002 ж. Н.Ә. Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары барысында Қазақстан мен Ресейдің арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге, Байқоңыр ғарыш айлағын одан әрі бірлесіп игеру мәселесі сөз болды. Екі жақты деңгейдегі ТМД, ЕурАзЭҚ, ұжымдық қауіпсіздік, БҰҰ шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақтағы елдер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табылатынын мәлімдеді.
Қазақстан үшін шығыстағы үлкен көрші Қытайсыз үлкен саясат жүргізу ерекше қиын. Тәуелсіздік тізгіні қолға тиісімен Қытаймен достық байла-ныстарды орнатуда едәуір табыстарға қол жеткізді. Алғашқы кездегі басты міндет – жан-жақты экономикалық байланыстарды дамытып, шекарадағы шиеленістерді тоқтату еді. Қазақстанның стратегиялық мақсаты - Қытай арқылы дүние жүзіні рыногына шығудың жаңа жолын ашу. Қазақстан президентінің ҚХР-ға 1992 ж. тамызда алғашқы ресми сапарынан бастап, барлық байланыс жолдарын ашудың сәті түсті. 1997 ж. 25 қыркүйекте Алматыда өткен Қазақстан және Қытай делегациялары арасындағы келіссөз барысында Батыс Қазақмтан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырына шығыстағы көршіміз 9,5 миллиард доллор жөнінде шартқа қол қойды. 1998-1999 жылдары дипломатиялық әрекеттер Қазақстан мен Қытай арасындағы шекараны түбегейлі айқындады. Шекараны межелеу Қазақстан-ның ұлттық қауіпсіздігіне кепілдіктер берілгендігін білдіреді. Бұл осы қуатты мемлекетпен достық және өзара тиімді ынтымақтастық саясатын жалғасты-рудың негізі болып табылады. Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қытай мемлекетіне 2002 жылдың желтоқсан айында жасаған сапары екі ел арасындығы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындады. Екі мемлекет басшыларының кездесуі барысында бес құжатқа қол қойылды. Оның ең маңыздысы «Қазақтсан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт». Бұл шарт Азия құрлығында ғана емес, әлемде де бейбітшіліктің, қауіпсіздіктің және тұрақтылықтың сақталуына ықпал етеді.
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңы-зы зор. Бұл қарым-қатынас Америка Құрама Штаттары Қазақстан Респуб-ликасын мемлекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсанынан мемлекеттер арасында елшілік дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады. Ұлы мемлекеттердің ішінде Қазақстанды алғашқылардың бірі болып таныған АҚШ Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына мүдделі екенін көрсетті.1991 жылдың желтоқсанында АҚШ мемлекеттік хатшысы Дж. Бейкер Алматыға келіп, Н.Ә. Назарбаев және басқа да ресми адамдармен келіссөздер жүргізді. 1992 жылдың сәуір айында Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және қарым-қатынастар жөніндегі АҚШ Конгресі комиссиясының делегациясы келді. Сол жылы мамырда Н.Ә. Назарбаев АҚШ-қа алғашқы ресми сапармен барды. Сапар барысында «Сауда қатынастары жөнінде келісім », «Қазақстан Республикасы және АҚШ үкіметтері арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандум» және т.б. келісім шарттарға қол қойылды. Сөйтіп, екі жақты қарым-қатынастардың шарттық-құқылық негіздері қаланды. Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынаста-ры серпінді түрде дамып келеді. Соның нәтижесінде Қазақстан АҚШ-тың демократиялық әріптесі деңгейіне көтерілді. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстан экономикасының асаірі инвесторы болып отыр. Оның толық дәле-лі ретінде 1997 ж. қол қойылған экономикалық әріптестік бағдарламасын, Қарашығанақ кеніші жөніндегі және Каспий қайраңын бөлісу жөніндегі келі-сімдер. Вашингтон Қазақстанға Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіз-дік тұғыры, өзінің осы аймақтағы басты серіктесі ретінде қарайды. 1999 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев АҚШ-қа бес күндік сапар жасап, екі мемлекет арасындағы байланысқа жаңа жол ашты.
2001 жылғы 11 қыркүйекте Вашингтон мен Нью-Йоркте орын алған қайғылы оқиғалардан кейін Қазақстан АҚШ-қа одақтас екенін мәлімдеді. Елбасы Қазақстанның әрдайым лаңкестікке қарсы шығатынын және халықаралық коалицияға қосылуға әзір екенін атап өтті.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің – 10 жылдығына орай жіберген құттықтау хатында АҚШ президенті Дж. Буш Қазақстан Халықаралық қоғамдастық үшін аймақтағы тұрақсыздық пен жанжалдарға қарсы шешуші рөл атқаратындығын қуаттады.
Аталған факторлар Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы қатынастарды жоғарғы деңгейге көтеруге негіз жасады. 2001 жылдың желтоқсан айында Н.Ә. Назарбаев АҚШ-қа ресми сапар жасап, екі мемлекет арасында стратегиялық сипат алатын құжаттарға қол қойды.
2006 жылы Н.Ә.Назарбаев АҚШ-қа кезекті аса маңызды ресми сапармен барды. Онда АҚШ президенті Дж. Бушпен және т.б. ресми адамдармен кездесті.
Сыртқы саясатта Қазақстан үшін Түркия, Пакистан, Үндістан, Иран мемлекеттерімен, сондай-ақ Азияның Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур және араб елдерімен байланыс, ынтымақтастық шеңберінде өзара көмек алмасудың маңызы зор болып табылады.
Қазақстанға ортақ шекарасымен, қалыптасқан шаруашылық байланы-старымен, экономикаларының өзара бірін-бірі толықтыруымен қоян-қолтық араласа отырған, тарихи және мәдени-этникалық игіліктері ортақ Орта Азия-дағы - Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас жасау өте маңызды. Осы бағытта 1994 жылы Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, кейіннен 1998 жылы төртінші мемлекет Тәжікстан қосылды. 1994 жылы осы мемлекеттердің Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкін құру туралы келісімге қол қойылды.
ОАЭҚ мемлекет басшыларының 2000 жылғы сәуір, мамыр айларындағы Ташкент және Душанбе кездесулері олардың интеграцияға ұмтылысын растап берді. 2001 жылғы қаңтарда Орталық Азия экономикалық қауым-дастығына мүше елдер басшыларының Алматыда болған кездесуінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан республикалары бірігіп Орталық Азияны еркін сауда аймағына айналдыруға келіссөз жүргізді. 2002 жылдың ақпанынан бастап Орталық Азия экономикалық қауымдастығы жаңа келісілген құжат негізінде «Орталық Азия ынтымақтастығы » болып қайта құрылды. 2002жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының елордасы – Астанада Орталық Азия ынтымақтастығы елдерінің саммиті өтті. Саммитті ашқан Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев ОАЫ аясында жүргізіліп жатқанжұмыстарға талдау жасай келіп, аймақ мемлекеттерінің ынтымақтастығына оң баға берді. Мемлекет басшылары Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздік Ауғаныстандағы жағдаймен тығыз байланыста екенін атап өтті.
2010 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстанда кең ауқымда тарихи оқиға өтті. Ол қазақ жеоінде өткізілген саммит. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бұл шарамен Қазақстан халықына Орта Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты тереңдетудің маңызы зор болатынын атап көрсетті.
«2011 жыл - бұл Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тарихи мәре. Биылғы жыл «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы».
Н.А. Назарбаев
Достарыңызбен бөлісу: |