Қарағанды 2010 Әож 616. 716. 8-002 Қбж 56 я 7 ж 3-16 Пікір берушілер: А. Ж. Жумадилова


Гемангиома, лимфангиома клиника, диагностика, емі



бет3/4
Дата17.07.2016
өлшемі0.83 Mb.
#206464
1   2   3   4

Гемангиома, лимфангиома клиника, диагностика, емі.
Капилярлы гемонгиомалардың клиникалық көрінісінде жақ бет аймағындағы тамыр ісіктерінің клиникалық ағымының ерекшеліктері бар.Олар наүқастың жасына,ісік түріне байланысты.Бұл ерекшеліктер емдеу жоспарлағанда есепке алыну керек (сурет 16).

Капилярлы гемонгиомалары жай және гипертрофиялы болып екіге бөлінеді: жай гемонгиомалар түсі анық , бірақ бір тегіс емес, ашық клүлгін немесе күлгін-қызыл дақты. Терінің бетінде жатады. Ісік әр уақыт өсуге бейім болып тұрады. Капиллярлы гемонгиомалар алғашында тездеп өсе бастаған даққа ұқсайды. Бұл ісіктерге тән ерекшелік, олар сыртқа қарай өсіп, томпайып, шеті сопақтана немесе дөңгелене бастайды. Майда томпақтардан түзілген (бүлдірген сияқты) гипертрофиялы ісікті жаңылысып, каверналы деп қалу мүмкін. Жалпы бұл ісіктер диаметрі 2-3 см-дей, қызыл түсті жұмсақ қамыр сияқты болады. Кейбір науқастар ісік аймағындағы теператураның көтерілгенін байқаған. Капилярлы гемангиомаларды қарағанда, олардың клиникалық ағымына көңіл аударады. Тамырлы ісіктер жедел өсіп, мүшелер қызыметін бұзып, көріксіздендіргенімен бірге, керісінше өз бетімен кері дамып жоғала бастауы (спонтанды регрессия) мүмкін.

Кері дамудың екі түрі белгілі. Бірі-жарақаттайтын механикалық әсер ісікті жараға айналдырып барып өздігінен жазылуы.Мұнда ангиоматоз тіндер дәнекер тінді тыртыққа алмасады.

Екіншісі ұзақ мерзім ішінде (бірнеше жыл) қан тамырларының облитерацияланып бітіп қалуынан болады.

Тамырлы ісіктің қуысты түрлерінің беті бұдырлы, түрі қанық қызыл, консистенциясы жұмсақ болып келеді.Ісік кең,қанға толы,әртүрлі пішінді қуыстардан тұрады. Кейде қуыстарда қан тастары-флебориттер болады. Ісік кез келген тінге өсіп кіріп, тіпті бет сүйектерін өзгертіп жібереді. Көбінесе орасан үлкен болып, бірнеше аймақты қамтып өсіп, келбетті көріксіздендіріп, қансырау қалпын туғызады.

Басты төмен салбыратқанда немесе күшенгенде қуысты гемангиома тез босап, артынша дәл осылай тез қанға толып шыға келуі мүмкін.

Бұтақты гимангиома кеңейген тамыр сабақтарынан құралады. Олар теріні, етті сүйекті қамтып шаншыла өседі. Беткейдегі тамыр соғуын тындағанда үрлеген секілді дыбыс естіледі. Клиникалық тексеруге бет сүйектерінің рентген суретін де қосқан жөн, себебі сүйекте құрлымды өзгерістер анықталады.Азғана жарақаттың өзі өмірге қауіпті қансырауға әкелуі мүмкін.Аталып өткен белгілерге сүйеніп гемангиоманың бірнеше түрлерінің диагнозын қоюға болады.Терең жатқан қуысты гемангиоманы анықтау қиын. Оны липома мен лимфангиомалардан ажырата білу керек.Ол үшін саусақпен басып көргенде,гемангиома көлемі тез өзгереді

Жалған гемангиомалар беті тегіс, түсі ақшыл күлгін, күлгін қызыл, кейде көкшіл тартып тұрады.

Медиалді тамырлы дақтардың шеті белгісіз болып,күшенгенде ғана білінеді.Жұлдызды түрінде-көзге анық түсетін орта нүктесінен радиальді жұлдыз сәулесі секілді тамырлар ыдырап тарайды.Өте баяу өседі.Сығылу және толу белгісі жұлдызды гемангиомаға тән.

Емі: Емдеу жоспарында оның түрі, өсу ерекшелігі, орны, науқастың жасы есепке алынады. Белгілі емдеу тәсілдері,негізгі үш тәсілге бөлінеді. Олар консервативті, хирургиялық және аралас.

Склероздау терепиясы. Емнің бұл түрінің мағынасы, ісіктің ішіне немесе қуысына химиялық заттар енгізуге негізделген. Бұл мақсатқа арналып көптеген заттар ұсынылғанмен олардың көпшілігі қолданыс таппады (тұз, күкірт қышқылы, йод, хлорлы мырыш, ас тұзының гиертониялық ертіндісі), енгізгенде қатты ауыртып, улайтын әсерінің күштілігі олардың қолданылуына шектеу болады. Склероздауға Варкоцид пен Вистарин қолданылады.

Хирургиялық емдеу жолдары. Геиангиомаларды хирургиялық емдеу төрт топқа бөлінеді.1) ангиоманы қоректендіретін тамырларды байлау, 2) тамырлы ісікті айналдыра тігу, 3) ісікті жартылай немесе түгелдей кесіп алу, 4) ісікті кесіп алып, орнына бір мезгілде жергілікті тіндерді еркін көшіріп алу немесе Филатов сабақшасымен пластика жасау.

Қоректенетін тамырларды байлау дербес тәсіл ретінде жақ-бет аймағында оң нәтиже бермейді. Бұл тәсіл қанап тұрған көлемді гемонгиоманы хирургиялық емдеу алдында жасалынады. Кейде склероздау терапиясымен қатар жүреді. Айналдыра тігу көп қан жоғалтудың алдын алу шаралары ретінде көлемді ісікті кесіп алу үшін,немесе склероздаумен қатар жасалады. Операция аймағында қабыну, өлеттену болмау үшін ісікті айналдыра капрон жіппен тігеді. Бет аймағында тігіс тері астында тұзақ секілді салынады. Ісікті түгелдей тігіп шығу косметикалық тұрғыдан дұрыс емес.

Ангимоларды айналдыра тіккенде ісік айналасындағы сау тіндерге салынады, ал шырмай тіккенде ісік үстіне түседі.

Геиангиомаға салатын тігіс түрлері көп (көрпе көктегендей), Петров, Васильев, Соколовтардың әдісі бойынша клиникада гемангиомалардыайналдыра, шырмай тігу жиі қолданылады.

Тігіс техникасы: Кетгут немесе капрон жібі бар үлкен дөңгелек ине теріге тереңдеп қадалып 3-4 см-дей жерден шығады. Жіптің ұшын басқа жалпағырақ инеге сабақтап тері астынан кері қарай жүргізіп, бірнші шаншыған жерден қайта шығарамыз. Нәтижеде тері асты тұзағы пайда болады. Келесі түйінді алдыңғыға қатар саламыз, сөйтіп ісікті түгел айналып шығамыз. Мұндай тігісті бірнеше қатар етіп салуға болады. Хирургиялық жолмен ісікті кесіп алу емнің тиянақты түрі болып саналады. Ол кіші, орташа ангиомалар мен капсулалы гемонгиомаларды алу үшін қолданылады. Үлкен гемонгиомаларды алу ептілік пен сақтылықты талап етеді. Мұндай ісіктер бөлшектеп,біртіндеп алынады. Хирургиялық ем жоспарлағанда, мүмкіндігінше косметикалық нұсқан аз болатын, түгелімен кесіп алуға болады деп табылған жағдайлардың бәрінде де ангиомаларға операция жасау керек.

Гемангиомалардың көлеміне, орны мен таралып өсуіне байланысты жасалатын операция тәсілдерін айтып өту қиын болғандықтан, Горбушина көрсеткен алты шартын есте ұстаған жөн.

1. Науқасты операциядан кейін де операциялардың болуы мүмкін екендігін ескерту керек.

2. Бет пен мойын гемонгиомаларына операция жасаудан бұрын сыртқы күре тамырды байлап тастаған жөн.

3. Ісікке келген негізгі тамырлар анықталған болса, оларды алдын ала байлап тастау керек.

4. Қуысты гемангиомаларды кесіп алу үшін бетті онша көзге түспейтін жерлерінен ғана тілу керек. Пластикалық хирургиялық қағидалары мен топаграфиялық ерекшеліктерін естен шығаруға болмайды.

Тілу көбіне жақасты, жақарты, шықшыт, самай аймақтарында, мұрын-ерін қыртысында, үстіңгі ерін ортасында, ұрттың радиальды бағыттарында жасалады.

5. Операция кезіндегі жоғалған қанды қалпына келтіріп, құйып отыру керек.

6. Беттің бүйір тұстарындағы гемангиоманы алғанда бет нервісінің тармақтарын сақтап қалу керек.

Тамырлы ісік алынған соң қалған ақауды бастапқы еркін тері пластикасымен жабамыз.

Жалпақ гемонгиомаларды емдеу үшін сульфат бариймен хирургиялық әшекей жасауға болады. Капилярлы гемонгиомаларға ем консервативті түрде жүргізілсе,т амырлы ісіктің басқа түрлеріне операция жасалынады.

Сәуле терапиясы.

Бір жасқа дейінгі балалардың тамырлы ісіктері рентген сәлелеріне өте сезімтал келеді. Бес жастан әрі қарай бұл сезімталдық азаяады. Түрлі гемонгиомалардың ішінде сәулеге сезімталдығы басым.

Көбіне қысқа фокусты рентгентерапия қолданылады. Оның ұтымдылығы экспозициясы қысқа, сәулені мөлшерлеуге болатындығы.

Гемангиомаларды криодеструкциялау. Гемангиомаларды терапиялық тәсілдериен емдеу-оларды өте төмен темература әсерімен некрозға, тыртыққа айналдыруға негізделген. Криотерапия төмен температураның ангиома тініне әсер етуіне негізделген. Крио әсер ісікке үш түрлі жолмен қолданылады: түйісу, көпіршік, криотозаң.

Түйісу тәсілі – аспатың мұздататын ұшын ісіке тигізіп әсер етуге негізделінген.Криоагент ісік тініне апликация түрінде де қолданылады.

Көпіршік тәсілі-тінге кіргізілген аспап арқылы тереңнен мұздатуға арналған.

Криотозан сұйық зат арқылы жасалынады. Бас пен мойының ісіктеріне қолданылатын бірнеше аспаптар бар: МӘАК-01, (медициналық әмбебап азотты криодеструктор), аспаптар жинағы МК-01 (Медициналық криогенді), АК- 02 (азотты криодеструктор), МАЕК-02 МТ (медициналық азотты еріткіш криодеструктор).

Соңғы жылдары криоагенттердің ішінде сұйық азот көбірек қолданылады. Ісіктің орны мен тереңдігіне қарап - 60º-тан 196º-қа дейін мұздатуға болады.

Гемангиомаларды ферезолмен химиялық деструкциялау. Беткей орналасқан капилляр, жалған гемангиомаларды химиядеструкция жасауға ферезол қолданыс тапты.

Ферезол-60/ фенол мен 40/ трикзолдың гомогенді қосындысы. Фенол өткір иісті, қозғалғыш, ашық қоңыр, қара-қоңыр түсті, тиген жерін күйдіретін, бактероцидті әсері бар май сияқты зат. Ферозолға батырылған тампонмен гемангиоманың бетін өңдейді. Алғашқы 3-5секундта тамыр ісігінің беті бозарады. Себебі преаратты эпидермис өзіне сіңіріп, тамырлар рефлекторлы түрде тарылады. Науқас тез тарқап кететін күйіп жатқан сезімді айтады. Алғашында бозарған гемонгиоманың беті, оған репаратты жақан сайын қара-қоңыр түске боялады. Ферезолмен өңдеп болған соң оның түгел сіңіпкетуін күтеді. Бактероцидті қасиетіне байланысты жараның беті басқа антисептикалық препараттармен өңделмейді. Бірақ қабыршақтың беті брилиант жасылымен өңделеді. Тамыр ісігінің орнындағы тері ақшыл-қызғылт немесе қызғылт түсті болады. 2-3 айдан кейін айналасындағы теріден айырмашылығы болмайды.

Лимфалық тамырлардағы жаңа түзілістер гемонгиомамен салыстырғанда сирек кездеседі. Олардың арасында жақ-бет аймақтарының жұмсақ тіндеріндегі қатерсіз ісіктердің түзілісін – лимфоангиома деп аталады. Лимфоангиома туа пайда болатын сипаты тән және гемангиомамен бірге жүреді.

Клиникада жиірек капилярлы, қуысты және ұралы лимфоангиомалар кездеседі. Өсу дәрежесіне байланысты шектелген, жайылмалы, беткей және терең лимфоангиомалар бар.


Жақ – бет аймағының лимфоангиомалар клиникасының ерекшеліктері
Капиллярлы лимфоангиомалар көбінесе ерін, мұрын, ауыздың кілегей қабығы, мойында кездеседі. Ісік әдетте кішкене болады, кейде бір-бірімен дәнекер тін арқылы бөлініп тұратын бірнеше ісіктердің жиыны кездеседі. Ауыз қуысы кілегей қабығының майда шық немеесе інжу сияқты іші ашық түсті, яғни қан аралас затқа толы бір не бірнеше тамшылардың болуы лимфоангиоманың өзіндік диагностикалық белгісі болып табылады. Олар шашырап, яғни топталып тістердің түйісу сызығын бойлай орналасады. Мұрын лимфоангиомасында, ол бір жағына қарап, кейде симетриялы біркелкі үлкейеді. Гемангиомамен салыстырғанда мұрының пішіні мен көлемін өзгертпейді.

Қуысты лимфоангиомалар. Тері, ауыздың кілегей қабығын түгел қамтиды. Көбіне ұрт, тіл, ерін, шықшыт аймағына орналасып, мұндағы тіндер мен мүшелерге нұсқан келтіреді. Ауыз түбі мен мойынға тараған ісік сөйлеу, жұту, тыныс алу қызметеріне кедергі болады. Шықшыт аймағындағы лимфоангиоманы анықтау қиын, әсіресе шықшыт безі фасциясының астында орналасқан ісікті анықтау оңайға соқпайды. Қиын жағдайда безге контрасты рентгенграфия, ісікке пункция –цитологиялық тексеру жасалынады. Қуысты лимфоангиоманы тілгенде дақтары бар қызғыш сұр түсті кеуек көрінеді. Каверналар ісік ортасында үлкен, шет жағында кішірек болады. Ісік капсуласы айқын білінеді. Ұрттың көлемді каверналы лимфоангиомалары тіс-жақ бет деформациясына алып келеді. Мұрын аймағындағы қуысты лимфоангиомалар мұрынды деформациялайды.

Тілдің каверналы лимфангиомасын ерекше атап өту керек. Ісіктің ұласқан түрінде тіл еттері де зақымданып тез өседі. Мейлінше үлкен тіл ауызға симайтын халге жетеді. Ауызды жабу қиындайды. Ісіктің бүйір тұстарында тістердің батқан іздері көрінеді, олар жараланып қанайды. Сөзі түсініксіз болады (сурет 5).

Ұралы лимфоангиома – бір немесе көп қуысты ұралы ісік. Пальпацияда флюктуация анық білінетін жұмсақ консистенция сезіледі. Пункция кезінде мөлдір немесе ашық түсті сұйықтық алынады. Әдетте ұралы лимфоангиомалар онша үлкен емес , кейде аса үлкен болып өсуі мүмкін.

Лимфэктазия-дәнекер тінде орналасқан тамырлар мен саңылаулардың кеңейіп лимфаға толуы. Шектелген бет терісінің бетккейінде орналасқан ұра сияқтанып кеңіген лимфа тамырларынан тұрады. Оның ішінде коагуляцияға ұшыраған лимфа мен лимфоциттер болады. Кейде мұндай лимфоангиома лимфа тамырлары түгел эпидермистерпен қоршалып ангиокератолизге ұқсайды. Басқа жағдайда бет терісінде түссіз мең болып кездеседі.

Қуысты лимфоангиома эндотелиймен астарланған, бір-бірінен перделермен бөлінген, ретсіз орналасқан қуыстардан тұрады. Перделер фиброзды тінге бекіген біріңғай салалы ет талшықтары мен май тіндерден құралған.

Ұралы лимфоангиома сүт түсті, детрит немесе холестерин аралас қан секілді зат толған бір немесе бірнеше камералардан тұрады.

Гемангиомаларға қарағанда лимфоангиомалардың диагнозын дәл қою көбінесе қиындық туғызады. Жақ-бет, мойын аймағының лимфоангиомаларын гемангиома, нейрофиброматоз, липома, дермоидты ұраларды, мойынның орта және бүйір ұраларынан ажырату керек.

Гемангиома мен лимфоангиоманың айырмашылығы бірнеше бағытта жүргізу керек. Мысалы, ісіктің ауа райына байланысты өзгеруі. Лимфоангиома күн салқын кезде ұлғайып «өседі». Ал гемангиома күнің ыстық кезінде ұлғайады. Тіл мен ұрттың лимфоангиомалары салқын, ылғал күндері қабынуға бейім тұрады. Ісік үстіндегі тамырлардың тырсиып көрінуі де ауа райына байланысты. Тактильді сезімталдығы бойынша гемангиома-жылы, лимфоангиома салқын болып бөлінеді. Пальпацияда бет лимфоангиомасында тығыз кішірмейтін ісік байқалады.Тіндер пастозды, ұрттың кілегей қабығында емізікше ісіктер бұртиып, айқын көрініп, азу тістердің батқан ізі білінеді. Жақ-бет аймағының жұмсақ тіндердегі лимфоангиомалар көбіне капилярлы, қуысты және аралас түрінде кездеседі. Қуысты лимфоангиома жұмсақ, жылы сезіледі, оның үстіндегі тері жұқарып, тері асты тіндері атрофияға ұшырайды.Саусақпен екі жақты тексергенде конкремент-флебориттер бар екендігі білінеді. Былқылдақ флюктуация анықталынады. Тіл аймағындағы лимфоангиома тілдің барлық жеріне дерлік тарайды, тіл түбірінің лимфоидты гиперплазиясы, гипертрофияға ұшырайды. Кейінірек жақ асты папилит, ұстамалы макроглассия және оған байланысты тістесу өзгеріп прогения шығады. Лимфоангиомамен салыстырғанда гемангиома көпшілік жағдайда бір бүйірге қарай орналасады. Тамырлы ісік тілді түгел қамтыған кезде лимфоангиома туралы ойлаған жөн. Ісіктің тығыздығы әртүрлі болып, қуысты гемонгиомада барлық кезде флебиттер анықталынады.

Тіл түбірінің шектелген лимфоангиомасын оның аденомасынан қалқанша бездің жартылай немесе түгел бір бөлігінің дистопиясынан ажыратады. Науқас жас бала болса , оны эндокринологқа көрсету керек.


Емі: Негізгі емі-хирургиялық. Лимфоангиома қабынғанда антибактериалық ем жасап, операция қабыну басылған соң жасалады. Бет пен мойынның шектелген кисталы лимфоангиомасынмен, тілдің шектелген лимфоангиомасында ісік түгел алынып тасталады. Көлемді, ұласқан лимфоангиомаларды біртіндеп бөлектеп кесіп алады. Операциядан соң склероздау терапиясы жиі қолданылады. Бірақ осы уақытқа лимфоангиомаларды склероздау мәселесі шешілмеген мәселе болып келеді. Сәуле терапиясының нәтижелері қанағаттанарлықсыз.

Тақырыпқа байланысты тест сұрақтары


  1. Ауыз қуысы кілегей қабығының ісіктерін дамытушы фактор

  1. сілекей безінің қабыну аурулары

  2. тіс қақтары

  3. кілегей қабықтың тұрақты зақымдануы

  4. асқазан-шек жолы аурулары

  5. тістің қатты тін аурулары

  1. Гемангиоманың склероздық терапиясын жүргізудегі Бернадскийдің әдісін атаңыз.

  1. ісік ішіндегі қанды шприцпен сорып алып, этил спиртін енгізу

  2. ісік ішіндегі қанды шприцпен сорып алып, сірке суын енгізу

  3. ісік ішіндегі қанды шприцпен сорып алып, антибиотик енгізу

  4. ісік ішіндегі қанды шприцпен сорып алып, 1% йоданат енгізу

  5. аталғанның бәрі дұрыс

  1. Бет-жақсүйек аймағының қатерсіз ісіктерінің тиімді емі

  1. хирургиялық

  2. химия терапиялық

  3. сәулелік терапия

  4. иммунологиялық

  5. консервативті

  1. Аспирациялық (ісік аймағынан сұйықтық алу) зертеуді жүргізу:

  1. ұраларды тексеруде

  2. сүйек тіндері ісіктерін тексеру

  3. жұмсақ тін ісіктерін тексеру

  4. нерв тін ісіктерін тексеру

  5. гаймор қуысын тексеру

  1. 60 жастағы науқасқа «Төменгі жақ сүйегінің амелобластомасы» диагнозы қойылған. Нақты диагнозын қоюға жүргізілетін зерттеу.

  1. сұрастыру

  2. цитологиялық

  3. қан құрамын

  4. рентгендік

  5. гистологиялық

  1. 40 жастағы науқас «Төменгі жақ сүйегінің жұмсақ одонтомасы» диагнозымен ауруханаға жіберілген. Диагноздың дұрыстығын анықтау үшін қандай зерттеу жүргізесіз.

  1. гистологиялық

  2. рентгендік

  3. томографиялық

  4. цитологиялық

  5. ангиографиялық

  1. Тегіс бұлшық еттерінен дамитын ісік.

  1. меланома

  2. лимфангиома

  3. миома

  4. невринома

  5. липома

  1. Липоманың даму себебі.

  1. дәнекер тіннен

  2. қабыну процесінен

  3. жетілген май тінінен

  4. жетілмеген фиброзды тінінен

  5. аталғанның бәрі дұрыс

  1. «Фиброма» - деген не?

  1. ауыз қуысында кездесетін ісік

  2. бұлшық еттерден дамитын ісік

  3. жетілген фиброзды тіннен дамитын ісік

  4. дәнекер дамитын ісік

  5. бет қаңқасы дамуының кемістігінен дамитын ісік

  1. Амелобластома қандай сүйекті зақымдайды:

  1. жоғарғы жақ сүйегінде кездесетін ісік

  2. төменгі жақ сүйегінің денесі, бұрышы, бұтағы

  3. төменгі жақ сүйегінің иек аймағы

  4. шықшыт сүйегі

  5. маңдай сүйегі

  1. Одонтоманың рентген суретіне тән көрініс:

  1. жеке секвестрлерінің болуы

  2. сүйек тінінің дөңгелек пішінді деструкциясы

  3. айқын шектелген гомогенді көлеңке, тығыздығы тіс сауытына ұқсас

  4. сүйектің диффузды деструкциясы

  5. сүйек тінінің ұяшықтанған ұсақ деструкциясы

  1. Цементобластома:

  1. дәнекер тіннен дамыған қатерсіз ісік

  2. остеокластардан құрылған қатерсіз ісік

  3. цемент тәрізді тіннен құралған қатерсіз ісік

  4. сүйек ішілік деструкция беретін ісік

  5. бәрі дұрыс

  1. Амелобластоманың негізгі емі:

  1. жақ сүйегінің резекциясы

  2. ісікті қапшығымен алып тастау

  3. аралас емі

  4. химиялық терапия

  5. сәулелі терапия

  1. Одонтоманың негізгі емі:

  1. жақ сүегінің резекциясы

  2. ісікті қапшығымен алып тастау

  3. химиялық терапия

  4. криодеструкция

  5. Диатермокоагуляция

  1. Цементома дамитын элемент:

  1. эпителий

  2. тіс эмалі

  3. тіс пульпасы

  4. тіс дентині

  5. тіс цементі

  1. Жақ сүйегінің одонтогенді қатерсіз ісігі:

  1. фиброма

  2. папиллома

  3. липосаркома

  4. амелобластома

  5. біріншілік ұра

  1. Жалпақ капилярлы гемангиоиалардың жиі таралу жері.

  1. құлақ маңы шайнау аймағы

  2. тіл түбі

  3. жоғарғы және төменгі жақтардың альвеолярлы өсіндісінің кілегей қабаты

  4. мұрын түбі

  5. йек асты аймағы

  1. Лимфангиоманың клиникалық формасы.

  1. ұралы, ұяшықты, литикалық

  2. полиморфты, пролиферативті, мономорфты

  3. капилярлы, кавернозды, кистозды

  4. субпериосталды, периапикальді, литикалық

  5. ұралы, полиморфты, субпериостальды

  1. Кавернозды гемангиомаға жатады.

  1. шектклген және диффузды

  2. полиморфты және мономорфты

  3. субпериостальды және сүйек түзуші

  4. литикалық, кистозды

  5. мономорфты, ұяшықты

  1. Гемангиоманың қай түрін де ауру сезімі дамиды.

  1. бұтақшалы

  2. аралас

  3. капилярлы

  4. авернозды

  5. әр түрлі

  1. Гемангиома, қан ұйындысына толы қан ұйындысынан тұрады.

  1. аралас

  2. әр түрлі

  3. бұтақшалы

  4. кавернозды

  5. капилярлы

  1. Қатерсіз ісіктің лимфангиэктазиясында лимфатамырлары ұлғайады.

  1. гемангиома

  2. аралас ісік

  3. нейрофиброматоз

  4. лимфангиома

  5. телеангиоэктазия

  1. Кіші сілекей бездерінің ретенционды ұраларының хирургиялық емінде ұрамен бірге алынады:

  1. без

  2. жарты без

  3. без бен айналасындағы тіндер

  4. шеміршек тін

  5. сүйек тін

  1. Кіші сілекей бездерінің ретенционды ұраларын алғанда кесіледі:

  1. ұра

  2. жарты ұра қабаты

  3. кілегей қабатының бөлігі мен ұра безімен қоса

  4. кілегей қабатының бөлігі

  5. ұра безімен қоса айналасындағы тін

  1. Науқас А, 52 жаста. Оң жақ құлақ маңы сілекей безінің полиморфты аденома диагнозы қойылды. Қандай ем жүргізу керек?

  1. хирургиялық ем

  2. терапиялық ем

  3. ортопедиялық ем

  4. консервативті ем

  5. томографиялық берілгендер

  1. Науқас Е. 30 жаста, май бездерінің аденомасы диагноз қойылды. Ісік даму себебі:

  1. май бездерінің қызметінің бұзылуы

  2. физио ем

  3. кромотерапия

  4. томография

  5. рентгенология

  1. Науқас О. 44 жаста, Ранул диагнозы қойылды. Оперативті емнің әдістемесі.

  1. ұра қабығының толық алынуы мен тіл асты безімен бірге

  2. ұра қабығының бөлігін алу

  3. тіл асты безімен бірге

  4. ұра қабығын толық алу

  5. тіл асты безімен алу

  1. Науқас 45 жаста, жақ асты сілекей безінің ұрасы дамуын ажырату керек.

  1. паротитпен

  2. актимомикозбен

  3. бүйірлік ұрттың ұрасымен

  4. капиллярлы гемангиомамен

  5. қабынулы аурумен

  1. Науқас 41 жаста.Жақ асты сілекей безі ұрасы диагнозы қойылды. Хирургиялық ем ұраны алуында негізделеді.

  1. безбен

  2. без бөлігімен

  3. без долькаларымен

  4. без бен айналасындағы тіндер

  5. без бен сүйек тіні

  1. Науқас 42 жаста, Ранула диагнозы қойылды. Рануланың негізгі хирургиялық емдеу әдісі ұраны алып тастау болып табылады:

  1. айналасындағы тінмен

  2. тікелей қабығының бөлігін

  3. тіл асты сілекей безімен

  4. тіл асты мен жақ асты сілекей безімен

  5. құлақ маңы – шайнау сілекей безімен

Тест жауаптары




жауабы



жауабы



жауабы

1

C

11

C

21

D

2

A

12

C

22

D

3

A

13

A

23

A

4

A

14

B

24

C

5

E

15

E

25

A

6

A

16

D

26

A

7

C

17

C

27

A

8

C

18

C

28

C

9

C

19

A

29

A

10

B

20

D

30

C



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет