Қарағанды қалалық білім
бөлімі
Әдістемелік кабинет
Р.М.Мамедярова
Мағжан Жұмабаев шығармашылығына арналған
тест жинағы
Әдістемелік құрал
2015
Р.М.Мамедярова
Мағжан Жұмабаев шығармашылығына арналған тест жинағы Қарағанды: ӘК,2015
Қарағанды білім бөлімінің әдістемелік кеңесінде мақұлданып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік құрал ретінде ұсынылады
©ӘК
Аңдатпа
(Алғысөз орнына)
Президент Нұрсұлтан Назарбаев тапсырмасымен ағымдағы жылы Үкімет Қазақстанды жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту бағадарламасының, 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының, сондай-ақ 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жобалары да жасалғанын атап өтті. Бағдарламаларда жастардың бойында белсендi азаматтық ұстанымды, әлеуметтiк жауапкершiлiктi, отансүйгiштiк сезiмдi, жоғары адамгершiлiк және көшбасшылық қасиеттердi қалыптастыру мақсат етілді.
Тест жинағы арқылы Мағжан поэзиясын насихаттаудағы мақсат – поэзия әлемінде айрықша із қалдырған өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, терең сырлы ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп қалдырған ақын шығармасын жеке алып тереңдетіп оқыту. Бұл - Мағжанның қазақ әдебиетіне кіргізген жаңа әдеби әдістерін, өлең түрлері мен жанрын танып білуге, жаңа өлең өлшемдері мен ырғақ үндестіктерін, музыкалық әуенділігін, көтерген проблемалық тақырыптарының ауқымын анықтауға, стилі мен жаңашылдығын зерттеп, зерделеп оқуға мүмкіндік береді, мағжантану саласындағы ғылыми және шығармашылық істерді біріктірген. М.Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын насихаттауда жаңа жолдар іздестірген.
«23 ЖББОМ мектеп» әдістемелік жұмыс жетекшісі З.Сатвалдинова
Кіріспе
Тест жинағы арқылы Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттауды мақсат еттік.
М. Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын насихаттауда жаңа жолдар іздестірілді. Авторды терең танып білу мақсатында жасалынған тест тапсырмаларының жинағы оқушылар үшін көмекші құрал болып табылады.Тест жинағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес жасалған. Тестің ішкі мазмұнына әдебиеттiң теориялық мәселелерi, құрамдас бөлiктерi, әдеби ағымдар мен бағыттар, әдеби көркем шығармаларды тұтас талдау жүйесi, әдеби шығарма және болмыс, ұлттық мәдениет, әдебиет және ұлттық рух, әдебиет және ғаламның шындық бейнесi, әдебиеттiң өзге ғылымдармен байланысы, қазiргi әдебиеттегi заманауи мәселелер, әдеби оқырмандық мәдениет, сөз өнерi және шығармашылық даму, көркем шығарманың стильдiк ерекшелiктерi өзек етiлiп, әдебиет туралы бiртұтас ұғым қалыптастыру ойластырылды.
Берілетін білім мазмұнын сұрыптауда ғылымилық, түсініктілік, жүйелілік, сабақтастық, іс-әрекеттілік, пәнаралық ықпалдастық, сабақтастық сияқты дидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынып, оқушылардың бейіндік ерекшеліктері ескерілді. Түсініктілік ұстанымы оқушылардың өзіндік қабілеті мен ерекшеліктерін ескере отырып үйлесімді психологиялық ахуал тудыруға мүмкіндік жасалды. Оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға бағытталып, оқушылардың күтілетін нәтижеге жетуіне мүмкіндік береді. Шығармашылық ұстанымы әр түрлі тапсырмаларды өздігінен орындау білігін қалыптастырады. Қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында өзіндік белсенділік көрсете алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, әдеби көркем туындыда бейнеленген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдылары ұсынылды.Тестпен жұмыс жасауда оқушылар көркем шығармалардың табиғатын тану, оның мазмұндық-құрылымдық сипаттарын ажырата бiлу және әдебиеттiң сөз өнерi ретiндегi құдiретiн дәйектей алу дағдыларын меңгереді. Жинақта сапалық көрсеткіштерінің даму дәрежесін көрсететін психодиагностиканың стандартты әдістемелері, бірнеше негіздемелер бойынша бөлшектенетін тестілердің түрлері бар.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |