Спонтанды зақымдалулардың себептері:
Репликация қателіктері: депуринделу (депуринделу нәтижесі ДНҚ негіздерден айырылған, дезоксирибоза қалдықтарының пайда болады); дезаминделу (дезаминделуде цитозин урацилге, аденин – гипоксантинге, ал гуанин – ксантинге айналады).
Индуциялық зақымданулардың себептері: Кейбір химиялық заттар ДНҚ-ң негіздерін метилдендіру арқылы 6-метилгуанин, 7-метилгуанин, 3-метилгуанинддердің пайда болуы мүмкін. Ультракүлгін сәулелендіру әсерінен туындайтын, басты бұзылыстар, ДНҚ тізбегіндегі 2 көрші пиримидиндерінен пиримидинді димерлердің пайда болуы.
ДНҚ-ң зақымдалған негіздері ДНҚ-N-гликозидазалармен анықталып және алынып кетеді. Ферменттер дезоксирибоза қалдықтары және зақымдалған негіздердің арасындағы N-гликозидтік байланысты гидролитикалық ыдыратады.
Репарацияның ары қарайғы жүрісі екі жолдың бірімен жүруі мүмкін:
Эндонуклеаза ферменті зақымдалған жерді анықтайды (негізсіз дезоксирибоза) және 3`,5`-фосфодиэфирлік байланысты гидролиздейді.
Экзонуклеаза тізбектің ажыраған орнын тауып және зақымдалған бөлікті алып тастайды. ДНҚ-полимераза зақымдалған нуклеотидтік тізбекті салып шығады (қателікті жояды); сақталған ДНҚ-ң тізбегі матрицалық қызмет жасайды. ДНК-лигаза зақымдалмаған және қайта синтезделген ДНҚ тізбегінің бөліктерін жалғайды.
Репарацияның болуы генетикалық хабардың 2 көшірмесінің болғандығы арқасында. Егер нуклеотидтердің комплементарлық жұбы бір мезгілде зақымдалса, репарация болмайды. Репарация ағзаның барлық өмір сүру барысында генетикалық материалды сақтау үшін қажет (геном құрылысын сақтау). Барлық ферменттер ылғида активті, яғни процесс үздіксіз жүреді. Репарация ферменттерінің активтілігінің төмендеуі ДНҚ-ға зақымдалулардың (мутация) жиналуларына әкеледі.
РНҚ құрылысы және қызметі
РНҚ тармақталмаған түзу полимер болып табылады, химиялық құрылымы жағынан ДНҚ-а ұқсайды, мынаны қоспағанда, яғни дезоксирибоза рибозаның орнын басқан, ал аденин урацилмен жалғасады. РНҚ-ы бір тізбектен тұрады және қос спираль құрмайды. РНҚ-ң екі түрі – тРНҚ және рРНҚ түрленген нуклеотидтерді құрамына кіргізе алады (5-метилцитозин, 2-метиладенозин және т. с. с.).
Достарыңызбен бөлісу: |