Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы биологиялық химия кафедрасы Нуклеин қышқылдарының құрылысы және қызметі Барлық факультеттің студенттеріне арналған



бет1/9
Дата12.10.2023
өлшемі101.5 Kb.
#480569
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
LнуклеинKZ




ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ


Биологиялық химия кафедрасы


Нуклеин қышқылдарының құрылысы және қызметі
Барлық факультеттің студенттеріне арналған
ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Қарағанды 2004


Авторлары: кафедра меңгерушісі, профессор Л. Е. Муравлева, доцент Т. С. Омаров, оқытушылар Х. Р. Әбдіқадырова, Е. Ө. Тілепбекова


Пікірші: доцент Н. У. Таңқыбаева
Кафедра отырысында бекітілді хаттама №____ ________2004 ж

Кафедра меңгерушісімен бекітілді_________________________


Медико-биологиялық және фармацевтік факультеттердің ӘК бекітілді


Хаттама № ________ ____________ 2004 ж

Төрайымы _____________________________________________




Нуклеин қышқылдарының құрылымы


Нуклеин қышқылдары – гетерополимерлер, мононуклеотидтер олардың мономерлері болып саналады. Мононуклеотидтердің құрамына пуриндік немесе пиримидиндік азот негіздері, пентоза және фосфор қышқылдарының қалдықтары кіреді. Пуриндік негіздерге аденин және гуанин, ал пиримидиндерге – цитозин, тимин және урацил жатқызылады.
Пентоза: рибоза немесе дезоксирибоза фураноздық форма түрінде НҚ-ң құрамына кіреді және азоттық негізбен N-гликозидтік байланыспен байланысқан. Мұндай қосылыс нуклеозид деп аталады. Пуринмен байланыста болған жағдайда атына озин – суффиксі қосылады: аденозин, гуанозин, ал пиримидиндерге – идин: тимидин, цитидин.
Фосфор қышқылының қалдығы (Н3РО4) пентозаға 5-ші жағдайда қосылады. Мұндай қосылыстардың атауы нуклеозид атауына сәйкес келетін фосфор қышқылының қосылуын көрсететін орынға «фосфат» сөзін қосқанда түзіледі. Қалдықтардың санына байланысты моно-, ди- және трифосфаттар болады (аденозин-5-трифосфат, АТФ), ГМФ, ЦМФ, ТДФ, УТФ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет