Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы



Дата25.02.2016
өлшемі97.5 Kb.
#21753

Ф КГМА 1-8-22/02


МУ «Организация методической

работы в соответствии с ГОСО

2006 года» от 04.07.2007 г.

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы

ДӘРІС


Тақырыбы: Қатты дәрілік түрлер туралы түсінік.

Дәрілер технологиясы негіздері пәні

051103- Фармация мамандығы

3 курс

1сағат уақыт (ұзақтығы)

Қарағанды 2009ж .


Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген

24.04. 2009ж. № __9__ Хаттама


Кафедра меңгерушісі, б.ғ.к. ________________ Лосева И.В.

Тақырыбы: Қатты дәрілік түрлер туралы түсінік.


Мақсаты: Қатты дәрілік түрлер туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дәріс жоспары:

  1. Ұнтақтар. Анықтамасы. Сипаттамасы.

  2. Жіктелуі. Ұнтақтарға қойылатын талаптар.

  3. Ұнтақтар технологиясының стадиялары.

Ұнтақтар (Pulveres)-сусымалдық қасиетке ие бір немесе бірнеше ұнтақталған заттардан тұратын қатты дәрілік түр.



Ұнтақтардың ерекшелігі:

  1. Дәрілік заттардың жоғары дәрежелі ұнтақталғыштығы.

  2. Тасымалдауға қолайлылығы.

  3. Сақтаған кезде тұрақтылылығы.

  4. Ұнтақ құрамының универсалдығы.

  5. Ұнтақтар технологиясының қарапайымдылығы.

  6. Ұнтақтарды қабылдаудағы қолайлығы.

Ұнтақтардың кемшілігі:

1.Ұнтақ құрамындағы заттар ерітінділермен салыстырғанда өте жай әсер етеді.

2. Кейбір дәрілік түрлер ұнтақ түрінде кілегей қабықшаларға тітіркендіргіш әсер етеді.

3. Ащы,бояғыш және иісті заттарды қабылдау жағымсыз.

4. Ерітінділермен салыстырғанда дайындалуы қиын.

Классификациясы келесі белгілер бойынша ажыратылады:


  1. Ұнтақтар құрамы бойынша: жай (1 ингридиенттен тұрады), күрделі (2 немесе бірнеше ингредиенттен тұрады).

  2. Қабылдау қасиетіне байланысты:ішке және сыртқа қолданылатын.

  3. Мөлшеріне байланысты: дозаланған және дозаланбаған.

  4. Рецепте жазылуы бойынша екі әдісі бар: бөлінетін және бөлінбейтін.

Ұнтақтар технологиясының дайындау сатылыры:

  1. Диспергерлер, ұнтақтау-Pulveratio.

  2. Араластыру- Miхtio.

  3. Бақылау паспортын жазу (есте сақтау)

  4. Мөлшерлеу (Дозирование)

  5. Орамдау.

  6. Безендіру.

  7. Сапасын бағалау.

Дозаланбаған ұнтақтар бір әдіспен жазылады, яғни рецепте босатуға арналған заттардың салмақты мөлшері көрсетіледі. Дозаланған ұнтақтар рецепте екі әдіспен жазылады: бөлінген, бөлінетін әдіс.

Бөлінген әдіс-рецепте әр дәрілік заттың ұнтақтын бір дозасына есептелген мөлшерде жазылады. Осындай дозаланған қанша артық босату саны көрсетіледі: “Да tales doses” сөзі жазылады.

Rp. : Phenobarbitali 0.02

Coffeini-natriі benzoatіs 0,1

Phenacetini

Acidi asetylsalicylici ana 0.3

M.f.p.


Da tales doses numero 20

S: 1 ұнтақтан күніне 2 рет



Бақылау паспорты

Phenacetini 6,0

Phenobarbitali 0.4

Coffeini-natriі benzoatіs 2,0



Acidi asetylsalicylici ana 6,0

М.ж=14,4. М1ұнт.=0,72 №20



Бөлінетін әдіс- рецептте дәрілік заттардың барлық ұнтақ санына керекті мөлшері жазылады және қаншаға дозаға бөлу саны көрсетіледі. “Divide in partes aеquales” “теңдей бөлікке бөл” деген сөз.

Rp. : Phenobarbitali 0.02

Coffeini-natriі benzoatіs 0,1

Phenacetini

Acidi asetylsalicylici ana 0.3

M.f.p.


Divide in partes aеquales 20

S: 1 ұнтақтан күніне 2 рет



Бақылау паспорты

Phenacetini 6,0

Phenobarbitali 0.4

Coffeini-natriі benzoatіs 2,0



Acidi asetylsalicylici ana 6,0

М.ж=14,4. М1ұнт.=0,72 №20



Жай және күрделі ұнтақтар.

Жай ұнтақтар технологиясы күрделі емес. Егер дәрілік зат жеткілікті мөлшерде майда дисперсті болса (крахмал, тальк, глюкоза), онда олар ауруға ұнтақталмаған күйде босатылады. Қалған барлық жағдайда дәрілік заттар ұнтақталады.

Rp.: Glucosi 0.5

Da tales doses numero 12

S. 1 ұнтақтан күніне 3 рет

Бақылау паспорты

Glucosi 6,0

Мж=6,0 М1ұнт.=6,0/12=0,5



Технологиясы: Жұмыс орнын дайындайды: 20,0 қол таразы және 1,0 қол таразы, келі-келсап, капсулаторка, өлшегіш тастар, қағаз капсула, балауыз капсуласы, спирт-эфир қоспасы, салфетка, мақта, дәке тампоны, қағаз қорап, негізгі этикетка және қосымша этикетка.

Жұмыс орнын дайындап болғаннан кейін 6,0 қол таразыны спирт-эфир қоспасымен сүртіп алып, онда 6,0 глюкозаны өлшеп алып келіге саламыз, келсаптың көмегімен ұнтақтап, дәрілік заттың жақсы ұнтақталуын қамтамасыз ету үшін капсулаторка көмегімен келінің қабырғасынан қайта-қайта түсіре отырып ұнтақтаймыз. Ұнтақтап болған соң ұнтақталу дәрежесін тексереміз. Егер ұнтақ толығымен майдаланса, дозалаймыз. Ол үшін 1,0 қол таразымен дайын болған ұнтақты 0,5 №12 капсулаға мөлшерлейміз. Әр капсуланы орамдап, 3-5 жинақтап қағаз қорапқа салып, безендіреміз. Негізгі этикетка:”Ішке арналған” жасыл түсті, қосымша этикетка:”балалардан сақтаңыз”,”салқын жерде сақтаңыз”

Жай ұнтақтар техналогиясы келесі сатылардан тұрады:

1.Ұнтақтау

2.Дозалау

3.Орап,безендендіру.



Күрделі ұнтақтар технологиясы

Күрделі ұнтақтар құрамына әртүрлі заттар әртүрлі қоспа ретінде және әртүрлі мөлшерде енгізілуі мүмкін. Әр уақытта күрделі ұнтақтың технологиясының жалпы ережесін сақтау қажет:

1.Рецепте берілген дәрілік заттың сиымдылығын тексеру.

2.Улы және күшті әсер ететін дәрілік заттар дозасын тексеру.

3.Рецепте берілген дәрілік заттың жазылу әдісін тексере отырып (бөлінген, бөлінетін) жалпы мөлшерін есептеу және бақылау паспортын жазу.

4.Жеке ингридиенттердін келіге салу кезектігін анықтау.

5.Күрделі ұнтақтардың ұнтақталуының оптимальді уақытын сақтау.

6.Дайын ұнтақтың ұнтақталу дәрежесін және араластыру біртектілігін тексеру.

7.Ұнтақты орамдау және безендіру ережелерін сақтау.

Улы және күшті әсер ететін заттары бар ұнтақтардың технологиясы.

Улы және күшті әсер ететін заттар деп мемлекеттік фармакопеяның 11 басылымында ұнтақтар статьясында көрсетілгендей (0,05) сантиграммнан кем мөлшерде жазылған улы және күшті әсер ететін заттар тритурациясын айтамыз. “Тритурация” латын сөзінен шыққан ( trituracio-ысқылау) алдын- ала ысқылау, улы және күшті әсер ететін заттардың 1:10 және 1:100 қатынасындағы сүт қантымен дайындалған қоспасы.

1:10 қатынасы дегеніміз -1г улы зат, 9г сүт қанты.

1:100 қатынасы дегеніміз- 1г улы, 99г сүт қанты.

Сүт қантының бағалығы ол гигроскопиялық емес және оның тығыздығы 1,52 тең. Ол алкалоид тұздарының және басқа улы немесе күшті әсер ететін заттардың тығыздығына жақын. Тритурация дайындау кезінде сүт қантымен улы затты өте майда бөлшекке дейін майдалау ұнтақтап, ұнтақ дайындаудың жалпы ережесі бойынша дайындайды . Тритурацияны қабатқа бөлініп кетпеу үшін кішкене штангласта сақтап және периодты түрде араластырып отырады. Улы заттарды провизор-технолог, ассистент қатысуымен келіге өлшеп салады. Келіні алдын ала сүт қантымен немесе ұнтақ құрамында көп мөлшерде жазылған басқа заттармен ысқылау керек.

Rp: Atropini sulfatis 0,00025 0,00025x10=0,0025

Papаvеrini hydrochloridi 0,02 0,02x10=0,2

Sacchari 0,25 0,025x10=2,5

M.f.p. mж=2,7025

D.t.d.N10

Signa: 1 ұнтақтан күніне 3рет.

(1:10)


0,00025х10= 0,0025<0,05

(1:100)


0,00025x100=0,25

2,5-0,25=2,25

Рецепте қант берілген болса,қант массасынан тритурация массасын аламыз.

Мж=2,25+0,25+0,2=2,7

Mұн-қ=0,27

Дозасын тексереміз:

1. Atropini sulfatis рецепт бойынша МФ бойынша

ЖРД 0,0025 0,001

ЖТД 0,0075 0,003 дозасы аспаған

2. Papаvеrini hydrochloridi рецепт бойынша МФ бойынша

ЖРД 0,02 0,2

ЖТД 0,06 0,6 дозасы аспаған



Бақылау паспорты:

Sachari 2,25

Papаvеrini hydrochloridi 0,2

Triturationis Atropini sulfatis 1:100-0,25

Мж-2,7

Мұн-қ-0,27



Дайындаған: Тексерген: Босатқан:

Технологиясы: Рецепте күрделі ұнтақ, дозаланған, бөлінген әдіспен жазылған, ішке қолдануға арналған ұнтақ берілген. Келіге алдын-ала спирт- эфир қоспасымен сүртілген қол таразыда 2,25 қантты өлшеп салып ұнтақтап, содан соң қантты келіде 1/20 бөлігін қалдырып, қалғанын қосымша капсулаға төгеміз. Келіге 0,2г папаверин гидрохлоридін салып ұнтақтаймыз, одан кейін провизор-технологтан 0,25г атропин сульфатының 1:100 тритурациясын аламыз. Алдын-ала улы заттарды тіркеу журналында улы заттын қанша мөлшерде босатқан туралы және қанша мөлшерде фармацевт алғаны туралы көрсету керек.Босатқан және алған адамның қолы болу керек. Содан соң басқа дәрілік заттармен жақсылап араластырамыз және капсуладағы қантты бөлшектеп салып, біртекті ұнтақ болғанша араластырамыз. Дайын ұнтақтын біртектілігін тексереміз. 10 капсулаға 0,27г дозалаймыз. Дозаланған ұнтақ капсуланы орап, 5-тен жинап қағаз қорапшаға саламыз. Содан кейін безендіреміз: негізгі этикетка ішуге арналған жасыл түсті, қосымша этикетка «Абайлап қолданыңыз». Содан соң қағаз қорапшаны ақ жіппен байлап, байламның ұшын сүргілейміз. Рецепті дәріханада қалдырамыз. Ауруға рецептін көшірмесін (сигнатурасын) береміз.Улы заттар дәріханада сандық және сапалық тіркеуде тұрады.

Бояғыш заттармен ұнтақтар дайындау

Бояғыш заттарға:бриллиант жасылы, метилен көгі, калий перманганаты, фурацилин, этакридин лактат, рибофлавин, индигокармин, акрихин, рутин және т.б. жатады. Бояғыш заттар тығындалған ыдыстарда сақталады. Бояғыш заттармен жұмыс істеу үшін әр бояғыш затқа жеке таразы, келі- келсап, басқада керекті заттар бөлек болу керек. Оларға жұмыс орны бөлек болу керек.

Rp:Methyleni cоеrulei 0,01 0,01х15=0,15

Chinini hydrochloridi 0,3 0,3x15=4,5

Misce fiat pulvis Мж=4,65

Da tales doses N 15 mұн-қ=4,65:15=0,31

Signa:1ұнтақтан күніне үш рет.

Бақылау паспорты:

Chinini hydrochloridi 4,5



Methyleni cоеrulei 0,15

Мж=4,65


mұн-қ=0,31

Технологиясы:Келіге алдымен түссіз хинин гидрохлоридін 4,5г салып, ұнтақтап, оның жартысын капсулаға төгеміз , содан соң келіге 0,15г метилен көгін өлшеп салып, бірден метилен көгінің үстіне хинин гидрохлоридінің жартысын салып келсаппен біртекті масса болғанша араластырамыз. Араластырып болған соң біртектілігін тексереміз. 0,31г дозалаймыз,желатин капсулада бояғыш ұнтақты босатамыз. Безендіреміз. Негізгі этикетка жасыл түсті ішуге арналған, қосымша «балалардан сақтаңыз »,салқын және құрғақ жерде сақтаңыз.»

Қиын ұнтақталатын заттармен ұнтақ дайындау

Қиын ұнтақталатін иісті заттарға: иод, камфора, тимол, ментол, бром камфора, бор қышқылы және т.б. Осы заттардың ұнтақталу дәрежесін арттыру үшін оларды ұнтақтау кезінде ұшқыш сұйықтықтар қосып, спирт немесе эфир сұйықтықтар қосып майдалайды, Сұйықты спиртпен ұнтақтау: 1г қиын ұнтақталатын затқа 10 тамшы спирт алады. Егер эфир алатын болса: 1г қиын ұнтақталатын затқа 15г эфир тамызамыз.Қиын ұнтақталатын заттарды ең бірінші кезекте майдалайды. Содан кейін қалған затты салады. Көп мөлшерде затты салып саңылауын бітеп болған соң түгелімен төгіп тастаймыз. Содан соң қиын ұнтақталатын заттарды бірінші кезекте майдалайды.

Rp: Camphorae 1,0 1.0

Sаcchari 4,0 4.0

M. f. p mж= 5,0

Divide in partes aequales N10 mұн-қ=0,5



Бақылау паспорты:

Sаcchari 4,0

Camphorae 1,0

Spiritus aethylicus 95% guttas 10

Mж=5,0


Mұн-қ=0,5

Технологиясы: Келіге қантты өлшеп салып ұнтақтап келінің саңылауларын бітейміз, қантты түгелімен қосымша капсулаға төгеміз. Келіге 1г камфораны өлшеп, салып оған 10 тамшы 95% спирт қосып ұнтақтаймыз.Камфора жартылай еріп майда ұнтақ пайда болады. Содан соң капсулаға төгілген қантты бөлшектеп қосып біртекті масса болғанша араластырамыз. Дайын ұнтақты 0,5г дозалап пергамент капсулаға салып,орайды. Қағаз қорапқа салып безендіреміз. Негізгі этикетка ішуге арналған жасыл түсті, қосымша этикетка:”балалардан сақтаңыз”.

Ұнтақтар сапасын бағалау

  1. Құжаттың дұрыстығын тексеру. Рецепт пен сигнатура дұрыс жазылғанын тексеру, улы заттың асты қызыл карандашпен сызылған, барлық ингридиенттер сиымды,

  2. дозалары аспаған, есептеу дұрыс жүргізілген, бақылау паспорты дұрыс жазылған болу керек.

  3. Безендендіру: негізгі және қосымша этикеткалармен жабдықталған, сүрленген. Дәрілік түр сүргіленген.

  4. Орамдалуы: ингридиенттердің талаптарына сай. Жеке дозалар ұқыпты оралған, аударған кезде ұнтақ төгілмейді, ұнтақ құрғақ капсулаға жабыспайды және сусымалы.

  5. Біртектілігі: 25 см қашықтықта визуальды қараған кезде ұнтақталмаған бөлшектер көрінбейді.

  6. Ұнтақтартардың салмақтық ауытқуы МФ 11 басылым бойынша есептелген.

Иллюстрациялы материалдар: плакат.
Әдебиеттер:

1. ГФ СССР XI издания М., Медицина, 1987г., том 1- 61 экз.

2. ГФ СССР XI издания М., Медицина, 1988г., том 2- 56 экз.


  1. Технология лекарственных форм. Под ред. Т.С.Кондратьевой. М., Медицина, 1991г, том 1- 80 экз.

  2. Технология лекарственных форм. Под ред. Л.А. Ивановой. М., Медицина , 1991г, том- 80 экз.

  3. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. Под ред. Т.С. Кондратьевой. М., Медицина, 1986г.- 50 экз.

  4. Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. Под ред. А.И. Тенцовой. М., Медицина, 1987г.- 50 экз.

Бақылау сұрақтары:



  1. Ұнтақтар дәрілік түрлер ретінде қалай жіктеледі? Олардың жіктелуі?

  2. Х1 МФ ұнтақтарға қойылатын талаптар.

  3. Рецептерде ұнтақтардың жазылау тәсілдері.

  4. Жай ұнтақтардың дайындалу стадиялары.

  5. Күрделі ұнтақтардың дайындалу стадиялары.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет