Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы р. Ж есимова жүйке жүйесінің гистологиясы


сурет. Балалардың ми қыртысында нейрондардың дамуы



бет4/5
Дата01.07.2016
өлшемі4.91 Mb.
#171694
1   2   3   4   5

10 сурет. Балалардың ми қыртысында нейрондардың дамуы
1 – нәрестеде

2 - 3 айлық балада

3 – 15 айлық балада

4 – 2 жастағы балада


Жүйке тінінің қалпына келу қабілеті өте төмен екені белгілі. Қалпына келу үрдістері орталық жүйке жүйесінде жүрмейді. Ол жерде микроглияның, басқадай жасушалардың көмегімен зақымданған аймақ тазартылады, астроциттердің есебінен глиалдық тыртық түзеледі.

Жүйкенің қалпына келуінде Шванн жасушалары (нейролеммоциттер) маңызды орын алады. Шеткері жүйкелердің құрамындағы миелинді талшықтарда қалпына келу аз мөлшерде жүреді. Бірақ оның өтуі үшін бірнеше жағдайдың болуы керек. Атап айтсақ:



  • уақытында атқарылған хирургиялық тазалау

  • кесілген жүйкетің шеттерінің бір-бірімен түйісе орналасуы

  • зақымданған жүйкетің жақсы тамырлануы

  • ерте бастан шектелген физикалық жүктемелер мен емдік массаждар.

Көбінесе біз нейроциттерде «жасушаішілік қалпына келу» үрдістерін байқаймыз. Жасушаларда ескірген, зақымданған органеллалардың қалпына келуі қарқынды түрде жүріп отырады. Нейроциттерде бұл үрдістерді қамтамасыз ететін түйіршікті эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, көптеген митохондриялар жақсы дамып жетілген.


БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТІЛЕР
1 есеп. Бас миы қыртысының ганглионарлық қабатында орналасатын жасуша:

А). жұлдыз тәрізді

В). түйіршікті

C). пирамидалық

D). себет тәрізді

E). алмұрт тәрізді


2 есеп. Бас миының әр түрлі жартышарларын байланыстыратын жүйкелік талшықтар:

А). ассоциативті

B). проекционды

C). шырмауық тәрізді

D). мүк тәрізді

E). комиссуральды


3 есеп. Мишықтың түйіршікті жасушалары келесі қабатта орналасады:

А). молекулярлық

B). полиморфты

C). ганглионарлық

D). түйіршікті

E). мишық ядроларында


4 есеп. Мишықтың себет тәрізді нейрондары келесі қабатта орналасады:

А). молекулярлық

B). полиморфты

C). ганглионарлық

D). түйіршікті

E). мишық ядроларында


5 есеп. Мишықтың мүк тәрізді афферентті талшықтары синапс құрайды:

А). алмұрт тәрізді жасушалардың нейриттерімен

B). түйіршікті нейрондардың дендриттерімен

C). себет тәрізді нейрондардың дендриттерімен

D). үлкен жұлдыз тәрізді нейрондардың дендриттерімен

E). ұсақ жұлдыз тәрізді нейрондардың дендриттерімен


6 есеп. Мишықтың афферентті шырмауық тәрізді талшықтары синапс құрайды:

А). алмұрт тәрізді жасушалардың нейриттерімен

B). түйіршікті нейрондардың дендриттерімен

C). себет тәрізді нейрондардың дендриттерімен

D). үлкен жұлдыз тәрізді нейрондардың дендриттерімен

E). ұсақ жұлдыз тәрізді нейрондардың дендриттерімен


7 есеп. Мидың үлкен жарты шарларының қыртысының түйіршікті түрінде жақсырақ дамыған қабаттары:

А). молекулярлық

B). сыртқы және ішкі түйіршікті

C). пирамидалық

D). полиморфты

E). ганглионарлық


8 есеп. Мишықтың қыртысының ең ішкі қабаты аталады:

А). полиморфты

B). молекулярлық

C). пирамидалық

D). ганглионарлық

E). түйіршікті


9 есеп. Мишықта шырмауық тәрізді талшықтар аяқталады:

А). алмұрт тәрізді жасушаларда

B). себет тәрізді жасушаларда

C). жұлдыз тәрізді жасушаларда

D). Гольджи жасушаларында

E). түйіршікті жасушаларда


10 есеп. Жұлын түйіндерінің құрамына кіретін жасушалар:

А). эпендималық глиоциттер

B). униполярлық нейрондар

C). жалған униполярлы нейрондар

D). астроциттік глиоциттер

E). мультиполярлық нейрондар


11 есеп. Жұлын түйінінің құрамында болады:

А). униполярлы нейрондар

B). эпендималық глиоциттер

C). мультиполярлық нейрондар

D). мантиялық глиоциттер

E). астроциттер


12 есеп. Жұлынның артқы түбіршегі құралған:

А). артқы мүйіздің меншікті ядросының жасушасының аксондарынан

B). алдыңғы мүйіздің ядросының жасушаларының аксондарынан

C). аралық аймақтың медиальды ядросының жасушаларының аксондарынан

D). жұлын түйінінің жасушаларының аксондарынан

E). жұлын түйінінің жасушаларының дендриттерінен


13 есеп. Жұлынның алдыңғы түбіршегі құралған:

А). артқы мүйіздің меншікті ядросының жасушасының аксондарынан

B). алдыңғы мүйіздің ядросының жасушаларының аксондарынан

C). аралық аймақтың медиальды ядросының жасушаларының аксондарынан

D). жұлын түйінінің жасушаларының аксондарынан

E). жұлын түйінінің жасушаларының дендриттерінен


14 есеп. Жұлынның алдынғы мүйізінде кездесетін құрылымдарды атаңыз:

А). кеуекті қабат

B). желатин тәрізді зат

C). қозғалтқыш жасушалардың медиальды және латеральды топтары

D). кеуделік ядро

E). медиальды және латеральды аралық ядролар


15 есеп. Үлкен түбіршікті жасушалардан құралған, жұлынның сұр затының құрылымы:

А). кеуделік ядро

B). артқы мүйіздің меншікті ядросы

C). желатинозды зат

D). медиальды аралық ядро

E). алдыңғы мүйіздің қимылдатқыш ядролары


16 есеп. Жұлынның меншікті жолдары арқылы байланысады:

А). жұлын және үлкен ми жарты шарларының қыртысы

B). жұлын және ми бағанының ядролары

C). жұлынның 4-5 қатар аймақтары

D). жұлын және сопақша ми

E). жұлын және мишық


17 есеп. Жұлынның ақ затының құрамына кіреді:

А). преколлаген талшықтары

B). коллаген талшықтары

C). окситаланды талшықтар

D). жүйкелік талшықтар және глия

E). эластикалық талшықтар


18 есеп. Жұлынның сұр затының құрамына кіреді:

А). ұршықша және алмұрт тәрізді нейрондар

B). жалған униполярлы және пирамидалық нейрондар

C). мультиполярлы нейрондар, жүйкелік талшықтар, нейроглия

D). адипоциттер және эластикалық талшықтар

E). фибробластылар және коллагенді талшықтар


19 есеп. Жұлынның сұр затының ядролары құралған:

А). протоплазмалық астроциттерден

B). талшықты астроциттерден

C). микроглиядан

D). дамудың әртүрлі сатысындағы фибробластылардан

E). көлемі, құрылымы, қызметі ұқсас жүйкелік жасушалардан


20 есеп. Жұлынның сұр заты дамиды:

А). жүйкелік түтікшенің эпендималық қабатынан

B). жүйкелік түтікшенің плащтық қабатынан

C). жүйкелік түтікшенің шеткі пердесінен

D). ганглиозды табақшадан

E). мезенхимадан


21 есеп. Жұлынның шоғырлы жасушаларының нейриттері:

А). жұлыннан артқы түбіршіктердің құрамында шығады

B). жұлынның сұр затында синапстармен аяқталады

C). жұлыннан алдыңғы түбіршіктердің құрамында шығады

D). жұлынның ақ затында меншікті шоғырлар құрайды

E). ақ заттың құрамында төмендеуші өткізгіш жолдарын құрайды


22 есеп. Жұлынның қимылдатқыш нейроциттері ядро құрап, орналасады:

А). артқы мүйізде

B). алдыңғы мүйізде

C). алдынғы бағандарда

D). бүйірлік мүйіздерде

E). бүйірлік бағандарда


23 есеп. Жұлын түйінінде капсула құралған:

А). жалған униполярлы нейроциттерден

B). олигодендроциттерден

C). дәнекер тіннен

D). миелинді жүйкелік талшықтардан

E). мультиполярлы нейроциттерден


24 есеп. Жұлын түйінінде мантиялық жасушалар құралған:

А). жалған униполярлы нейроциттерден

B). олигодендроциттерден

C). дәнекер тіннен

D). миелинді жүйкелік талшықтардан

E). мультиполярлы нейроциттерден


25 есеп. Жұлынның сұр заты дамиды:

А). жүйкелік түтікшенің эпендималық қабатынан

B). жүйкелік түтікшенің плащтық қабатынан

C). жүйкелік түтікшенің шеткі пердесінен

D). ганглиозды табақшадан

E). мезенхимадан


26 есеп. Жұлынның ақ заты дамиды:

А). жүйкелік түтікшенің эпендималық қабатынан

B). жүйкелік түтікшенің плащтық қабатынан

C). жүйкелік түтікшенің шеткі пердесінен

D). ганглиозды табақшадан

E). мезенхимадан


27 есеп. Мишықтың қыртысының ортаңғы қабаты аталады:

А). полиморфты

B). молекулярлық

C). пирамидалық

D). ганглионарлық

E). түйіршікті


28 есеп. Мишықтың қыртысының жоғарғы қабаты аталады:

А). полиморфты

B). молекулярлық

C). пирамидалық

D). ганглионарлық

E). түйіршікті


29 есеп. Қимыл-қозғалыстың координациясының бұзылуы келесі жасушаның дегенерациясына байланысты:

А). мишықтың себет тәрізді нейрондарының

B). мишықтың жұлдыз тәрізді нейрондарының

C). бас миы қыртысының ұсақ пирамидалық жасушаларының

D). мишықтың алмұрт тәрізді жасушаларының

E). мишықтың түйіршікті жасушаларының


30 есеп. Мишықтың ганглионарлық қабатында болады:

А). Пуркинье жасушасы

B). жұлдыз тәрізді нейрондар

C). түйіршікті нейрондар

D). мүк тәрізді талшықтар

E). шырмауық тәрізді талшықтар


31 есеп. Бас миының қыртысты затын төменгі бөлімдермен байланыстыратын жүйке талшықтары аталады:

А). проекционды

B). төмендеуші

C). комиссуральды

D). ассоциативті

E). шырмауық тәрізді


32 есеп. Бас миының қандай нейрондарының аксондары пирамидалық жолды түзейді:

А). алмұрт тәрізді жасушалардың

B). ұршықша пішінді жасушалардың

C). жұлдыз тәрізді жасушалардың

D). Бец жасушаларының

E). горизонталды жасушалардың


33 есеп. Мишықтың қыртысының молекулярлық қабатының құрамына кіреді:

А). ұзын аксонды үлкен жұлдыз тәрізді жасушалар

B). қысқа аксонды үлкен жұлдыз тәрізді жасушалар

C). түйіршік тәрізді жасушалар

D). себет және жұлдыз тәрізді жасушалар

E). алмұрт тәрізді


34 есеп. Мишықтың қыртысының ганглионарлық қабатының құрамына кіреді:

А). ұзын аксонды үлкен жұлдыз тәрізді жасушалар

B). қысқа аксонды үлкен жұлдыз тәрізді жасушалар

C). түйіршік тәрізді жасушалар

D). себет және жұлдыз тәрізді жасушалар

E). алмұрт тәрізді


35 есеп. Мишықтың себет тәрізді нейроциттерінің аксондары синапс құрайды:

А). мишықтың ядроларының нейрондарымен

B). алмұрт тәрізді жасушалардың денесімен

C). алмұрт тәрізді жасушалардың дендриттерімен

D). жұлынның мотонейрондарымен

E). қаңқалық бұлшық ет талшығымен


36 есеп. Мишықтың алмұрт тәрізді нейроциттерінің аксондары синапс құрайды:

А). мишықтың ядроларының нейрондарымен

B). алмұрт тәрізді жасушалардың денесімен

C). алмұрт тәрізді жасушалардың дендриттерімен

D). жұлынның мотонейрондарымен

E). қаңқалық бұлшық ет талшығымен


37 есеп. Мишықтың қыртысынан мәліметті сыртқа шығаратын:

А). түйіршікті жасушалардың аксондары

B). Пуркинье жасушаларының аксондары

C). шырмауық тәрізді талшықтар

D). Пуркинье жасушаларының дендриттері

E). мүк тәрізді талшықтар


38 есеп. Үлкен ми жарты шарларының қыртысының қай қабатында көлемі 120 мкм-ге дейін болатын үлкен жасушалар болады:

А). молекулярлық

B). сыртқы түйіршікті

C). пирамидалық

D). полиморфты

E). ганглионарлық



39 есеп. Мишықта қозуды мүк тәрізді талшықтардан алмұрт тәрізді жасушаларға жеткізетін нейроциттер:

А). себет тәрізді

B). Гольджи жасушалары

C). түйіршікті жасушалар

D). үлкен пирамидалық

E). ұршық тәрізді


40 есеп. Бас миының қыртысының пирамидалық қабаты көбінесе тұрады:

А). әр түрлі пішінді жасушалардан

B). жұлдыз тәрізді жасушалардан

C). үлкен пирамидалық жасушалардан

D). орташа көлемді пирамидалық жасушалардан

E). ұршықша пішінді жасушалардан



КЛИНИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР


  1. Қабылдауға келген науқас теріге жеңіл сипауды сезбейтінін және ауырсынбайтынын айтып шағымданды, бірақ науқас денеге тиген қысымды сезеді. Терінің қандай жүйкелік аяқтамалары зақымданған, қайсылары сақталған?




  1. Ауру адам теріге жасалған қысымды сезеді, бірақ жеңіл сипауды сезбейді. Терінің қандай жүйкелік аяқтамалары зақымданған, қайсылары сақталған?




  1. Жарақаттану кезінде жұлынның дорзальды түбіршегі зақымданды. Қандай нейрондардың өсінділері зақымданған?




  1. Жұлынның артқы түбіршегінің микроскопиялық құрылысын зерттеу барысында миелинді жүйкелік талшықтар анықталды. Бұл талшықтар қайдан басталады? Қандай жасушалардың өсінділері оларда осьтік цилиндрді құрайды?




  1. Шеткері жүйке жүйесінде сезімтал нейроциттерді зерттеу мақсаты қойылды. Олар шеткері жүйке жүйесінің қандай мүшесінің құрамында болады? Қандай морфологиялық белгілеріне қарап оларды қимылдатқыш нейрондардан ажыратуға болады?




  1. Полимиелитпен ауырған науқастың аяқтарының бұлшық еттерінің атрофиясы анықталды. Жұлынның қандай ядроларының нейрондары полимиелит вирусымен зақымдалған?




  1. Жарақаттанудың нәтижесінде жұлынның алдыңғы түбіршегі зақымдалды. Қандай нейрондардың өсінділері зақымдалды?




  1. Жарақаттану кезінде жұлынның артқы түбіршектері зақымдалды. Бұл жағдайда қандай жасушаларға және олардың қандай өсінділеріне зақым келеді?




  1. Жарақаттанудың нәтижесінде науқастың жұлынының артқы мүйізіндегі меншікті ядроның нейроциттері зақымдалды. Өткізу жолдарының қандай қызметі бұзылады?




  1. Науқастың жұлынының кеуделік ядросының жасушалары патологиялық үрдіс барысында зақымдалды. Өткізу жолдарының қандай қызметі бұзылады?




  1. Шарап ішкеннен кейін науқастың жүріс-тұрысының өзгерісі (теңселу, дұрыс жүре алмау) пайда болды. Бұл өзгерісті мишықтың қандай құрылымымен байланыстыруға болады?




  1. Мишықтың тепе-теңдікті сақтауды және қимылдың мағыналы болуын қамтамасыз ететіндігі белгілі. Мишықтың бастапқы эфферентті бөлімі ганглиозды жасушалардан құралған. Бұл жасушалардың дендриттері қимыл аппаратының жағдайы және дененің кеңістіктегі орналасуы туралы мәліметті қабылдайды. Алмұрт тәрізді жасушалардың дендриттерімен йірімдердің бойлай және көлденең бағыттарында байланысты қамтамасыз ететін ассоциативті жасушаларды және өсінділерді атаңыздар.




  1. Бас миының үлкен жарты шарларының қан айналымының жедел бұзылуының салдарынан науқастың бас миында қимылдатқыш нейрондардың өлген аймағы пайда болды. Некрозға ұшыраған аймақтың резорбциясына және кейіннен оны толтыруға қандай жасушалар қатысады?




  1. Бас миының сол жақтағы үлкен жарты шарларының қан айналымының жедел бұзылуының салдарынан бас миы қыртысының қимылдатқыш аймағының үшінші, бесінші, алтыншы қабаттарының нейрондарының жұмысы тежелді. Қандай өткізу жолдарының қызметі тоқтайды? Дененің қай бөлігінде және қандай мүшелердің жұмысы зақымдалады?




  1. Науқаста кенеттен денесінің оң жартысында қол-аяқтың қимылдауының зақымдалуы байқалды, бірақ сезімталдығы бұзылмаған. Бас миының қандай бөлігінде және қандай жоғарғы жүйке орталықтарында патологиялық үрдістің орналасуы мүмкін?

«ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ГИСТОЛОГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР КАРТАСЫ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ
1 Тапсырма. Бас миының үлкен жартышарларының қыртысының цитоархитектоникасын зерттеу
Бас миының күміс сіңірілген препаратында І-қыртысты (сұр) затты, оның құрамындағы ашық түсті, жекелеген жасушалары бар 1-молекулярлық қабатты, ұсақ, мультиполярлы нейрондардан құралған 2-сыртқы түйіршікті қабатты, жалпақ орташа көлемді пирамидалық нейрондардан құралған 3-пирамидалық қабатты, ұсақ нейрондардан түзелген 4-ішкі түйіршікті қабатты, өте үлкен пішіні үшбұрышты Бец жасушаларынан түзелген 5-ганглиоздық қабатты, пішіні және көлемдері әртүрлі мультиполярлы нейрондардан құралған 6-полиморфты нейрондар қабатын тауып көріңдер. Ақырғы қабаттың астында жүйке талшықтарынан тұратын ІІ-ақ зат анықталады. Мидың суретін салып, белгілеңдер.
2 Тапсырма. Мишықтың гистологиялық құрылысын зерттеу
Мишықтың күміспен боялған препаратында І -ақ және ІІ-сұр заттарын ажыратыңдар. Қыртыстың құрамына кіретін ашықтау боялған жекелеген нейрондардан және жүйкелік талшықтардан түзелген 1-молекулярлық, пішіні алмұрт тәрізді үлкен нейрондардың денесі орналасқан 2-ганглиозды, көлемдері кіші мультиполярлы нейрондардан тұратын 3-түйіршікті жасушалар қабаттарын ажыратыңдар. Молекулярлық қабатта жүйкелік талшықтарды, жекелеген 4-жұлдыз тәрізді жасушаларды және 5-себет тәрізді нейронды анықтаңдар. Мишықтың суретін салып, белгілерін қойыңдар.
3 Тапсырма. Мишықтың қыртысында нейрондардың байланысын зерттеу
Ұсынылған оқу кестесінде мишықтың қыртысында орналасқан Пуркинье нейронының байланыстарын анықтап, суретін салып келесі белгілерді қойыңдар: 1-иірімнің көлденең жазықтықтағы кесіндісіндегі байланыстар, 2-себет тәрізді жасушалар, 3- иірімнің бойлай жазықтықтағы кесіндісіндегі байланыстар, 4-түйіршік жасушалар, 5-Пуркинье жасушалары, 6-шырмауық тәрізді талшықтар, 7-мүк тәрізді талшықтар, 8-эфферентті талшықтар.
4.Тапсырма. Жұлынның морфологиясын зерттеу
Жұлынның азотты қышқыл күміспен боялған препаратында ортасында орналасқан 1 - сұр затын, сыртында орналасқан – 2 ақ затын табыңдар. Препаратта 3 - артқы мүйізді, 4 - артқы түбіршіктерді, 5 - алдыңғы мүйізді, 6 - алдыңғы түбіршікті табыңдар. Артқы мүйіздің құрамында 7 - желатинозды заттан, 8 - кеуекті заттан құралған 9 - Роландо ядросын, шеткерілеу орналасқан 10 - меншікті және медиалды орналасқан 11 - кеуделік ядроларды анықтаңдар. Алдыңғы мүйіздің құрамындағы 12 - моторлық ядроларды, оның 13 - латералды және 14 - медиалды топтарын табыңдар. Бүйірлік мүйіздің 15 - симпатикалық ядросын анықтаңдар. Жұлынның сұр затында диффузды орналасқан 16 - жұлынның меншікті ядросын табыңдар. Жоғарыдағы белгілерге 17 - алдыңғы жыраны, артқы бөлігінде 18 - тосқауылды, ақ заттың құрамында 19 -алдыңғы, 20 - бүйірлік, 21 - артқы бағандарды қосып белгілеңдер.
5 тапсырма. Жұлын түйінінің гистологиялық құрылысын зерттеу
Гематоксилин және эозинмен боялған жұлын түйінінің препаратында дәнекер тіннен құралған 1 - капсуланы, оның астында орналасқан үлкен көлемді 2 - жалған униполярлы нейрондардың денесін, түйіннің ортасында өтетін 3 - жүйке талшықтарының бойлай шоғырларын, нейрондардың денесін сыртынан қоршай орналасқан 4 - сателлиттерді анықтаңдар. Ганглийдің астынан келіп қосылатын 5 - алдыңғы түбіршікті, алдыңғы және артқы түбіршіктердің біріге орналасуынан құралатын 6 - аралас жүйкеті анықтаңдар.
6 тапсырма. Шеткері жүйкенің құрылысын зерттеу
Осмий қышқылымен боялған шеткері жүйкенің көлденең кесіндісінде оның сыртқы дәнекер тіннен құралған 1 - капсуласын немесе эпиневриін, шоғырлар арасында орналасқан 2 - периневрийді, әрбір жүйке талшығының сыртында орналасқан дәнекер тін қабатын 3 -эндоневрийді табыңдар.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ


  1. Жүйке жүйесінің негізгі жасушалары, олардың қызметтік маңызы

  2. Жүйкелік аяқтамалардың жіктелуі, олардың құрылымдық принциптері

  3. Сезімтал жүйкелік аяқтамалардың функциональдық жіктелуі

  4. Терінің сезімтал жүйкелік аяқтамаларының морфологиясы

  5. Рефлекторлық доғалардың маңызы, жасушалық құрамы

  6. Жұлын түйіндерінің орналасуы, құрылысы

  7. Жұлын түйінінің нейрондары, олардың өсінділерінің өту жолдары

  8. Шеткері жүйкенің құрылысы

  9. Жұлынның даму көздері және құрылысы

  10. Жұлын нейрондарының морфологиялық және құрылымдық сипаттамасы

  11. Жұлынның сұр затының артқы, алдыңғы және бүйірлік мүйіздерінің гистологиялық құрылымы

  12. Жұлынның өткізу жолдары

  13. Мишықтың маңызы, құрылысы, нейрондық құрамы

  14. Ми сабауы, құрылымдары, қызметі, маңызы

  15. Бас миының үлкен жарты шарлар қыртысының құрылысы

  16. Бас миының үлкен жарты шарлар қыртысының цито- және миелоархитектоникасы

  17. Бас миы қыртысының модульдік түзілуі туралы түсінік

  18. Бас миының үлкен жарты шарлар қыртысындағы нейроглия түрлері, олардың маңызы



ТЕСТІЛЕРДІҢ ЖАУАБЫ

Есептің нөмірі

Жауаптың нөмірі

Есептің нөмірі

Жауаптың нөмірі

Есептің нөмірі

Жауаптың нөмірі

1

C

15

E

29

D

2

E

16

E

30

A

3

D

17

D

31

A

4

A

18

C

32

D

5

B

19

E

33

D

6

A

20

B

34

E

7

B

21

D

35

B

8

E

22

B

36

A

9

A

23

C

37

B

10

C

24

B

38

E

11

D

25

B

39

C

12

D

26

C

40

D

13

B

27

D







14

C

28

B








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет