Ісіктер Ісіктер
Ісіктер – әр түрлі ағзаларда өздігінен пайда болатын, шексіз тоқтаусыз,бақылаусыз өсумен сипатталатын патологиялық үрдіс. Ісік өсуге қабілетті кез-келген тіннен дамуы мүмкін.
Ісік туындататын вирустар үш сатыда әсер етеді: Ісік туындататын вирустар үш сатыда әсер етеді: 1)жасуша ішіне еніп ,онда ДНҚ молекуласымен бірігіп кетеді де, жасушаның тектік ақпаратын өзгертеді; 2) өзгерген тектік ақпарат бойынша онконәруыздар мен мРНҚ түзілуін арттырады; 3) онконәруыздар жасушаның шексіз бөлініп көбеюін арттырып, ісік жасушасына айналдырады. Ісік өсуіне әкелетін қауіп-қатерлі ықпалдар. Ісік өсуіне әкелетін қауіп-қатерлі ықпалдар. зиянды әдеттер: - темекі шегу; - маскүнемдік; тиімсіз қоректену (тым майлы тамақ ішу,ысталған тамақты артық пайдалану, тағамда витаминдер, қанықпаған май қышқылдары жетіспеуі т.б.) - қоршаған ортаның химиялық заттармен, иондағыш сәулелермен ластанулары т.б. жатқызуға болады.
Ісіктің түрлері
Қатерсіз
Қатерлі
Қатерсіз ісік ерекшеліктері: - капсула түзіп өседі, -құрылымы қалыпты жасушаларға ұқсас келеді, - ісік жасушалары дамыған және сараланған, - айқындалған құрылымды атипизм, - алып тастағанда қайтадан өспейді, - Метастаздану болмайды, - Адам үшін клиникалық көріністері жағымды, - Кахексия тудырмайды және өлімге әкелмейді. Қатерсіз ісіктер Мезенхимадан өсетін қатерcіз ісіктер. Мезенхимадан өсетін қатерcіз ісіктер.
Фиброма жетілген талшықты дәнекер тіннен өсетін қатерсіз ісік. Ол теріде, теріасты шелінде, сүт безінде, жатырда, бұлшықет
аралығында өсіп,бірте-бірте
үлкейіп көлденеңі 4-5 см жетеді
Липома - май тінінің қатерсіз ісігі. Ол кесіп қарағанда сары немесе ақшыл сары түсті. Липома көлемі мен пішіні әртүрлі май клеткаларынан түзілген. Егер маймен бірге дәнекер тін өсіп кетсе ісікті фибролипома деп атайды. Липома құрамында қан жасаушы элементтер болса оны миелолипома дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |