ИМЕКО – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕР КОНФЕДЕРАЦИЯСЫ
Халықаралық өлшемдер ұйымы (әрі қарай - ИМЕКО) – бұл ғылым және техника өлшемдері саласына жататын ғылыми және техникалық ұйымдар одағы.
ИМЕКО мүшелері
Екі немесе одан жоғары мүшелерден тұратын техникалық және ғылыми ұйымдар/институттар немесе комитеттер ИМЕКО-ның Бас заңы, Ережелері және мақсаттарын қабылдағаннан кейін ғана ИМЕКО құрамына кіре алады.
Әр елден тек қана бір Ұйым - өкіл ИМЕКО құрамын ИМЕКО мүшесі ретінде қабылдана алды.
Басқару органдары мен лауазымды адамдар
ИМЕКО басқару органдары мыналар:
a) Басқарма;
b) Техникалық кеңес;
c) Консультативті орган;
d) Секретариат;
e) Тұрақты комитеттер: Кепілдік және мүшелік комитет, сонымен қатар Басқармамен тағайындалған Техникалық реттеу комитеті.
Басқарма ИМЕКО-ның жоғарғы басқарма органы болып табылады.
Басқарма құрамына ИМЕКО-ның әр мүшелерінен (әрі қарай - МО) бір немесе екі делегат кіреді. Әр МО бір дауысқа ие болады.
Басқарма отырыстары аралығында төменде көрсетулген лауазымды адамдар басқару хұқығына ие болады:
Техникалық кеңес ИМЕКО-ның технологиялық жақтарын қадағалайды, айта кеткенде Техникалық реттеу комитеті мен «Measurement» Басып шығару коллегиясы. Кеңес бір немесе одан жоғары техникалық реттеу комитетерімен ұйымдастырылатын техникалық жағдайлар туралы шешім қабылдайды және осы ақпаратты Басқармаға жеткізеді.
Консультативтік орган лауазымды адамдарды тағайындайды, әрі қарай даму, халықаралық ұйымдармен, басып шығару мекемелерімен байланысу және басқы процесс ұсыныстарын өңдейді, Секретариат ИМЕКО-ның административтік және орындаушы органы. Секретариат Басқарманың шешімдерун орындайды және Басқарманың талаптары бойынша өзінің әрекеттерін жасайды.
Секретариаттың орналасу туралы басқы шарты хатшының сол ИМЕКО-ға мүшеболатын елде тұру керектігі. Ол осы елдің МО-мен тығыз байланыста болады.
ИMEKО лауазымды адамдары:
а) Президент;
б) Төтенше Президент;
в) 5-ке дейін Вице-Президенттер;
г) Сайланған Президент;
д) Қазынашы;
е) Бас хатшы;
ж) Қоғамдық байланыс өкілі.
Сөйлесу тілдері
ИМЕКО-ның жұмыс тілдері - ағылшын, француз, неміс және орыс тілдері. Қолайлы тіл - ағылшын тілі.
Басқа тілдер Бүкіләлемдік конгресс өткізілгенде, басу және басып шығару жағдайларында енгізілуі мүмкін.
Мапқсаттар мен міндеттер
Өлшем технология дамуына, жобалауға және жаңа жабдықтар өңдеуге, аспаптарды ғылыми зерттеулерде және өндірісте қолдануға сүйене отырып, халықаралық ғылыми және техникалық мәліметтермен алмасуға қолдау көрсету.
Ғылым және техника саласында шешім қабылдау кезінде техникалық жұмыскерер мен ғалымдардың байланысуына көмек көрсету.
ИМЕКО-ның Бүкіләлемдік конгрессін ұйымдастыру және ИМЕКО мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған тұрақты жұмыс істейтін ғылыми-техникалық комитеттер тағайындау. ИМЕКО өзінің мақсаттарына ұқсас жұмыс атқаратын халықаралық ұйымдармен қызмет істуіне немесе құрамына ену хұқығы бар.
ИМЕКО коммерциялық сипаты бар қандай-да бір қызметке қатыспайды.
Қаржы
ИМЕКО келесі қайнар көзінен түскен қаражаттармен иелік жасайды:
- мүшелі төлемдер;
- 5% табыс – конференциялар және басқа шаралар ұйымдастырудан алынған салымдар. Осы конференцияларды Басқарманың рұқсатымен Техникалық кеңес ұйымдастырады;
- 10% табыс – ИМЕКО Бүкіләлемдік конгрессті ұйымдастырғанда алынған қатысушылар төлемдері
- Басылымдар калам ақылары;
- Периодикалық басып шығару калам ақылары;
- Ерікті төлемдер;
- басқа төлемдер.
ИМЕКО лауазымды адамдардан қандай-да бір қаражат алуына хұқылы емес.
Әр МО өз шығындарын өз алды төлеу керек.
ИМЕКО бүкіләлемдік конгресс өткізер кезде Басқарманың ұйғаруы бойынша МО-дан қатысқаны үшінКонгресті өткізуге бағытталған шығындарды жабу мақсатында қаражат ұсталынуы мүмкін.
Ақша қаражаттары ИМЕКО-ның есеп шотына әр валютада аударлуы мүмкін.
Қазынашы Бақарманың бекітуіне келесі жылдық бюджетті және үшжылдық қаржы жоспарын дайындап көрсету міндетті.
ИМЕКО-ның МО-лары ИМЕКО-ның шығындарын жабу мақсатында Басқарманың үш жылға тағайындаған мөлшерінде (тұрақты бірлікте - UC) әржылдық салымдарын төлеулері керек. МО Қазынашының келісімі бойынша ұйымның қаржы мүмкіндігінен алшақ төлемдерді тағайындау ұсыныстарын беруге хұқылы.
Қазынашы Басқама мен МО тағайындаған үшжылдық жоспар негізінде UC мөлшерін анықтайды.
ИМЕКО қаржы жылы қаңтардың 1-нен желтоқсанның 31-не дейін күнтізбе жылын қрайды. Жыл сайын Қазынашы қаңтардың 1-ші қаңтарда МО мекен-жайына мүшелік төлем есебін жібереді.
Еегер МО екі жыл ішінде мүшелік төлемді бермесе, Басқарма МО-ны ИМЕКО мүшелігінен шығарым тастауына хұқылы. Шығарылып тасталған уақытта МО төлемеген қаржыны төлеуі керек.
Мүшелік шарттар
Меморандумда қарастырылған шарттар саналатын болып есептеледі, егер:
а) Мүшелікке үміткер – басқы жұмысы өлшем және технологиялық қызмет болып келетін техникалық немесе ғылыми ұйым;
б) Үміткер тобына мамандық талаптары а) бөліміне кіретін ұйымдар кіреді;
в) Үміткер - ИМЕКО мақсаттарына қайшы болмайтын, кең қызмет салалы ұйым.
Түсу рәсімі
Барлық мүшелікке өтініштер Секретариатқа жіберіледі. Секретариат жіберілген құжаттардың Жарғы талаптарына сәйкестігін тексеріп, әрі қарай Мандаттық және Мүшелік комитеттерге қарастыруға жібереді. Комиссия өтініш қарастырып, өздерінің өтінішті Басқарма жұмыс бағдарламасына қосу туралы ұсыныстарын береді.
Мүшелікті тоқтату тәртібі
ИМЕКО мүшелігі егер мүшелікті тоқтату өтініші ИМЕКО Басқарма отырысынан екі ай бұрын Секретариатқа жіберілсе тоқталуы мүмкін. Осы мерзім Секретариат барлық МО-ларды келіп түскен өтініш туралы хабар жіберуге уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Басқарма міндеттеменің мерзімі қашан бітеді екені туралы шешім қабылдайды.
Егер МОекі жыл мүшелік төлемді төлемеген жағдайда, Бас Хатшы Қазынашының рұқсатымен Басқарманың отырыс қағазына МО-ның ИМЕКО мүшелігін тоқтату жайлы мәліметті енгізуге хұқылы. В случае, если МО в течении двух лет не вносит членские взносы, Осындай мәселе жайлы Бас хатшының хатымен дайындалған Арнайы шешім қабылданады. Бұл хатта қандай мерзімде және ИМЕКО алдында қандай қарыз төлемдер бар туралы мәлімет болады.
МО міндеттермелері
МО-ның басты міндеттемелері:
а) ғылыми өлшем және техника салаларындағы техника жұмыскерлері мен ғалымдардың ынтымақтастығына, сонымен қатар осы саладағы мәселелерді шешетін шешеімдерді іздеуге жыне тәжірибе алмасуға көмек көрсету;
б) жұмыс мақсаты өлшем болып табылатын басқа ұйымдармен байланыс жасау;
в) Басқарма және Техникалық кеңес ресми делегаттарының жұмысына қолдау беру;
г) ИМЕКО Бүкіләлемдік конгресс және Техникалық кеңес ұйыдастыратын шараларға қатысу;
д) ИМЕКО Бүкіләлемдік конгресс және басқа шараларды жоғары деңгейде өткізу үшін мәліметтер жиану;
е) ИМЕКО қызметін құптау мақсатымен ИМЕКО және Бүкіләлемдік конгресс ұйымдастыратын көрмелерге қатысуға ғылыми және коммерциялық ұйымдарды шақыру;
ж) өз елінде ИМЕКО хаттамасын және басқа басылымдарды тарату;
з) Өз елінде мамандар, институттар және университеттерді арасында ИМЕКО “Measurement” журналына тұрақты түрде жазылуға шақыру;
и) ИМЕКО қызметін құптау мақсатымен керек болған жағдайда МО елінде Ұлттық комитет құруды қоштау.
ИМЕКО Секретариаты ИМЕКО мүшесінің қай елінде болса да орналасуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |