Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы К. Байсейітова атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Саденова Бақытжан Рәзиқызы аннотаци я



Дата13.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#133531
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы

К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін

орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Саденова Бақытжан Рәзиқызы


А Н Н О Т А Ц И Я
«Шуағын төккен 4 жыл» жайында жазылған тәрбие сағаты оқушылардың төрт жылы бойы алған білімдерін тиянақтап, білім алудың адам өмірі үшін қажеттілігін, білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру, білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Оларды бірлікке, ынтымақшылдыққа, әдептілікке, мектепте, ата-аналар мен ұстаздарға деген сүйіспеншілігін арттырып ұйымшыл болуға, өз оқығандарын ортаға салып, дәлелдей білуге және пікірін ашық айта білуге үйрету, мәнерлеп оқи білу дағдыларын қалыптастыру. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігімен таныта отырып, сәт-сапар тілеп табыстау.
Тақырыбы: «Шуағын төккен 4 жыл»

Оқушылардың төрт жылы бойы алған білімдерін тиянақтап, білім алудың адам өмірі үшін қажеттілігін, білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру, білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Оларды бірлікке, ынтымақшылдыққа, әдептілікке, мектепте, ата-аналар мен ұстаздарға деген сүйіспеншілігін арттырып ұйымшыл болуға, өз оқығандарын ортаға салып, дәлелдей білуге және пікірін ашық айта білуге үйрету, мәнерлеп оқи білу дағдыларын қалыптастыру. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігімен таныта отырып, сәт-сапар тілеп табыстау.



Көрнекілігі: Интерактивтік тақта, «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

Қанатты сөздер мен тақырып. Безендірілген зал.



Кіріспе сөз: /ақырын музыка ойнайды/

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқандадеп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым - бастамам» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер! Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Айбол: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4- сыныптарды ортамызға! /Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға вальс билеп шығады/



Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап «Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары, мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер, сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Жұлдыз: Армысыздар,мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан.

Өмір деген үлкен жолда тарландар.



Бейбарыс : Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!



Айгерім: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.



Бағылан: Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне,бастауышпен қоштасады

Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.



Барлығы бірігіп: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!

Мектеп – кеме, Білім-теңіз,

Барар жолға тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда

Ұстаз берген білім қолда. /Ән «Құтты болсын мерекең»

Ильяс К:Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан боп осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

Енді міне, сағымдай боп өте шықты

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.



Саяхат:Үйретіп бізге алғаш әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.



Дәуірбек:Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.



Асыл:Жүзің жылы, құшағың кең

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен.

Ақылшы асыл ұстазым

Өзіңе мен де ұқсармын.

Жеткенше қайрат күш-әлім

Биікке самғап ұшармын.



Аида К:Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің

Ерінбей үйреттің де әр әріпті .

Қоссаңдар бірді екіге үш болады-

Деуші едің,-біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол

Ақылмен іс істесең іс болады.

Беруші еді бізге айтып өлең, тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап. /Ән «Жарқын жүзді ұстазым»



Жұлдыз:«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай,алғаш қолымызға қалам ұстатып,оңымыз бен солымызды танытқан,бізбен бірге қуанып,42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан,мектептегі анамыз-ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Айбол?

Айбол:Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Жұлдыз: Дұрыс айтасың Айбол, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Айбол : Иә,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

Әсет: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып, мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.



Нұрайым:Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.

Сағына әркез суреттерді парақтап.

Шәкірттерін жиі еске алатын.

Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,

Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.

Жатталады жан жүректе есіміңіз,

Адамның аяулы үні сияқтанған.



Шолпан: Сен менің әкемдейсің, анамдайсың,

Мен үшін армандайсың, алаңдайсың,

Ұстазым, сенен артық ақылшым жоқ,

Адалдық мен парасаттан жаралғансың.

Көңілін бар шәкірттің таба алатын,

Кеуделерге намыс отын жаға алатын.

Өзіңдей болса, шіркін, барлық ұстаз,

Жез таңдай , күміс көмей, сөзі алтын. /Ән «Ұстазым»/



Жұлдыз: Иә осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Айбол: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Жұлдыз: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

Айбол: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа ! /Слайд «Біз қандай едік?»/

Рахат : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп.

Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.

Мектептің ережесін үйрендік кеп.



Нұрбек:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар, мәңгі талай жылдарға.

Бастауышым- бал бұлағым ,

Алдым сеннен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын. /Ән «Ертегілер», би қыздар тобының орындауында/



Жұлдыз:Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет,тарих,биология,алгебра, физика,химия т.б.пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі, пәндерін зер салып оқып үйрендік.

Аида К: Бізді аяулы мектебіміз үлкен құрметпен қарсы алды. Біздің әрбір өткен күнімізге, аузымыздан шыққан сөзімізге, сүйкімді қылығымызға, балаға тән қасиетімізге шын жүректен мейірімділікпен қарай білді. Әрбір ұстаз өз бойындағы жақсы қасиеттерін үйретуге тырысты, өз асыл уақытын бізбен бірге өткізді.

Аида Ә: Содан бері табаны күректей 4 жыл өтті. Уақыт озды, біз де есейдік. Бұл уақыт ішінде көп нәрсені білдік, үйрендік. Сұлулықты, мейірімділікті, жақсы көруді, қадірлей білуді,әдемі сөйлеуді, кішіпейіл болуды, бәрін де тең көруді, жақсы мен жаманды ажыратуды, үлкенге кіші,кішіге үлкен бола білуді- міне осы адамзат баласына тән жақсы қасиеттердің бәрін-бәрін осы мектеп қабырғасындағы бізге білім мен тәрбие беретін ұстаздардан үйрендік. Біз не үйрендік ?

Шолпан: Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып, би билеуді. Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды. Халқымыздың әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін үйрендік. Біз нені сүйеміз?

Әсет: Отанды, ата-ананы, халқымызды, достарымызды, жақынымыз бен алысымызды, құрбы-құрдастарымызды, табиғатты, ел байлығын, ұстаздарымызды, алтын ұя мектебімізді. Біз нені ажырата білеміз?

Мадина: Жақсылық пен жамандықты, арамдық пен адалдықты, ақ пен қараны.Бізді болашаққа не бастайды?

Серікбол: Ұстаздың көрсеткен жолы. Ата-ананың ақылы. Болашаққа деген сенім.Біз кім боламыз?

Айбат: Адал азамат, ақылды ару, оқымысты ғалым,елін сүйген ер, нағыз адам.

/Ән «Атамекен», слайд «Мектептегі мерекелер», оқушылардың биі/

Айбол: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

Елжас: Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.



Жұлдыз:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген.Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

Айбол: Иә, дұрыс айтасың Жұлдыз. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

Мадина:Дүниеге әкелген,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін /Ән «Асыл анам»/



Аида Ә: Мектебім - білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.



Жұлдыз: Міне, бүгін біздер бастауыш буынды аяқтап, орта буынға қадам басқалы тұрмыз. Алдымызда көптеген белестер күтіп тұр.Осы белестерден тайсалмай өтейік, достар!

Айбол : Марапаттау рәсімі үшін сөз мектеп басшысы Абдрахманов Қайыр Абдрахманұлы мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақбергенова Сая Қазбекқызына беріледі.

МАРАПАТТАУ /куәлік, мақтау қағаздары/



Оқушылардың орындауында шағын концерт

Қорытынды сөз

Хор «Әрқашан күн сөнбесін»
Қарағанды облысы,Ақтоғай ауданы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет