Қарағанды облысы Шет ауданының әкiмшiлiк - аумақтық құрылымындағы өзгерiстер туралы
Бiрлескен Қарағанды облысының әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 7 желтоқсандағы N 27/06 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының III сессиясының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 49 шешiмi. Қарағанды облысының әдiлет Департаментiнде 2008 жылғы 14 қаңтарда N 1838 тiркелдi
"Орталық Қазақстан", 2008 жыл 19 қаңтар, N 9-10 (20393)
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Шет ауданының әкiмдiгi мен мәслихаты ұсынған бiрлескен қаулы мен шешiмдi қарастырып, Қарағанды облыстық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
1. Қарағанды облысының Шет ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) Жоғарғы Қайрақты кентi және Ақбұлақ ауылдық (селолық) округi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi таратылсын және есептi деректерден шығарылсын;
2) Таратылған Ақбұлақ ауылдық (селолық) округi Ақжал мен Мойынты кенттерiнiң бағынысына берiлсiн және олардың шекараларына өзгерiстер енгiзiлсiн.
3) Төменгi Қайрақты кентi Тағылы ауылдық (селолық) округiнiң әкiмшiлiк бағынысынан шығарылсын және шекарасына өзгерiс енгiзiлсiн;
4) Жоғарғы Қайрақты және Төменгi Қайрақты кенттерi елдi мекендер санатына жатқызылып, оларға ауыл (село) мәртебесi берiлсiн;
5) Жоғарғы Қайрақты және Төменгi Қайрақты кенттерiнiң негiзiнде Төменгi Қайрақты ауылдық (селолық) округi құрылсын, әкiмшiлiк орталығы болып Төменгi Қайрақты ауылы (селосы) белгiленсiн, есептi деректерге енгiзiлсiн және тiркелсiн;
6) Мойынты кентiнiң әкiмшiлiк бағынысынан Киiктi кентi, Арқарлы және Ақшағыл елдi мекендерi шығарылсын және шекарасына өзгерiс енгiзiлсiн;
7) Шет ауданы Киiктi ауылдық (селолық) округi құрылсын және оның әкiмшiлiк бағынысына Арқарлы мен Ақшағыл елдi мекендерi енгiзiлсiн, әкiмшiлiк орталығы болып Киiктi ауылы (селосы) белгiленсiн, есептi деректерге енгiзiлсiн және тiркелсiн.
2. Осы бiрлескен қаулының және шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.Х. Мұсатаевқа және облыстық мәслихаттың әлеуметтiк-мәдени даму және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi тұрақты комиссиясының төрағасы С.М. Әдекеновке жүктелсiн.
3. Осы бiрлескен қаулы мен шешiм ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң күшiне енедi.
Қарағанды облысының әкiмi
Сессия төрағасы,
облыстық мәслихаттың хатшысы
Достарыңызбен бөлісу: |