Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 2015 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары жөнінде мәліметтер
Халықты жұмыспен қамту бойынша:
2015 жылдың 6 айында бөлімге жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны - 1453 адам.
Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 841 адам.
Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 1169 адам тартылды.
2015 жылдың 6 айында ауданда 552 жаңа жұмыс орындары ашылды. Олардың ішінде, көлік және қоймалау саласы бойынша 17, өнеркәсіп саласы бойынша 82, құрылыс саласы бойынша 80, экономикалық қызметтің басқа түрлері бойынша 349 орын және уақытша, маусымдық жұмыстар бойынша 24 орын.
Нысаналы топқа жататын жұмыссыздар қатарынан мүгедектік топтағы 2015 жылдың 6 айында 47 мүгедек жұмыссыз ретінде тіркеуге алынған, олардың ішінен 14 мүгедек тұрақты жұмысқа орналастырылып, 1 мүгедек әлеуметтік, 28 мүгедек қоғамдық жұмыс орындарына, 3 мүгедек жастар тәжірибиесіне жолданды.
Жыл басынан бөлімде 5-рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері өткізілді. Өткізілген жәрмеңкеде барлығы 59 адам тұрақты жұмыстарға жіберілді. Олар негізінен, «Аралтұз» АҚ-на, аудандық ветеринариялық стансаға, «Раннар» ұн тарту зауытына және теміржол саласы мекемелеріне жұмысқа орналасты.
2015 жылдың 6 айында тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,0 пайызды құрады.
Бюджеттен жүргізілетін төлемдер бойынша:
Аудандағы аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 2015 жылға жергілікті бюджеттен 843,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 743,0 мың теңге, барлығы 1586,0 мың тенге қаржы қаралған.
2015 жылдың 6 айында атаулы әлеуметтік көмек 10 отбасының 44 отбасы мүшелеріне 671,4 мың теңге тағайындалып, төленді.
Тұрғын үй көмегін көрсетуге 2015 жылға аудан бюджетінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға 25147,0 мың теңге қаржы қаралған.
2015 жылдың 6 айында 810 отбасындағы 4483 адамға 23370,0 мың.теңге көмек тағайындалып, төленді.
18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге 2015 жылға аудандық бюджеттен 107346,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 7088,0 мың тенге барлығы 114434,0 мың тенге қаражат қаралған.
2015 жылдың 6 айында 1819 отбасындағы 5848 балаға 64670,3 мың.теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленді.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша:
2015 жылдың 6 айында 124 жүріп-тұруы қиын І топ мүгедектеріне - 115 жеке көмекшілер қызмет жасады.
33 тіл-құлақ кемістігі бар мүгедектерге - 3 ымдау тілі маманы қызмет көрсетті.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес 2015 жылдың 6 айында мүгедектерге:
протездік-ортопедиялық көмек– 45 адамға,
тифлотехникалық құралдар– 25 адамға,
сурдотехникалық құралдар– 24 адамға,
кресло-арбалар – 13 адамға,
міндетті гигиеналық құралдар - 247 мүгедек азаматтарға таратылды.
2015 жылдың 6 айында Қызылорда қаласында орналасқан «Талсуат-мүгедектерді оңалту орталығына» ем алуға 6 мүгедек және 6 қарт азамат жолданды.
2015 жылдың 6 айында үйде тәрбиеленіп оқуға 65 мүгедек бала қамтылды. Бұл мақсатқа 2015 жылға жалпы 3863,0 мың теңге бөлініп, 2015 жылдың 6 айында 2143,0 мың теңге қаржы игерілді.
Мүгедектерді тасымалдау (инватакси) қызметін ұйымдастыруға 2015 жылға 2073,0 мың теңге бөлініп, 6 айда 750,0 мың теңге игерілген.
Жекелеген санаттар бойынша атаулы және мерекелік күндерге жүргізілген әлеуметтік төлемдер:
2015 жылдың ақпан айында – «15 ақпан - Ауғаныстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне» орай 31 Ауғаныстан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 1843,3 мың теңге біржолғы әлеуметтік төлемдер жүргізілді.
2015 жылы 26 сәуір – Чернобыль АЭС-інде апатқа ұшырағандарды еске алу күніне орай 13 Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларға 773,0 мың теңге әлеуметтік көмек есеп шоттарына аударылды.
9 мамыр – Жеңіс күніне орай 2015 жылы 9 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне аудандық бюджеттен 713,5 мың теңге, облыстық бюджеттен 1350,0 мың теңге есеп-шоттарына аударылды.
2015 жылы тылдағы жанқиярлығы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған 11 адамға аудандық бюджеттен 654,1 мың теңге және облыстық бюджет есебінен 436,0 мың теңге есеп шоттарына аударылды.
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмағандарға 1051 адамға жергілікті бюджеттен – 62492,5 мың теңге төленді.
Сонымен қатар, Жеңістің 70 жылдығына орай республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен:
9 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 900,0 мың теңге;
2 қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 140,0 мың теңге;
5 қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің әйелдеріне – 125,0 мың теңге есеп-шоттарына аударылды.
11 Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамға - 275,0 мың теңге;
1044 - 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамға – 26100,0 теңге;
ҚР-ның «Отан», «Данқ» ордендерімен мапапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 7 азаматқа 2015 жылға 317,0 мың теңге қаралып, қазіргі таңда 7 азаматқа 158,2 мың теңге төленді.
Азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша:
2015 жылдың 6 айында тіркелген акт жазбаларының саны – 1477. Оның ішінде:
Туу туралы актілер – 832;
Қайтыс болу туралы актілер – 292;
Неке қию туралы актілер – 255;
Некені бұзуды тіркеу туралы актілер – 50;
Әке болуды анықтау туралы актілер – 34;
Бала (қыз) асырап алу туралы актілер – 7;
Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы актілер – 7;
Сонымен қатар, 2015 жылы 18 азаматтық хал актілерін қалпына келтіру немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде:
Азаматтық хал актілерін қалпына келтіру – 6;
Азаматтық хал актілеріне өзгерістер енгізу – 12.
2015 жылы АХАТ жұмыстары барысында – 850,2 мың теңге мемлекеттік баж өндірілді.
Достарыңызбен бөлісу: |